Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 11:21, курсовая работа
Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.
КІРІСПЕ
І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
2.2.1 Унитарлық түсінігі
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі
2.2.3 Федерациялық түсінігі
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Конституциялық, (шектелген) монархияда мемлекеттік билік жүргізетін монархтын билігі мемлекеттік органмен, негізінде парламентпен шектеледі. Мысалы, Непал, Марокко, Ұлыбритания, Нидерланды, Жапония, Бельгия т.б. Осы мемлекеттердің конституциялары бойынша император, король мемлекет басшысы болғанмен, олардың биліктері заң шығару саласында билік жүргізу құқықтары шектелген. Бельгияда король мемлекет басшысы, министрлерді өзі тағайындайды, ал заң шығару қос палаталы парламент құзырында. Шектелген монархияда атқарушы билік премьер-министрдін қолында.
Шектелген монархия дуалистік және парламенттік болады. Дуалистік (дуализм — лат. диаііз — екі жақты) монархияда (Кувейт, Непал) монархтың билігі заң шығаратын органмен шектелген, бірақ, заңға вето қою кұқы сақталады, ал басқа атқарушы билікті іс жүзіне асыруда еркіндік білдіреді, министрлерді өзі тағайындайды, үкімет монарх алдында есеп береді[6.38б.].
Билік - монарх, парламент және үкімет болып белінеді. Дуалистік монархия негізінде абсолютгік монархиядан парламенттік монархияға өтудін негізгі сатысы.
Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия -Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бүл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр I, Екатерина II, Елизавета I, Фридрих II, Үдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет деген мен" — сөзі бүкіл Европаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Парламенттік монархияда корольдің, императордың мемлекеттік билігі заң шығару және ажарушы билік жүргізу салаларында шектеледі. Монарх үкімет басшысы және министрлерді тағайындайды, бірақ олар парламенттің алдында жауап береді. Монархтың шығарған жарлықтары парламент бекіткеннен кейін ғана іске асады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе үкімет қызметін доғарады, немесе монарх арқылы парламентті таратып, қайтадан сайланады. Негізінде біріншісі үстемдік жасайды. Мысалы, Испанияда үкімет өзінің атқарған қызметі туралы Кортес алдында жауапты. Казақ хандығында парламентік манархия қалыптасқанын атап кеткен жөн.
Сол заманның «Билер кеңесі» өзінін, мемлекеттік мәртебесі бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, көшпелі қазақ коғамының тұрмыс-тіршілігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы ханнын ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім кабылдауы «Билер кенесінін» құптауын талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның кольшда шоғырланған. «Билер кеңесі» шығарған зандар мен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен кабылдағанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша «Билер кеңесінің» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселелер бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл әрекеттер жасауға құкылы».
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сый-лауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функция-ларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік —өкілдік монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу кызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды кұрайтын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп заң шығару ұсынысын қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген эскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында калған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорқады, ал король феодалдардың. Бірақ, тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құкық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Европа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх - мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп 18 жыл Англияны басқарғаннан кейіи оппозицияға кетті. Парламент королдің мұқтажына керек ақшаны береді, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер мо-нархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, тұрақ-тылығы, сәні, ертеден келс жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары, тірі халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партияларда бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтіп әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мем-лекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер[7.215б.].
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осында мемлекеттік басқару формасы -республика деп аталады.
Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республикаиың ең бірінші түрі - Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы - халық жиналысы, ол барлық кызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын. Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика — қала (Псков, Новгород, Бремен, Любск, Венеция, Фло-ренция).
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргесін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік- президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президенттік сайлауы өтеді. Президент- мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, Сенаттың келісімімеп министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады. Президент-республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мсмлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнешс министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайындайды. Мемлексттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмір бойлы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдарды әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда жазылған, ол үшеуінің ара-қатысын реттеп отыратын президенттің билігі.
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы бойынша Франция, Турция).
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер-министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінетін. Президенттік мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз президент.
Сонымен, өкімет парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз. Парламенттік республикаларға Италия жатады.
Сонымен Республикада жоғарғы мемлекеттік биліктің қалыптасуы сайлау арқылы бір мерзімге дейін құрылады. Монархиямен салыстырғанда республика жоғарғы сатыда прогрессивтік басқарудың формасы болып табылады. Республиканың мынандай сипаттары бар:
1. Мемлекет басшысы сайлау арқылы өкілеттілікке ие болды.
2. Мемлекет басшысы өзінін, функцияларын арнайы белгіленген мерзімде атқарады.
3. Мемлекет басшысымен қатар жоғарғы өкілеттілік орган өзінің функцияларын атқарады.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады:
2) президенттік. бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады:
3) аралас. бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.
Президенттік республикада АҚШ, Қазақстан, Ресей президент мемлекет басшысы, үкімет президенттің алдында жауап береді, ол мемлекеттін жоғарғы лауазымдарын тағайындайды және олар президенттің өкілі болып саналады (мысалы, Казақстанда әкімдер). Мемлекет басшысы қарулы күштердің бас қолбасшысы, парламент шығарған заңдарды бекітеді. Теориялык мағанада президент парламентті тарқатуға құқы жоқ. Бірак, практикада көптеген елдерде бар (Қазақстан).
Парламенттік республикада заң шығарушы орган — парламент ең жоғары орган болып табылады. Парламент президентті және үкіметті сайлау құқына ие. Олар билікті іске асыруда парламенттін алдында жауапты. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, қызметін доғарулары тиіс. Мұндай жағдайда президент парламентті таратуға құқы бар. Парламентгік басқару жұйесі Италияда, Германияда, Индияда, Турцияда, Финляндияда калыптасқан.
Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде қалыптасқан саяси-құқықтык ой-пікір негізінде парламенттік республиканы жақтағаны ашық байқалады. Мысалы, XX ғасырдың басында ірі қайраткер және реформатор Барлыбек Сыртанов 1911 жылы «Қазақ елінің уставы» деген еңбегінде (қазақ халкының тұңғыш конституциясынын жобасы) парламенттік республика құру идеясын жақтайды'.
Аралас басқару формасында президенттік және парламентгік басқару жүйесінін мемлекетке кажетті деген талаптар мен институттар енгізіледі. Мысалы, Франция .
Кеңестер республикасы 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан кейін пайда болған мемлекеттік форма. Мәні жағынан саяси билікті алған большевиктердін диктатурасын бекітті. Кенестер республикасында билікті болу мулдем жойылады, бір партияның билігі, идеологиясы үстемдік етеді. Кеңестер-өкілетгі орган ретінде формальды түрде сайлау аркылы болғанымен коммунистік партияға тәуелді. Мемлекетте тоталитарлык режим үстемдік етеді, демократиялық институттар тұншықтырылады. Кеңестер республикасында парламентін функциялары коммунистік партиясының диктатурасымен жоққа шығарылады. [8.125б.].
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
Мемлекеттік нысанның соңғы элементі -саяси режим. Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Біріншші -саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режмді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану [9.62б.].
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады; деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, эскери-полицейлік, форналды-демократиялық, либералды-демократиялық, паттерна-листік, бопапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы режимдер.
Демократияға қарсы режимдер. Халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим осы түрлерге жатады. Фашистік режим (Болгария, Германия, Жапопия, Италия). Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады, әскср басқа құқық қорғау органдары күшсйеді, мемлексттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери режим (Чили, Португалия) мемлекеттік төңкеріс өткенінен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алады. Реалистік режим осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы колданады. Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті режимі құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген кылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл араб халифатының, Европа феодалдык мемлекеттерінің саяси режимдері. Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито, Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик XIV, Наполеон).
Информация о работе Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері