Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 11:21, курсовая работа

Краткое описание

Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
2.2.1 Унитарлық түсінігі
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі
2.2.3 Федерациялық түсінігі
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ.doc

— 590.00 Кб (Скачать файл)


ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

 

І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері.........................................................6

1.2 Мемлекеттің басқару нысаны.............................................................................10

1.2.1 Монархиялық басқару нысаны............................................................................12

1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика.................................15

1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері........................................................18

 

ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ

 

2.1 Мемлекетің құрылым нысаны............................................................................22

2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері......................................22

     2.2.1 Унитарлық түсінігі......................................................................................24

     2.2.2 Конфедерациялық түсінігі..........................................................................25

     2.2.3 Федерациялық түсінігі................................................................................27

 

 

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ.....................30

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Осы тақырыпты  таңдағаным  мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.

Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады. Ол қоғамдық ғылым болған соң, оны қоғамдық құбылыстар мемлекет пен құқық құрайды. Мемлекет бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар.

Әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер  туралы айтатын болсақ олар республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттірінде көбінесе монархиялық басқару болғаны мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттірінің филосовтары, Аристотель, Монтескеье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір – бірімен тығыз байланыста дамиды.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп,  ел болғалы 20 жылдық  уақыт  өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты,  Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі  тең мүше болуымен  көрінеді

Мемлекет және құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер теориясы.

Мемлекеттің белгілері болып табылады:

1.Бұқаралық биліктің болуы

2.Егемендік

3.Аумақтық бөлініс

4.Құқықтың болуы

5.Салықтар жүйесі

Мемлекет нысандары – саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты, мемлекеттің басты заңдылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмірдің өзі, мемлекеттік  институттардың беріктігі тәуелді.

Құқық нысанына – оның құрылымы, әлеуметтік-экономикалық факторлар, сонымен бірге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және діни ерекшеліктер, қоғамның мәдени деңгейінің дамуы әсер етеді.

  Мемлекет нысандарының құрамдары (бөліктері):

-Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік органдардың құрылуы мен ұйымдарының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипаттады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

-Мемлекеттік құрылым нысаны – мемлекеттің аумақтық құрылысын, мемлекетпен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы қарым-қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, федеративтік, конфедеративтік мемлекеттер жатады.

-Саяси (мемлекеттік) режим – мемлекеттік билікті іске асырудың жолдарымем әдістерінің жүйесін көрсетеді және қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.

Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін корғайтын мемлекет ұйымдастырды. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің нысанының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Нысан мәнді, мән нысанды. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған нысаннан өзінің көрінісін табады. Мысалы, кұл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінін диктатурасы болса, оның нысаны — шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет нысанының үлкен маңызы бар.

Әлемдегі дамыған демократиялық мемлекеттер  туралы айтатын болсақ олар республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттірінде көбінесе монархиялық басқару болғаны мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттірінің филосовтары, Аристотель, Монтескеье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір – бірімен тығыз байланыста дамиды.

Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп,  ел болғалы 20 - жыл  уақыт өтсе де, үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты,  Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі  тең мүше болуымен  көрінеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің құрылым нысанын жан-жақты ашып көрсетіу.

Курстық жұмыстың міндеті:

- мемлекет нысаны, түсінігі және белгілерін зерттеу;

- мемлекеттің құрылымы нысанына тоқталу;

- мемлекеттің саяси режимі мен белгілерін қарастыру;

- мемлекеттердің  унитарлық, конфедерациялық, федерациялық түсінігін анықтау;

-Қазақстан Республиасын унитарлық мемлекет ретінде қарастыру.

Зерттеу нысаны. Мемлекеттің құрылымы нысаны

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үщ бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. ҚР Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.

Жалпы осы жұмысымда әсіресе Қазақстан Республикасындағы басқару нысанына және құрылымын  жан-жақты ашып көрсетіп ,толығырақ тоқталатын боламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

 

1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері

 

Мемлекеттің нысанына - халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Европа континентіне, Жапоня және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және тоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.

Сонымен бірге мемлекеттің дамуына діни факторлар да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.

Мемлекет нысаны   -  бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан  құралған құрылымдық ұйымдастырылуы. Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарыны өкілеттіктерінІң өзара қатынасы, олардың құрамы мен кұрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Мемлекеттің нысаны негізінде үш сыңардан тұрады;

1.Мемлекеттік басқару нысаны.

2.Мемлекеттік құрылымы.

3.Саяси режим [1.15б.].

Ал негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі, бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекетгің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың карым-қатынастары қандай приициппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады

Мемлекеттік басқару нысаны деп қоғамда жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдасуын және оған халықтың тікелей қатысуын айтады. Мемлекеттің басқару нысаны монорхия және республика болып екіге белінеді.

Мемлекет нысандарының құрамдары:

-   Басқару нысаны – жоғарғы мемлкеттік органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртібі. Олардың бір-бірімен және тұрғындармен қарым-қатынастары сипатталады. Сонымен бірге, мемлекет нысанының ерекшелігіне байланысты монархиялық және республикалық болып бөлінеді.

-   Мелекеттік құрылым нысанында – мемлекеттің аумақтық құрылысын, мемлекет пен оның аумақтық бөліктерінің арасындағы  қарым-қатынастары көрсетіледі. Мемлекеттік құрылым нысанының түрлеріне унитарлық, (Біртұтастық),  федеративтік және конфедеративтік (достастық) мемлекеттер жатады [2.63б.].

-   Саяси (мемлекеттік) режим – мемлекеттік билікті іске асырудың жолдары мен әдістерінің жүйесін көрсетеді. Осы ерекшеліктеріне байланысты демократиялық, және саяси (мемлекеттік) режимдерге бөлінеді.

-   Мемлекеттік басқарудың нысандары – мемлекеттік нысанының құрамы, ол жоғары мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәптіпті және олардың тұрғындарымен қарым-қатынас сипаттайды.

Жоғары мемлекеттік билікке мемлекет басшысы жатады (монарх не президент), заң шығару органы, үкімет.

Мемлекеттік құрылым нысандары – мемлекет нысанының құрамы, мемлекеттің ішкі құрылысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастыраның, оның құрайтын органдарының бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі нысанында мазмұны диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты [3.95б.].

Демократиялық мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттері көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Мнтеске, Локк, Вашингтон, Де-Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген, Мемлекеттің тарихи дамуы процесінде оның нысанына бірнеше жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизация-лардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайды – Хуанхэ, Египетте, Ніл, Вавилонда – Тигр және Евфрат, Үндістанда Ганг. Шығыс мемлекеттерде – монархия, Еуропада – шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңіздің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы екі- Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен  көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұсқан келтіріп отыр.

Информация о работе Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері