Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.

Содержимое работы - 1 файл

диплом Салық жүйесіндегі оұтайландыру механизмі.doc

— 266.00 Кб (Скачать файл)

    ТМД шегінде салық салуды сәйкестендірудің негіздері 1992 жылдың 13 сәуірінде қатысушы мемлекет басшылары арасындағы келісіммен қаланған. Соған сәйкес ТМД елдері салық салудың ережелері мен принциптерін унификациялау негізінде келесілген салық саясатын жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорын табысына салынатын салыққа, жеке тұлғаларға салынатын салыққа, ҚҚС қатысты заңдылықты үйлестіруге міндеттеледі. Бірақ келісім ТМД барлық елдерімен бекітілмеген және қазіргі күні мәлімдемелік сипатта болып отыр.

    Салық салуды үйлестіру бойынша тәжірибелік  әрекеттер 1993 жылдың қыркүйегінде экономикалық одақты құру туралы көпжақты келісім  – шартқа қол қойылған кезде Одақты құрудың бірінші кезеңінде жасалған. Оның жасалуы кезінде Батыс Еуропаның экономикалық және валюталық интеграциялану тәжірибесі есепке алынды және экономикалық одақтан бірыңғай кедендік және валюталық кеңістікке өтудің кезеңдері қарастырылды. Сонымен қатар интеграциялық процестің бастаушылары қатысушы елдердің салықтық жүйесін максималды жақындату үшін ТМД елдерінің Модельді салықтық кодексін құруды қарастырды. Белгілі болғандай, ЕО мемлекеттері бұл жолда алға жылжып келеді және жақындау сияқты когерентті форманы қолдану ұлттық қызығушылықты және ұлттық салықтық егемендікті тиімді сәйкестендіруге мүмкіншілік етті. Сонымен қатар салық салудың унификациясы және үйлесімділігі бірыңғай нарыққа өтудегі аспектілердің бірі болғандығын ескеру қажет.

    Жақындастыру – бұл құрылған жүйеге құқықтық әсер етудің жұмсақ формасы болып табылады. Ол әдістемелер мен концепциялардың жалпы келісімі, құқықтық принциптер мен жеке шешімдерді бірігіп жасау арқылы және олардың өзара сәйкес келуін қастамасыз ету арқылы жүзеге аырылады. ТМД мемлекеттерінің салық саясатын қалыптастыру қаржы, экономика министрлігіне және салық қызметіне жүктелген. Олардың бірлескен қызметі бірыңғай  құқықтық кеңістікті құруға бағытталған. Салық қызметін үйлестіру қызметі үшін үкімет басшыларының Кеңесі салық қызметін басқарушылардың үйлесімді кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Бұл бойынша бірінші отырыс 2001 жылы 25 қыркүйекте өтті. ТМД СҚБҮК қызметінің негізгі бағыттары келесілер болд:

  • салық саясаты мен салықтық әкімшілік ұлттық заңдылықтармен сәйкес келуіне жауапты қызметтердің арасындағы әріптестіктің сапасын жоғарлату, олардың жүзеге асырылулары бойынша ұсыныстарды жасау;
  • функцияларына салық саясатының және салықтық әкімшілік етудің мәселелері кіретін ұлттық құрылымдармен және басқа органдармен өзара табысты әріптестікті дамыту;
  • берілген бағытта мемлекет аралық және үкімет аралық шешімдерді жүзеге асыруда арақатынасты орнату;
  • салық заңдылығының ашықтығын қамтамасыз ету;
  • сыртқы экономикалық қызметке салықтық бақылауды күшейту;
  • « тағайындау елдері» принципі бойынша жанама салықтарды өндіріп алу кезінде өзара сауда – саттықта тауарлардың, қызметтердің нақты өткізілуін бақылау саласында, ақпаратпен алмасуды қарқындандыру;
  • Кадрларды дайындауда және тәжірибемен алмасуда салық қызметінің әріптестігі;
  • Салық салу мәселесі бойынша халықаралық тәжірибемен алмасуда салық қызметінің әріптестігі;

    Жақындаумен салыстырғанда унификация – бұл  түбегейлі шара болып табылады. Ол за нормалары мен ережелерінің міндетті біркелкілігін қарастырады. Унификацияның кең тараған формасы – бұл кедендік одақ. Кедендік Одақ шегінде экономикалық сауда, әлеуметтік және гуманитарлық салада нормативтік – құқықтық база қалыптастырылған, өзара сауда – саттықта тарифтік және көлемдік шектеулер алынып тасталды, көптеген тауарлар бойынша ортақ кедендік таривтер енгізілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Ұйымдастырушылық  көзқарас тұрғысынан, арнаулы салық  режимдерін қолданудың шектеулі сипаты, салық төлеушілердің қандай категорияларын және қандай қызмет түрлерін осындай  салық режиміне ауыстыруға болатыны туралы мәселелерді шешу үшін, қажетті жағдайлар мен критерилерді анықтауды талап етеді.

    Арнаулы салық режимін енгізудің негізгі  себебі болып, бірыңғай салықтық нақты  формасының тиімді қызмет етуі мен  оны бекіту мүмкіншілігі табылады. Ол үшін салық салудың арнаулы обьектісі мен салық базасы келесі талаптарды қанағаттандырулары тиіс:

  • негізгі өнімнің біртектілігі, бұл бірыңғай салықтың есептелуі мен төленуінің дұрыстығына тиімді бақылау жүргізу үшін қажет;
  • салық салудың теңдік, жалпылық және әділеттілік принциптерін бұзбай, салық төлеушілердің барлық топтары үшін салық салуға бірыңғай бағытты қолдану мүмкіншілігі;
  • салық төлеушілердің экономикалық өсуінің көрсеткіштері мен экономикалық себептеріне қатысты бірыңғай салықтың бейтараптылығын қамтамасыз ету мүмкіншілігі; салық салу обьектісі, ставкалары есептеу әдістері мен салық салу базасы субьектілерді жоғарғы экономикалық нәтижелерге жетуге талпыланғаны үшін « жазаламауы» тиіс.

    Арнаулы салықрежимінің субьектісін таңдау кезінде ( қызмет түрін, саласын) келесі критериларды ескеру қажет:

    - елдің экономикасын жетілдіру  үшін салық төлеушілердің категорияларының, қызмет түрлерінің, салалардың артықшылықтары;

    - мемлекет қолдауының қажеттілігін, олсыз нарықтық бәсекелестікті  жетілдіру, елдің әлеуметтік –  экономикалық қауіпсіздігін және субьектілердің жақсы қызмет етуін қамтамасыз ету мүмкін емес;

    - салық салудың жалпы режимін;

    - салық салудың қолма – қол  ақшалай түсімдерінің, табыстарының  және басқа да обьектілерінің  қозғалысына салық органдары  тарапынан нақты есептің мүмкін еместігін немесе қиындығын.

    Қазақстан Республикасының Салық кодексімен шағын бизнес субьектілері үшін арнаулы  салық режимінің үш типі бекітілген: бір жолғы талон негізінде, патент негізінде және декларация негізінде. Аталған заң актісінің сәйкес бөлімдеріндегі баптардың талдаулары және бұл арнаулы салық режимдерін қолданудың алғашқы нәтижелері бір қатар кемшіліктерді шығарды, бұл алғашқы салық режимдерін Қазақстанның қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайында тиімсіз етіп отыр. Осыған байланысты, шағын бизнес субьектілеріне салық салудың арнаулы жүйесін түбегейлі қайта қарастыру қажеттілігі туралы негізгі қорытынды жасалады.

    Шағын бизнес субьектілері үшін арнаулы салық  режимінің ұсынылатын жүйесіне келесілер  кіреді: 1) бір жолғы талон негізінде  арнаулы салық режимі; 2) жиынтық табысқа бірыңғай салық негізінде арнаулы салық режимі; 3) жүктелген табысқа бірыңғай салық негізінде арнаулы салық режимі. Қазақстан үшін соңғы екі режим жаңасы болып табылады. Сонымен қатар олар шағын бизнес субьектілері үшін міндетті болып табылады және ресейлік ұқсастықтардан салық салудың негізгі элементтері бойынша, салық тізбегімен, салық ставкаларын есептеу әдісімен және бірыңғай салық салу базасымен ерекшеленеді.

    Алғаш рет арнаулы салық режимдері  үшін шығындарды болашаққа ауыстыру механизмі ұсынылды, яғни ағымдағы салық кезеңінің салық базасы көлемі шегінде зейнетақы шығындарының барлық сомасына ағымдағы салық кезеңінде салық базасын азайтуға құқығын жүзеге асыру. Сонымен қатар салық төлеушілер 3, 6, 9 және 12 айлар үшін салық сомаларын аванстық есептеу жолымен, бірыңғай салықты төлеуге құқылы болады. Мұндай жағдайда салық төлеушілермен төленуге жататын бірыңғай салық сомасы сәйкесінше 5, 10, және 20 % кемиді.

    ҚР  Салық кодексімен қызмет етуге арнаулы  салық режимінің екі типі енгізілген: ауыл шаруашылығы үшін және заңды тұлғалар – ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер үшін. ҚР Салық кодексінің аталған бөлімдерін талдау нәтижесінде және бұл режимідерді қолдану практикасында келесі маңызды кемшіліктері ерекшеленеді: ауысудың еріктілігі, бірыңғай салық элементтерінің шашыраңқылығы, өсімдік өсіру жіне мал шаруашылығы үшін режимдердің теңсіздігі, салықтық ауыртпалықтардың жоғары болуы және т.б. Осының барлығы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге салық салудың тиімді жүйесін жасауға негізгі себеп болып отыр.

    Патент  негізінде қызмет ететін жеке кәсіпкерлердің көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша  тіркелген жеке кәсіпкерлердің санының  артып отырғаны байқалып отыр, соған  сәйкес салықтық түсімдер сомасы да артап  отыр. Сонымен қатар тіркелген ЖК ішінде әрекет етуші ЖК санынан  да артып отыр, бұл жақсы көрсеткіш болып табылады, яғни біздің елімізде жеке кәсіпкерліктің дамып келе жатқанын білдіреді. Салық түрлеріне байланысты жеке табыс салығы, әлеуметтік салық МЗҚ аударымдар бойынша және жер салығы мен аренда бойынша салық төлеушілердің саны артып отыр және Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық комитетінде ҚҚС, міндетті зейнетақы қорларына аударымдар мен мүлік салығы бойынша салықтық түсімдердің артып отырғаны байқалады, себебі осы салық түрлеріне байланысты патент негізінде қызмет ететін салық төлеушілерді санының артып отырғанына байланысты. Транспорт және байланыс, сауда – саттық, басқа қызмет түрлері бойынша салық төлеушілердің санымен бірге олардың салықтық сомалары да артып отыр. Ал өндірістік қызмет және құрылыс салалары бойынша салық төлеушілердің саны артқанымен, салықтық түсімдер сомасы кеміп отыр. Бұл салық төлеушілердің салықтан жалтаруынан болып отыр.

    Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекске сәйкес соңғы кездері жиілеп кеткен заң нормаларынан ауытқушылықты тыю көзделіп отыр деуге болады. Мысалы, ендігі кезде кәсіпкерлікпен немесе басқа да жұмыстармен айналысатын тұлғаларға тиісті тіркеуден, рұқсат алмағаны біліктілік аттестаты ( куәлігі) болмағандығы үшін 30 – дан 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, осындай тәртіп бұзушылықтың негізгі нысаны болған тауарлары, болмаса рұқсат етілмеген кәсіпкерлікпен немесе басқа да жұмыс түрімен айналысу арқылы тапқан табыстары, қаржысы, құнды қағаздары тәркіленді, Мұның барлығы әкімшілік тәртіп бұзушылық санатына жатқызылған.

    Сондай  – ақ, бизнеспен айналысуға рұқсат беретін ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін орта шағын бизнес нысандарына 50 – ден 100 айлық есептік көрсеткіш  есебінде айыппұл салынумен қатар, олардың белгілі бір жұмысты атқаруына тыйым салынады.

    Жоғарыда  аталған айыппұл мөлшерлері тек  шағын бизнес нысандарына ғана емес, орта кәсіпкерлікпен айналысатындарға да қатысты. Яғни бұл оларды қолдану  аясы едәуір кеңейтілген деген сөзді  білдіреді.

    Еліміз  өркендеп, экономикамыз ілгері басып  келе жатқан қазіргі кезде шағын  және орта бизнесті қолдау мемлекетіміздің  басты нысаны. Дегенмен, қай істе болмасын тәртіп пен заңдылық сақталуы тиіс. Әкімшілік тәртіп бұзушылық  туралы кодекстегі негізгі өзгертулер мен қосымшалар осы салада жұмыс жасайтындарды ынталандыру мақсатын көздейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі