Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:47, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Содержание работы

Кіріспе..............................................................................................................6
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама........................8
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері .....................................8
1.2 Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары...............................................11
2 Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.........................................................................................................16
2.1Халықты жұмыспен қамту органының негізгі қызметі........................16
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47
2.3 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске асырудағы мәселелер...........................................................................................................
Қорытынды.....................................................................................................54
Қолданылған әдебиеттердің тізімі..........................................................

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 133.82 Кб (Скачать файл)

4) Халықты жұмыспен қамту  орталықтары кәсіптік оқыту үшін  жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға  қатысушылармен білім беру ұйымы  мен жұмыс беруші тараптары   қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасайды.

Жұмыс беруші мен білім  беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа  қосылу туралы жауапты лауазымды  адамның қолымен және мөрмен расталған  жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.

Бағдарламаға қатысушыларды  жұмысқа орналастыру үшін тұрақты  жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс  берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды  ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.

Бағдарламаға қатысушыларды  кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім  беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан  өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді.

5) Әлеуметтік келісімшарт  талаптарының орындалуын Бағдарламаға  қатысушылар, жұмыс берушілер  мен білім беру ұйымдары тарапынан  халықты жұмыспен қамту орталықтары,  халықты жұмыспен қамту орталықтары  тарапынан – ауданның (қаланың)  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  уәкілетті орган бақылайды.

 

 

 

 Кәсіпорындардағы  оқу орталықтарында кәсіптік оқыту

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіптік оқытуды заңды  тұлға  болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар оқу орталықтары (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) жүзеге асыра алады.

Кадрларды фирмаішілік (өндірісішілік) даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ оқу орталықтарының (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін жүзеге асыру  үшін, базасында оқу орталықтары  жұмыс істейтін жұмыс берушілер:

оқу орталықтарының базасында  оларға оқу ұйымы мәртебесін бере отырып, дербес заңды тұлғалар құруды;құрылған заңды тұлғалардың белгіленген  тәртіппен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуын;мемлекеттік  тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім мамандарын даярлауға қатысуды қамтамасыз етеді.

Екiншi бағыт:кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу        

 Бағдарлама шеңберінде  кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу:ішінара  жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар;  өз бетінше жұмыспен айналысушылар;  табысы аз адамдар; ағымдағы  күнтізбелік жылы жалпы білім  беретін мектептердің 11-сыныбын  бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін  сақтаған мүгедектер; жиырма үш  жасқа дейінгі балалар үйінің  тәрбиленушілері, жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалар; белгіленген жасқа  дейін зейнеткерлікке шыққан  зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек  жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда  істейтін және мемлекеттік арнайы  жәрдемақыларды алушы болып табылатын,  әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, ауылдық елдi мекендерде, шағын  қалаларда, заңнамаға сәйкес қалалық  елдi мекендерге жататын кенттерде  жеке ісін ұйымдастыруды немесе  кеңейтуді қалайтын және оған  мүмкіндігі бар адамдар қатарындағы  адамдардың жеке iсiн ұйымдастыру  немесе кеңейтуі арқылы кәсiпкерлiктi ынталандыруға және экономикалық  белсендiлiкті арттыруға бағытталған.

Екінші бағытты іске асыру  үшін ауылдық тірек елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.

Жеке iсiн ұйымдастыруды  немесе кеңейтудi қалайтын ауыл тұрғындарына, әйелдерге және мүгедектерге қатысудың  басым құқығы берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк  қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiлетiн  болады: сервистік қызметтер, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік) қызметтер көрсету, оқуға  материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін  оқыту, бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдесу, 1 жылға дейінгі мерзімге жобаларды  сүйемелдеу;  микрокредиттер беру;жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу.     

    Бағдарламаның осы бағытына, оның ішінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдардың қатысуы, сондай-ақ Бағдарламаларға қатысушыларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.          Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу, қатысу тәртібі Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасында көзделген.        

 Микрокредит беру шарттары:

Республикалық бюджеттен  бюджеттiк кредит жергiлiктi атқарушы органға 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен  қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттарында 5 жылға берiледi;

Бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру  немесе кеңейту, айналым капиталын  толықтыру;

кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын  тұрғын үй алуға берiлмейдi;

кредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;

 кредиттiң ең жоғары  сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;

соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша  негiзгi борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен  бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның  микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдар  және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн ұсынатын кредиттерi бойынша  жылдық сыйақы ставкасын өңiрлiк  комиссиямен келiсiм бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер  бойынша сыйақы ставкасы және оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстары негізге алынып, уәкілетті ұйым белгілейді;

соңғы қарыз алушы үшiн  кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi ставканы өңiрлiк комиссиямен  келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;

қаржы агенттігі мәртебесіне  ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік  ресурстар бойынша жылдық сыйақының  ең жоғары тиімді ставкасы өңірлік  комиссиямен келісе отырып белгіленеді;

жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу және жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға мемлекеттік сараптама жүргізу  және ілеспе технологиялық жабдықтар  сатып алу республикалық бюджеттен  берілетін трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Инженерлiк-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберiнде  қатысушылар iске асыратын жобалар  үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн  инфрақұрылым жүргізуді көздейді.

Жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды және инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып  алуды жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар  немесе заңнамада белгіленген тәртіппен  бекітілген жобалау-сметалық құжаттама  және бизнес-ұсыныстар негізінде  республикалық бюджеттен берілетін  нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.

Бұл ретте, инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып  алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманың құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу  құны есепке алынбай айқындалады  және  берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына           3 млн. теңгеден аспауға тиіс.

Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас  жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық  желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше  жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне  ие ұйымдарға кредиттік ресурстар  беру:

1) Бағдарлама операторы  жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi.

2) аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:

жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша бекітеді;

Кәсіпкерлікті дамыту картасы  бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға  кредит беру белгілі бір өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3) Облыстардың жергілікті  атқарушы органдары микрокредит  беруді ұйымдастыру жөніндегі  уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды.

4) Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым  Микроқаржы (Микрокредиттiк) ұйымдары  мен кредиттiк серiктестiктерге  кредит берудiң белгiленген қағидасына  сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.   Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей  соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін.

5) Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.

Уәкілетті өңірлік ұйымның  қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей  уәкілетті өңірлік ұйым мен соңғы тұтынушы арасында жасалады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  белсенді шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну:

1) Бағдарламаның екiншi бағытына  қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты  жұмыспен қамту орталықтарына  жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация береді.

Кредит қаражатын конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі  мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік  ұйым арқылы алуға ниет білдірген  жағдайда қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына өтініш және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттар береді.

Егер үміткер микрокредитті  кредиттік серіктестік арқылы алуға ниет білдірсе, ол қолданыстағы кредиттік серіктестікке қосыла алады немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын жаңа кредиттік серіктестік құра алады.

2) Халықты жұмыспен қамту  орталықтары ұсынылған өтініштерді  қарайды, мемлекеттiк қолдау алу  түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмi  мен жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды және/немесе Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес ілеспе технологиялық жабдық сатып алуды талап ететiн жобалардың тiзбесiн қалыптастырады және:

ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі уәкілетті органына;

болжамды кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыру орны бойынша  селолық округтің, кенттің әкіміне;

конкурстық негізге іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарға немесе қаржы агенті мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестіктерге;

үміткер мәлімдеген жетіспейтін  инженерлік-коммуникациялық объектілерді дамыту және/немесе салу және ілеспе технологиялық  жабдық сатып алу қажет болған жағдайда инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту және/немесе жайластыру жөніндегі уәкілетті органға (ауданның) жібереді.

3) Сұрауды алған күннен  бастап  күнтізбелік 10 күн ішінде Жұмыспен қамту орталығына:

ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі уәкілетті органы –  ұсынылған жобаның кәсіпкерлікті дамыту картасына немесе өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытындыны;

селолық округтың, кенттің  әкімі – жобаны іске асырудың орындылығын келісу туралы қорытындыны не дәлелді түрде бас тартуды;

конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, қаржы  агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті  өңірлік    ұйым – үміткерлерге Бағдарламаның екінші бағытына қатысуға кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны;

инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жөніндегі (ауданның) уәкілетті орган  – жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым үшін, оның ішінде  жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігі туралы қорытындыны жібереді;

4) Халықты жұмыспен қамту  орталығы жоғарыда көрсетілген  құжаттарды алғаннан кейін үміткерлерді Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары