Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

    Өлі  теңіз курорттарындағы терапия  біздің емделу процессі туралы  бар көрінісімізді өзгертеді.  Ол емдеу процедураларынан бұрын демалыс пен көңіл көтеруге ұқсайды. 

11. Ресейде емдік-сауықтыру туризмінің қазіргі таңда ұйымдастырылуы.

Қазіргі таңда  Ресейде емдік сауықтыру туризмі  дамып келе жатыр. Өзінің денсаулығын  түзету мақсатында туристеррдің көп  бөлігі курорттарға барады.Соңғы кезде емдік сауықтыру туризміне сұраныс көбейіп келеді. Бұған аурудың алдын алу, күш қуатты қалыпқа келтіру және дұрыс тамақтанбаудан, жаман экологиялық жағдайдан туындайтын жағымсыз жағдайлардан емделу жатады.

   Ресей  территориясындағы көптеген пансиондар мен санаторилер жаңартылған. Мұндай жерлердегі медициналық қызмет көрсету жоғарғы дәрежеде. Сонымен қатар Процедуралық кабинеттер жақсы жабдықталған.

Алайда квалификациясына  қарамастан өзінің корпустарындағы  номерлік қорын жаңартуға мүмкіндіктері  жоқ санаторилер де кездеседі.

    Ресейдегі  емдік туризмді территориясына,бастулар  көзіне, өмір сүру жағдайына байланысты  және т.б. жағдайларға қарай  классификациялауға болады. Алайда  демалыстың типіне қарай: климаттық,  балшықтық,  бальнеологиялық болып  базалық бөлінеді.

    Ресейдегі  туризм көптеген жағдайда жүйке  жүйесін немесе иммунитеті көтеру  үшін қажет болып табылады. Мұндай  мақсатқа Крым, Сочи, Анапа курорттары  таптырмас орын болып табылады. Теңіз ауасының арқасында демалу  органдарын емдей отырып денсаулықты түзетуге болады. Астманы емдеу үшін Крымның оңт жағалауындағы курорттар бар.Бұл территорияда бірнеше өте жақсы санаторилер бар.

     Ресейдің  емдік туризмі Ялта, Алуште, Судаке  және Мисхоре курорттары арқасында  танымал. Жақын уақытта сауықтыру  орныдары қайта жөндеуден өтті, ал медициналық қызмет көрсету халықаралық стандарттарға сәйкес болды. Сонымен қатар шығармашыл және демалыс кезіндегі экскурсияны ұнатушы адамдардың Феодосия мен Коктебельге көңіл аударғандары жөн. Мұнда Айвазовский мен Волошиннің музейлері орналасқан.

    Ресейдегі  куротта емделудің жоғарғы сапасы   бүкіл дүниежүзінде мойындалған.  Ресейлік курорттардың еліктіруі  жоғарғы дәрежедегі қызмет көрсетуге,  батыс курорттарына қарағандағы  бағасының арзан болуына, визамен  ешқандай кедергінің болмауымен және тіл ерекшелігіне емес, ерекше табиғи емдік факторлармен және курорт медицинасындағы қазіргі заманғы медициналық технологиялармен байланысты. Ресейдің барлық табиғи емдік сауықтыру орындары тамаша табиғат көріністерімен және архитектуралық ескерткіштермен қоршалған. Бұл жерлерде адамдардың  ежелден бері қоныстануы да осыдан.

    Қазіргі  заманғы курорт – бұл ерекше  табиғи емдік факторлар, жоғарғы  медициналық технологиялар, дамыған  инфраструктура, қазіргі заманғы  көңіл көтеру орталықтары мен  экскурсиялық бағдарламалар. Жыл сайын Ресейдің қала-курорттары жақсаруда, кішкентай,сүйкімді жекеменшік қонақ үйлер және отельдер, теннис корттары, гольфқа арналған алаңдар, тау-шаңғы трассалары, аквапарктер салынуда, казинолар және концерт залдары ашылуда, курорт саябақтары мен жағажайлар орналасуда. 

12. Еуропаның  емдік-сауықтыру географиясы. Еуропаның емдік-сауықтыру туризмінің негізгі аудандары Орталықта, Шығыс Еуопада, сонымен қатар Батыс Еуропада орналасқан. Әсіресе, бұрынғы социалистік мемлекеттерде курорт ісі жақсы дамыған, олар шипалы табиғи-климаттық қорларға бай, ауру адамдарды  емдеу, реабилитация мен профилактика үшін қазіргі заманғы тиімді әдістерді кеңінен қолданады. Курорттық қызмет көрсетуде салыстырмалы түрде төмен бағалар орнатып, олар бәсекелестікте үлкен артықшылықтарға ие болды және  Еуропаның емдік сауықтыру туризм нарығында маңызды орын алып отыр.

   Еуропа  мемлекеттерінен санаторлы-курорттық  емделуге келетін туристтер саны  бойынша Чехия бірінші орында.Оның  ең ірі және танымал сауықтыру орны-Карловы-Вары. Чехияның ұлттық туристтік әкімшілігінің мәліметтері бойынша мұнда жыл сайын емделу үшін дүниежүзінің 70 елінен 50 мыңға жуық адам, сонымен қатар  2 млн. экскурсант келеді екен.

     Курорт  тарихы минералды су көздерінің  ашылуы және игерілуімен тығыз байланысты. Аңыз бойынша, бірінші шипалы көзді Карл IV осы жерлерде аң аулап жүргенде ашқан. Оның артынан басқа да көздер ашылған.  Бүгінгі таңда олардың саны  12. Бұл гейзерлердің ішіндегі ең қуаттысы - "Вржидло". Ол  минутына 2000 литрге жуық суды 12 м биіктікке лақтыратын гейзер болып табылады.

     Карловы  Варыдан басқа Чехияның территориясында  Европадағы ең ежелгі курорттардың  бірі Теплице, дүние жүзіндегі  ең бірінші радонды санаторлы  курорт Яхимов, Марианске-Лазне,  Франтишкови-Лазне, Лугачовице, сонымен қатар Европадағы балалардағы сал ауруын және т.б. ауруларды емдеуге мамандандырылған алғашқы санаторий ашылған Янске-Лазне курорты орналасқан.

Соңғы кездері  мемлекетте еуропалық емдiк-сауықтыру  туризмінің нарығында чештық сауықтыру  орындарын дамытуды белсенді түрде қолға алып отыр.

   Европаның  емдiк-сауықтыру туризмінің нарығында  ең басты бәсекелесі Венгрия  болып табылады. Оны термальды  монша аймағы деп атайды.

Табиғи бастаулардан бір тәулік ішінде жарты миллион  текше метрге  жуық термальды сулар ағып шығады. Оның бір бөлігін медицинада қолданады.

XIX ғасырда Венгрия  Европадағы шипалы суға түсіп  емделетін орталық болды. Қазіргі  таңда ресми түрде Венгрияның 22 қаласы мен 62 ауылдық жерлерінде  шипалы көздер бар деп танылған.

   Венгрияға саяхаттардың басты мақсаттарының бірі бальнеологиялық курорттар болып табылады. 1998 жылы осы мемлекетке келген әрбір үшінші турист емдік суларға барған. Венгриялық курорттарда демалу мен емделу әсіресе Германия, АҚШ, Австрия, сонымен қатар жергілікті венгрия азаматтары арасында кең тараған. Осы төрт мемлекеттен келетін туристер саны барлық келушілердің жартысына тең.

     Польша  емдік сауықтыру туризмінің нарығында  бальнеологиялық және климаттық  курорттарымен танымал. Теңіз  жағалауындағы басты бальнеологиялық және бальнеобалшықты курорттары - Свиноуйсьце, Камень-Поморски, Колобжег Балтық теңізінің жағалауында орналасқан. Бұл курорттар Чехия мен Венгрия курорттары сияқты аса танымал емес және олармен бәсекелестікке шыға алмайды. Қажетті жарнаманың болмауы, медициналық қызмет көрсету дәрежесінің төмен болуы, сонымен қатар суық теңіз – бұның барлығы Польшалық курорттардың мүмкіншіліктерін шектейді.

    Польшамен  қатар, Эстония, Латвия, Литва  елдерінде емдік сауықтыру туризмінің  дамуына аймақтағы қолайсыз экологиялық жағдай кері әсерін тигізіп отыр. Теңіз жағалауындағы аудандар өндірістік қоқыстармен ластанған. Көптеген кәсіпорындар техникалық жағынан ескірген және қоршаған ортаны қорғау талаптары бойынша қайта жабдықталулары керек. Зиянды заттардың негізгі массасы шығыс және оңтүстік шығыс жағалауды  бойлай орналасқан қалалар мен өнеркәсіп объектілері арқылы теңізге және атмосфераға таралады. Бактериялық ластану деңгейінің жоғарылауымен байланысты кейбір Балтық жағажайлары жабылады, адамдардың шомылуына тыйым салынады. Бұндай жылдарда Польшаның теңіз жағасындағы аудандарда туристер саны күрт азаяды.

     Оларға  қарағанда таулы аудандардағы  климаттық курорттардағы жағдай  жақсырақ.  Олардың саны көп  және таулы климатты туризмді  Польшаның емдік сауықтыру туризміндегі маманданған саласы ретінде қарауға болады.

   Мемлекеттегі  таулы климатты курорттар   Судет және Карпат тауларында  орналасқан. Бескид Сондецктерiнiң  шығыс баурайында поляк курорттарының  iнжуi - Крыница қаласы орналасқан. Жүздеген жылдар бойы ол Европада  озінің минералды сулары мен шипалы балшықтарымен танымал. Соңғы кездері маңызды климаттық және спорт орталық ретінде де аты шықты.

   Чехия,  Венгрия және Польшадан басқа,  емдік сауықтыру туризмі Болгария, Румыния және бұрынғы Югославия  республикаларында дамып келе жатыр.  Бұл мемлекеттер жылы теңізге шыға алады және негізінен теңіз жағалауындағы климаттық типтегі курорттарда сауықтыру бағдарламаларын ұсынады. Бұдан басқа, Хорватияда  Европадағы жалғыз, медицинада қолданылатын мұнайдың бір түрі-нафталан көзі ашылған. Оның базасында құрылған Иваныч-Град курорты тері және тірек қимыл ауруларына шалдыққан адамдарды қабылдайды.  Словакия курорт ісін дамыта отырып, тау шаңғы туризмі мемлекетінің келбетін өзгертуде. Термальды емдеу орындарын қазіргі заманғы құралдармен және технологиямен жабдықтап, ол аз уақыт ішінде Чехияға бағытталған туристік ағындарды өзіне тартып, емдік сауықтыру туризмінінің нарығында беделді орын ала алады.

    Бұрынғы  социалистік елдермен ығыстырылған  Батыс Европа елдері  курорттық  істің дәстүрлі бағыттарын ұстанады. Мұнда дүниежүзілік маңызы бар курорттар орналасқан: Германиядағы Баден-Баден, Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Спа және т.б. курорттар. Олар емделу орындары ғана емес, сонымен қатар демалыс орындары дами бастағанда XIX ғасырдың екінші жартысында коп сұранысқа ие болды.

   XIX ғасырда  жасалған батыстағы курорт ісін  ұйымдастырудағы маңызды қағидалар  қатты өзгерістерге шыдамады. Бүгінгі  таңда курорттарға келушілерге  қатаң күн тәртібі қойылмайды. Олар емдік процедура уақытын өздері таңдайды және дәрігер кеңесін тыңдауға міндетті емес.

    Батыста  басым түскен курорттардың бiр  бөлiгi Германия, Австрия және  Швейцарияда орналасқан. Олар екi типте: бальнеологиялық және климаттық.  Германияд, айтылған Баден-Баден және Висбаденнан басқа, біршама белгілі курорттар Шварцвальд массивінің етегінде орналасқан Баденвейлер, Вильдбад және Байерсбронн, Франкфурта-на-Майнеге жақын жердегі Бад-Хомбург и Бад-Наухайм, мемлекеттің батысындағы Ахен және т.б. Климаттық курорттардан таулы және орманды (Кведлинбург, Оберхоф,  Фюссен), лесные а также приморские (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург), сонымен қатар теңіз жағалауындағы курорттар (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург). Немістер өздері Солтүстік теңізге қарағанда жылы жерлерде демалуды таңдаса да, бұл курорттарға келушілер саны көп. Жыл сайын Германия курорттары 1 млн-ға жуық адамдарды қабылдайды. Неміс климаттық және бальнеологиялық курорттарының профилактикалық және реабилитациялық бағдарламалары Франция, Бельгия, Люксембурк, АҚШ және Канада тұрғындары арасында сұранысқа ие.

     Австрия  өзінің курорттарның көп болуымен  мақтанады. Олардың ішіндегі танымал  – Бадгастайн бальнеологиялық  курорты. Зальцбург провинциясының  оңтүстігінде, Гастайн өзенінің жазықтығында орналасқан. Ол радонды ыстық бұлақтардың базасында құрылған.

   Бадгастайн 1828 жылы қарқынды дами бастады  және өткен жүзжылдықта дүниежүзілік  маңызға ие болды. Курортта  коптеген танымал адамдар және  мемлекет басшылары да болған. Қазіргі таңда Бадгастайнға туристер ағымы кеңейді. Келущілердің бір бөлігі жай демалуға келеді.

     Бальнеологиялық  және климаттық курорттармен  қатар, Австрия көл маңындағы  емдік-сауықтыру туризмін дамытуда. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе, Оссиахер-Зе  және Топлицзе көлдері 1 млн.ға жуық туристерді қабылдайды. Жалпы айтқанда, мемлекетке келетін туристердің 20%-дан астамы емдік мақсатпен келеді.

     Швейцария  курорттар саны бойынша Германия  мен Австриядан қалып қалады, алайда емдік сауықтыру туризмі  бағытында олардан кем түспейді. Бірақ курорттық қызмет көрсету бұл мемлекетте тек қалталы клиенттерге қолжетімді. Себебі оның бағасы өте жоғары.

    Швейцарлықтар  мен шетел қонақтарының арасында  аса танымал курорттар бальнеологиялық  курорттар (Баден, Бад-Рагац) және  таулы климатты курорттар (Ароза, Давос, Санкт-Мориц, Церматт және т.б.). Швейцария алғашқылардың бірі болып шоппен емдей бастады. Мұнда Кран-Монтана атты ірі фитотерапиялық орталық орналасқан. Шөп қайнатпалары мен тұндырмалар ағзаның қорғаныш функцияларының жұмысын жақсартуға, артық салмақтан құтылуға, қартаю процесін баяулатуға көмектеседі. Орталықта дерматоз, зат алмасудың бұзылуын, диабет, буын ауруларын, жүйке жүйесінің бұзылуын емдейді.

    Емдік  сауықтыру туризмі нарығында  Оңтүстік Европадағы танымал  мемлекет Италия болып табылады. Оның бальнеологиялық курорттары мемлекеттің солт-шығысында, Эмилья-Романья ауданында және тек термальды суларға ғана емес, сонымен қатар шипалы балшықтарға бай Искья аралында орналасқан.

    Испания,  Португалия, Греция туристерді өзінің негізінен демалыс және көңіл көтеру зонасы ретінде танымал климаттық теңіз жағалауындағы курорттарымен белгілі.Бұл мемлекетте мамандандырылған емдік курорттар саны аз. Олар курорттардың жалпы санының бірнеше пайызын ғана құрайды.

    Солтүстік  Европада емдік сауықтыру туризмі нашар дамыған. Олардың ішінде Дания мен Нидерландының, сонымен қатар Норвегияның, Финляндияның және Швецияның көл аймағындағы курорттарын атап кетуге болады. Бұл курорттар мемлекет ішінде маңызды орын алады. 
 

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"