Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.

Содержимое работы - 1 файл

диплом Салық жүйесіндегі оұтайландыру механизмі.doc

— 266.00 Кб (Скачать файл)

    Шаруашылық  құқықты концессия түсінінгі  болып, мемлекеттің деке меншік иесіне шаруашылық сферасында кейбір қызмет түрлерін орындауға құқық беретін  акт табылады. Яғни, концессия деп  аймақтық жіне мемлекеттік биліктің меншігі болып табыладын шаруашылық обьектілерді, кәсіпорындарды және табиғи байлықтарды төлем көздерінің сәйкес келуіне байланысты белгілі –бір талаптар негізінде мемлекеттік емес инвесторға мемлекетпен қолдануға және уақытша иелік етуге, сонымен қатар мемлекеттік инвесторға мемлекеттік монополия болып табылатын қызмет түрімен айналысуға құқықтың берілуін айтамыз.

    Концессия келісім – шартына отырған  кезде мемлекет жеке инвесторға өзінің кейбір айрықша функцияларын береді және инвестор келісім – шартқа сәйкес мемлекеттің меншік обьектілерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға мүмкіншілік алады. Сонымен қатар, инвестор басқа экономикалық субьектілермен салыстығанда ерекше артықшылықты жағдайда болады: концессиялық қызмет нәтижесінде алынған барлық өнімдер оның меншігінде болады, сондай – ақ оған салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды қарастыратын арнаулы салық салу режимдері беріледі.

      Концессиялар елдің мемлекеттік  билігінің нормативтік – құқықтық  актілерінің негізінде және жеке  инвестор мен мемлекеттік билік  субьектісі арасындағы концессиялық келісім - шарт негізінде беріледі. Көптеген елдерде ондай инвестор ретінде отандық және шетел кәсіпкері бола алады. Нәтижесінде мемлекет және инвестор уақытша, көбінесе ұзақ мерзімді концессиялық келісім - шартта қаржылық қатынасты бекітеді. Сондықтан да, концессиялық заңдылық концессиялық келісім – шарт шегінде инвестор қызметіне қатысты арнаулы салық режимін қолдануды қарастырады.

    Мемлекет  концессияны ұйымдастыру барысында  екі рольді атқарады: азаматтық құқық  субьектісі ретінде келісім - шартқа отырады және бұқаралық билік органы ретінде қала береді. Соңғысы ретінде, концессиялық қызметті жүзеге асырғанға рұқсат береді, оған мүліктік және басқа да құқықтарын сақталуына мемлекеттік кепіл береді, келісім - шарт талаптарының мемлекеттік билік органдарымен орындалуын қамтамасыз етеді, концессиянерден келісім – шартта қарастырылған төлемдерді және ұлттық заңдылықпен белгіленген салықтарды өндіріп алады, концессинердің қызметіне бақылау жүргізеді және заңға қарсы әрекеттер орын алған жағдайда оны әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарта алады.

    Қазіргі уақытта 120 астам мемлекеттер концессияларды және басқа да шетелдік жеке инвесторларды  тарту формаларын қолданады, олар концессия  бойынша дағдарыстық экономиканың барлық проблемеларынан арыла алмайды және шетелдік капиталдарды тартудың басқа мүмкіншіліктерін алмастыра алмайды, бірақ ақша қаражаттарын салудың басқа формаларын таңдауды кеңейтеді, ал бұл әртараптаңдыру қазіргі кезде өз бетінше елдің инвестициялық климатын жақсартуда.

    Концессияда ең бастысы, бұл форма заңды кепілдендірілген болып табылады. Концессия негізінде ақша қаражаттарын салу инвестициялық тәуекелдердің туындауынын көптеген себептерін шектейді, ал бұл қазақстандық жағдайда өте маңызды болып отыр. Концессиялық келісім –шартқа отыру кезінде кәсіпорын қызметі инвестор үшін аса айқын болады, концессиянер мен ұжым арасындағы келісе алмаушылықтар ұжымдық келісім –шарт арқылы шектетіледі, басқару менеджерлерді қайта дайындау арқылы немесе шетелден мамандарды шақырту арқылы жақсарады. Сонымен қатар, жеке инвесторларды құқықтық қорғаудың жеткіліксіздігіне байланысты саяси – әлеуметтік тәуекелдердің салдарынан туындайтын қауіпті төмендетеді. Яғни, мұнда ұлттық тәуекелдер немесе мүлікті тәркілеу, келісім –шарттағы міндеттемелердің мемлекетпен бұзылуы, салық салу талаптарының өзгеруі, шетелге қаржылық құралдарды аударуда шектеулерді енгізу және т.б. жағдайлар туралы айтылып отыр.

    Келісімге келудің нәтижесінде инвестор үшін ақша қаражаттарын салудың табысты  тиімді нормасына жетуге, ал мемлекет үшін концессияны ұсынудан жанама экономикалық тиімділіктерді алуға және максимум табысты алуға мүмкіншілік туады.

    Бірақ концессияның болуы, қоғам мен үкіметтің  елді тоңау сияқты ұлттық тәуелсіздікке  қәуіп төндіретін қауіптенушілік қатынасты  тудырады. Мұндай қауіптенушілікке екі жағдай себеп болып отыр: біріншіден, концессияға тек табиғи байлықтарды береді, ал екіншіден, концессиянерлер үнеме үстеме табысқа қол жеткізіп, оларды және өндірістік өнімдерді шетелге шығаруға тырысады³.

    Бұл қауіптену дәйекті болып отыр, өйткені көптеген елдер туындаған экономикалық проблемаларды шешуге жағдайы келмей, оларды ұйымдастыру процесі бақыланатынын ұмытпау қажет, оны концессиялық саясат пен ұлттық заңдылықтар бақылайды. Үкімет инвесторлардың ұлттық қызығушылықты қолдамайтын ұсыныстарынан бас тартуға құқылы, концессиялық қызмет мемлекетпен байқалады, концессиянердің таза табысының нормасы бақылануы мүмкін. Қандай да бір елдің шаруашылық практикасына концессияны енгізу кезінде құқықтық базаға және шетелдік жеке инвесторлады тартудың талаптарына көңіл аудару қажет.

    Өнімді  бөлу туралы келісімді қарастыратын салық салу режимі арнаулы салық  режимі болып табылады. Соңғы уақытқа  дейін ол « Өнімді бөлу жөнінде  келісім туралы» заңмен реттеліп отырады, ал бұл Салық кодексінің концессияларына сәйкес келмейді және құқықтық қарама – қайшылықтарды тудырады. 

  • Арнаулы салық  режимдері және оның қолданылу ерекшеліктері 
  •          Салық режимі – Салық кодексіне  белгіленген салықтарды және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.

               Салық режимдері екі топқа  бөлінеді:

        ·  Жалпы режим;

        .   Арнаулы салық режимі.

        Жалпы салық режимі – салық төлеушілердің  барлық санаттары үшін белгіленген және барлық салық және басқа да бюджетке төленетін басқа міндеттердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай – ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды көздейтін тәртіп.

        Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай – ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше түрі.

        Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар:

        .  Шағын бизнес субьектілері;

        .  Шаруа қожалықтары;

        .  Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші  заңды тұлғалар;

        .  Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген  түрлері.

        Арнаулы салық режимі шағын бизнес субьектілері үшін төлем көзінен ұсталатын салықтардың қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Басқа салықтарды, міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және салық есептемесін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Шағын бизнес субьектілеріне арналған салықты есептеудің оңайлатылған тәртібі біржолғы талон, патент оңайлатылған декларация негізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің әрқайсысы үшін оларды қолданудың шарттары ескеріледі: қызметтің ара – тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты, табыс мөлшері, қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің саны, жалдамалы жұмыскерлердің пайдалану және т.б.

        Шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы  салық режимі қызметтің бірқатар түрлеріне, атап айтқанда: акцизделетін өнімді өндіретін, консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызмет көрсететін , мұнай өнімдерін өткізетін, шыны ыдыстарын жинайтын және қабылдайтын, жер қойнауын пайдаланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.

        Ара – тұра сипаттағы кәсіпкерлік  қызметті ( жылына бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет) жүргізген  кезде салықтық есеп – қисаптарға арналған біржолғы талон – арнаулы  салық режимін қолдану құқығын  куәландыратын және төлем көзінен  ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат пайдаланылады.

        Базарларда  тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй – жайларда өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінен басқа, біржолғы талон негізінде шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.

        Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен  есеп айырысудыжүзеге асыратын тұлғаларға шағын бизнес субьектілеріне және шаруа қожалықтарына арналған ережелер қолданылмайды.

        Жеке  кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай  беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

        Салықты оңайлатылған декларация негізінде  есептеудің шағын бизнес субьектісі салық салу тоқсандық табысқа  есепті салық кезеңіне тиісті салықтардың  заңмен белгіленген мөлшерлемесін қолдану және саралау арқылы жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субьектілері – заңды тұлғалар үшін дербес жүргізіледі.

        Патент  бойынша салықты есептеу кезінде  төлеу де бірдей үлеспен жүргізіледі.

        Патент  – арнаулы салық режимін қолдану  құқығын куәландыратын құжат.

        Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

        Арнаулы салық режимі жеке кәсіпкерлер үшін рәсімделеді. Сонымен бірге арнаулы  салық режимін мынадай шарттарға  сай келетін: 1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 2) жеке кәсіпкер нысанындағы қызметті жүзеге асыратын; 3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.

        Жеке  кәсіпкер – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.

        Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы  салық режимі бірыңғай жер салығын  төлеу негізінде жүзеге асырылады, бұл салық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, ұқсату және өткізу бойынша  қызметтен алынатын жеке табыс салығын, ҚҚС, жер салығын, көлік құралдарына және мүлік салықтарын кіргізеді. Бірыңғай жер салығын салу обьектісі жер учаскесінің бағалау құны болып табылады, салық осы құнға 0,1 пайыз бойынша есептеледі.

        Бірыңғай  жер салығының төлеушілері қызметтің басқа түрлерінің көзіне салынатын жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылмайды.

        Заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимі жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі, толық циклды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі, сондай – ақ осы өнімді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады. Бұл салық режимі құнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлікке және көлік құралдарына салынатын салық енгізетін патент негізінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге патент құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салық сомасы 80 пайыз азайтылады.

        Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне  арналған арнаулы салық режимі құмар  ойын бизнесі, ақшасыз ұтыс ойын автоматтары, боулинг, картинг, бильярд, лото ойындары саласында қызмет көрсететін заңды  және жеке кәсіпкерлерге қолданылады.

        Арнайы  салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі  болып оның функцияларының бір бөлігін  орындайтын, орналасқан жері бойынша  тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

        Салық кодексінде көзделмеген қызметтер  бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіруші шаруа қожалықтары мен  заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды  шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимінде жүзеге асыра алады.

        Экономикасы күшті елдердің қазіргі заманғы  және ертедегі экономикалық ғылыми, тәжірибесі мен даму тарихы көрсеткендей экономикалық мақсаттар мен тапсырмаларға  қол жеткізуде салық саясаты үлкен роль атқарады. Саясаткерлер, бизнесмендер және экономист ғалымдар қазіргі заманғы кез – келген нарықтық экономикалы елдердің әл – қуаты, сол елдің жалпы мемлекеттік экономикалық саясатын бейнелейтін тиімді салық саясатын қаншалықты сәтті ұйымдастыра алатынына байланысты екенлігін түсінеді. Сондықтан да салық саясатынын басты мақсаты мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатынын – азаматтардың әл – ауқатынын өсуін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатымен сәйкес келеді.

    Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі