Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа
Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.
Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................
Түркілер Исяамиятты қабылдаған соң Ислам әлемінде өздеріне тән мәртебелі орынды иемденді. Алғашында арабтардың басқаруында болған олар кейінірек саяси һәм әскери салада аса маңызды күшке қол жеткізді. Жазба құжаттарда арабтардың түркілерді Исламнан бұрынырақ аз да болса білетіні туралы мәліметтер келтіріледі. Екі халықтың тығыз қарым-қатынасы халифа Әділетті Омар кезінде Иран мен Хорасан өлкелерінің мұсылман билігіне енуінен кейін басталды. Деректер халифа әл-Мансур дәуірін (754-775) түркілер Ислам әлемін терең сіңіп, үстем күш бола бастаған кезең деп белгілейді. Халифа әл-Мамүн билеген 813-833 жж. Орта Азия мен Қазақстан аймақтарынын маңыздылығы арта түседі. Оның билігі кезінде халифалықта түркілердің күш-қуаты мейлінше артады. Халифа әл-Мұгтасым (833-842) дәуірінде түркілердің халифат әскеріндегі маңызы одан әрі артып, әскердің басым көпшілігі түркілерден ғана құралатын болады. Олардың ішінен көптеген мемлекет қайраткерлері мен колбасшылар шықты. Түркілерден құралған түмендердің қаһармандығы мен соғыс өнері мұсылман елдерінде ғана емес, сонымен қатар басқа да алып мемлекеттерде аңызға айналды. Бартольдтың пікірінше мұсылмандардың Византияны (395-1453) түбегейлі жеңіліске ұшыратуы халифалықта түрік билігі орнағаннан кейін ғана мүмкін болған [3, 83-б.].
Исламның кәрі құрлық Азияның шар тарапында таралуы, арабтардың Орталық Алиядағы халықтарды түріктер деп жалпылап атауы және турік атаулылардың билігінің бірте-бірте күшейіп, аяғында Бағдадтағы халифаны өздеріне қаратуы түрік тілінің Орта Азия меи Орта Шығыста жылдам тарап, кей жағдайларда мемлекетпк тіл деңгейіне көтерілуіне игі әсер еткенін айтуымыз керек. Түрік тілі сонау XIII ғ. Ислам әлеміндегі 3 әдебиет тілінің бірі болды; олар араб, парсы және түрік тілдері.
Ислам діні түркі халықтарының ұлттық қасиеттерін сақтап қалды, түрік тілі мемлекеттік мәртебеге жетті, ежелгі ақьндар мен қамдардың тілі деңгейінен көтеріліп, халықаралық тілге айналды. Түрікше ресми, әдебиет, өнер, ғылым тілі болды. Ислам дінінің ұстанымдарын берік ұстанған түркілер билеуші саптың алдыңғы қатарында жүрді. Мұның нәтижесінде түркілердің жерін шауып, үлкен қасіретке себеп болған моңғолдардың басым көпшілігі түріктеніп және мұсылманданып кетті. Оңтүстік Сібір мен Моңғолияда қалған моңғол тайпалары (бурят, калка т.б.) ғана бұл процестен тыс қалды, бірақ, олар қытай-тибет мәдениетінің әееріне ұшырап буддизмді қабылдады [2, 325 б.]. Ислам дінін қабылдауы "мансапқор" түркілер үшін қоғамдық өмірде және халықаралық сахнада жаңа бір саяси, әлеуметтік және мәдени келешегін жолын ашты. Яғни, Ислам моиотеистік діннің соңғы жетілген нұсқасы регінде түркілердің этнопсихологиясына тез сіңіп бейімделген болатын. Мәселен, Ислам діні басқа діндерден гөрі адамдардың өз әлеуметтік-тұрмыстық табиғатын барынша жетілдіруге жағдай туғызды. Ислам түркілердің бойында өмірлік белсенділігін арттырып, саясат, экономика, тіпті соғысиен шұғылдануға мүмкіндік беріп, түркі жұртының бойында рухани мен материалдық, ұлттық пен жалпы адамдық, қатаң билеу мен демократия арасында белгілі бір тума теңдестікті тудырды.
Ал, түркілердің Ислам дінін қабылдауының алғышартгары мен исламды қабылдау қарсаңындағы оміріне тоқталатын болсақ, VIII-IX ғасырларда біртұтастығынан айырылған түркі ұлыстары жекелеген тайпалар мен билеушілердің табанды әрекеттеріне қарамастан, бұрынғы даңқы мен билігіне қайта қол жеткізе алмады. Олар іс жүзінде тәуелсіздіктерінен айырылып, қандай да бір дүниетанымдық бағдарсыз, саяси мақсатсыз, бей-берекет өмір кешті. Ортағасырлық түркі қоғамындағы идеология да дағдарысқа ұшырап, дәстүрлі билік өзгеріске түсті. Мысалы, VII-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерін талдау барысында бақсылардың мемлекеттік маңызға ие тұлға екандіктері байқалмайды. Кейіннен түркі қағанатының әлсіреуімен діни идеология дағдарысқа ұшырағанда бақсы-шамандардың маңызды әлеуметтік рөлге ие болғандығын байқауға болады. Осы орайда «Худут әл-аламның» анонимді авторы: "ғұздар әрбір әдемі, ғажайып нәрсеге табынды. Олар емшілерді құрметтеді. Оларды көрген бойда табынды. Бұл емшілер олардың (түркілердің) өмірлері мен мүлкін иемденді", [2, Н2-83 б.] деп жазуына қарағанда бұрынғы шаман-бақсылар енді мемлекетгегі маңызды тұлғаларға айналғандығын байқауға болады.
Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы идеологиялық дағдарысқа ұшырағанда, түркі билеушілері ел үшін жаңа идея іздеді. Ал әлемдік діндердің бірқатары түркі мемлекеттерінде жетекші идеялық дәрежеге жетуге ұмтылып, миссиоиерлікпен айналысты. Солардың негізгілері христиаң, иудаизм және манихей діндері түркі билеушілерінің назарына олқылықтың орнын толтырар идея ретінде ілікті. Бірақ, бұл ілімдер түркілердін дәстүрлі дүниетанымымен рухани, өркениеттік тұрғыда сәйкес келе алмады. Осы дінді қабылдаған түркілер не осы дінді ұстанушы халықпен ассимиляцияға түсті, не өздеріне тән мәдени-шаруашылық ерекшеліктерінен ада болып, бұрынғы саяси белсенділіктерінен айырылды.
Осы кезеңдегі түркі қоғамындагы идеологиялық дағдарыстар жайлы .Д Нұрғазина өз еңбегінде "дәстүр солып, мағынасын жоғалтып, тіпті сол табиғи дін, мифология баяғысынан айырылып, өңін айналдырып, ішінен тоқырады, зайырланды. Өтпелі кезеңде түркілер өзара толассыз қырқыс үстінде, тіпті тәңіршілдіктің аз да болса рухынан, этикасынан айырылған дөрекі тайпалар еді, дәлірек айтсақ, затшылдық рухы, дүниеқоңыздық бойларын жеңген тобырға айнала бастаған. Айналысқандары - шабуыл, барымта, өз қандастарын тұтқыңдап, Хорезм мен Мәуереннахрдың базарларына апарып сатты" [7, 82 6] деп жазады. Л.Н.Гумилев діни идиологияның дағдарысы жайлы "халықтың пассионарлық қуатының төмендеуі этникалық жүйенің соңғы фазас - ыдырауға жетелейді. Халықтың жауынгерлік рухы әлсіреп, соғысқа. келмеді. Тыныштықты қалады. Хан төңірегіне топтасқан адамдардан гөрі оған разы емес көңіл күйдегі адамдар саны өсті. Халық көңіл кетеруге икем болды. Көшпенділер арасында ұрлық, соғыста жаны үшін қарсылас тарадқа тұгқынға берәле салу етек алды" [4, 266 б.] деп жазады.
Ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстанда саяси-идеологиялык үстемдікке ие болған Ислам діні өзінің шынайылылығымен дәл осы кезеңде саяси-экономикалық, рухани-мәдени дағдарысқа тап келген осы территорияны мекендеген түркі қоғамын қайта түлеуге лайықты жүйе болды. Ислам халық азып-тозып, көптеген бір-біріне қарсылас ру-тайпаларға ыдырағанда қоғамды идеялық тұрғыда біріктірді. Түркі мемлекеттілігінің дағдарысқа ұшырап, түркі коғамы терең рухани-мәдени тығырыққа тірелгенде Ислам қоғамдық танымның ортақ құндылықтарының тар рулық шеңберден көтеріліп, қалыптасуына әсер етті Ислам көптеген түркі ру-тайпалары үшін ортақ ішкі және сыртқы бағдарды белгілеп бергеп көзқарастар мен идеялардың ортақ кешенін қалыптастырды. Ортақ мәдени типтердің қалыптасуы өз кезегінде білім мен ағартудың біртұтас кешенін қалыптастырды. Бұл құлықтық құндылықтардың жаңа деңгейге көтерілуіне түбегейлі әсер етті. Түркі мемлекеттерінің бұрынғы данқы мен түркілердің төмендеген рухын қайта көтеруде Ислам дінінің мүмкіншіліктері кеңінен пайдаланылды. Ислам әлемінде жаңа пайда болған түркі мемлекетінін жаңа қауымдастықта лайықты орынды иеленуді заңдастыруға бағытталған Шығыстан келіп жаулап алушы халықтар туралы болжамдар енді, Ислам дәуірінде, Исламдық діни жазбаларда, әсіресе хадистерде кең көрініс тапты. Х-ХІ ғасырлардағы Ислам әлемінің дін өкілдері үшін, академик В.В. Бартольд айтқандай, шығыстағы туркілер, батыстағы берберлер сияқты дінді құтқарушылар рөліне ие болды. Түркілердің батысқа қозғалысының алдын-ала болжайтын Мұхаммед пайғамбардан жеткен хадистер келтіріле басталды. М. Қашқари Пайғамбарымызға түскен хадистің бірінде "Менің шығыста бір әсқерім бар, түрік деген, егер мен бір халыққа ашулансам, онда оларды жазалауға осы әскерімді жіберемін" [5. 196 б.] деп келтірген, Кеңес дәуірі тұсында ұзақ жылдар бойы қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің Исламдану үдерісі біржақты, субъективті түрде қарастырылып келді. Яғни, түркілердің Ислам дінін қабылдауы ықтиярсыз, күштеп енгізілген дін сииатында ғана зерттелді Осы дәуірде марксизм идеологиясына сәйкес, атеистік. оқыту тұрғысынпн ғылыми және тәжірибелік тұрғыда дәлелденбеген түрлі ой-иікірлердегі еңбектер жарық көрді. Түркілердің Исламды қабылдауының себеп-салдарына терең анализ жасамастан, тек партияның алға қойғаи дінсіздендіру саясатына жағам деушілердің еңбектерінің жарық көруі және олардың жалпы халыққа насихатталуы, өкінішке орай, Кеңес дәуіріндегі біздің елімізге тән құбылыс. Осы солақай саясаттың нәтижесін әлі де көріп келеміз. Дегенмен мұндай дөрекі бұрмалаушылықтың жалған екенін өмірдің өзі көрсетті. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері бұл мәселе тұрғысыпан жаңаша объективті көзқарастағы зерттеулер жарыққа шықты. Егеменді еліміздің азаматтарында тол тарихқа, дінге, рухани құндылықтарға деген ұлкен бетбұрыс байқалды.
Шындығына келгенде, Ислам діні қазіргі Қазақстан аумағына бейбіт түрде тараған. Халифат билеушілері Қазақстанның көп бөлігін мекендеген түркі тайпаларын Исламға кіргізу үшін тек бейбіт уағыздаушылық пен ағартушылық тәсілдерін қолданды. Отан тарихы ғылымында кеңес заманынан бері қалыптасқаи "араб жаугершілігі" деген түсінігі қате, себебі оны басқаша түсіну қажет. Яғни, VIII ғ. бастап - X ғ. ортасына дейін қазіргі Қазақстан жерінде арабтардың ата-бабамыз түркілерлермен жанжалдасу емес, қайта бейбіт сұхбаттасу және өзара мәдени тану көріністері орын алды, Әлкисса, арабтар көбінесе саяси, мәдени дағдарысты бастан кешіп жүрген түркі халықтарына өзінің мәдени ықпалы арқасында Ислам дінін енгізді. Ал, түркілердін Ислам дінін қабылдау мерзіміне келетін болсақ, қазіргі Отан тарихи ғылымьнда түркілердің мұсылмандықты қабылдауына байланысты барлығын қанағаттандыратын ортақ бір пікір жоқ. Бұрын кенестік заманда бұл мерзім 960 жылдары шамасындағы Қарахан билеушісі - Сатұқ Боғра ханның Ислам дініне өз елінде мемлекеттік дін мәртебесін берумен айқындалды. Алайда түркі тайпалардың Ислам дінін бұл мерзімнен бұрынырақ кабылдағаны туралы бірнеше дерек мәліметтер бар: мысалы. Хазар мемлекеті 732 жылы Ислам дініне мемлекеттк мәртебе бергендігі туралы деректерді академик В.В. Бартольд өз еңбегіңде келтіреді. Сондықтан қазіргі Тәуелсіздік заманында бірқатар автордар бұл мәселені қайта қарастыруға бет бұрды. Дегенмен бұл мәселеде күні бүгінге дейін ғалымдар арасында бірауыздылык жоқ. Ендеше, бұл мәселені мүмкіндігінше Тарихи шындыққа жақындатып карастыруымыз қажет.
Исламның табысты түрде түркілер арасына тарап, орнығуының бірнеше себептері болды. Түркілердің ислам дінін қабылдауына игі әсер еткен факторларға, біріншіден түркілер қабылдаған басқа наным-сенімдердің жеткіліксіздігін жатқызуға болар еді.
Осылайша, көшпенділердің жаңа дінді қабылдауы олардын әлемдік ауқымды оқиғаларға кеңінен араласуға серпін берді. Өздерін ислам жауынгерлеріміз деп санаған түркілер Ислам шекарасынын кеңеюіне, бастаиқыда өз тайпаластарының, кейін өзге территориялық аймақтар мен этникалық бірлестіктерге діни соғыстар жүргізуге кірісті. Олар енді Ертіске дейін өтіп, жаңа дінді өзге түркілер арасына таратты. Солтүстік пен шығыстағы көшпенділерді бағындыруда Ислам құндылықтарын желеу етті. Осындай рухани өзгеріспен катар. түркілср жаңа діннің ресми идеологияға айналуымен өздерін жаңа дінді таратушы ретінде таныта бастады.
Ислам өркениеті түркілік сарынмен толыгып, кемелдеве түсті. Олар қол астындағы елдерді бір орталыққа біріктіріп, тәртіп; орнатып қана қоймай, осы елдердің мәдениетінің қалыптасып. дамуын қадағалап, мұрындық болды. Сонымен Исламның түркі мемлекетінде ресми дәрежеге жетумен діни идеология қайта тірілді. Бұл жолы түркі билеушілері түркі елі идеясын Ислам-түрік елдік идеясымен алмастырды. Бұл өз кезегінде туркі қоғамын мұсылмандар және дәстүрлі дүниетанымда қалғандар деп екі этномәдени топтарға бөлінуіне алып келді. Дегенмен, исламданған түркі қоғамында дәстүрлі түркілік дүниетаным Ислам құндылыктары мен толығъш, елдік идеяның екінші өмірі басталды. Бұрынғы көшпенділерден қалған, терең дағдарысты бастан кешірген дүниетаным Ислам шапанын жамылып, өз емірін қайта жалғастырды. Ислам дәуірінің бастапқы кезеңінде жаңа дінге қайшы, дөрекі, тек көшпеяділерге тән саналған дәетүрлі туркілік дүниетаным болмай қоймайтын синтезге түсіп, Исламмен біте қайнасты. Исламның материалдық мәдеиниетіне де түркі дүниеганымының элементтері енді.
Қорытынды
633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен жаулап алушылык жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік облыстарына жақындады.
Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңда Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындасушылық белең алды. Шаруашылық қарым-қатынастар ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бұл факторлар араб жаулап алушыларына бірлесіп тойтарыс беруді ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды
Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс жағындағы аймақ - Мауараннахрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Пайкендке (Бұхараға таяу) қарай беттеді Түргештер соғдылықтарға көмекке келді. Түріктер мен соғдылардың біріккен қолы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бұхара облысындағы қала) ұрыссыз алды, бірақ жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауараннахрға тағы да аттанып, Бұхараның маңына таяп келді. Түрік-соғды тобы араб әскеріне елеулі соққы берді. Кутейба тағы да алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархұнды түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды. Мұсылмандың табынушылыққа өте-мөте құлай берілгендер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды 766 жылы жаулап алып, онда саяси билігін жүргізіп тұрған қарлұқтар болды. Олар мұсылман дінін, тіпті сонау Мехди халиф (775—785) кезінде қабылдады деген пікір де бар[11]. Алайда, бұл олардың бәрін бірдей қамтымаған тәрізді, өйткені қарлұқтарға қарайтын Таразды Исмаил ибн Ахмед 893 жылы басып алып, «осы қаланың бас шіркеуін мешітке айналдырды» [12].
Сондай-ақ, ислам дінінің XI-XII ғасырларда қыпшақтар арасына да тарағаны жөнінде деректер бар[13]. Археологтар тапқан IX-XIII ғасырлардың қазба ескерткіштері осы өлкеде қалалық мұсылмандық мәдениет қалыптасқанын дәлелдей түседі. Тараз бен Меркедегі шіркеулер мешіттерге айналған. Ислам дінін ұстаушылар қатары көбейе түсуіне қарай қалаларда алқалық ғибадат мешіттері салына бастайды[14]. Кедерде салынған солардың біреуі жөнінде ал-Макдиси хабарлайды[15]. Мұндай мешіт қалдықтары Кедермен тең саналатын ескі Құйрықтөбе қаласы жұртын қазғанда табылды. Мешіт қаланың орталық көшелері қиылысында болған.