Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа
Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.
Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................
Исламның кәрі құрлық Азияның шар тарапында таралуы, арабтардың Орталық Алиядағы халықтарды түріктер деп жалпылап атауы және турік атаулылардың билігінің бірте-бірте күшейіп, аяғында Бағдадтағы халифаны өздеріне қаратуы түрік тілінің Орта Азия меи Орта Шығыста жылдам тарап, кей жағдайларда мемлекетпк тіл деңгейіне көтерілуіне игі әсер еткенін айтуымыз керек. Түрік тілі сонау XIII ғ. Ислам әлеміндегі 3 әдебиет тілінің бірі болды; олар араб, парсы және түрік тілдері.
Ислам діні түркі халықтарының ұлттық қасиеттерін сақтап қалды, түрік тілі мемлекеттік мәртебеге жетті, ежелгі ақьндар мен қамдардың тілі деңгейінен көтеріліп, халықаралық тілге айналды. Түрікше ресми, әдебиет, өнер, ғылым тілі болды. Ислам дінінің ұстанымдарын берік ұстанған түркілер билеуші саптың алдыңғы қатарында жүрді. Мұның нәтижесінде түркілердің жерін шауып, үлкен қасіретке себеп болған моңғолдардың басым көпшілігі түріктеніп және мұсылманданып кетті. Оңтүстік Сібір мен Моңғолияда қалған моңғол тайпалары (бурят, калка т.б.) ғана бұл процестен тыс қалды, бірақ, олар қытай-тибет мәдениетінің әееріне ұшырап буддизмді қабылдады [2, 325 б.]. Ислам дінін қабылдауы "мансапқор" түркілер үшін қоғамдық өмірде және халықаралық сахнада жаңа бір саяси, әлеуметтік және мәдени келешегін жолын ашты. Яғни, Ислам моиотеистік діннің соңғы жетілген нұсқасы регінде түркілердің этнопсихологиясына тез сіңіп бейімделген болатын. Мәселен, Ислам діні басқа діндерден гөрі адамдардың өз әлеуметтік-тұрмыстық табиғатын барынша жетілдіруге жағдай туғызды. Ислам түркілердің бойында өмірлік белсенділігін арттырып, саясат, экономика, тіпті соғысиен шұғылдануға мүмкіндік беріп, түркі жұртының бойында рухани мен материалдық, ұлттық пен жалпы адамдық, қатаң билеу мен демократия арасында белгілі бір тума теңдестікті тудырды.
Ал, түркілердің Ислам дінін қабылдауының алғышартгары мен исламды қабылдау қарсаңындағы оміріне тоқталатын болсақ, VIII-IX ғасырларда біртұтастығынан айырылған түркі ұлыстары жекелеген тайпалар мен билеушілердің табанды әрекеттеріне қарамастан, бұрынғы даңқы мен билігіне қайта қол жеткізе алмады. Олар іс жүзінде тәуелсіздіктерінен айырылып, қандай да бір дүниетанымдық бағдарсыз, саяси мақсатсыз, бей-берекет өмір кешті. Ортағасырлық түркі қоғамындағы идеология да дағдарысқа ұшырап, дәстүрлі билік өзгеріске түсті. Мысалы, VII-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерін талдау барысында бақсылардың мемлекеттік маңызға ие тұлға екандіктері байқалмайды. Кейіннен түркі қағанатының әлсіреуімен діни идеология дағдарысқа ұшырағанда бақсы-шамандардың маңызды әлеуметтік рөлге ие болғандығын байқауға болады. Осы орайда «Худут әл-аламның» анонимді авторы: "ғұздар әрбір әдемі, ғажайып нәрсеге табынды. Олар емшілерді құрметтеді. Оларды көрген бойда табынды. Бұл емшілер олардың (түркілердің) өмірлері мен мүлкін иемденді", [2, Н2-83 б.] деп жазуына қарағанда бұрынғы шаман-бақсылар енді мемлекетгегі маңызды тұлғаларға айналғандығын байқауға болады.
Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы идеологиялық дағдарысқа ұшырағанда, түркі билеушілері ел үшін жаңа идея іздеді. Ал әлемдік діндердің бірқатары түркі мемлекеттерінде жетекші идеялық дәрежеге жетуге ұмтылып, миссиоиерлікпен айналысты. Солардың негізгілері христиаң, иудаизм және манихей діндері түркі билеушілерінің назарына олқылықтың орнын толтырар идея ретінде ілікті. Бірақ, бұл ілімдер түркілердін дәстүрлі дүниетанымымен рухани, өркениеттік тұрғыда сәйкес келе алмады. Осы дінді қабылдаған түркілер не осы дінді ұстанушы халықпен ассимиляцияға түсті, не өздеріне тән мәдени-шаруашылық ерекшеліктерінен ада болып, бұрынғы саяси белсенділіктерінен айырылды.
Осы кезеңдегі түркі қоғамындагы идеологиялық дағдарыстар жайлы .Д Нұрғазина өз еңбегінде "дәстүр солып, мағынасын жоғалтып, тіпті сол табиғи дін, мифология баяғысынан айырылып, өңін айналдырып, ішінен тоқырады, зайырланды. Өтпелі кезеңде түркілер өзара толассыз қырқыс үстінде, тіпті тәңіршілдіктің аз да болса рухынан, этикасынан айырылған дөрекі тайпалар еді, дәлірек айтсақ, затшылдық рухы, дүниеқоңыздық бойларын жеңген тобырға айнала бастаған. Айналысқандары - шабуыл, барымта, өз қандастарын тұтқыңдап, Хорезм мен Мәуереннахрдың базарларына апарып сатты" [7, 82 6] деп жазады. Л.Н.Гумилев діни идиологияның дағдарысы жайлы "халықтың пассионарлық қуатының төмендеуі этникалық жүйенің соңғы фазас - ыдырауға жетелейді. Халықтың жауынгерлік рухы әлсіреп, соғысқа. келмеді. Тыныштықты қалады. Хан төңірегіне топтасқан адамдардан гөрі оған разы емес көңіл күйдегі адамдар саны өсті. Халық көңіл кетеруге икем болды. Көшпенділер арасында ұрлық, соғыста жаны үшін қарсылас тарадқа тұгқынға берәле салу етек алды" [4, 266 б.] деп жазады.
Ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстанда саяси-идеологиялык үстемдікке ие болған Ислам діні өзінің шынайылылығымен дәл осы кезеңде саяси-экономикалық, рухани-мәдени дағдарысқа тап келген осы территорияны мекендеген түркі қоғамын қайта түлеуге лайықты жүйе болды. Ислам халық азып-тозып, көптеген бір-біріне қарсылас ру-тайпаларға ыдырағанда қоғамды идеялық тұрғыда біріктірді. Түркі мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырап, түркі коғамы терең рухани-мәдени тығырыққа тірелгенде Ислам қоғамдық танымның ортақ құндылықтарының тар рулық шеңберден көтеріліп, қалыптасуына әсер етті Ислам көптеген түркі ру-тайпалары үшін ортақ ішкі және сыртқы бағдарды белгілеп бергеп көзқарастар мен идеялардың ортақ кешенін қалыптастырды. Ортақ мәдени типтердің қалыптасуы өз кезегінде білім мен ағартудың біртұтас кешенін қалыптастырды. Бұл құлықтық құндылықтардың жаңа деңгейге көтерілуіне түбегейлі әсер етті. Түркі мемлекеттерінің бұрынғы данқы мен түркілердің төмендеген рухын қайта көтеруде Ислам дінінің мүмкіншіліктері кеңінен пайдаланылды. Ислам әлемінде жаңа пайда болған түркі мемлекетінін жаңа қауымдастықта лайықты орынды иеленуді заңдастыруға бағытталған Шығыстан келіп жаулап алушы халықтар туралы болжамдар енді, Ислам дәуірінде, Исламдық діни жазбаларда, әсіресе хадистерде кең көрініс тапты. Х-ХІ ғасырлардағы Ислам әлемінің дін өкілдері үшін, академик В.В. Бартольд айтқандай, шығыстағы туркілер, батыстағы берберлер сияқты дінді құтқарушылар рөліне ие болды. Түркілердің батысқа қозғалысының алдын-ала болжайтын Мұхаммед пайғамбардан жеткен хадистер келтіріле басталды. М. Қашқари Пайғамбарымызға түскен хадистің бірінде "Менің шығыста бір әсқерім бар, түрік деген, егер мен бір халыққа ашулансам, онда оларды жазалауға осы әскерімді жіберемін" [5. 196 б.] деп келтірген,
Осылайша, көшпенділердің жаңа дінді қабылдауы олардын әлемдік ауқымды оқиғаларға кеңінен араласуға серпін берді. Өздерін ислам жауынгерлеріміз деп санаған түркілер Ислам шекарасынын кеңеюіне, бастаиқыда өз тайпаластарының, кейін өзге территориялық аймақтар мен этникалық бірлестіктерге діни соғыстар жүргізуге кірісті. Олар енді Ертіске дейін өтіп, жаңа дінді өзге түркілер арасына таратты. Солтүстік пен шығыстағы көшпенділерді бағындыруда Ислам құндылықтарын желеу етті. Осындай рухани өзгеріспен катар. түркілср жаңа діннің ресми идеологияға айналуымен өздерін жаңа дінді таратушы ретінде таныта бастады.
Ислам өркениеті түркілік сарынмен толыгып, кемелдеве түсті. Олар қол астындағы елдерді бір орталыққа біріктіріп, тәртіп; орнатып қана қоймай, осы елдердің мәдениетінің қалыптасып. дамуын қадағалап, мұрындық болды. Сонымен Исламның түркі мемлекетінде ресми дәрежеге жетумен діни идеология қайта тірілді. Бұл жолы түркі билеушілері түркі елі идеясын Ислам-түрік елдік идеясымен алмастырды. Бұл өз кезегінде туркі қоғамын мұсылмандар және дәстүрлі дүниетанымда қалғандар деп екі этномәдени топтарға бөлінуіне алып келді. Дегенмен, исламданған түркі қоғамында дәстүрлі түркілік дүниетаным Ислам құндылыктары мен толығъш, елдік идеяның екінші өмірі басталды. Бұрынғы көшпенділерден қалған, терең дағдарысты бастан кешірген дүниетаным Ислам шапанын жамылып, өз өмірін қайта жалғастырды. Ислам дәуірінің бастапқы кезеңінде жаңа дінге қайшы, дөрекі, тек көшпеяділерге тән саналған дәетүрлі туркілік дүниетаным болмай қоймайтын синтезге түсіп, Исламмен біте қайнасты. Исламның материалдық мәдеиниетіне де түркі дүниеганымының элементтері енді.
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері
Іргелі сәулет өнері ортағасырлардағы сәулет өнерінің дәстүрлерінің өнері негізінде дамыды. Түрлері мен кұрылымы жетілдірілді. Нақ сол кезден бастап сәулет-құрылыс дәстүрлері мен жаңа идеологияның (исламның) қуатты ұштасуы негізіңде сәулет өнері типологиясының негізі қалыптасып, ол содан кейінгі мыңжылдықта тура XX ғасырдың басына дейін дамып келді[1] Құрылыс өнерінің одан кейінгі ілгері басуы, түрінің жаңаруы және бұл орайда жасалған тәсілдердің жиынтығы жергілікті сәулет өнері бағыттарының даму ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған сарыны бар. Қазақстан мен Орта Азия үшін бірыңғай стиль болды. Уақыт өте келе шоғырланған ерекшелік барған сайын айқын көрінетін және нақты сипат ала берді, мұның өзі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда XI—XII ғасырларда дербес Солтүстік Түркістан дәстүрін бөліп көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Қоғамдық және діни үйлердің сәулеті ислам ережелеріне және «мұсылман Шығысы» елдері сәулет өнерінің жалпы бағытына сәйкес дамиды. Діни кешендер ерекше дамыды. Олардың сәулеттік ұйытқысы жинақы немесе алаңдардың шетіне орналасқан іргелі кұрылыстардан тұрған.
Араб-парсы деректемелері X ғасырдың өзінде-ақ Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың мешіттері бар қалаларын атайды. Кейбір құрылыстар осы кезге дейін сақталған. Мысалы, бір кезде соборлы мешіт болған Боран мұнарасы. Ол X ғасырдың аяғында немесе XI ғасырдың басында, Жетісу халқы жаппай мұсылмандандырылған кезеңде салынған. Бұл - Орта Азиядағы іргелі мұнаралы сәулет өнерінің сақталып қалған барлық ескерткіштерінің ең ертедегісі.
Мұнара жанында жүргізілген қазба жұмыстары ғимараттың жерасты бөлігінің құрылымын анықтап берді, ол тастан және күйдірілген кірпіштен қаланған алаң түріндегі іргетастан тұрған. Осы іргетасқа мұнараның жер бетіндегі бөлігі, төменгі жағында екі баспалдағы бар сегіз қырлы жартылай жерасты қабат пен сүйірлене жасалған цилиндр тұрқы тұрғызылған, 22 м болатын ол қазіргі кезге дейін сақталған. Есік жақтауы бес метрдей биікте орналасқан, оған жанастыра қойылған баспалдақпен немесе сақталмаған мешіт құрылысының төбесінен кірген, жоғарыға оралма баспалдақпен көтерілген. Ғимарат кұйдірілген кірпіштерді, оюлап-мүсінделген кірпішпен қатарластыра қаланып тұрғызылған. Оның декоры кезектесіп отыратын өрнекті және тегіс белдеулеп қаланған, мұның өзі Орта Азия мұнараларының көпшілігіне тән болатын.
Мұнара төңірегіне шоғырланған кесенелердің орындары қазылды. Олардың жартылай жерасты бөлігі сақталған, бірақ құлаған үйіндісі мен декорының сипаты ғимаратты қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Боран кесенелерінің біріншісі төбесі шатырлы-күмбезді етіп жабылған мұнаралы құрылыс болған. Кесененің ішкі көрінісі әшекеймен және ішінара қызғылт-қызыл түске боялған ганчты ойып безендірілген.
Боран кесенесінің басқа екеуі өзгеше үлгіде: бүкіл төбесі биік барабанда шатырлап-сүйірлеп жабылған порталды-цилиндр тәрізді сағана үлгісінде[2]. Порталдар екі жағынан үш ширектік бағандармен қорғалған, бағандар сәнді жақтаулармен, мүсіндеп қаланып, оюлы ганч пен оюлы кішкене кірпіштерге ұштастырылған ширатпалармен безендіріліпті. Кесенелердің мерзімі - ХІ-ХІІ ғғ[3]
Талас аңғарының діни құрылыстары арасында Жамбыл қаласының батьіс жағында 18 шақырым жердегі Бабаджа-қатын және Айша-бибі кесенелері ерекше назар аударуға лайық. Бабаджа-қатын кесенесі - күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстар бар. Ішке шығыс жақтағы есіктен кіреді. Ол бұрыштарында сүйір қуыстары бар арқа тәрізді. Кесене көп қырлы аласа барабанға қойылған шатырлы күмбезбен жабылған. Күмбез сыртынан күйдірілген текшелермен қапталған. Кесене X - XI ғасырларда салынған деп саналады[4]
Қасында тұрған Айша-бибі кесенесі ішінара сақталған. Күмбезі құлап түсіп, қабырғалары тұр. Құрылыс шаршылып жоспарланған. Қабырғалардың бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген. Қабырғаларға терең арқалы жақтау-қуыстар салынған. Батыс жақтаудың ішкі жағынан михраб ұласып жатқан куысы жартылай арқа және бұрыш дөңестері түріңде жартылай күмбездеп толтырылған. Жақтаушаның үстіңгі қырлары мен бағандары оюланған балшық блоктардан жасалған. Кесененің сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот текшелермен қапталған. Кесененің ішінде күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған шағын құлпытас сақталған. Кесене XI—XII ғасырларда салынған деп саналады[5].
Орта ғасырлардағы іргелі құрылыстар туралы сәулеттік археология қосымша мәліметтер береді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы қазба жұмыстары барысында мешіттер мен моншалар аршылды. Кедер деп саналатын Құйрықтөбе қаласының жұртынан ең ертедегі мешіттің орны қазылды. Ол шахристанның орталығында орналасқан. Мешіттің қабырғалары күйдірілген және шикі кірпіштен араластырып қаланған. Мешіттің көлемі 36,5x20,5 метрге тең. Мешіт оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытында созылып жатыр. Мешіт ішінен еден әр жерден ғана аңғарылды. Мешітгің солтүстік-батыс жартысы жақсырақ сақталған, онда еденнен күйдірілген кірпіштен қаланған 16 бағанның табаны аршылды.
Талас аңғарындағы Өрнек қаласының жұртын қазған кезде Соборлы мешіт табылды. Өрнек Тараз бен Құланның арасында орналасқан қарлұқтардың Көлшөп қаласы деп саналады. Мешіттің көлемі - 40x20 м. Мешітке оңтүстік жағынан кіреді, ол ұзындығы 3,5 м және ені 3 м дәліз түрінде жасалған. Мешіттің еденінен бағандардың тас негізі табылды. Олардың екеуі тас блоктар түрінде, біреуінің қабырғасында жапырақтар бейнеленген, екіншісінің қабырғасына антропоморфтық бет ойып жасалған. Үшінші негіз екі сатылы блок түрінде орнатылған. Қалған бағандардың табандарына жалпақтастар төселген. Барлығы 55 баған болған, олардың арасы 3 - 3,5 метр.
Құйрықтөбе мен Өрнек мешіттері діңгекті немесе бағанды құрылыстардың үлгісіне жатады. Мұндай мешіттердің көлемі бағандар арасындағы төбенің стандартты шаршылары санымен анықталды, олардың аралығы 3,5 метрден 4,6 метрге дейін болды. Оларға Сурхандария облысындағы Саполтепеден табылған мешіттің өте ұқсастығы байқалады. Көлемі жағынан ол біршама үлкенірек: 50x25 м. Оның мерзімі XII ғасырдың басы деп саналады. Осы үлгідегі кейініректегі құрылыстардан Құйрыктөбедегі мешітке Хиуа мен Хазараспадағы XVIII ғасырда салынған Жұма мешіт, Үргеніштегі XX ғасырдын басында салынған мешіттер жақындайды[6].
Орта Азия мен Қазақстан қалаларында ислам діні таралған кезеңде пайда болған құрылыстар қатарына көпшілік моншалар да жатады.