Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа
Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.
Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................
Бірақ арада көп уақыт өтпей-ақ халық жатжерлік басқыншыларға қарсы көтеріледі. Міне, осындай күреске Қожа Ахмет тілектес болған. Сондықтан да оның халық арасындағы қадір-құрметі бұрынғыдан да арта түскен.
Қожа Ахмет 1157 жылдар шамасында алпыс үш жасқа толғаннан кейін «пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік» деген оймен осы күнгі өзінің мүрдесінің үстіне тұрғызылған ғимараттан оңтүстік батысқа қарай жүз метрдей жерде Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жер асты жертөле мешітін салдырады. Күні бүгінге дейін сақталған бұл үйдің ортаңғы бас бөлмесінің кеңдігі 2x2, ал биіктігі бір жарым метрдей, яғни орта бойлы адам еркін жүре алатындай. Бөлменің екі қабырғасында шырақ қоятын текшелер жасалған. Ахметтің бұл жер асты мешітін жергілікті халық аздап өзгеріске түскен араб сөзімен «қылует (оңаша орын) деп атаған. Міне, алпыс үш жасқа толғаннан кейін Қожа Ахмет бар дүниені тәрк етіп өз қылуетіне түскен. Халық аңызына қарағанда Сайрамнан басталатын жер асты жолының бір шеті Түркістандағы Қожа Ахметтің осы қылуетінен шығады делінген. Қылуетте ғұмыр кешкен жылдар ішінде Қожа Ахмет өзінің атақты «Диуани хикмет» («Даналық сөздер») деп аталатын циклді өлеңдерін жазған, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен. Бірақ, өкінішке орай, шайырдың «даналық сөздерінің» түп нұсқасы сақталмаған. Ал, бізге жеткен варианттары XV және XVII ғасырларда көшірілген нұсқалары ғана. Мысалы, мәскеулік Әмір Наджиб Қожа Ахмет Иасауи «Жинағының» ғасырлар бойы толықтырылып, өзгеріске ұшырап отырғандығын айта келе, «казір ақын хикметтерінің қайсысы оның өз қаламынан туған, ал қайсысының өңі өзгертілген, немесе шәкірттері тарапынан жазылғандығын айту қиын. Иасауи мен шәкірттерінің өлеңдерінің тілі қарапайым, түрі жағынан ол халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жақын. Араб - парсы тілдерінің элементтері онда аз, бірақ «Құтадғу білікпен» салыстырғанда араб-парсы сөздері басым түсіп жатады, аруз өлең өлшемімен жазылған жыр жолдары да жоқ емес»[14], дейді. Сондай-ақ ол бабамыздың ғақлияларының көне түркі тілінің қыпшақ-оғыз диалектіне сай келетіндігін ескерте отырып, сол заманда қарлық-ұйғыр әдеби тілімен қатар қыпшақ-оғыз сияқты екінші түркі әдеби тілінің де балғандығын аңғартады.
Қожа Ахмет поэзиясын Кеңес өкіметі жылдарында өзбек ғалымдарынан Э. Рүстемов, Н. Маллаев, М. Хаққұлов тағы басқалар зерттеді. Ақын жырлары өзбек әдебиетінің антологиясына кіргізілді.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай, «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болуға шақырады. Оны өзінің парасаттылықты пайдалану мен байламға келтіру жолымен өмір мен тұрмыс, тіршілік туралы толғамдарын паш етеді.
Қожа Ахмет Иасауи хикметтері тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу һәм Құрани кәрімнің сүре, аяттарындағы уағыздар мен Мухаммед пайғамбарымыздың қасиетті хадистеріндегі өсиетнамаларды еске түсіреді. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу туралы идеясын алға тартады, әрі ол сопылық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жатыр.Ұлы кемеңгер жеті жасқа жеткенде Арыстанбап бабаның Мұхаммед пайғамбар атынан өзіне құрма бергенін, содан бастап өзінің құдай жолына түскенін айтады.
Сол заматта-ақ кеудемде бір шырақ жанды,
Еркелете шақырып касына алды.
Мектеп барып, бек куанып тұрдым мен де,
Кітап ашып, сүрелердің мәнін сұрап,
Ұкканымша асықтым әзер шыдап,
Қол қусырып, ұстазымның сөзін сыйлап.
Балам-ау, бұл былай деп айтты, білдім,
Одан соң да сан сауалды қойып жүрдім.
Күндер өтті, әзәзілді ұстап міндім,
Сом темірмен сойылдап ұрдым мен де.
Зікір салып диуанамен жүрдім бірге,
«Алла» деуден бір тынбадым күндіз, түнде.
Шам айналған көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес аузынан пенде болдым.
Міне осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жерде болып, тазалық тұрағына енген». Түріктің атақты ақыны, кемеңгер данагөйі Жүніс Әміре (1250—1320) де Қожа Ахмет Иасауиді өзінің рухани ұстазы санаған.
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары
Кеңес дәуірі тұсында ұзақ жылдар бойы қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің Исламдану үдерісі біржақты, субъективті түрде қарастырылып келді. Яғни, түркілердің Ислам дінін қабылдауы ықтиярсыз, күштеп енгізілген дін сииатында ғана зерттелді Осы дәуірде марксизм идеологиясына сәйкес, атеистік. оқыту тұрғысынпн ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәлелденбеген түрлі ой-иікірлердегі еңбектер жарық көрді. Түркілердің Исламды қабылдауының себеп-салдарына терең анализ жасамастан, тек партияның алға қойғаи дінсіздендіру саясатына жағам деушілердің еңбектерінің жарық көруі және олардың жалпы халыққа насихатталуы, өкінішке орай, Кеңес дәуіріндегі біздің елімізге тән құбылыс. Осы солақай саясаттың нәтижесін әлі де көріп келеміз. Дегенмен мұндай дөрекі бұрмалаушылықтың жалған екенін өмірдің өзі көрсетті. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері бұл мәселе тұрғысыпан жаңаша объективті көзқарастағы зерттеулер жарыққа шықты. Егеменді еліміздің азаматтарында тол тарихқа, дінге, рухани құндылықтарға деген ұлкен бетбұрыс байқалды.
Шындығына келгенде, Ислам діні қазіргі Қазақстан аумағына бейбіт түрде тараған. Халифат билеушілері Қазақстанның көп бөлігін мекендеген түркі тайпаларын Исламға кіргізу үшін тек бейбіт уағыздаушылық пен ағартушылық тәсілдерін қолданды. Отан тарихы ғылымында кеңес заманынан бері қалыптасқаи "араб жаугершілігі" деген түсінігі қате, себебі оны басқаша түсіну қажет. Яғни, VIII ғ. бастап - X ғ. ортасына дейін қазіргі Қазақстан жерінде арабтардың ата-бабамыз түркілерлермен жанжалдасу емес, қайта бейбіт сұхбаттасу және өзара мәдени тану көріністері орын алды, Әлкисса, арабтар көбінесе саяси, мәдени дағдарысты бастан кешіп жүрген түркі халықтарына өзінің мәдени ықпалы арқасында Ислам дінін енгізді. Ал, түркілердін Ислам дінін қабылдау мерзіміне келетін болсақ, қазіргі Отан тарихи ғылымьнда түркілердің мұсылмандықты қабылдауына байланысты барлығын қанағаттандыратын ортақ бір пікір жоқ. Бұрын кенестік заманда бұл мерзім 960 жылдары шамасындағы Қарахан билеушісі - Сатұқ Боғра ханның Ислам дініне өз елінде мемлекеттік дін мәртебесін берумен айқындалды. Алайда түркі тайпалардың Ислам дінін бұл мерзімнен бұрынырақ кабылдағаны туралы бірнеше дерек мәліметтер бар: мысалы. Хазар мемлекеті 732 жылы Ислам дініне мемлекеттк мәртебе бергендігі туралы деректерді академик В.В. Бартольд өз еңбегіңде келтіреді. Сондықтан қазіргі Тәуелсіздік заманында бірқатар автордар бұл мәселені қайта қарастыруға бет бұрды. Дегенмен бұл мәселеде күні бүгінге дейін ғалымдар арасында бірауыздылык жоқ. Ендеше, бұл мәселені мүмкіндігінше Тарихи шындыққа жақындатып карастыруымыз қажет.
Исламның табысты түрде түркілер арасына тарап, орнығуының бірнеше себептері болды. Түркілердің ислам дінін қабылдауына игі әсер еткен факгорларға, біріншіден түркілер қабылдаған басқа наным-сенімдердің жеткіліксіздігін жатқызуға болар еді. Ұзақ жылдар бойы әкімшілік - әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді, дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздін тарихы мен діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті, түркілердің қай заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, діл мен руханиятгың қалыптасуына игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ даласына біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінін ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ислам діні қысқа уақыттың ішінде түркі халықтарының дүниетанымы, өмір салты, мәдениеті мен тәлім-тәрбиесінің бағыт-бағдарын анықтайтын серпінді күшке айналды[1, 3-5б.]. Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи, Аббаси, Селжұқ, Қарахан патшалықтары секілді әлемдік мемлекеттердің ресми діні болған дәуірде, азат етілген немесе олжаланған өңірлердің тұрғындарын жаппай дінге енгізу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байкалмайды. Әуелі, мұсылман еместерді мұсылмандандыру туралы қажеттілік һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен вассалдыққа алынған елдерге толық еркіндік берілген. Ислам билігіндегі иудей. несториан, православ, католик, будда діндерінің өкілдері шат-шадыман өмір сүрген. Олардың өз дінін. тілін, әліппесін һәм ежелгі салт дәстүрін емін-еркін сақтап келгені айқын.
Бұл елдерде Ислам дінінің жайылуы ғасырларға созылған табиғи процестерден кейін, яғни қабылдаушы адамдардың өз ықтиярымен болғаны байқалады. Мұсылман билеушілердің әділдігін көріп, осы діннің өкілдерінің таң қаларлық сипаттарымен танысқан басқа дін уәкілдері аралас-құралас мұсылман қоғамдарын қалыптастырған. 1372 ж. қайтыс болған ибни Кәсирдің "әл-Бидая уән-Нихая" атты кітабында айтуына қарағанда, Мұса ибн Нусайр Солтүстік Африка аймақтарын мұсылман билігіне қосқаннан соң, жергілікті халықтар еркінше иман келтірген. Түркістан өңіріне Ислам билігін әкелген басшылардың аса даңқтысы, ақылгөйі һәм әскербасы Ғазы Қүтайба ибн Мүслім еді. Аталмыш кітапта ибни Кәсир былай дейді: "Қүтайба Мүслімұлының еңбегімен шексіз көп адам мұсылман болды, олардың дәл санын Аллаһ Тагала ғана біледі" [2, 294-295 б.].
Әсіресе, X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалады, Сол кездегі Орта Азия мен Қазақстан тұрғындарының лек-лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Маселен, 960 ж. 200 мың шатыр (үй/түтін) түркі халқы Ислам дінін қабылдаған. Ұзақ саны 2 миллионға жететін осы көпшіліктің мұсылмандыққа кіруі адамзат және түркі халықтарының тарихындағы аса ірі уақиға. 1232 ж. қайтыс болған көрнекті тарихшы ибн әл-Әсир осы уақиғаны қысқа һәм нұсқа қылып келтірген; "Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды", - дейді.
Шындығына келгенде, Әмәуи дәуірінде басталып, Аббаси дәуірінде кемеліне жеткен түрік қуаты, түрік факторы 10 ғасырдан астам уақыт Ислам дінінің кызметшісі һәм қылышы болған. Ғалым В,В. Бартольд бұл туралы былай ден жазған: "Турки на востоке, как берберы на западе, вообще выступали в роли защитников религии в тех странах, где представители религии вели борьбу с правительством" [3, 65-б.]. Ислам дінінің осы күнгі жағырапияларға таралуында, ғылым-білім, техника, өнер салаларындағы теңдессіз туындыларда түркі халықтарының үлесі аса зор.
Мұхаммед пайғамбардың замандас түрік қағандығы және түріктер туралы хабардар болғаны, тіпті түріктер хақында хадисге айтқаны көптеген әдебиеггерде келтіріледі. "Түріктер сендерге тиіспесе, сендер де оларға тиіспендер", секілді хадистер осының айғағы. Ұзак ғасырлар бойы Ислам әлемінің дүние жүзілік саясатгағы уәкілшілігін түркілер жасағаны мәлім. Негізінен б.з.д. ғасырларда белгілі мөлшерде отырықшы болған, кейін көбінесе көшпелі өмір салтын ұстанған түркі халықтары ұлан-ғайыр аумаққа тарап, әр түрлі бөтен ұлттармен бірге өмір сүріп, олардың мәдениетінің, діні мен тілінің әсеріне ұшыраған. Мәдени ықпалданудың қаншалықты дәрежеге жеткені Орхон тастарында, түрік қағанаты құлап бара жатқан шақтың өзінде ел билеуші ханзадалардың, бекзаттардың, ақсүйекгердің табғачтарға (қытайларға) еліктегені, ат пен атақтарын қытайшалағаны суреттелгені ашына мысал етіледі.
Атақты түрік билеушісі Білге қаған буддизмді түрік мемлекетінің ресми дініне айналдыру туралы ұсыныс жасағанды. Ол, "Қытай патша әулетінің ресми, мемлекеттік діні бар, түрік мемлекетінің де ұлттык, діні болу керек" деп, осындай сйға келеді. Алайда, қытай елінде оқып, тәлім-тәрбие алған Тонікөк (644/646-731) уәзір, қағанға будда дінінің түріктердің жауынгерлік рухына сәйкес келмейтінін, мемлекеттік билікке кері ықпал тигізетінін айтып, әрең-зорға дегенде райынан қайтарады [4, 210-б.].
Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері һәм жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды. Еуропалықтар үшін түрік және мұсылман атаулары мағына жағынан тым жақын сөздерге айналды, тіпті синоним болып кетгі десек жаңылмаспыз. Түркілер Африка құрлығының ішкі аймақтарында, Еуропаның орталық елдерінде, Азия құрлығының көптеген түкпірлерінде исламдық құрылымдар мен ұғымдарды апарған орналастырған, әділеттіліктің белгісіне айналған мұсылман халқы болды. Түріктер бұрынғы діндердің ешқайсысына осындай берік болып, құрбандыққа жанын қиған емес еді.
Ислам діні түркілердің ұлггық қасиеттерін қорғап қана қалмай, одан әрі дамытқан фактор болды. Бұл шындық тек түркілер үшін емес, Ислам дінін қабылдаған басқа ұлттардың барлығы үшін де жарамды. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының ешқайсысы да арабтанбаған Керісінше, арабтар, парсылар және монғолдар түріктеніп кетті, Мұны академик В.В. Бартольдтің сөздері дәлелдейді: "Түріктердің араб-парсы мәдениетіне толықтай берілуі ешқайда болған емес, түрікгердің өз тілін жоғалтуы да ешқайда кездескен емес" [3,382-б.|. Исламият дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіне, үйретілуіне. жоғары оқу орындарында (медреселер) сабақ ретінде оқытылуына мумкіндік жасалды. Мұның бәрі де мұсылмандардың түрік тілін зерттеуге һәм үйретуге қатты назар бөлгенін дәлелдейді. Осы діни-рухани негізде бұрынғы Түрік қағанатынан қалған түркілік империялық пиғыл жаңа, Исламдық сипат алды. Тәңірі қолдауына ие түркі мемлекеті, түркі халқына қоса енді түркі тілінің, мәдениетінің даңқы дәріптелді. М. Қашқари бұл тұрғыда: "Егер сіз түрік жебесінен құтылғыңыз келсе онда олардың тілін үйреніңіз!" [5, 196-197 б.] ден шын мәнісінде осы кезде дәрежесі төмендеп, ассимиляциялық үрдіске іліне бастаған турік тілін көтермелегісі келді. Ал басқа дінге енген түркі тектес халықтардың тілден жене ұлттық қасиетгерден айырылғаны байқалады: бұлғарлар (Дунайлық) мен мажарлар осының дәлелі.
Ислам діні біріктіруші, бірлестіруші дін. Өзінің аясына кірген барлық халықтарды, ұлтгар мен ұлыстарды өңіне, санына, байлығына қарамастан біріктірген, бір күмбездің астында араластырған дін [6, 343-344 б.]. Сонау Балқан елдеріндегі түркі халықтары мен қазақтардың яки ұйғырлардың тәржімәшісіз сөйлесіп, бірін-бірі ұғынысып жатқаны, әрине Исламның берекешілділігі, ұйымшылдығы. Ал, жағырапия жағынан түбімізде тұрған, бірақ басқа діндерге ауып кеткен хакас, тува, саха секілді түркі тілді халықтармен не орысша немесе аудармашы арқалы ғана сөйлесе аламыз. Демек, Ислам дініндегі түркілер ғана емес, барлық мұсылмандар жалпы ортақ дәстүрге, сезімге, түсінікке ие.