Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

Қарнақты алғаш рет XI ғасырда Қашқарлық Махмұт оғыз қалаларының ішінде атап кеткен. XVII ғасырдың аяғында ол туралы Федор Скибин мен Матвей Трошин Қазақстан мен Орта Азияға барған сапары жайындағы жазуларында мәлімдеген: «Ал қорғасынды кеннен Қарнақ қаласында балқытады екен[19, 26-б].

Көне қаланың жобадағы түрі трапеция тәріздес, өлшемдері 150x100 м, баурайы тіптік және биіктігі 1,5 - 2,5 м. төбе. Сақталып қалғаны тек қаланың орталық бөлігі. оның қалған территориясында жаңа құрылыс орын альш отыр.

Қарашық   қаласын да алғашқы рет Қашқарлық Махмұт  атаған,  ол:   «Қарашық - Фарабтың  атауы,    ал    ол өгіз    қаласының атауы», - деп жазған.    Гетумның    жол бағдарламасында қала Харчук деп аталған және Сауран мен Ясы  аралығында орналасқан. Орыс жазба материалдарында    ол   Сібірден Орта Азияға  жүретін керуен   жолында    Түркістанға    5 шақырым   қалған   жерде   белгіленген.    Орта    ғасырлар аяғындағы  Қарашық   Түркістан    қаласынан    солтүстік-шығысқа  қарай 8 шақырым жерде,  Қарашық    өзенінің бойында орналасқан Төрткөл II атты ескі қала қалдығымен тепе-теңдестірілген. Көне қала ені 20 метрлік    суы тартылған өзен бойымен бөлінген 2 бөлшектен    құралады. Батыс бөлігі - тік бұрышты,    биіктігі    4-_5    метр, жан-жағынан айнала биіктігі 5,5 метр мүжілген қабырғамен қоршалған жазық төбе. Көне қаланың солтүстік қабырғасы 120 м, солтүстік-батысы - 60 м, батысы - 130 м, шығысы - 120 м. Қаланың бұл бөлігіне кіретін негізгі қақпа солтүстік-батыс жағында орналасқан. Қақ-падан батыс және оңтүстік қабырғаларына бұрышталып екі көше келеді. Олардың бойында топталған тамдардан қазір пішіні мен биіктігі әрқилы төмпешіктер сақталған. Қаладан оңтүстік-батысқа қарай 10 м жерде биіктігі 2 м, қабырғалары 60 м үшбұрышқа ұқсас төбе орналасқан. Ол саз балшықтың қоқысы мен жарамсыз ыдыс-аяқтың бөлшектерімен табылған. Қаланың шығыс бөлігі өзенмен жуылып кеткен, сақталғаны ұзындығы аталатынға сәйкес 130, 125, 200 метрлік батыс, оңтүстік және шығыс қабырғалары. Периметр бойымен қала дуалымен бекітілген. Дуалдың әсіресе шығыс кенересі қалың болған. Оған әрбір 10 м сайын мұнаралар орнатылған.

Көне қаладан жиналынып алынған керамика III – XVII ғасырлармен даталанады.

Ұйыңқы қалашығы да, Иқан сияқты, Хафиз Таныштың Абдолла-хан жорығын суреттеуінде аталған. Ұйыңқы Жөйнек атты бұзылған ескі қаламен тепе-теңдестірілген. Ол көне қаланың бір бөлігін жуып кеткен және қалыңдығы 12 м жердің мәдени кен қабат-қатпарларын жалаңаштап тастаған Ерменсай өзенінің сол жағасында орналасқан. Қаланың қалған болігі жобасында биіктігі 10 м. сопақ төбе болып көрінеді[24, 56-б].

Сури қонысы туралы да Хафиз Таныш шығармаларынан белгілі. Ол Абдолла-хан әскерлері «Түркістанның қарамағындағы жер — Суриға келіп лагерь болып орна-ласты»,— деп мәлімдейді.

Отырар алқабы   немесе   ертеректе аталғанындай Фараб округі Оңтүстік Қазақстанда тоқсан жолдың тоғысқан торабында тұрды. Отырар орта ғасыр авторларының барлық дерлік географиялық және тарихи    шығармаларында ескерілуі тектен-тек емес. Ол Жетісу қалалары санатына  да,  Испиджаб шеңберіндегі қалалар    тізіміне де кіргізіледі. Осыған орай бірнеше Отырар болған    ба деген күдік те тууы мүмкін. Дегенмен Отырар біреу ғана еді, ал оның осыншама  «мәшһүрлігін» қаланың географиялық көрінісі әр-алуан алқаптардың тоғысқан жерінде және сантарау керуен жолдарының түйінді    қиылысында тұрғандығына байланысты түсіндіруге болады. Арыс пен   Сырдария   құйылысындағы   Отырар - үлкен егіншілік ауданы. қаратау жоталарының шалғайын    басып жатқан Отырар - көшпенділердің сенімді тірек қамалдарының бірі. Отырардан    Арысты    өрлей    шыққан жолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыс Түркістанға жетеді; Сырдарияны өрлей жоғары кететін ежелгі жол торабы Шал, Соғды арқылы  жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді; төмен кететін жол Арал аймағына,    одан Оралға шығады; батысқа Қызыл-құм   арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі   Қара теңіз бен    Кавказға апарады.  «Орта    Азияда,- деп    ескертті белгілі совет археологі А. Н. Бернштам, - бұдән ең   қолайлы және ең қауіпті орынды табу қиын» [17, 121-б].

Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың   жылдық  басқыншылар  соғысы 

Шығыс пен Батыс, Азия мен Европа тоғысқан Қазақстан қалаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп, бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай, ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасасу нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай-жарқыраған таңғаларлық мәдениет жасай  алды.

 

 

2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары 

        Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны - Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани»), «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби. Оның толық аты-жөні - Әбу Нәсір Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби, яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Нәсир Мұхаммад, әкесінің есімі де  Мұхаммад, бабасының есімі Тархан, арғы атасы - Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.

Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде - оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен «Әл-Фараби»,  яғни «Фарабтық» деген атқа ие болған.

Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуереннаһрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен басталатын болған» [1].

Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Нәсірді ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Нәсір Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де Әбу Насірдің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады. Әбу Нәсірдің Бағдадқа баруының өзіндік себептері бартын.

Шығыстанушы ғалым В. В. Бартольд (1869-1930): «IX-X ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Евфрат алқабындағы ескі мәдени орталықтар болған Басра мен Харранға шоғырланды. Антиохиядан грек ғылымы да осында қоныс аударды. Бағдад - бүкіл мұсылман әлемін, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты» [2]- деп жазған. Ал, «әл-Фараби өмір сүрген кезде ұзаққа созылған соғыстан кейін Орта Азия арабтардың қол астына бағынып, халифат құрамына енген болатын. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдад болған. Басып алынған жерлердің қазынасы да осында әкелінген. Тигр мен Евфрат алқабындағы Бағдад, әсіресе, Басра мен Харран жаңадан пайда болған араб тілді мәдениеттің, жаратылыстану және қоғамдық-фәлсафалық  ғылымның орталығы  болып  алғандықтан, ғылыммен әуестенгендер халифаттың түкпір-түкпірінен осында ағылып жатқан. Білімін молықтыру үшін әл-Фараби де Бағдадқа аттанған» [3].

Әбу Нәсір Бағдадқа келген кезде мұнда зерделі зерттеулерімен атағы шыққан Иуханна бин Хайлан, Әбу Башр Матта, Әбу Бәкір бин Сираж сияқты белгілі ғалымдар ғұмыр кешіп жатқанды. Әл-Фараби медицина ғылымы мен логиканы осы Иуханна бин Хайланнан, жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін Әбу Башр Маттадан үйренеді. Ал, Әбу Бәкір бин Сиражға өзі логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген. Оны Ибн Хәлликан да растайды. Әйгілі тарихшының деректеріне сүйенсек, Әл-Фараби «Бағдадқа келген кезде мұнда мәшһүр фәлсафашы Әбу Бишр бин Иунис тұратын. Ол қарт еді, жамағатқа логикадан дәріс оқитын, өзі де осы пән бойынша көптеген еңбектердің авторы болатын. Ол Аристотель ілімінің (оны түсіндіру жөнінен), әсіресе логика саласының маманы еді» [4]. Ибн Халликан Әл-Фарабидің Бағдадта көп бөгелмегендігін ескертеді. Расында да Әбу Нәсір көп ұзамай Ирактың оңтүстігіндегі Харран шаһарына аттанып, сонда бірер жыл дәріс алады да, білімін молықтырып, Бағдадқа қайтып оралады. Бар ынта-жігерін фәлсафаны зерттеуге арнайды.

Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа да ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы.: «Ол - аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980—1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады» [5] - деген.

Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдадтан Шамға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді. Әбу Нәсірдің Мысырға келуі онда 935 - 946 жылдар арасында патшалық құрған Мұхаммад ибн Тұғұж әл-Ихшидтің кезімен тұспа-тұс болады. Мұхаммад ибн Тұғұж әл-Ихшид әл-Фараби сияқты түркілердің әскери отбасынан шыққан екен. 935 жылы ол Мысыр басқағы (әміршісі) боп тағайындалған. Халиф ар-Радидан (934 - 940 ж. патшалық құрған) ихшид атағын алады. Араб шежірелерінде бұл атақтың мәні айқындалмаған, бірақ Мұхаммад ибн Тұғұждың ата-бабасы мекендеген Орта Азияда ол құрметті лауазым болған. Мысырда патшалық құрған кезде ол Әл-Фарабиді жерлесі ретінде қонаққа шақырса керек, бірақ бабамыздың Мысырда қанша уақыт болғаны жайлы араб деректері ештеңе айтпайды[6].

Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.

Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен  шұғылданған.

Біз Әл-Фарабидің алғашында фәлсафашы ретінде танылғанын айттық. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

Сондай-ақ өзі де «Қемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдарың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т. б. көптеген трактаттар жазып қалдырған.

Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мемлекет және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз заманы үшін соны ой-пікірлер айтады. Орта-ғасырлардың өзінде-ақ Әбу Нәсір қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен байла-ныстырған. Әбу Нәсір әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын  қайта  қалаған,  әр ғылым саласын жеке пән ретінде  игеру    жағын  көтере отырып, олардың мәнін айқындап,   мазмұнын   ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген. математика саласында үлкен  жаңалықтар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер калдырған, физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған.

Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик Б. Ғафуров (1908-1977) әл-Фарабидің ғылымға деген құштарлығы таңқаларлықтай алуан салалы болғанына тоқталады. «Біз, - дейді ол, - ұлы ғұлама жазған еңбектер ішінен математикаға, медицинаға, әуез теориясына, алхимия мен магияға арналған дүниелерді көреміз. Ұлы ғұлама фәлсафаның, логиканың, таным-наным теориясының, психологияның, этиканың (әдеп), саясат пен социологияның сан қырлары жөнінде пікірлер айтып, келелі еңбектер жазған. Әл-Фараби атын бүкіл әлемге танытып, оны дүние жүзі мәдениетін жасаушылардың алдыңғы легіне қосқан да оның осы салалардағы еңбектері».

Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу Нәсір - халықтарды бейбіт өмір сүруге, достықка шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Иә, сөйтіп Әбу Нәсір метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика т. б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.

Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қаласында өткізді. Осы жердің әміршісі Сайф ад-Дауланың (?—967) сарайында тұрған, кейбір деректерге қарағанда оның дәрігері болғанға ұқсайды. Бірақ онда да ұзақ тұрақтамаған.

Ибн Халликан шежіресінде Әбу Нәсірдің Халабқа алғаш келген кездегі Сайф ад-Дауламен танысуы жайлы қызықты деректер келтірілген. Мысырдан қайтып оралған бетінде әл-Ф.араби Сайф ад-Даула өзінің нөкерлерімен мәжіліс құрып отырған үстіне кіріп келгенде, Сайф ад-Даула оған «Отыр!» деп әмір етеді. Әл-Фараби: «Қай жерге отырайын, сіз отырған жерге ме, жоқ әлде өзім тұрған жерге ме?» - дейді. Сонда Сайф ад-Даула: «Өзіңе қай жер лайық деп тапсаң, сол жерге отыр», -  дёйді. Әл-Фараби Сайф ад-Дауланың қасына келіп, оны орнынан ығыстырыңқырап қасына жайғасады. Әміршінің өзі және бірнеше нөкері ғана білетін құпия сарай тілімен  оларға: «Мен мына кісіге қазір бірер сұрақ қоямын, егер ол лайықты жауап бере алмаса, жазалаңдар», - дейді. Сонда әл-Фараби іле-шала Сайф ад-Дауланың өзі жаңа ғана сөйлеген құпия тілмен «0, әміршім, сәл сабыр ет, Әр істің артын баққан жөн болар!» - деген кезде, ол қайран калып: «Апырай сіз бұл тілді қайдан білесіз?» - дейді. Сонда әл – Фараби: «Ия, мен жетпіске жуық тіл білемін» деп жауап берген екен.

Бұдан кейін әл-Фараби Сайф ад-Даула мен оның сарайындағы әнші, акын, ғалымдармен өнер жөнінде сұхбаттасады.«Сайф ад-Даула сарайға әуезшілер келсін деп бұйырады. Олар аспаптарында ойнаған кезде әл-Фараби әуезшілерді токтатып, ескерту, түзетулер жасап отырады. Сонда Сайф ад-Даула: «Сіз бұл өнерді де жақсы білетін бе едіңіз?» - деп сұрайды. Ол: «Иә»— деп жауап береді. Сөйтеді де, беліндегі сахтиан кісесін шығарып, ішін ашады, одан жіңішке аспапты алып, құлақ күйін келтіріп, ойнауға кіріседі. Жанға рақат саз шығып, отырғандар жадырай бастайды. Әл-Фараби енді аспаптың құлақ күйін басқаша келтіріп, тағы да ойнауға кіріседі. Аса мұңды саз құйылып, отырғандар егіліп жылай бастайды. Ақырында ол аспаптың құлақ күйін тағы да басқаша келтіреді де, ойнауға кіріседі, сонда баршасы, тіпті әмірдің нөкерлеріне дейін мүлгіп ұйықтап кетіпті. Оларды сол ұйықтаған қалпында қалдырып, ол сарайдан шығып  кетеді» [7].

Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)