Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа
Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.
Кіріспе
Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.
Қазақстанның қазіргі заманғы экономикасы үшін шағын бизнес, ауыл шаруашылығы және өндіріс салалары басымды салалар болып табылады. Сондықтан шаруашылық субьектілеріне тиімді, қарапайым және мақсатты салық жүйесін құру бірінші кедзектегі қаржылық міндет болып табылады. Осы мақсатта кодекспен шағын бизнес субьектілері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және құмар ойындарын ұйымдастырушылар мен ойын бизнесімен айналысушылар үшін арнаулы салық режимдері белгіленді. Бұл ғылым практикадан қалып, ал практика теорияны озып келе жатқан жағдай болып отыр. Тек қазақстандық емес, сонымен қатар ресейлік экономикалық әдебиеттерде де арнаулы салық режимдері сияқты жаңа құбылысқа арналған терең ғылыми зерттеулер кездеспейді. Әлі күнге дейін ерекше қаржылық – ұйымдастырушылық категория ретінде бұл түсініктің мазмұны жайлы мәселер зерттелмеген, сонымен қатар арнаулы салық режимін құрудың концептуалды, методологиялық және қағидалық негізі жасалмаған. Осы жерден салық салудың арнаулы режимдерін практикалық ұйымдастыру мәселелерін талқылаудың әлсіздігі шығып отыр. Мұндай режимдердің негізінде не жатуы керек, салық төлеушілердің қандай категориялары, қызмет түрлері мен салалар арнаулы режиммен қамтылу мүмкін және қамтылуы тиіс, оның субьектілері үшін қандай салықтарды қалдыру керек және алып тастау керек, арнаулы салық жүйесін қаншалықты жеңілдету мүмкін, салық салынатын базаны және жалпы төлемдердің ставкаларын қандай бағытта құру керек және т.б мәселелер жеткілікті.
Арнаулы
салық режимін құрудың ғылыми
негізделген концептуалды – методологиялық
базаның болмауы ҚР Салық кодексінің
бөлімдері мен тармақтарына әсер
етпей қоймады. Жоғарыда айтылған барлық
мәселелер аталған заң
Тақырыптың мақсаты Қазақстанда салық салудың оңайлатылған жүйесінің тәжірибесі мен теориялық негізін, ұйымдастырушылық – методологиялық және әдістемелік әрекетін жетілдіру жолымен Қазақстан Республикасында ( бірыңғай салық базасында) арнаулы салық режимдерінің рационалды жүйесін құру болып табылады.
Тақырыптың зерттеу пәні оңайлатылған салық салу жүйесіне және оның қызмет етуіне белгілі – бір салық төлеушілер категориясын ауыстыру процесіне жатқызылатын қаржылық ұсыныстар болып табылады.
Тақырыптың зерттеу обьектісі болып жалпы салық жүйесінің құрамындағы Қазақстан Республикасының арнаулы салық жүйесінің Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық комитетіндегі қызмет ету тәжиребесі.
Дипломдық
жұмыстың әдістемелік және теориялық
негізі ретінде салық және салық
салу теориясы, бірыңғай салықтың жеке
теориясы, қазақстандық, ресейлік және
басқа да шетел экономистерінің шағын
бизнеске, ауыл шаруашылығына және өндіріс
саласына салық салудың тәжірибесі
мен теориясының мәселелері бойынша ғылыми
еңбектері, сонымен қатар Салық кодексі,
Қазақстан Республикасының заңды және
нормативті актілері және Алматы қаласы
Жетісу ауданы бойынша СК сандық мәліметтері
қарастырылды.
Қазақстандағы барлық оңайлатылған салық салу жүйесіндегі ең негізгі режим ретінде арнаулы салық режимдері экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық емес механизмі болып табылады, өйткені олар белгілі-бір субьектілер үшін бизнесті жүргізуге жағдай жасайды. Нәтижесінде, «көрінбейтін қол» нарығының принципі бұзылады. «Жеңілдіктердің көмегімен реттеу салық төлеушілердің қызмет түрлеріне тәуелсіз барлық салық салудың негізгі теңдік принципін бұзады». Сондықтан арнаулы салық режимдерін енгізу негіздемелі және түсіндірмелі қадам болуы тиіс. Арнаулы салық режимдерінің нарықтық емес болуы, оларды енгізудің тапсырмалары мен мақсаттарын орындау үшін оларға қажетті белгілі-бір қызмет мерзімін қолдануды талап етеді. Мақсатқа қол жеткізу бойынша арнаулы салық режимін енгізу немесе оны өзгерту кезінде арнаулы салық режимі түзетулерге тартылуын немесе қызметін тоқтатуы тиіс.
Олар тек белгілі-бір жағдайлармен ғана енгізілуі тиіс, яғни көбірек қайтарым бере алатын кезде ғана. Сондай-ақ әр бір арнаулы салық режимдері үшін нақты ситуациялық тапсырмалар бекітілуі тиіс.
Арнаулы салық режимін енгізудің тапсырмалары мен мақсаттарының бағытының қатаңдығына қарамастан, ол мәселені шешетін жалғыз құрал бола алмайды. Жалпы арнаулы салық режимінің салық саясатындағы негізгі құрал сияқты барлық жағдайларға арналған құрал болып табылмайды. Салық саясаты өзінің мазмұны бойынша либералды нарықтық экономика жағдайында экономикалық субьектілерге тікелей әсер етуі мүмкін емес және әсер ете алмайды да. Оның әсер етуі тек экономикалық жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан арнаулы салық режимдерінің қызмет нәтижелерін бақылап, бағалап және талдап отыруы керек. Арнаулы салық режимдерінің мақсаттары құрылған экономикалық жағдайлар өзгере алады және салық оежимдерінің уақытша сипаттамасын шартты етеді.
Арнаулы салық режимдерінің заңды әрекеттеріне қатысты шектеу принциптері қолданылады. Олар бірнеше себептерге байланысты қолданылады. Біріншіден, салық жүйесіндегі арнаулы салық режимдерінің ерекше орны, олардан салық жүйесінің базистік негізін қалаушы салықтарды алмастырмайтын ұйымдастырушылықтың болуын талап етеді. Екіншіден, жоғарыда көрсетілген арнаулы салық режимдерінің мақсаты бағыттары олардың тек белгілі бір жағдайлармен байланысты қабылданатынын қарастырады. Үшіншіден, арнаулы салық режимдерінің нарықтық емес жағдайы нарық механизміне олардың әсерін төмендету үшін, елдің жалпы экономикасындағы қызметіне шектеулерді орнатуды қажет етеді. Осы принциптерсіз салық саясатында тиімді арнаулы салық режимдерін орнату мүмкін емес.
Осылайша, арнаулы салық режимдерінің
төрт сипатын ерекшелуге
Әрекет етуші заңдылықтар
Мағынасы
бойынша бұл жалпы
Арнаулы салық режимдерінің шектеулілігі, оларды белгілі бір территорияларға енгізу муниципалды немесе аймақтық билікке сәйкес салық саясатының бір бөлігі екендігімен түсіндіріледі. Бірақ республикалық билік жергілікті басмаларға келіспеуге немесе осы режим енгізілетін барлық территориялар үшін арнаулы салық режимдерінің ережелерін белгілеуге құқығы бар. Нәтижесінде, арнаулы салық режимдеріне қатысты республикалық және жергілікті биліктің үйлесімділігі жайлы мәселелер туындайды.
Осылайша, біздің арнаулы салық режимдерінің екі типі ерекшеленеді:
Территориялық типтегі арнаулы салық режимдерінің заңды әрекеті территориялық принципі бойынша шектеледі, ал салықтық бақылау белгілі бір территорияға бағытталады. Оларға еркін экономикалық аймақтағы салық жүйесі мен жабық әкімшілік – территориялық білім беру салық салу жүйесін жатқызады.
Субьектілік
типтегі арнаулы салық
Салық
саясатында арнаулы салық режимдерін
қолдану қажеттілігі елдің
Осыған байланысты, салық саясаты жалпы әлеуметтік - экономикалық саясаттың шегінде қойылған мақсаттарға сәйкес жеке экономикалық территорияларды немесе жеке экономикалық субьектілерді дамытуды ынталандыруға бағытталған кезде ғана тиімді бола алады. Нақ осындай мақсаттарды салық саясаты Салық кодексінің шағын жеңілдіктерімен ерекшелінетін республикалық билікке бағытталған, біртекті аранулы салық режимдерінің шегінде орындайды. Яғни, арнаулы салық режимдері Салық кодексінің салық жүйесіне тұрақтылықты және анықтылықты қамтамасыз етудегі ынталандырушы мақсаттарды жүзеге асыратын, салық саясатының құралы болып табылады. Бұл факт кез – келген аранулы салық режимі бастапқыда әлеуметтік және экономикалық мақсаттардың белгілі – бір блогын шешуге бағытталатындығымен расталады.
Шағын кәсіпкерлік субьектілері салқы салу жүйесінің бір бөлігін, шағын бизнестің дамуын жеделдетудегі ынталандыруда және бәсекелестік күресте қолдануда пайдаланады. Арнаулы салық режимінің екінші түрі, еркін экономикалық аймақ, белгілі – бір территориялардың әлеуметтік – экономикалық деңгейін жақсарту үшін құрылады. Жабық әкімшілік – территориялық білім берудегі арнаулы салық режимі бизнеске белгілі – бір шектеулерді қолданатын, мемлекеттік реттеулері күшті қалаларда бизнесті бәсекелестік деңгейде ұстап тұру үшін арналған².
Өнімді бөлу туралы келісімді және концессия келісім – шартын орындау кезіндегі салық салу жүйесі, ұзаө мерзімді ірі жобаларға қатысуға инвесторлардың қызығушылығын тудыру үшін арналған. Соңғы уақыттарда осы арнаулы салық режимін қолданудың мақсаттылығы саяси және ғылыми талас үшін аса маңызды мәселе болып отыр, бұл салықтық реформаны және салық жүйесін қайта құрумен байланысты Қазақстан Республикасының салық саясатында беріліп отырған арнаулы салық режимінің мағынасының өзгеруіне байланысты болып отыр.
Кез – келген экономикада қаржылық ресурстар қажет, әсіресе экономика экономикалық дағдарысты бастан өткізсе. Ескірген негізгі қорларды қайта құру мен жаңарту және қорларды құру қажет. Осындац мәселерді шешу үшін инвестицияның едәуір көлемі қажет, бұған өз бетінше қамтамасыз етуге көптеген елдерлің жағдайы келмейді.
Ұлттық инвесторлар экономикалық саясаттың кез – келген бағыттарында қысқа жіне орта мерзімді кезеңдерде қаражат көздерінен шектеледі, үкімет шетел инвестицияларының көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Олардың көлемін ұлғайту үшін көптеген мемлекеттер инвестициялық климатты жақсарту бойынша бар мүмкіншіліктерін қолданады және олардың көбісі осындац жақсатрудың бірі ретінде шаруашылықты жүргізу практикасына жеке инвестицияларды тарту әдісі, яғни концессияны енгізуді таңдады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі