Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

 Дерекқор мемлекеттік,  салалық бағдарламалар мен аумақтарды  дамыту бағдарламалары, сондай-ақ  жеке сектордың бастамалары шеңберінде  қалыптастырылатын болады.        

 Жергiлiктi мемлекеттiк  органдар мен мемлекеттік, салалық  бағдарламалар, аумақтарды дамыту  бағдарламалары шеңберінде жобаларды  іске асыруға жауапты ұйымдар  облыстардың, Астана және Алматы  қалаларының жұмыспен қамту мәселелері  жөніндегі уәкілетті органына  мерзімді негізде белгіленген  нысан бойынша өңiрлер мен жекелеген  мамандықтар бөлiнiсiнде қызметкерлерге  бар және болжамды қажеттілік  жөнінде мәлімет жібереді.        

 Дерекқор қалыптастыру  тәртібі мен жергiлiктi мемлекеттiк  органдар мен мемлекеттік, салалық  бағдарламалар, аумақтарды дамыту  бағдарламалары шеңберінде жобаларды  іске асыруға жауапты ұйымдар  ұсынатын кадрларға қажеттілік  туралы ақпаратты ұсыну тәртібін  Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама  операторы) бекітеді.        

 Орталық мемлекеттік  органдар жыл сайын, 15 ақпаннан  кешіктірмей белгіленген нысан  бойынша Бағдарлама операторына  мемлекеттік және салалық бағдарламада  көрсетілген жұмыс орындарын  құру жөніндегі жоспарларға сәйкес  үшжылдық кезеңге жетекшілік  ететін салалардағы болжамды  қажеттілік және өңірлер бөлінісінде  өткен жылы нақты құрылған  жұмыс орындары туралы мәліметтерді  жібереді.        

 Орталық мемлекеттік  органдардың кадрларға қажеттілік  туралы ақпарат беру тәртібі  мен нысанын Бағдарлама операторы  олармен келісу арқылы бекітеді.              

 Бағдарламада көзделген  iс-шараларды қаржылай қамтамасыз  ету мақсатында мәлiмделген қажеттiлiкке  сәйкес және республикалық бюджеттiң  қаржылай мүмкiндiктерiн ескере  отырып, облыстардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  әрқайсысы үшiн қаржыландыру лимитi  айқындалады.        

 Лимит бойынша берiлген  қаражаттың мақсатты пайдаланылуын  қамтамасыз ету және Бағдарламада  көзделген нәтижелерге (нысаналы  индикаторларға) қол жеткiзу үшін  республикалық бюджеттiк бағдарламалардың  әкiмшiлерi мен жергiлiктi атқарушы  органдар арасында мынадай негiзгi параметрлер бойынша нәтижелер  туралы келiсiмдер жасалады: 
         жұмыссыздық деңгейі:        

 өз бетінше жұмыспен  айналысатын халықтың жалпы санында  жұмыспен нәтижелі қамтылғандардың  санын ұлғайту;        

 халықтың құрылымында  ең төмен күнкөрiс деңгейiнен  төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан  еңбекке қабілетті адамдар үлесін  қысқарту;        

 мемлекеттік қолдау  шараларымен, оның ішінде кәсіптік  оқумен, кәсіпкерліктің негіздеріне  оқытумен қамтылған Бағдарламаға  қатысушылардың, көшкендердің және  жұмысқа орналастырылғандардың  саны;        

 тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына  және жастар практикасына жұмысқа  орналастырылған, оның ішінде  кәсіптік оқудан өткен Бағдарламаға  қатысушылар саны;        

 басқа да көрсеткiштер.         

 Бағдарламаның iске  асырылуын басқаруды:        

 республика деңгейiнде:         

 Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен  қамту 2020 бағдарламасын iске асыру  жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК).        

 Бағдарлама операторы;         

 облыстық (астана, республикалық  маңызы бар қала) деңгейде –  Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк комиссия (бұдан әрi – өңiрлiк  комиссиялар) және жұмыспен қамту  мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар;         

 аудандық (қалалық) деңгейде  – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссия (бұдан  әрi – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  уәкілетті органдар және халықты  жұмыспен қамту орталықтары;        

 селолар мен ауылдар  деңгейiнде – (селолар мен кенттердiң  және селолық округтердiң әкiмдерi) осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер  әкiмдерiнiң аппараттары жүзеге  асыратын болады.        

 Тараптардың құқықтары  мен міндеттерін айқындайтын  әлеуметтiк келiсiмшарттар Бағдарламаның  орындалуын ұйымдастырудың аса  маңызды құралдары болып табылады.         

 Өңірлік, аудандық (қалалық)  комиссиялардың үлгi ережелерiн,  әлеуметтiк келiсiмшарттың, жұмыс  берушілер мен білім беру ұйымдарының  әлеуметтік келісімшартқа қосылу  туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын Бағдарлама операторы  бекітеді.        

 Бағдарламаға қатысушыларды  жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін  кеңейту мақсатында Бағдарлама  операторы, жұмыспен қамту мәселелері  жөніндегі уәкілетті органдар  мен халықты жұмыспен қамту  орталықтары жеке жұмыспен қамту  агенттіктерімен мынадай бағыттар  бойынша ынтымақтастықты жүзеге  асырады:        

 бос жұмыс орындары  мен Бағдарламаға қатысушылардың  дерекқорына қолжетімділік беру;         

 Бағдарламаға қатысуға  үміткерлерге Бағдарлама шеңберінде  ұсынылатын мемлекеттік қолдау  шаралары туралы консультация  беру; 

 

 

        Бағдарламаға қатысушыларға  жұмысқа орналасуда жәрдемдесу. 

Бiрiншi бағыт: оқыту  және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу 

Бiрiншi бағыт еңбек әлеуетін дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықтың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз етуге  бағытталған.

 Қазақстан Республикасының  мынадай азаматтары мен оралмандар  осы бағыттың қатысушылары бола  алады: ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен  айналысушылар; табысы аз адамдар;  ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы  білім беретін мектептердің 11-сыныбын  бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін  сақтаған мүгедектер; жиырма үш  жасқа дейінгі балалар үйінің  тәрбиленушілері, жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалар; белгіленген жасқа  дейін зейнеткерлікке шыққан  зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек  жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда  істейтін және мемлекеттік арнайы  жәрдемақыларды алушы болып табылатын  адамдар. Бағдарламаға қатысудың  басым мүмкiндiктерi ауылдық жердегi жастар мен әйелдерге берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың  мынадай түрлерi көрсетiледi:

кәсіптік оқу, жұмысқа  орналасу мәселелерi бойынша консультациялар, сондай-ақ психологиялық бейiмдеу;

 тегiн бiлiктiлiктi арттыру,  кәсiптiк даярлау және қайта  даярлау курстарына (бұдан әрi –  кәсiптiк оқыту) жіберу;

кәсіптік оқуға материалдық  көмек беру;

 лайықты бос жұмыс  орындарын iздеу және жұмысқа,  оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына  және жастар практикасына орналасуға  жәрдемдесу;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;

жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.

Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 ай бойы жүзеге асырылады. Жастар практикасына жiберiлген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын  субсидиялау мөлшерi айына 17,2 айлық  есептiк көрсеткiштi (салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, пайдаланылмаған  еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерiн ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету  шарттары Қазақстан Республикасының  Үкiметi бекiткен Жастар практикасын  ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында  көзделген.           Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттiң iшiнара субсидиялауы 12 ай бойы жүзеге асырылады.

Бiр айдағы жалақыға берiлетiн  субсидия мөлшерi салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды және пайдаланылмаған  еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, мынаны құрайды:

1) алғашқы 6 айда жалақының  50 %-на дейiн, бiрақ 26 мың теңгеден  аспайды;

2) келесi 3 айда жалақының  30 %-на дейiн, бiрақ 15,6 мың теңгеден  аспайды;

3) соңғы 3 айда жалақының  15 %-на дейiн, бiрақ 7,8 мың теңгеден  аспайды.

Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың  жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын  көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының  жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша  жүзеге асырылады.

Iске асыру тетiгi:

1) Бағдарламаға қатысуға  үміткерлер тұрақты тұратын жерiнiң  аудан, қала бойынша халықты  жұмыспен қамту орталықтарына  Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен  жүгiнедi және Жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудiң белсендi шараларына  қатысатын адамдарды оқытуды,  олардың жұмысқа орналасуына  жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк  қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру  және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды тапсырады;

2) Халықты жұмыспен қамту  орталықтары тапсырылған құжаттарды  қарайды және тапсырылған құжаттардың  Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (не бұдан бас тарту туралы) шешім қабылдайды;

3) Бағдарламаға қатысушыларға  халықты жұмыспен қамту орталықтары  қолданыстағы Дерекқордағы бос  жұмыс орындарына не жұмыс  берушілердің өздері немесе жеке  жұмыспен қамту агенттіктері  арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақысын ішінара субсидиялай  отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан  өту үшін жұмыс орындарына  жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;

4) Қажетті кәсіптік даярлығы  болмағандықтан, жұмысқа орналаса  алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар  Дерекқорға енгізілген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік  оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілердің  өздері немесе жеке жұмыспен  қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген  тиісті жұмыс орындарына жіберіледі;

5) Дерекқордағы бар жұмыс  орындарына, жеке жұмыспен қамту  агенттіктері және жұмыс берушілер  ұсынған жұмыс орындарына кәсіптік  оқудан өтпестен жұмысқа орналасу  жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға  қатысушы мен халықты жұмыспен  қамту орталығы арасында әлеуметтiк  келiсiмшарт жасалады;

6) Кәсiптiк оқуды аяқтағаннан  кейiн Бағдарламаға қатысушыларға  алған мамандығы (кәсібі) бойынша  жұмысқа орналастыруға жәрдем  көрсетіледі;        7) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды. 

Бағдарламаның бірінші  бағытын пилоттық режимде іске асырудың қосымша шарттары 

2013 жылдан бастап Шығыс  Қазақстан, Солтүстік Қазақстан  облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен  айқындалған өңірлерде кәсіптік  оқудан өту үшін үміткерлерді  іріктеуді, мамандықтар  (кәсіптер) және кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын таңдауды кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін іріктелген үміткерлерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс берушілер жүргізетін тәртіп енгізіледі.

Іске асыру тетігі:

1) Бағдарламаға қатысушыларды  жұмысқа орналастыру үшін тұрақты  жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс  берушілер:кәсіптік оқудан өткізуге  үміткерлерді іріктейді;

ағымдағы және перспективалық қажеттілікті ескере отырып, оқыту  үшін мамандық (кәсіп) таңдайды;

Қазақстан Республикасының  аумағында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдайды;

2) Бағдарламаға қатысуға  үміткерлерді іріктеуді жұмыс  берушілер:өз бетінше іздестіреді,  оның ішінде жұмыспен қамту  агенттіктері  арқылы;

Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын Бағдарламаға қатысушылар  арасынан таңдайды;бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу арқылы жүргізеді.

3) Кәсіптік оқытуды жүзеге  асыратын ұйымды таңдауды жұмыс  берушілер тізбесі Бағдарлама  операторының, сондай-ақ  білім саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсында орналастырылатын ұйымдардың арасынан жүргізеді.

Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  белсендi шараларына қатысатын адамдарды  оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына  жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк  қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру  және қаржыландыру қағидасында айқындалады.

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары