Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа
Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.
Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................
X ғасырдың басында ислам дінін Қараханидтер әулетінің рубасы Сатуқ қабылдады, ал оның ұлы Бограхан Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Жетісу мен Орталық Тянь-Шаньға бекініп алған қарахандықтар батысқа ұмтылумен болды. Шекараны кеңейту саманиліктер иелігі есебінен жүргізілді. X ғасырдың екінші жартысында көпшілік қауымның, әсіресе, диқаншылар аристократтарының орталық билікке қарсылығы салдарынан саманиліктер мемлекеті терең дағдарысқа ұшырады. Қалыптасқан жағдай Боғраханның саманиліктер иелігіне басып кіруіне мүмкіндік тудырды. Саманиліктердің әлсіреуін пайдаланған Харун (Хасан) 990 жылы ешқандай қарсылықсыз Исфиджабты алды. Екі жылдан соң қарахандықтар ол кезде саманиліктердің астанасы болған Бұхараны басып алды. Бірақ Харунның (Хасан) сырқаттануы және қала тұрғындарының наразылығының салдарынан қарахандықтар Жетісуға қайтуға мәжбүр болды. Сол жылы Харун Қошқар-Башы жерінде қайтыс болды. Оның ұлы Юсуф Қадырхан 992 жылы Хотанды басып алды.
996 жылы Әли Арсланханның ұлы илек Насыр саманиліктерге қарсы екінші жорық жасамаққа бел буады. Бұл жайын естіп білген II Нұх өзінің газнауилік Себук тегіннен көмек сұрады. Себук тегін бұл ұсынысты қабыл алады да, саманилік екі күш бірлесе қимылдап, Сырдария алқабын және қарахандықтарға тиесілі Әмударияның оңтүстігіндегі жерлерді басып алды, аталмыш өлке Хорасан ғазнауиліктер иелігіне өтті. Сөйтіп, саманиліктер мен қарахан арасындағы шекара Катван даласы деп танылды.
Нұх ибн Мансұр өлгеннен кейін таққа Мансұр ибн Нұх (997 - 999) отырды. Бірақ ол феодалдық өзара қырқысулар салдарынан көп кешікпей тақтан тайдырылды. Насыр уақыт оздырмай Мәуереннахрға қарай қозғалып, Бұхараны ұрыссыз алды. Осы жолғы соғыста саманиліктердің соңғы әмірі Абд әл-Малик ибн Нүх және ол әулеттің адамдары тұтқынға алынып, Үзгенге жөнелтілді. Тек Абд әл-Мәліктің ағасы Исмаил Үзгеннен Хорезмге қашып барып, қарахандықтармен күресін одан әрі жалғастырды. 1004 жылы ол Самарқанд пен Бұхараны қайтарып алды. Бірақ ол қаншама селжұқ жасакшыларының қолдауына сүйеніп баққанымен, Мәуереннахрда өз билігін ұзақ ұстап тұра алмады. Соңғы саманилік Әбу Ибраһим 1005 жылы қайтыс болғаннан кейін Насыр екі рет (1006 және 1008) Хорасанды басып алмақшы болды. Ғазнауиліктермен жүргізген күресте қарахандықтар оғыз тайпаларымен одақ құрды. 1008 жылы қарахандықтар мен оғыздардың бірлескен күшімен ғазнауиліктер арасында шайқас болды, бұл жолы ғазнауиліктер жеңіске жетті. Осы оқиғадан кейін қарахандықтар Әмударияның сыртындағы территорияны басып алу ниетінен біржола бас тартты да, Әмудария қарахандықтар мен ғазнгуиліктер арасындағы табиғи шекара болып қала берді.
Жаңа дін бірте-бірте көшпенділер арасына да тарала бастады. Бұл жерде Ибн Хаукаль Фараб пен Кенджида және Шаш арасында көшіп жүрген түркі-мұсылмандар туралы мәлімет береді[22, 3].
Сондай-ақ, ислам дінінің XI-XII ғасырларда қыпшақтар арасына да тарағаны жөнінде деректер бар[23, 18].
Жаңа мемлекеттік дін - ислам дінінің, араб тілі мен жазуының таралуы қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі болды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылып шығарылды, ал түрік лексикасына араб сөздері кірді.
Орта Азия сияқты, Оңтүстік Қазакстанның жекелеген аймақтарының халифат құрамына енуі феодалдық қатынастардың даму үрдісін тездетіп, ол терең әлеуметтік қайшылықтар мен халық қозғалыстары жағдайында өтті.
Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың дәстүрлері мен тарихи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына қарамастан, ұзаққа созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келгенде олардың мәдениеті қабысуының нәтижесінде бірқатар халықтар үшін көп жағынан ортақ араб-мұсылман мәдениеті қалыптасты.
Қят, Отырар, Тараз, Шаш, Бұхара, Самарқанд және басқа қалалар ірі мәдениет орталықтарына айналды, оларда әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина және басқа да көптеген тамаша ғалымдар өмір сүріп, жасампаздық жұмыстар жасады. Халифаттың бүкіл аумағында араб әдеби тілінің орнығуы көптеген аса көрнекті ғалымдар мен ақындардың осы тілде жаза бастауына әкеп соқты.
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі
Түркілерге ислам дінінің таратылуы арабтардың жаугершілік жорықтарымен бірге VIII ғасырдың басында басталды. Араб әскерлерінің басшыларын тұңғыш ислам дінін уағыздаушы деуге болады. Оған қоса мұсылман дінін уағыздаушы мұсылман саудагерлері мен қолөнершілері өз айналымдарында көптеген түркі елдерінде осы дінді таратқандар араб әскерлерінің алдыңғы қатарында болды.
Түркілердің арасындағы исламның беделі ІХ-X ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды. Амудария өзенінің арғы жағында орналасқан арабтардың бұл облыстарында Мауреннахр, Дженд, Хувера, Яникент қалалары пайда болды.
Араб билеушілері дін таратуға өте қатал келді; жергілікті халықтың көне мәдениеті мен өнерінен жұрнақ қалдырмауға тырысты. Хорезмдік ғалым Әбу Райхан әл-Бируни (973 - 1048) X ғасырдың басында жазған "Өткен ұрпақтардың ескерткіштері" атты кітабында былай деді: "Кутаиба, бин Муслім әл-Белиқи әр түрлі тәсілмен бұрынғының бәрін таратты, жойды: хорезмдіктердің жазу-сызуларын, кітаптарын, бумаларын өртеп, бұрынғы дін қызметкерлерін, аңыз-әңгімелер білетін адамдарды, ғылым байлықтарын түгел құртты, хорезмдіктердің исламға дейінгі тарихы түгел көрге көмілді, оны қазір ешкім де білмейді".
Араб билеушілері жаулап алған жерлерінде өздерінің мемлекеттік тәртібін орнатты, жергілікті халыққа ислам дінін қабылдатты, араб тілін, араб әліппесін үйретгі, араб мәдениетін таратты. Оқу, білім, өнер, әдебиет - бәрі де араб тілі, араб мәдениетінің ықпалында болды, сол бағытта дамыды.. Ислам Алланың, Мұхаммед пайғамбардың сеніп, мойындалған, Аллаға берілген, тұжырымдалған, іші-сырты таза, өзіне-өзі сәйкес деген ұғымды білдіреді. Алла тарапынан білдірілген әмір және туындылардың жиынтығын дін деп атайды. Діннің атын ислам деп Алла қойды. Ислам діні - тек бір қауымға немесе ұлтқа ғана тән дін емес, сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні. Жинақтап айтқанда, ол сенім бойынша өмір сүру діні болып табылады-деп насихаттады..
Мұсылмандықтың негізі бес парызға негізделген: 1) Иман. 2) Намаз. 3) Ораза. 4) Зекет, 5) Хаж. Иманда жеті қағида бар: 1) Алланың барлығына сену, иман келтіру, Хазірет Мұхаммед Алланың құлы, әрі пайғамбары болғанына көңілмен сеніп, мұны араб (Құран) тілінде айту; 2) періштелерге сену; 3) кітаптарына (Құранға) сену; 4) пайғамбарларға сену; 5) ахирет күніне сену; жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп білу; 7) өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.
Исламда мұсылмандар өмірінің әр түрлі жақтарын реттеп отыратын көптеген тыйым-шарттар бар. Мұсылмандардың алкогольді ішімдіктер ішуіне, шошқа етін жеуге, құмар ойынын ойнауына тыйым салынған. Ислам өсімқоршылыққа рұқсат етпейді. Өмірде және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін ахиреттік міндеттер орындалуы керек. Онда Аллаға және пайғамбарға, өзімізге, отбасымыз бен жақындарымызға, мемлекет пен халқымызға, адамгершілікке қатысты бірнеше міндеттер көрсетілген. Мұсылман өмірінің барлық жақтары дінге қатысты болып келеді. Ер баланы кішкене кезінде сүндетке отырғызу керек. Сол дәстүр жасалғаннан кейін-ақ мұсылман саналады. Неке қию некелесушілердің қатысуымен жүргізіліп, сол арқылы бекітіледі және де Құранның қасиетті сөздерін оқумен аяқталады. Еркек мұсылман үшін ажырасу онша қиын емес, әйел адам үшін бұл едәуір күрделі, бірақ оларға да мүмкіндік беріледі. Ислам діні екі ірі сенім негізінде құралған: 1) Алладан басқа құлшылық ететін тәңірдің жоқтығына сену, 2) Мұхаммедтің Алла тарапынан адамзат баласына жіберілгеніне (пайғамбар екеніне) сену. Сондықтан ислам діні бұны бір дәстүр түрінде: "Лә иләһә илла-аллаһ Мұхаммед-ур-Рәсул-аллаһ" деген сөйлемде жинақтаған. Қасиетті саналатын бұл сөйлемді тілімен айтып, жүрегіне бекіткен кісі ислам дініне кірген болады. Бұл сенімді - иман, ал сенушіні - мүмін деп атайды.
Алланы тану: жер, көкте сансыз нәрселерді жаратқан, жоқтан бар еткен және оларды жоқ ететін, әуелгісі, ақыры болмаған, үнемі бар болған, біреу болған, теңдесі, серігі болмаған, жаратылыстардан ешқайсысына ұқсамаған, бар болуында ешнәрсеге мұқтаж емес Аллаға ғана сену - бұл исламның негізгі догмасы. Дін жолының жалғаса беруі үшін бұл жинақталған қысқаша сенім жеткілікті емес, өйткені мұсылманшылық - сену әрі сенім бойынша өмір сүру. Ислам әлеуметтік тәртіптің өте кең жүйесі болып табылады.
Мұхаммед Арабстан тайпалары мен қауымдарының үлкен болігін өз дініне бағындырып, соңына ілестірді. Ол өзінің діні мен саяси ықпалын Түбектен тыс жерлерге тарату үшін де дайындала бастады, бірақ 632 жылы қайтыс болды. Мұхаммед істерін халифтер жалғастырды. Олардың ішінде төртеуі мұсылмандар арасында ерекше құрметке бөленіп, "адал ниетті" деген атқа ие болды. Олар: Әбу-Бакр, Омар, Осман және Әли. Олардың заманында Ислам діні әлемдік дінге айналды. Тарихта ең тұтқиыл саяси және теориялық мәселелердің бірі - жоғары билік туралы мәселе еді. Алланың әмірін ғана орындап келді дейтін пайғамбар дүние салды. Оның орнын басқан халифтер адамдардың құран мен сунна сүрелеріне сәйкес өмір сүруін қадағалап отыруға тиіс болды. Алайда, халиф болуға қандай адам лайық деген мәселе жұртты қатты толғандырды. Бұл туралы мұсылмандар арасында әуел бастан-ақ аяусыз айтыстар өршіді. Үшінші халиф Османды халиф болуға лайық емес деген қарсыластары оны өлтіріп тынды, төртінші халиф Әлиді де мұсылмандардың бәрі бірдей мойындамады. Әлиді жақтаушылардың көбі пайғамбарға туыс болу оған және оның ұрпақтарына - әлишілерге - билік жүргізудің ерекше правосын береді деп есептеді, олардың пайғамбардан мирас болып қалған құдаймен тілдесу қабілеті бар деп, сондықтан құдай мен адамдар арасында елші бола алады және қауымның рухани басшысы, имам болуға, демек саяси көмек болуға да тиіс деп санады. Осылайша исламның басты ағымдарының бірі - шиизм негізі қаланды. Исламда суннизм неғұрлым көп тараған ұғым болып келеді. Бұл жолды қуушылар өздерін ахлаз сунна( сунналық адамдармыз) деп санайды. Олар пайғамбар туыстарының билікке ерекше праволылығын мойындамайды. Кімде-кім алғашқы төрт халифті занды деп санаса, зандастырылған жинақтағы хадистерді шын деп білсе және олардағы салт-жораларды, төрт мазхабтың түсінігінің біріндегі тұрмыстық және әлеуметтік ережелерді мойындаса, формальды түрде сунниттер деп есептеледі. Әлемдегі мұсылмандардың көпшілігі суниттерге жатады.
Исламды қабылдаған Сатуқ Богра хан бірінші түркі ханы Қашқардың билеушісі болып есептелді. Ол 955-956 жылдары қайтыс болған және оның бейіті осы күнге дейін Артыш қыстағында тұр. Дегенмен кейбір мәліметтерге сүйенсек, түркі халқы исламды 960 жылы, сол X ғасырда Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыз халқының бір бөлігі қабылдаған.
Белгілі ғалым Бартольдтың айтуынша түркі ханы Сатук Богра хан Абданкерім исламды өз халқымен бірге 955-956 жылы қабылдады. Ол Сатук Богра хан династиясынан Қарахандықтар династиясына көшті.
Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы деректер жоқ: тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты - 960 жыл. Бұл дерек Бағдат жазбасында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде мұсылмандықты бірінші Қарахандықтар династиясы қабылдады. Ол кездс яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашқарды билеп тұрды, Самархан мен Бұхараны жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі исламды 1043 жылы қабылдады.
Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі.
Әрине, жекелеген қалаларда сауданың жандануы бұрын мұсылман емес халықтардың ислам дінін қабылдауына ықпал етті.
XI ғасырда ислам діні Шығыс Түркістанға, Лоп-Норға жетпеді. Себебі солтүстік жолда шекаралық пункт Куча мен Бугур, ал оңтүстікте Черчен болды, яғни Қашқардан арғысы тасада қала берді.
Ислам мәдениетінен тысқары шығыстағы ұйғырлардан ол кезде солтүстік-батыста көп санды қыпшақ бар еді. Олар Ертіс өзенінен шығысқа қарай созылып жатқан.
Ислам буддизм мен христианнан кейін келгеніне қарамастан, әлемдік және нағыз даңқты дінге айналды. Яғни ол бір халықпен шектеліп қалмады. Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды рөл атқарған діни жүйелерге тәңірілік дін мен шаманизм жатады. Соңғы жылдары бұл діни жүйе туралы көптеген еңбектер жарияланды, диссертациялар қорғалды. Тәңірілік дін еуроазиялық көшпелі шаруашылық-мәдени типтің қажеттіктеріне нағыз икемді діни жүйе болып табылады. Оның өрістеген кезі түрік және моңғол тайпаларының елдік принцип бойынша тұтасып, далалық империяларды құрған уақытына сәйкес келеді. Бұл туралы Л. Гумилевтің «Қиял патшылығын іздеу» атты трактатында сынды пікірлер келтірілген. Тәңірілік дінде генотиптік дүниетаным терең орын алғанымен, ол монотеистік діни жүйе деңгейіне көтеріле алған. Көк Тәңірі адамдардан белсенділікті талап етеді. Тәңірілік діңде демонологиядан гөрі космология мен этика тереңірек ұялаған.
Кейін араб-парсы-түрік өркениетінің қалыптасуына байланысты Көк Тәңірі Алланың синониміне айналып кеткен. Ал генотиптік түсініктер исламмен қатар дамыған. Оның себебі генотеизмнің қазақтың дәстүрлі мәдениетінен (басқа да туысқан мәдениеттерден) қолдау табуына қатысты. Тәңірілік діннің типтік маңызы алғашқы көшпелі империялардың мәдени тұтастануы үшін себепкер болуымен байланысты (бірінші синтез).
Кейін әлемдік дәрежеге көтерілген суперөркениетте екінші тұтастануға ұйытқы болған дүниежүзілік дін - ислам өмірге келді.
Манихей діні де әлемдік дін болған жоқ. Буддизм алғашында кең насихатталғанымен, шығыс азиат әлемінен аса алмады. Түркілер арасында исламның беделі үстем болмай тұрғанда, сондай-ақ мұсылман дінінің насихатталуы жеткіліксіз жүргізілген жерлерде - Батыстың бір топ халықтары, Шығыс және Оңтүстік монғолдар христиан дінін қабылдады. Қазір христиан діні тек еуропалықтардың діні болып саналады Ислам дініне дейінгі діни нанымдар. Қазақстанның оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы (Жетісу) калаларына жүргізілген зерттеу жұмыстарының археологиялық деректеріне қарағанда, қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-сенімдердің болғандығы байқалады. Мысалы, Сырдария бойындағы орта ғасыр қалаларын қазғанда қақпақ тұтқасы қошқар мүйізіне, кұс айдарына ұқсас жасалған кыш құмыралар табылды. Осы тектес қыш ыдыс қақпақтары Отырар, Құйрықтөбе қалаларынан жиі кездеседі.