Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 11:21, курсовая работа

Краткое описание

Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
2.2.1 Унитарлық түсінігі
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі
2.2.3 Федерациялық түсінігі
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ.doc

— 590.00 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингіде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, академик С.Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар».

Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдас-тыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.

1992 жылы қаңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті[17.91б.].

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар.

Әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер  туралы айтатын болсақ олар республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттірінде көбінесе монархиялық басқару болғаны мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттірінің филосовтары, Аристотель, Монтескеье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір – бірімен тығыз байланыста дамиды.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп,  ел болғалы 20 - жыл  уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты,  Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі  тең мүше болуымен  көрінеді.

Курстық жұмысты осымен, қорытындылап келгенде  мемлекеттің мүдде-мақсатын асыру үшін, дамуына, жақсарып, нығаюына  мемлекет нысанның алар орны зор.

Мемлекет нысаны бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы Жоғарыда - Мемлекет нысаныны негізінен үш сыңардан тұаратынын, олардың өзінің бірнеше түрлері болатындығын көрсетіп, анықтамасын бердім. Енді қысқаша қорытындылайтын болсам:

1.Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінІң өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді.

2. Мемлекеттік құрылым нысаны - бүл мемлекеттің аумақтық құрылымы оның құрамдас беліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты.

3. Саяси режим бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер.

Мемлекет өзі, жекелей  алғанда үлкен бір ұйым,  үй. Сол үйдің ішкі, сыртқы мәселелерін  шешу үлкен мүдде, міндет. Осы мәселелерді шешу үшін алуан түрлі қызмет, жүзеге асыру қажет. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының басқару нысаны өте мықты дамуда, негізгі бағыты  нарықты экономиканы  қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату. Совет  Одағы кезеңінде Қазақстанның  сырт байланыстары шектеулі болатын. Енді егеменді  еліміздің көк туын көтеріп, үлкен асқар асуларға бел будық. Заман  талабына сай мемлекет функциясының  да нарық қатынастарына  бейімделуі байқалуда. Қазіргі  кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық  даму процесіне көшкенде мемлекеттің құрылымын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қалып-тастыру дұрыс  болмайды.

Себебі, басқару  нысанына, құрылымына,  дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік көзқарас. Мемлекеттің ішкі басқару нысаннын жақсару мемлекет құрылымына, саяси режимін  дұрыс  жолға қойылуына зор септігін  тигізеді.  Неге десек, мемлекеттің мәдениеті, жалпы халықтың денсаулығы, экологиялық жағдайы, өндірістік потенциалы үлкен, шет елдермен бәсекелестікке  түсе алатын болса, онда  басқару нысанындағы, мемлекет құрылымындағы - қорғаныс, қауіпсіздігі, елдер арасындағы ынтымақтастық, халықаралық қауымдастық қалыптасады.

Сонымен, мемлекет үшін, халық игілігі үшін ішкі  мемлекет нысанының қажеті зор. Олар адам  өміріне, жеке республика жағдайына үлкен  көмегін тигізеді. Яғни, онсыз мемлекеттің өмір сүруі екі  талай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.      Ашитов, Заирқан Омарұлы, Ашитов, Бауыржан Зайрқанұлы. Қазақстан Республикасының құқық негіздері: оқу құралы / ред. Б. Базарбайұлы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

2.      Бұлғақова, Дилляра Асхатқызы, Истаев, Арман Жұмабайұлы. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы  оқу-әдістемелік құрал.- Алматы: 2004.- 228 б.

3.      Бұлғақова, Диляра Асхатовна.     Мемлекет және құқық теориясы : оқу құралы.- Алматы: 2004.- 106 б.

4.      Қазақстан мемлекеті мен құқығыныңы негіздері жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған оқулық / құраст. Ә.Сапарғалиев.- изд. 2-бас.- Алматы: Атамұра, 2004.-264 б.

5.      Мұхтарова, Айжан Қалесқызы. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы.- Алматы: Нұр-пресс, 2005.-   562 б.

6.      Мемлекет және құқық теориясы. Типтік оқу бағдарламасы: "021640-Заңтану" мамандығы бойынша (жоғары оқу орындарының студенттері үшін) / құраст.: Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы ; жауапты ред. Қ. Жиреншин; Қазақ мемлекеттік Заң акад.- Алматы: Қазақ мем. заң акад. баспасы, 2001.- 38 б.

7.      Мұхтарова, Айжан Қалесқызы.  Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы.- Алматы: Нұр-пресс, 2005.-   562 б.

8.      Сапарғалиев, Қайрат. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері : Жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған оқулық /Ауд. Ж.Ысмағұлов, О.Нілібаев.-. 3-бас.- Алматы:  Атамұра, 2003.- 192 б.

9.      Сапарғалиев, Ғайрат. Қазақстан мемлекеті мен Құқығының негіздері[.- Алматы: Атамұра, 2003.- 192 б.

10. Булгакова, Диляра Асхатовна.     Мемлекет және құқықтеориясы : оқу құралы.- Алматы: 2004.- 106 б.

11. Қазақстан мемлекеті мен құқығыныңы негіздері жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған оқулық / құраст.Ә.Сапарғалиев.- изд. 2-бас.- Алматы: Атамұра, 2004.-264 б.

12. .Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы : Қазақстан Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист, 2004.- 28 б.

13. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері : оқулық / құраст. Е.Баянов.- толыќт.қайта жөнделіп  2-ші бас.- Алматы, 2003.- 692 б.

14. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы : Қазақстан Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист, 2004.- 28 б.

15. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері : оқулық / құраст. Е.Баянов.- толықт.қайта жөнделіп  2-ші бас.- Алматы, 2003.- 692 б.

16. Мемлекет және құқық теориясы. Типтік оқу бағдарламасы: "021640-Заѕтану" мамандығы бойынша (жоғары оқу орындарының студенттері үшін) / құраст.: Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы ; жауапты ред. Ќ. Жиренчин ; Қазақ мемлекеттік Заң акад.- Алматы: Қазақ мем. заң акад. баспасы, 2001.- 38 б.

17. Сапарғалиев, Қайрат.     Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері : Жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған оқулық /Ауд. Ж.Ысмағұлов,О .Нілібаев.-. 3-бас.- Алматы:                      Атамўра, 2003.- 192 б.

 

22

 



Информация о работе Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері