Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.

Содержимое работы - 1 файл

диплом Салық жүйесіндегі оұтайландыру механизмі.doc

— 266.00 Кб (Скачать файл)

    Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс  етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен  есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

    Таңдап  алынған салық салу режимі салық  кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.

    Салықтың  өтінішпен бір мезгілде мынадай  құжаттардың:

    1) нотариат куәландырған немесе  селолық ( кенттік ) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының;

    2) жер ресурстарын басқару жөніндегі  уәкілетті мемлекеттік орган  берген, нотариат куәландырған немесе  селолық ( кенттік ) атқарушы органдар  куәландырған жер учаскелерін  бағалау құнын айқындайтын актілердің көшірмелері табыс етіледі.

    Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерін  бағалау құны жер ресурстарын  басқару жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша  орташа бағалау құны негізге алына  отырып айқындалады.

    20 ақпаннан кейін құрылған шаруа  немесе фермер қожалықтары дара  кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу  туралы куәлік алғаннан кейін  отыз жұмыс күнінен кешіктірмей  салық органына арнаулы салық  режимін қолдану құқығына салықтық  өтінішті табыс етеді.

    20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

    Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық  төлеушіде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, арнаулы  салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.

    Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа  немесе фермер қожалықтары ондағы деректері  өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, аталған құжаттарды қайтадан табыс етеді.

    2. Салық органы уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

    Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді  алу үшін салық төлеуші салық  органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

    Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге  ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына  белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

    Салық төлеушінің осы Кодекстің 439 – бабында  аталған талаптарға сәйкес келмеуі  және салық төлеушіні осы баптың 1 – тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін  қолданудан бас тарту үшін негіз  болып табылады.

    3. Арнаулы салық режимін қолдануды  тоқтату осы тармақта көзделген  тәртіппен салықтық өтініштің  негізінде жүргізіледі.

    Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік  бермейтін жағдайлар туындаған  кезде, салық төлеуші талаптарға сәйкессіздік туындаған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде салық органына салықтық өтініштітабыс етеді және сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтеді.

    Арнаулы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезед жалпыға  бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі.

    Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

    1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

    1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын  шаруа немесе фермер қожалықтарының  қызметінен түскен табыстан алынатын  жеке табыс салығын;

    2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын  қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

    3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын  қызметте пайдаланылатын жер  учаскелері бойынша жер салығын  және ( немесе ) жер учаскелерін пайдаланғаны  үшін төлемақыны;

    4) салық салу обьектілері бойынша көлік құралдары салығын;

    5) аталған салық салу обьектілері  бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

    2. Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерді  есептеу, төлеу және олар бойынша  салық есептілігін табыс ету  жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    Бірыңғай  жер салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке қою  туралы салық органына салықтық өтінішті ерікті түрде беруге құқылы.

    3. Шаруа немесе фермер қожалықтары  үшін арнаулы салық режимі  қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

    Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу обьектісі болып табылады.

    1. Егістік бойынша бірыңғай жер  салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:

Рет

Жер учаскелерінің  алаңы

(гектар)

Салық ставкасы
1. 500-ге дейін 0,1%
2. 501-ден 1000-ға  дейін қоса алғанда 500 гектардан  бағалау құнының 0,1% + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2%
3. 1000-нан 1500-ге  дейін қоса алғанда 1000 гектардан  бағалау құнының 0,2% + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3%
4. 1501-ден 3000-ға  дейін қоса алғанда 1500 гектардан  бағалау құнының 0,3% + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4%
5. 3000-нан жоғары 3000 гектардан  бағалау құнының 0,4% + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5%
 
 
 

    Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы  салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1 ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

    2. Шаруа немесе фермер қожалықтары  жер пайдалану құқығындағы бірыңғай  жер салығын дер учаскесін  пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.

    Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.

    Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.

    Жалға алушының бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған  айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

    Бірыңғай  жер салығын есептеу кезінде  жалға берушінің жер учаскесін  нақты пайдалану кезеңіне жер  учаскесі жалға берілген ай қосылады.

    Бірыңғай  жер салығын төлеушілер әрбір  қызметкер, сондай – ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

    Әлеуметтік  салықтың есептелген сомасы « Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

    Әлеуметтік  аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

    1. Төлем көзінен ұсталатын бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:

    1) салық кезеңінің 1 каңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

    2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген  соманы төлеу есепті салық  кезеңінен кейінгі салық кезеңінің  10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    2. Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік  салық пен жеке табыс салығын  төлеу жер учаскелерінің орналасқан  жері бойынша жүргізіледі.

    Бірыңғай  жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда төлем көзінен ұсталатын бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, жеке табыс салығының, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрініс табады.

    Бірыңғай  жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық  кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей  табыс етіледі. 
 

    2.2.3 Ауыл шаруашылық  өнімдерін өндіруші  заңды тұлғаларға

                                  арналған арнаулы салық режимі 

    Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы  салық режимі бірыңғай жер салығын  төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жқніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру шаруашылық өнімдерін ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.

    Жеке  меншік құқығымен және жер пайдалану  құқығымен ( кейінгі жер пайдалану  құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде шаруа қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдануға құқығы беріледі.

    Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық  режимін немесе салық салудың  жылпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

    Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін  қолдану үшін жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірілмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі