Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа
Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.
Салық саясатының басты мақсатын жүзеге асыру оның тапсырмаларын екі тобын орындауда айқындалады: фискалдық және ынталандырушы ( экономикалық). Салық төлеушілердің ( сонымен қатар шетелдіктердің ) салықтарды экономика дамуының жағымды және төлеу бойынша мемлекет алдындағы міндеттемелермен байланысты салық саясатының фискалдық тапсырмалары табыстармен мемлекеттік қызметтерді жүщеге асыру үшін және әлеуметтік – экономикалық саясатты ұйымдастыру үшін қажетті, бюджетті қамтамасыз етуге бағытталған. Салық саясатының ынталандырушы тапсырмасы салық төлеушілер алдындағы мемлекеттің міндеттемелерін айқындай отырып, азаматтармен бизнестің экономикалық қызығушылығын және ұдайы өндірістік процесіне салық арқылы әсер ету жолымен, салық саясатының басты мақсатынын орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Салық саясатының нақты тапсырмалары ағымдағы экономикалық жағдайлармен және мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының мақсаттарымен анықталады. Берілген кезеңде салық саясатын ұйымдастыра отырып, мемлекет шешетін келесі тапсырмаларды ерекшелеуге болады:
Салық саясаты мемлекет тұрғындарының әл – ауқатын, экономика
дамуының жағымды және бірқалыпты ынталандырылуын және бюджет кірісінің негізгі бөлігінің қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында салық және салық салу саласында мемлекетпен жүргізілген шаралар жүйесі мен қызмет бағытын көрсетеді.
Салық
саясатымен көрсетілген тапсырмалар
оның құралдары көмегімен, бірінші
кезекте салық жүйесінің
Салық жүйесінде салық саясатының барлық мақсаттары кешенді ұйымдастырлады. Бірақ та белгілі – бір уақыттың әр қайсысында экономикалық саясаттың мақсаттарымен, тапсырмаларымен және құрылымымен сәйкес, басымдық фискалдық немесе ынталандырушы тапсырмаға берілуі мүмкін. Үйлесімді салық саясатының, экономикалық жағдайдың өзгермелі талаптарында елдің бірыңғай экономикалық кеңістігін құрудағы қабілеттілігінің, бір жағынан « ұдайы өндірістің өсуін», ал екінші жағынан әлеуметтік мәселелерді шешуді» қамтамасыз ететін салық жүйесінің құрылуы мен жетілдірілуінің мәселелері осыған байланысты.
Салық жүйесі салық саясатының ең қажетті құралы болып табылады, бірақ онда жеке құралдарды бөлуге болады және олар үш топқа бөлінеді. Салықтарды жинау, оларды есептеу және төлеу тәртібі ( салық ставкалары, жеңілдіктер, база және т.б.), салық органдарының жұмыс істеу тәртібі және олардың тапсырмалары салық жүйесінің базистік негізін құрайды, сонымен қатар тұрақтылық, күнделіктілік, ұзақтылық және бәріне ортақтылық сипатымен ерекшеленеді. Екінші топқа ұзақтылық және тұрақтылық сипаты азырақ, бірақ бәріне ортақтылық сипаттағы және базисті құрайтын құралдарды: салық ставкаларын, салық есептілігін, салықтық жазалау шараларын жатқызуға болады. Арнаулы салық режимдері салық жүйесінің құрамына кіреді, бірақ кейбір қосымшаларына ғана қатыстырылады, салық жүйесінің басқа құралдарынан серпінділік және орта мерзімділік сипатымен, сонымен қатар белгілі –бір заңды шектілігімен ерекшеленеді. Сондай – ақ салық саясатында басқа да серпінділік сипаты жоғары құралдар бар, бірақ олар салық саясатының шегінен шығып кетеді: реформалар мен салықтар туралы үкіметпен көпшілікке жариялау, тұрғындардың әр түрлі топтарымен салықтық мәселелерді талқылау, салықтық мәселелерді ғылыми қарастыру, салық органдарының және ұйымдардың тікелей қызметтері.
Арнаулы салық режимі болып белгілі – бір уақыт кезеңінің ағымында салықтар мен алымдарды жинау және төлеудің Салық кодексімен, сондай – ақ оған байланысты қабылданған заңдармен бекітілген тәртіпке және жағдайға сәйкес ерекше тәртіптері танылады. Арнаулы салық режимдерін бекіту кезінде салық салу элементтері, сондай – ақ салық жеңілдіктері Салық кодексінде қарастырылған тәртіппен анықталады.
Арнаулы салық режимінің мұндай анықтамасын салық салудың жалпыға бірдей тәртіптегі шаруашылық субьектілері үшін қызмет ететін және арнаулы (особый) салық режиміндегі шаруашылық субьектілердің жекелеген топтарына қатысты қызмет ететін салық жүйесіндегі ерекшелікті қарастыратын ҚР Салық кодексі береді. Арнаулы салық режимі салық саясатының ұзақ мерзімді және орта мерзімді тапсырмаларын орындау мақсатында шартты жағдайда салық салудың жалпы тәртібіне уақытша өзгерістерді енгізеді. Сонымен қатар арнаулы салық режимі шарт бойынша, салық төлеушілердің шектелген топтарына жеңілдіктерді беруді қарастырады.
Арнаулы салық режимдері салық салудың жапыға бірдей тәртібімен салыстырғанда, салық саясатының ынталандырушы тапсырмаларын ұйымдастыру үшін қызмет ететін белсенді және серпінді құралы болып табылуымен ерекшеленеді.
Мынаны ескеру қажет, режимдер шарттардан шектеу сияқты емес, әрекет етуші заңдылықтар шегіндегі жағдайлар ретінде қарастырылады. Осылайша, арнаулы салық режимдері бірыңғай үйлесімді құжатқа – Салық кодексіне бекіту жолымен, Қазақстан Республикасында әрекет етуші салық жүйесінің нормативтік ретінің жалпы тұжырымдамасына кіргізіледі. Сәйкесінше, арнаулы салық режимдері Қазақстан Республикасының салық жүйесінің және жалпы салық саяатының бір бөлігі болып табылады.
Арнаулы салық режимдеріне ҚР Салық кодексінің бірінші тарауына сәйкес келесілер жатады: Салық салудың ықшамды жүйесі, еркін экономикалық аймақтардағы салық салу жүйесі, өнімді бөлу туралы келісімдерді орындауда салық салу жүйесі. Сонымен қатар ҚР Салық кодексінің екінші тарауына сәйкес арнаулы салық режимі ауыл шаруашылық өндірушілер үшін салық салужүйесі болып табылады.
Арнаулы салық режимі түсінігі бірінші рет тек Салық кодексінде ғана анықталған. Салық кодексі әрекет еткенге дейін арнаулы салық режимдері басқа да салықтық мәселелер сияқты көптеген қарама – қайшылықтары бар заңдармен, салық органдарының заң актілерімен реттеліп отырған. Арнаулы салық режимдері сонымен қатар теориялық аспектілерде қарастырылмаған, өйткені зерттеу үшін мұндай тақырып мүлдем болмаған. Салық кодексіне дейін салық салудағы қарама – қайшылықтар салық органдарының қызметіне де және салық төлеушілерге де кедергі болды. Жекелеген арнаулы салық режимдері қарама – қайшылықтар режимдерінде құрылған, нәтижесінде олар өздерінің тапсырмаларын орындамай, жекелеген салықтық жеңілдіктерді шығарып отыратын және бюджеттегі ақша үшін күрестің арнайы қоршауы ретінде қолданылды.
ҚР
Салық кодексі салық жүйесін
құрудың алғашқы
Арнаулы
салық режимдері салық
2. Арнаулы салық режимінің түрлері және олардың жұмыс істеу
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субьектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Бұл орайда, Салық кодексінің 64 тарауы шағын бизнес субьектілері үшін арнайы салық режиміне арналған.
Осы тарауда аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Төлем көзінен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және біржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс салыө салу обьектісі болып табылады.
Салық Кодекстің 163 – бабына сәйкес жеке кәсіпкердің, мүлікті жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын мүліктік табысы мен өзге де табыстары салық салу обьектісі болып табылмайды.
Бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін – күнтізбелік жыл, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негізінде жүзеге асыратын шағын бизнес субьектісі үшін – тоқсан, салық кезеңі болып табылады.
Арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субьектілері кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда табыс барлық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
Арнаулы салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субьектілері үшін салық кезеңі ішінде құсылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
Салық кодексінің 371 – бабына сәйкес шағын бизнес субьектілері төменде есептеу тәртібінің біреуін ғана таңдауға, сондай – ақ олар бойынша салық есептемесін ұсынуға құқылы:
Арнайы салық режимі қызметтің келесі түріне таратылмайды:
Патент – бұл арнаулы салық режимінің қолдану құқығын куәландыратын және бюджетке салық сомасының төлегендігін растайтын құжат. Бюджетпен есеп айырысудың мұндай түрі бизнес тұрақты сипатта болатын ЖК үшін қарастырылған. Патентті қолдану құқығын алу үшін шағын бизнес субьектілері қажетті қағидаларға жауап беруі тиіс:
Салық кодексінің 374-бабының 3-тармағына сәйкес патент негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін жеке кәсіпкер ол қолданылғанға дейін салық органына қызметін жүргіжетін орны бойынша уәкілетті органмен белгіленген өтінішті ұсынады.
Патент ЖК кем дегенде бір айға, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Кәсіпкер патентті алу үшін уәкілетті органмен белгіленген өтініш пен мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті салық органына ұсынады.
Кезекті
патентті алу үшін патентті алу
өтініші алдыңғы патенттің
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі