Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".
Курортология (нем.
Kurort – емдеу - грек. logos — оқу)
— табиғи немесе жасанды факторлардың
емдік қасиеттерінің адам ағзасына
әсерін және әсер ету жолдарын зерттейтін
медицина саласы. Курортология бальнеология,
бальнеотерапия, бальнеотехника, балшықпен
емдеу жолдары, курортты климатология
және климатотерапиямен қатар(аэро, гелио,
т.б.)курорттарды жоспарлау және курорттарды
салу мәселелерін қарастырады. Санаторлы-курортты
емдеу климат, минералды су және емдік
балшықтар сияқты табиғи емдік факторлармен
тығыз байланысты.
Климатотерапия
– адам ағзасына климат пен ауа
райы факторларының және арнайы климатопроцедуралық
әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Климаттың
емдік-профилактикалық әсері
Климатотерапияда қолданылады:
-климаттың өзгеруінің әсері. Климаттық аудандарды өзгертіп отыру емделушіге оң әсерін тигізеді.
-емделушіге
жағымды метеорологиялық
-арнайы климаттық
әсерлер(гипосикатор,
Климат – жергілікті жердің көпжылдық қалыптасқан ауа райы режимі.
Климатты қалыптастырушы факторлар: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және т.б..
Күн радиациясы – Жерге электромагнитті толқын күйінде түсетін күн сәулесінің энергиясы. ОЛар Жер бетіне төмендегідей түрлде түседі:
*тура радиация;
*шашыраңқы радиация;
*жылу радиациясы,.
Күн спектрі құрамы – инфрақызыл сәулесі, жарық, ультракүлгін сәулесі.
Жел – ауаның горизонталь бағытта жер бетіне қатысты қозғалуы.
Ылғалдылық – су буының ауада көп мөлшерде болатын ауа райы мен климаттың маңызды сипаты.
Адам ағзасына әсер ететін климаттың түрлері:
*континентальды
*теңіздік
Курортология (нем. Kurort – емдеу - грек. logos — оқу) — табиғи немесе жасанды факторлардың емдік қасиеттерінің адам ағзасына әсерін және әсер ету жолдарын зерттейтін медицина саласы. Курортология бальнеология, бальнеотерапия, бальнеотехника, балшықпен емдеу жолдары, курортты климатология және климатотерапиямен қатар(аэро, гелио, т.б.)курорттарды жоспарлау және курорттарды салу мәселелерін қарастырады. Санаторлы-курортты емдеу климат, минералды су және емдік балшықтар сияқты табиғи емдік факторлармен тығыз байланысты.
Әлем курорттарының 3 типі белгілі: бальнеологиялық, балшықтық, климаттық. Маңызды түсініктері:
Аэротерапия — (aeris — ауа; therapia — емдеу) – таза ауаны пайдалану арқылы емдеу мен профилактика әдісі. Аэротерапияның негізгі тиімділігін ашық ауаның тері рецепторларын, жүйке талшықтарының тазартуынан, сезім мүшелерінің сезгіштігін жоғарылатуынан және ағзаның терморегуляциясын қалпына келтіруінен көруге болады. Аэротерапияның теріге де әсері зор. Ағзадағы оттегі деңгейінің жоғарылауынан қанның қанығады және терінің тынысы кеңейеді. Таза ашық ауаның астында болудың өзі-ақ адам үшін жағымды психоэмоционалды әсерін тигізеді.
Бұл емдеу әдісі ағзаны шынықтырады, актопротекторлы, иммуностимулятор, метаболизмді, вентиляционды-перфуизды, нейромиостимуляторлы, вазоактивті жағымды әсерлерін қалдырады.
Аэротерапия жүрек, өкпе, асқазан және тері ауруларына ем. Ал қарсы көрсеткіштері ОРЗ, өкпе-жүрек жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, созылмалы аурулардың қабынуында көрінеді.
Ауаның
салқын факторы емделушіге екіфазалық
әсерін тигізеді. Бірінші фазада спецификалық
механизмдердің қайта құрылуы, екіншісініде
термоадаптацияның
Аэротерапияның маңызды ем әдістері: Емдік тәжірибеде науқастардың верандада, санаторийлердің жатын корпустарындағы балкондарда, лоджияларда, арнайы климатопавильондарда(аэрарий) таза ауа аясында болуы – аэротерапияның ең маңызды ем әдісі. Осындай арнайы орындарда ұйықтап немесе демалып жатқан емделушінің міндетті түрде салқынға сезімталдығын тексеріп, сол бойынша киіндіру керек.
Ауа ванналары – толығымен немесе бөлшекпен ашықталған денеге дозаланған таза ауаның әсер етуі.
Емдік минералды сулар құрамы адам ағзасында болатын барлық заттарды қамтиды. Сондықтан да олардың негізгі емдік қызметі - бұзылған тепе-теңдікті орнына келтіру. Кәдімгі минералды сулардың химиялық құрамы белгілі және оларды лабораториялық жағдайда пайдалануға толық болады, бірақ емдік қасиеті болуы үшін емдік табиғи минералды суларды қолданады.
Курорттардың
негізгі емдік факторы дәстүрлі
түрде іштей және сырттай пайдаланылатын,
сонымен қатар емдік
Минералды сулардағы компоненттер - диссоциацияланбаған молекулалардың, коллоидты бөліктердің және еріген газдардың иондары түріндегі күрделі ерітінділер. Минералды сулардың құрамындағы кез-келген элемент адам ағзасында да кездеседі, яғни сулармен емдеудің басты мақсаты – ағзадағы зақымдалған тепе-теңдіктің орнын толдыру. Жай минералды сулардың химиялық құрамы белгілі, бірақ олардың емдік қасиеті табиғи сулардың деңгейінен әлдеқайда төмен.
Минералды емдік сулардың пайда болу процесі өте күрделі және әзірге жеткіліксіз зерттелген. Сондықтан да бұл сулардың генезисін сипаттағанда жерасты суының шығу тегін, ондағы газдар мен ионды-тұзды құрамының пайда болуын ескереді.
Қазіргі таңда емдік сулардың құрамының басты ерекшеліктері келесідей(және оны бағалаудың негізі, бөлімдері және белгілері):
1) газды құрамы;
2) қаныққан газ деңгейі;
3) ионды құрамы;
4) жалпы минерализациясы;
5) биологически- активті микрокомпоненттерінің болуы;
6) температура;
7) радиоактивтілік
8) қышқылдық-сілтілігі.
Табиғи емдік
сулар басты фактор ретінде қолданылатын
курорттар бальнеологиялық деп аталады.
Сулар сырттай да(ванналар, бассейндер
т.б.), іштей де(ішу, ингаляция, шаю т.б.)
пайдаланылады.
Емдік балшықтар(пелоидтар) – судан, минералды және органикалық заттардан тұратын, біркелкі жұқадисперсті пластикалық масса түріндегі балшықтардың торфты бөлінділері, түрлі су қоймаларының қалдықтары, балшықты вулкандардың атылуынан болған табиғи балшықтар. Емдеуде балшықтар жылытылған түрде қолданылады. Емдік балшықтардың пайда болуында минералды бөліктер, органикалық заттар(жануар және өсімдік қалдықтары), органикалық және бейорганикалық құрамның коллоидты бөліктері және су материал ретінде қызмет етеді. Биохимиялық процесс нәтижесінде шығатын бұл емдік балшықтар биогенді компоненттермен(көміртегі, азот, күкірт, темір т.б. қосылыстар) толығады. Емдік балшықтардың құрылымы балшық ерітіндісінен, балшық қышқылынан және коллоидты кешеннен тұратын күрделі физико-химиялық жүйені құрайды. Балшықпен емдеу Қазақстанда 13 ғасырдан белгілі. Мұндағы шипалы балшықтар туралы алғашқы деректер 18—19 ғасырларда Ресейде жарияланды. 20 ғасырдың ортасынан Қазақстанның шипалы балшықтары кешенді зерттеле бастады. Геология ғылымдары институты мен Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты шипалы балшықтардың химиялық құрамын, емдік қасиеттерін анықтады және оларды қолдану әдістерін ұсынды. 1977 жылдан бұл мәселемен Кардиология ғылыми-зерттеу институтының курортология бөлімі шұғылданды. Шипалы балшықтар химиялық құрамы, шығу тегі және пайда болу жағдайларына байланысты әр түрлі болады. Олар кейбір физикалық және химиялық қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады. Қазақстанда шипалы балшықты орындар көп. Олардың ірілері: Тұзкөл (Алматы облысы), Сегізқыз, Әлжан, Аралсор (Батыс Қазақстан облысы), Жасыбай, Аламерген (Павлодар облысы), Борсықты, Соркөл, Ақсуатсор, Ащыкөл (Қостанай облысы), Қарасор (Қарағанды облысы), Қарабұлақкөл (Шығыс Қазақстан облысы), т.б. Санаторийлерде Балшықпен емдеу кеңінен қолданылады.
Емдік балшықтардың түрлері шығу тегіне, құрамына, т.б.ерекшеліктеріне байланысты бірнеше ортақ физикалық қасиеттерге ие:
Ресейде 500-ден астам балшықтардың шыққан орындары бар екен. ОЛардың әлем бойынша төрттен бірі курорттарда және курорттардан тыс жағдайларда емдік мақсатта қолданылады. Шығу тегіне байланысты емдік балшықтар бірнеше топқа бөлінеді:
Бальнеотерапия
(латын тілінен “balneum” –
Емдік мақсаттағы
саяхаттардың тарихы тым тереңде
жатыр. Ежелгі гректер мен римдіктер-ақ
жайлы тиміді климтаы бар емдік
орындарға денсаулықтарын жақсарту
үшін баратын болған. Сол кезеңдер
Грекияда Эпидавр мен Кос курортымен,
ал Римде теңіз жағасы курорты Байимен
өте танымал. Емдік-сауықтыру туризмі
туристік индустрияның ең ежелгі түріне
жатады. Қола дәуіріндегі материалдық
деректерге сүйенсек, қазіргі Санкт-Мориц
курорты орнында көмірқышқылды су көздерін
ерте заман адамдары пайдаланған. Сонымен
қатар, Италия территориясындағы Лациумда,
Неополитан шығанағында минералды ресурстары
бар көне курорт орны табылған. Ерте орта
ғасырларда Плом бьер Ле Бен және Ахен
шипажайлары халық арасында сұранысқа
ие болған. ХVII ғ. басында Францияда курорт
инспектурасы жұмыс жасай бастайды. Курорттық
істің жандануы буржуазия өкілдерінің,
шенеуніктердің және интеллигенция өкілдері
есебінен дамып отырған. ХVIIІ ғ. аяғында
минералды және термалды ресурстары бар
еуропалық курорттармен қатар теңіз курорттары
да іске қосыла бастайды. М.А.Ананьевтің
айтуы бойынша, 1754 жылы Англияда дәрігер
Ричард Рассел теңіз суының қасиеттерін,
оның адам ағзасына оң және теріс әсерлерін
анықтап, емдік мақсатта қолданады. Англияның
оңтүстік жағалауындағы Брайтонға принц
Уэльский демалғаннан кейін, жаңа сәнге
айналған фешенебельді курорт пайда болады.
Содан бастап жағалауда англиялық аристократияның
курортты виллалары салынады. Ал Францияда
атлантикалық жағалаудағы теңіз курорттары
Наполеон ІІІ-тің Биаррицеде демалғанынан
бастап танылады. Емдік туризмінің индустрия
тарихындағы нақты орын алуы ХVIIІ ғ.Чехиядағы
Карловы Вары, Германиядағы Баден-Баден,
Швейцариядағы Баден, Франциядағы Ницца,
Виши, Монакодағы Монте-Карло курорттарының
ашуылуымен тікелей байланысты. Бастапқыда
бұл курорттарда еуропалық ақсүйектер,
банкирлер, фабриканттар, орын дворяндары,
үнділік махараджалар, америкалық плантаторлар
ғана демалды. 18 ғ.басында Петр І шетелдік
курорттардың бірінде емделгеннен кейін
өзінің сарай дәрігерлеріне емдік қаситтері
бар су көздерін іздеуді бұйырады. 1958 жылы
курорт ісі жөніндегі Халықаралық Федерация
құрылды. Оның алғашқы кездегі жұмысы
курорт ісінің әлеуметтік проблемалары
және ІІ Дүниежүзілік Соғыс мүгедектеріне
шипажайлық-курорттық көмекті ұйымдастыру
болса, кейіннен нағыз курорттық индустрияға
айналды.