Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 11:21, курсовая работа

Краткое описание

Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
2.2.1 Унитарлық түсінігі
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі
2.2.3 Федерациялық түсінігі
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ.doc

— 590.00 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізді, Ежелгі –Феодалдық немесе Шығыс мемлекеттерде рулы қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейін қамтылып келеді. (Ману заңдарында, солистік жинағында – салическая правда Орыс мемлекетінің жинағында – Русская правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылыс туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мәндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында Айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерді көпке дейін сақталып келеді. Саяси жағдай топтардың арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельд, Гитлер. Пиончет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатына мәлім (Греция, Рим, Швецария, Белгия).

Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізді. Ресей, Үндістан Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады. Сондықтан оларды мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал, Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу ерек. 19 ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германия капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ.

Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерден тұрады. Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы – түріктер, бергі атасы – қыпшақтар өмір сүрген 15 ғасырда қазақ хандығы құрылып, өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы 20 ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан Республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланады.

Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұранғы метрополия мемлекеттердің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген кнституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді [4.62б.].

Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді:  Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болады. Тек қана Еуразия емес, Куба, Въетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жсағаны мәлім.

Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізді. Мұсылман, католик христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.

Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде, мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшелік-терімен байланысты  екені мәлім.

Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп нұсқалары бар. Мемлекеттің дамыған  кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі – Ресей федерациясының негізгі  принциптерін сақтау үшін  Шешен республикасымен соғыс әдісін  қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мыктылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін  істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы соғыс кезінде федерацияны  сақтау мақсаты  мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған  кезде  мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік  кезде экономикалық  дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде  басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты,  халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы  маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика болып екі түрге бөлінеді.

Мемлекет формасының  екінші элементіне мемлекеттік құрылымының  нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік – жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір – бірімен  қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстар. Мемлекеттің құрылым – ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Жоғарыда айтып кеткендей  мемлекеттер бұл элемент бойынша  унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.

 

 

 

 

1.2 Мемлекеттің басқару нысаны

 

Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды  элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.

Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия –монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия –Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.

Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды.  Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды. Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.

Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пер премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз президент.

Федерация. Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет- күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс.

 

 

Мемлекеттің басқару нысаны

 

 

 

 

           Монархия                                               Республика

 

 

Көне шығыс мемлекеттері:                           Көне Афин мемлекеті

Вавилон, Египет, Үндістан

 

Көне Рим мемлекеті                                       Рим аристократиялық

                                                                               Республикасы

 

       Алғашқы феодалдық                                Спарта аристократиялық

мемлекеттер                                                   республикасы

 

 

Шектеулі монархия                             Орта ғасырда Қала республикалар

 

 

 

Шексіз монархия                                    Парламенттік республика

                                                                   (Австрия, Италия)

 

 

Конституциялық монархия                 Президенттік республика (АҚШ)

 

 

Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация- белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек[5.215б.].

  1.2.1 Монархиялық басқару нысаны.

Монархия жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бүкіл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі. Сондықтан оның билігі - мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм Оранский. Англияда даңқты революция арқылы монархия түпкілі патшаның орнағаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасында кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.

Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атымен шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Королдердің сарайлары, киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Королді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер королден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі - Елизавета II мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан "Король Англияға керек пе?" деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын деп жауап берді

Сонымен Монархияда мемлекеттік билік тек ғана бір адамның қолында болады, билік тұқым жалғастыру арқылы беріледі. Монархия екі түрге бөлінеді: Абсолюттік (шексіз), және конституциялық (шектелген).

Абсолютгік монархияда мемлекеттің басшысы монарх болып саналады, оның қолында заң шығару, атқарушы және сот биліктері шоғырланады. Мемлекет аумағында онын билігі шексіз, ешқандай мемлекеттік тетіктермен шектелмеді, барлық министрлерді, сот, прокуратура органдарының басшыларын өзінің еркімен тағайындайды және босатуға құқылы. Монарх өзінін әрекеттері үшін ешқандай органдардың алдында жауап бермейді. Абсолюттік монархия құл иеленуші мемлекеттерде қалыптасып, феодалдық мемлекеттерде де кеңінен пайдаланылады, казіргі заманда да бар. Мысалы, (Бахрейн, Бруней, Вати-кан, Катар, Біріккен Араб Эмираты, Сауд Аравиясы, Оман). Тарихта Ресей І917 жылға дейін абсолюттік монархия болған.

Информация о работе Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері