Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 11:21, курсовая работа

Краткое описание

Осы тақырыпты таңдағаным мемлекеттің түгелдей дерлік басқару нысанын, құрылымын біліп, зертеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келді.
Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері
ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
2.2.1 Унитарлық түсінігі
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі
2.2.3 Федерациялық түсінігі
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ.doc

— 590.00 Кб (Скачать файл)

 

2.2.2 Конфедерациялық түсінігі

 

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы т.б.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпы одақтық азаматтық, ортақ заң шығарушы билік болмайды. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір Европа елдері конфедерацияға ұқсас құрылымды Европалық одақ құрмақ ойлары бар.

Конференция түсінігін белгілеуде бұл өте көлемде және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағына және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттедің уақытша одағы. Конфедерация мүшелі өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппаратты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация  қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы  органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бірнеше түрлері кездеседі: Америкада 1781 жылы конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон  бұл федерацияның «құмнан істелінген арқан» деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шетістер басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды. 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерация орталық биліктің шешімдері тек Конфедерация субъектінің мемлекеттің органдарына жайылады да, жеке адамдарға және жеке ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның  субъектілері халықаралық қарым - қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақсыз емес.

Мемлекет кейпі - біртұтас қоғамдық - экономикалық формацияның  мемлекеттеріне тән, маңызды белгілерінің жиынтығы.

Бір жағынан, әртүрлі кейіптегі мемлекеттер көптеген  нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монорхиямен (ертедегі шығыс деспотиясы – Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса республика кейпіне – республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді. Феодалдық кейіпке – монорхиялық (ерте-феодалдық, феодалдық бөліну кезіндегі монорхия, абсолюттік монархия), буржуазиялық кейіпке – демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (жіктелген) монархиялық социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес Республикасы және халықтық демократиялық республикалары .

Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болады. Мысалы, сословиелік- өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Сонымен, көрсетілген кейіптегі мемлекеттер кез келген нысандарға ауыса алмайды. Себебі, олардың мазмұнына ашық қайшы келеді және экономикалық негізіне сай емес. Мысалы, құл иеленуші мемлекетті шектелген  монархия нысанында, не демократиялық республиканы жалпы ұлттық өкілеттігі бар мемлекеттермен бірдей ойлауға болмайды.

Нақты мемлекеттің нысаны оның тарихи кейіпімен алдын-ала белгіленеді. Бірақ ол басқа да факторларға: олардың қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне; (ұлттық және мәдени дәстүрлер: халықаралық жағдайларға т.с.с.байланысты).

Сондықтан, мазмұн  мен нысан ретіндегі  ара қатынасында белгілеуші ролді, тек мазмұны (мемлекеттің түрі) көрсетеді.

Конфедерацияда бірыңғай бюджет және салықтың бірыңғай жүйесі жоқ, бірақ кейде конфедерация мүшелері өздерінің аумақтарында бірыңғай валютаны енгізу туралы келісе алады. Конфедерацияның айрықша азаматтығы жоқ, ал сонда тұрақты тұратын тұлғалар өз мемлекетінің азаматы болып қала береді.

Конфедерацияны құрған кездегі алға қойған мақсаттары орындалған соң, оған кірген мемлекеттер — конфедерацияны тарата ма, әлде оны федерацияға қайта құра ма — оның бұдан кейінгі тағдырының мәселесін шешеді. Мысалы, АҚШ-та алғашында конфеде­рация болған (1781 жылдан бастап), сосын федерацияға айналды (1787 жылдан бастап). Швейцария да осындай жолдан өтті: 1815-1848 жж. ол Швейцар одағы атауымен конфедерация болды, содан кейін Швейцар конфедерация аталуымен федерация болды. Ыдыраған конфедерациялардың қатарында 1815 жылдан 1867 жылға дейін өз қызметін атқарған Герман одағын, 1867 жылдан 1918 жылға дейін қызмет атқарған Австро-Венгрияны атауға болады[15.25б.]...

 

 

2.2.3 Федерациялық түсінігі

 

Федеративтік (feodarera — одақпен нығайту деген латын сөзінен шыққан) мемлекеттер — бұл құрамына екі, үш және одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестік дәрежесі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін одақтас мемлекеттер. Мемлекеттердің немесе мемлекеттік құрылымдардың федерацияға бірігуі (кіруі, қосылуы) олардың шексіз құқығының кейбіреуінен айырылуына әкеліп соғады, ол құқықтар федерацияға көшеді.

Д.А.Булгакова өз еңбегінде федерация федус деген сөз- одақ деп латын сөзінен аударылады [5,112б].

Автор құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады деп мәлімдейді. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органда екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшенің жеке органдары. Федерацияның субъектілері ішкі істерін  ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органда қолында барлық ішк і- сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың  алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы; СССР (Украина мен Беларусия ООн мүшесі), Югославия, АҚШ, Канада. Олардың көбіне  тәуелсіздігі формальды түрінде қалғаны мәлім. Халықаралық құқық федерацияның өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.

Федерацияның екі түрі бар: Ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КСРО, Югославия, Ресей, Үндістан жатады, ал екіншісіне  АҚШ, Австрия, ФРГ, Швецария жатады. Олардың мемлекеттік құрылысы тарихи дамумен байланысты.

Сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың ұлттық-мемлекеттік және аумақтық-мемлекеттік федерацияның белгілерін қатар алып жүрген аралық нысаны туралы да айта кеткен жөн болады. Мұндай нысанның айқын мысалы қазіргі Ресей федерациясы болып табылады. 1993 жылға Конституция Ресей федерациясының тең құқылы субъектісі қатарында тек республикаларды, автономиялы облыстар мен автономиялы округтарды ғана емес, сондай-ақ өлкелерді, облыстарды және федералдық маңызы бар қалаларды да атайды. Аталған субъектілердің алғашқысы — бұл ұлттық мемлекеттер мен ұлттық-мемлекеттік құрылымдар, екіншісі енді аумақтық, мемлекеттік құрылымдар деңгейіне (Ресейдің бұрынғы конституциялары бойынша олар федерацияның субъектісі болып танылмаса да) жеткізілді.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады.   Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы    айырмашылықтар жалпы мемлекеттік институциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады.  Мысалы, Ресей,  Австралия,  Австрия,  АҚШ, Бельгия, Германия, Бразилия, Канада, Мексика т.б.

Федерацияның өзіне тән ерекшелігі, онда тек кана жоғары жалпы федералдық (мемлекет басшысы, парламент, үкімет жоғарғы сот, министрліктер, ведомстволар) ғана жұмыс істеп қоймайды, сондай-ақ  одактық азаматтылық белгіленеді. Олар болмаса федерация да болмағандықтын басқа да институттар жұмыс істейді.

Мемлекет — тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.

Мемлекет — саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші.

Мемлекетті рулық құрлыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға көмектесетін, - оның мынандай белгілері:

1. Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті түрде басқару және мәжбүрлеу аппараты болады, себебі көпшілік билік — шеңеуліктер, әскер, полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).

2,  Алым-салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей, тек басқару жұмысымен шұғылданатын адамдарды асырауға қажет).

3. Тұрғындарды аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағанда тұратын тұрғындарды, өзінің билігімен біріктіріп, қорғайды).

4: Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік).

5. Құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол мемлекеттік билікті заң жүзінде бекітеді және соған байланысты оны басқаларға мойындатады (легитимді жасап) заңды қалпын және мемлекеттің қызметінің нысанын белгілейді.

Мемлекеттің басқару формалары — біртұтас қоғамдық-экономикалық мемлекеттеріне тән, маңызды белгілердің жиынтығы.

Бір жағынан, әртүрлі формадағы мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әртүрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену кейпі, монархиямен ертедегі шығыс деспотиясы - Египет, Вавилон, Ассирия, Қытай, Индия, ертедегі империя) сипатталса, республика кейпіне - республикалар (аристократиялық, демократиялық, мысалы Афин мемлекеті) сай келеді." Феодалдық кейіпке - монархиялар (ерте феодальдық, феодальдық бөліну кезіндегі монархия, абсолюттікі монархия), буржуазиялық кейіпке - демократиялық республикалар (парламенттік, президенттік, аралас) және конституциялық (шектелген) монархиялар, социалистік кейіпке - Париж Коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.

Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болды. Мысалы, сословиялық  - өкілетті монархия, тек феодальдық мемлекеттің белгілі дамуы кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бүрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент корольдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады, Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді[16.115б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ

 

Қазақстан Республикасы – егеменді унитарлы мемлекет 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды.

«Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және ол қол сұғуға болмайды» делінген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз- бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік және жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік – аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады,  оларды президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органда маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік- аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган-әкім.

Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.

Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.

Информация о работе Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері