Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 11:21, курсовая работа

Краткое описание

Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
2.2.1 Унитарлық түсінігі
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі
2.2.3 Федерациялық түсінігі
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ.doc

— 590.00 Кб (Скачать файл)

Демократиялық режим. Бұл халықтың кұкықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет баскару процесінде қолданған режим. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекетгер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР). Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан президенттік тұтас республика, демократиялық режимі қалыптасып жатқан дәрежеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік режим. Англия - тұтас парламенттік монархия, либералдық-демократиялық режим. АҚШ - федеративтік президенттік республика, демократиялық режим. Араб халифаты -теократиялық кұрама монархия, діни саяси режим [10.69б.].

Саяси режим бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына карай екі түрлі режимді бөліп атауға болады - демократиялык және антидемократиялык режимдер.

Демократиялық режимнің белгілері: [11.212б.].

1)халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азамат-ғарлын референдумға катысуы) және өкілдік (халыктың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады:

2)шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3)мемлекеттік биліктің орталык және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі жариялылық;

4)  сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

6)  адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;

7) плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б. Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси партиянын үстемдігі;

2)  бір ресми идеологияның болуы;

3) бір меншік түрінің болуы.

4)  саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;

5)  коғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;

6) халықтың төмен әкономикалык деңгейі.

7)  мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;

8) сырткы саясаттағы агрессиялык сипаттағы әрекеттер және т.б.

Сонымен саяси режим — мемлекетке билік жүргізудін арнайы тәсілдерІ.

Демократиялық режим — барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.

Демократиялық емес режим

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.

І.Тоталитарлық — (латын сөзінен — ШаШ барлық, толық) коғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозициянын болуына тыйым салған режим. Мемлекег жеке адамның барлық істерің бақылауға алады. Тоталитарлық режимде: 1. Тек бір партия билік жүргізеді. 2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі. 3. Бір идеология ғана жарияланады. 4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады. 5. Репрессия, күш колдану мемлекеттін ен негізгі функциясы болып табылады. Бүл режимнің қалыптасуы халықтын белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді «бұқаралық қозғалыстын диктатурасы» деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектін пікірі бойынша «Тоталитаризмнін ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, онын дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда» [12.215б].

2.Авторитарлық (француз сөзі аи!огііаіге - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы — авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лвдердін, немесе арнайы топтардын, отбасының қолында болады.

3.Аристократиялық — қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен кұрылған топтардын мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.

4.Фашистік — (бірлестік, байлау) — бір ұлттьң билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық, түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда калыптаскан.

5.Либералдық — Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекетгің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ

 

2.1Мемлекеттің құрылым түрлері

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін  тигізеді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан акылдарын тьңдауы міндетті болған. Бұл туралы Маму заңдарында айтылған. Ресейдің федералдық мемлекетінде халық жалақысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданылғаны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).

Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайларында әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары - федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия - федерация. Бұл жағдайда анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек.     XIX ғасырда Пруссия мен Австралияның Геремания үшін күресі. Пруссия жеңісімен аяқталады.              Бірақ федерализм кезеңінен Гермамания капитализмге көшкенімен буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан, қазірде немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия - олар федерацияға жатады.

Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі атасы қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы біртұтас  болып  жарияланды.

Республиканың мемлекеттік кұрылысына саяси күшті адамдардың кызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр I, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Марксизм - Ленинизм саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса үлгі болды. Тек қана Евразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім[13.15б.].

 

2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері

 

Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен қатынасы, және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік кұрылым -ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

Тұтас мемлекеттер. Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды, деген Конституцияның      кіріспесінде (унус деген сөз - бір, жалғыз деп лат тілінен аударылады). Сонымен, тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. 06лыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік - аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган - әкім.

Федерация. («федус» деген сөз — одақ деп лат тілінен аударылады). Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет - күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық  ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы, СССР (Украина мен Белорусия БҰ¥ мүшесі), Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формалды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.

Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама және жергілікті кұрама. Біріншісіне бұрынғы СССР, Югославия, Ресей, Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады, Олардың мемлекеттік құрылысы тарихи дамуымен байланысты.

Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация - белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация кабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатып, бұл бұрынғы Англияның ІЗ отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны құмнан істелген арқан деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа кызмет бабы әр штаттың колында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцария - 1815-1845 жылдары, Египет пеп Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жаиылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып кала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.

 

2.2.1 Унитарлық түсінігі

 

Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [14.59б.]

Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтан-дырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемлекеттің орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.

Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғызстан Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: конституция бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық органдарына бағындырылған) бөлінеді.

Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Италия, Дания, Финляндия) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы елінің кейбір аумақтарында автономиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керегінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай автономиялы құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: қауымдық палата (52 мүшесі бар, олар 5 жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден), кабинеттен (премьерминистр бастаған 8 министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы билікті губернатор атқарады.

Информация о работе Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері