Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:07, реферат
Мемлекеттік кірістерді толықтыру жолындағы қатаң салықтың және кедені әкімшілік, барлық мемлекеттік қаржыларды шоғырландыру оның орындалуының жетісі болуы тиіс.
Кіріспе..................................................................................................................3
1 Салық саясатының теориялық негіздері
1.1. Салықтардың мәні және атқаратын қызметтері......................................5
1.2. Қ Р-дағы салық қызметі, құрылымы, құқығы және міндеттері...............16
1.3.ҚР-да салық саясатының қалыптасуы....................................................18
2 Салық саясаты және оның мақсаттары мен бағыттары
2.1. Салық саясаты мемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясаты.............................................................................................................21
2.2. Салықтық реттеу: әдістері, мақсаттары және тиімді шешім қабылдау критерийлері..............................................................................................22
2.3. Қазақстан Республикасының салық түрлері............................................28
2.4 Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеудің негізгі бағыттары..32
3 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі өзгерістер мен өзекті мәселелер........................................................34
Қорытынды………………………………………………………………….37
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................40
- «Шектеу»
қызметі - бұл, мысалы, қызметтің
мемлекет үшін тиімділігі
- «Бақылау-бөлу» қызметі - бұл қаржы мен ресурстардың қозғалысын, халық пен кәсіпорындар табысының есебін, өндірістің құрылымын тиісінше бақылаумен байланысты.
Салықтың атқаратын қызметтері өзара байланысты болып келеді. Бюджетке салық түсімдерінің көбеюі, яғни, қазыналық қызметінің орындалуы мемлекеттің экономикалық маңызын жүзеге асыруына материалдық мүмкіндіктерін туғызады, яғни, салықтың экономикалық міндеті орындалады. Сонымен бірге өндірістің дамуын жылдамдатуды және кіріс өнімділігін тездетуді экономикалық реттеу нәтижесінде мемлекет көп қаржылық жетістіктерге жете алады. Салықтың қазыналық қызметі мемлекеттің салық саясаты тұтқасының көмегімен нарық коньюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсуді түрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Бір сөзбен айтқанда, салық түсімі арқылы алынған қаражаттар мемлекеттің саяси - шаруашылық қызметін атқарудың қаржылық негізі болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру, экономикада құрылымдылық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады.
Салықтың қайта бөлу қызметі
салық механизмі арқылы
Сонымен бірге салықтар
Барлық қоғамдық фармация
Көптеген азаматтардың
Салықты жинау қағидасы салық
төлеушінің қабілетіне
Әрбір салықтың міндетті элементтері болады. Бұл элементтерде көрсетілетіндер мыналар:
- Салық
төлеуші кім болып табылады, яғни
салық төлеуші субъект кім
(жеке тұлға, заңды тұлға,
- Салық салу объектісі не (пайда, мүлік, тауар, немесе мұрагерлік игілік және т.б);
- Қандай кіріс көзінен салық төленеді (кіріс, еңбекақы, табыс, дивидент және т.б.);
- Салық салынатын объект қандай өлшем бірлігімен өлшенеді (мысалға, елдің ақша бірлігінде - табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық; жер салығы бойынша - гектар немесе аккредетив және т.б.).
Салықтар сонымен қатар, белгілі бір тауарларды немесе қызметтерді нақты өндірушілер немесе көрсетушілер, не өткізушілер салық төлеушілер болып табылған кезде «тікелей» салықтар және тауарлар мен қызметтерді пайдаланушылар салық төлеушілер болып табылған кезде, «жанама» салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар мемлекетпен салық төлеушінің кірістері мен мүліктерінен тікелей және оны төлеушіге тиіс әрбір тұлғадан өндіріп алынатын салық. Тікелей салықтар әдетте жекеленген тұлғалардан алынады. Салықтың мынандай түрлері тікелей салықтар болып есептеледі: табыс салығы, корпорациалардан алынатын салық, сый-сияпат салығы, мұра салығы, меншікті капитал салығы, жылжымайтын мүліктен алынған табысқа салынатын салық. Тікелей салықтың объектісі салық төлеушілердің кірістері (еңбекақы, табыс, проценттер және т.б.) және мүліктің құны (жер, үй, көлік құралы) болып табылады.
Жанама салықтар тауар құнына және қызмет көрсету тарифтеріне қосылған үстеме ретінде бегіленеді. Ол тауардан операциялардан немесе ойын-сауықтардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік табыстардың ежелгі көздерінің бірі болып есептеледі. Мысал ретінде қосылған құнға салынатын салықты, айналым салығын, акцизді, елтаңба алымын т.б. келтіруге болады. Жанама салықтар бір тұлға басқа тұлғаның есебінен жұмсалған шығынның орнын толтырады деген үмітпен және ниетпен осы тұлғадан талап етіледі.
Жанама салықты қолдану экономикалық тәртіп бұзушылықтан жаппай тауар тапшылығы жағдайында тұтынушыларға таңдау мүмкіндігін туғызуға жағдай жасады. Жанама салықтың қатарына сыртқы экономикалық қызмет түрлері де (импорттлатын және экспортқа шығаратын тауарға салынатын кеден тарифтері түріндегі кеден кірістері) ішкі нарықта өткізілетін тауарлардың, бағасымен олардың фактура құны арасындағы айырма жатады. Халыққа әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету, экономикалық қызмет құрлымын өзгерту халық шаруашылығының аса маңызды салаларын халықты қамту қажет болғандықтан тұтынушыға ауртпалық түседі. Яғни, бөліс процессі кезінде жанама салықтың әлеуметтік сипаты анықталды.
Дүние жүзілік тәжіриебе көрсетіп отырғандай, бүкіл өркениетті мемлекеттегі салықтық реттеу - несие қаржылық реттеумен бірігіп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастың қалыптасуына әсерін тигізіп, мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандырудың және әлеуметтік теңдікті, оған қоса реформалаудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды элементтері болып келеді.
Қазіргі кезеңдегі жағдайда салықтың мәнімен ролі мемлекеттік органдары қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету аймағынан шығып отыр. Енді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсенді араласа отырып, ішкі ұлттық табыстың жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы мөлшердің өсуін қамтамасыз етіп отырады.
Салықтар экономикалық белсенділікті реттей отырып, өндірістің процесстеріне де қатты әсерін тигізеді. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына зор ықпал етеді. Сонымен бірге, салықтық реттеу шаралары әр түрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиімді жағдай жасап, кәсіпорындардың іс әрекетінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді. Бұл мақсатта салықтарды төлеуге жеңілдіктер пайда болады. Салықтық жеңілдіктердің көмегімен мемлекет өндіргіш күштері территориалды орналастыруға, инфрақұрылымдық объектілерді құруға және т.б. іс әрекеттерді жүзеге асыруға толығымен мүмкіндік береді.
Мемлекет заңды түрде
Экономикалық реформаның басты
мақсаты шаруашылық жургізуші
субъектілерге түсетін салық
ауыртпалығын жеңілдету,
Адамзат өзінің мыңдаған жылғы тарихында салықтарды қолдану теориясы мен практикасы бойынша жинақтаған тәжірибе, олардың барлық елдермен халықтардың эканомикасын дамытудағы жауапты, көбінесе түйінді ролін тануы, сондай ақ осы саладағы соңғы жарты ғасырдағы елеулі зерттеулер қазіргі заманғы салық салудың ғылыми негізделген, жеткілікті дәрежеде универсалды айқындамалық негіздерін әзірлеуге мүмкіндік береді .
Сөйтіп, алдыңғы ұрпақтар жіберген адасушылықтар мен қателіктерден арыла отырып, бүгін таңдағы көптеген экономикалық, саяси және әлуметтік проблемалардың оңтайлы шешімдерін табуға, шын өркениетті, яғни мемлекетт реттейтін, халықаралық қоғамдастықпен біріктірлген және әлеуметтік бағдарланған нарықтық қатынастарды құруға, салық ауыртпалығының шамасын, бір жағынан, қоғам қажеттіліктермен, мемлекеттік мүдделермен, екінші жағынан, жеке және ұжымдық салық төлеушілердің мүмкіндіктерімен, олардың ұйымдары мен кәсіпорындарының мұқтаждарымен жақсы үлестіруге мүмкіндік туды. Қазіргі тиімді қолданылып жүрген түрлі салық жүйелерін әзірлеушілер салық салудың нақ осы айқындамалық негіздері мен негізгі принциптерін басшылыққа алған.
Олар 1995 жылғы бірінші шілдеден бастап күшіне енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі заң күші бар № 2235 Жарлығында барынша жан-жақты көрініс тапты.
Қоғамдық өміріміздің сан-саласы, экономикамыздың даму деңгейінің қазіргі сатысы салық туралы заңымызды қайта қарауға мәжбүр етті. 1995 жылдан бастап салық туралы Президент Жарлығы қолданылып келді. Бұл мерзімде әлемдік қауымдстықтағы орнымызды нығайтып, экономикамызды соған лайықтап қайта құруға күш салынды. Халықаралық қаржы жүйесінде жұмыс істеу экономикада, оның ішінде салық жүйесінде де көптеген өзгерістер жасауды талап етті. Үкімет пен Парламент сол талап деңгейінен көріну мақсатында талай шаруаларды тындырды. Соңғы жыл ішінде салыққа байланысты заңдарға әлденеше рет өзгерістер енгізілді. Соның айғағы ретінде 2002 жылдан бастап енгізілген «Салық кодексінің» күшіне енуі болды.
Бұрынғы салық туралы заң актілерінің бәрі бір қатарда десек, енді «Салық кодексі» деп атауды жөн көріп отырмыз. Салық кодексі үш бөлімнен тұрады:
1). Жалпы бөлім
2). Ерекше бөлім
3).
Салық әкімшілігін жүргізу
Жалпы ережелер бөлімінде салық төлеушінің құқықтары, міндеттері, басқа уәкілетті органдармен қатынастары және салық міндеттемесі, орындалуы мен бюджетпен есеп-айырысуы мен басқа да шаралар түрлері айтылып өткен.
Ерекше бөлімде, салық және міндетті төлемдер түрлері, есептілігі, инвестициялық салық преференциялары және арнаулы салық режимдері, басқа да міндетті төлемдер туралы жазылған.
Ал,
салық әкімшілігін жүргізу
Салық жүйесі мемлекетпен бірге пайда болды және дамып отырады. Салық жүйесі қызмет етуіне қарай нарықтық қатынастардың негізгі бөлігі болып табылады, көп жағдайда елдегі экономикалық реформалардың жетістіктері жүйесіне байланысты болып келеді. Өз кезегінде салық реформасының тиімділігі мемлекеттін өндірістік құлдырауын болдырмауына тұрақтандыру проблемаларын шешуіне және ұлттық валютаның, ұзақ мерзімді өзара төлемдердің және басқалардың конверсиялауына байланысты.