Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:43, дипломная работа

Краткое описание

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері және жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3-9
1 8 –12 ғасырлардағы Орта Азияға арабтардың келуі және қала мен дала мәдениеті
1.1 Ерте орта ғасырлардағы Арабтар мен түркілердің орта Азиядағы саяси тарихы.........................................................................................................................10-20
1.2 Арабтардың түркілер арасында ислам дінінің орнығуы үшін күресі...........................................................................................................................21-32
2 Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
2.1 Араб мәдениетінің Орта Азиядағы сәулет - құрылыс, қала құрылымына тигізген әсері...............................................................................................................33-41
2.2 Мұсылман ренессансына өзіндік үлесін қосқан түркі оқымыстылары.........................................................................................................42-52
2.3 Түркілік дүниетаным мен ислам діні ортақтықтары......................................53-60
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................

Содержимое работы - 1 файл

диплом.doc

— 501.00 Кб (Скачать файл)

Жетісудың аса ірі қалаларының бірі - Баласағұндағы мешіт құрылысы X-XI ғасырларға жатады. Мешіттің жұлынтұтасы сақталмағанымен, оның минарет мұнарасы осы күнге дейін қала жұрты үйінділерінен сорайып шығьш тұр.

Исламның табысты түрде түркілер арасына тарап, орнығуының бірнеше себептері болды. Түркілердің ислам дінін қабылдауына игі әсер еткен факгорларға, біріншіден түркілер қабылдаған басқа наным-сенімдердің жеткіліксіздігін жатқызуға болар еді. Түркілердің Ислам дінін қабыддауыңда, олар ұстанған басқа діндердін рухани-материалдық жағын:шадамдардьіқшагаттанд>ірудажеткшксізболғаюгі, примнитивті нанымдар мен аңыз – ертегілерге негізделген сенімдер ислам мен жарыса алмауы маңызды фактор болды. Ұзақ жылдар бойы әкімшілік - әміршілік жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған ұлттық болмысымызды, тілімізді, дінімізді, тарихымызды білуге еліміз егемендік алғаннан кейін ғана жол ашылды. Соңғы жылдары қазақ халқының тарихы, дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздін тарихы мен діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы ғылыми зерттеулер жарыққа шыға бастады. Сол себепті, түркілердің қай заманда, қай жағдайда ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, діл мен руханиятгың қалыптасуына игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ даласына біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінін ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласына үлкен Ислам өркениеті келді. Ислам діні қысқа уақыттың ішінде түркі халықтарының дүниетанымы, өмір салты, мәдениеті мен тәлім-тәрбиесінің бағыт-бағдарын анықтайтын серпінді күшке айналды[1, 3-5б.]. Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи, Аббаси, Селжұқ, Қарахан патшалықтары секілді әлемдік мемлекеттердің ресми діні болған дәуірде, азат етілген немесе олжаланған өңірлердің тұрғындарын жаппай дінге енгізу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байкалмайды. Әуелі, мұсылман еместерді мұсылмандандыру туралы қажеттілік һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен вассалдыққа алынған елдерге толық еркіндік берілген. Ислам билігіндегі иудей. несториан, православ, католик, будда діндерінің өкілдері шат-шадыман өмір сүрген. Олардың өз дінін. тілін, әліппесін һәм ежелгі салт дәстүрін емін-еркін сақтап келгені айқын.

X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалады, Сол кездегі Орта Азия мен Қазақстан тұрғындарының Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Маселен, 960 ж. 200 мың шатыр  түркі халқы Ислам дінін қабылдаған. Ұзақ саны 2 миллионға жететін осы көпшіліктің мұсылмандыққа кіруі адамзат және түркі халықтарының тарихындағы аса ірі оқиға. 1232 ж. қайтыс болған көрнекті тарихшы ибн әл-Әсир осы уақиғаны қысқа һәм нұсқа қылып келтірген; "Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды", - дейді.

Шындығына келгенде, Әмәуи дәуірінде басталып, Аббаси дәуірінде кемеліне жеткен түрік қуаты, түрік факторы 10 ғасырдан астам уақыт Ислам дінінің кызметшісі һәм қылышы болған. Ғалым В.В.Бартольд бұл туралы былай деп жазған: "Турки на востоке, как берберы на западе, вообще выступали в роли защитников религии в тех странах, где представители религии вели борьбу с правительством" [3, 65-б.]. Ислам дінінің осы күнгі жағырапияларға таралуында, ғылым-білім, техника, өнер салаларындағы теңдессіз туындыларда түркі халықтарының үлесі аса зор.

Мұхаммед пайғамбардың замандас түрік қағандығы және түріктер туралы хабардар болғаны, тіпті түріктер халқын хадисте айтқаны көптеген әдебиеттерде келтіріледі. "Түріктер сендерге тиіспесе, сендер де оларға тиіспендер", секілді хадистер осының айғағы. Ұзак ғасырлар бойы Ислам әлемінің дүние жүзілік саясаттағы уәкілшілігін түркілер жасағаны мәлім. Негізінен б.з.д. ғасырларда белгілі мөлшерде отырықшы болған, кейін көбінесе көшпелі өмір салтын ұстанған түркі халықтары ұлан-ғайыр аумаққа тарап, әр түрлі бөтен ұлттармен бірге өмір сүріп, олардың мәдениетінің, діні мен тілінің әсеріне ұшыраған. Мәдени ықпалданудың қаншалықты дәрежеге жеткені Орхон тастарында, түрік қағанаты құлап бара жатқан шақтың өзінде ел билеуші ханзадалардың, бекзаттардың, ақсүйекгердің табғачтарға (қытайларға) еліктегені, ат пен атақтарын қытайшалағаны суреттелгені ашына мысал етіледі.

Атақты түрік билеушісі Білге қаған буддизмді түрік мемлекетінің ресми дініне айналдыру туралы ұсыныс жасаған. Ол, "Қытай патша әулетінің ресми мемлекеттік діні бар, түрік мемлекетінің де ұлттык діні болу керек" деп, осындай сйға келеді. Алайда, қытай елінде оқып, тәлім-тәрбие алған Тонікөк (644/646-731) уәзір, қағанға будда дінінің түріктердің жауынгерлік рухына сәйкес келмейтінін, мемлекеттік билікке кері ықпал тигізетінін айтып, әрең-зорға дегенде райынан қайтарады [4, 210-б.].

Ислам діні барша түріктердің біртұтас дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды тоқтатты, тілдің біркелкілігін сақтады. Түркілер исламның жауынгері һәм жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды. Еуропалықтар үшін түрік және мұсылман атаулары мағына жағынан тым жақын сөздерге айналды, тіпті синоним болып кетті десек жаңылмаспыз. Түркілер Африка құрлығының ішкі аймақтарында, Еуропаның орталық елдерінде, Азия құрлығының көптеген түпкірлерінде исламдық құрылымдар мен ұғымдарды апарған орналастырған, әділеттіліктің белгісіне айналған мұсылман халқы болды. Түріктер бұрынғы діндердің ешқайсысына осындай берік болып, құрбандыққа жанын қиған емес еді.

 

Қорыта айтқанда, біздің арғы ата-бабаларымыз - түркілер сонау VIII ғасырдап бастап Ислам дінін қабылдай бастады. Содан бастап, Исламият түріктердің басым көпшілігінің дініне айналды, олардың біртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды. тілдің біркелкілігін сактады. Түркілер Исламның жауынгері һәм жаршысы сипатыңда тарихта аса маңызды орынға ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі

 

1. Байпаков К. М. Раннесредневековые города и поселения Северо-Восточного Семиречья. // Новое в археологии Казахстана. Алматы, 1968.

 

2. Волин С. Л. Сведения арабских и персидских источников о долине
реки Талас и смежных районов. Алматы, 1960.

 

3. Беленицкий А.М. Бентович И.Б. Болъшаков О.Г. Средневековый город
Средней Азии. Л., 1973, 284-6.

4. Әділбаева III. Хадис - ғұрпымыз, сүннет - салтымыз.  Алматы, 2009.

5. Бұлұтай М.Ж. Ата - баба діні.  Түркілер неге мұсылман болды? Алматы, 2000.

 

6. Сыздықов С.М. Қарлық мемлекетінің тарихы: оқу құралы/ Алматы: «ҚАЗақпарат», 2000 - 216 б.

 

7. Гумилев Л.Н. Древние Тюрки. Москва 1993.

 

8. Жеңіс Ж. Ортағасырлардағы Исламданған түркі мемлекеттеріндегі діни идеология.   Алматы, 2007.

 

9. Түркістан халықаралық энциклопедия / Бас редактор Нысанбаев Ә. - Алматы, 2000.

 

10. Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко-культорологическое исследование) Монография.  Алматы, 2000.

 

11. Мүхтасар. Аударған Жәмішұлы Ә. - Алматы: Жазушы, 1992. - 208 6.

 

12. Махмүт Қашқари Түрік сөздігі.  Алматы: Хат, 1998.

 

13. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді. - Астана: Фолиант, 2001. -176 6.

 

14. Есім Ғ. Артемьев А.И.  Қанаев С. Білолова Г. - Алматы: Білім, 2003. - 156 6.

 

15. Кенжалиев М. Тәңір. // Ақиқат. - 1997. - 30 маусым. - №6.

 

16. К.А.Акишев, К.М. Байпаков, Л.Б.Ерзакович Древний Отрар.Алматы, 1972.

17. А.Е.Алекторов. Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах. Казань, 1990.

 

18. Энциклопедиялық анықтама. Алматы, 1983.

 

19. Костенко Д. Очерки Семиречинского края. Военный сборник. 1872.

 

20. Кадырбаев А.Ш. Очерки и истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов, и кереитов. Алматы 1983.

 

21. Асфендияров С.Д. Прошлое в источниках и материалах. Москва, 1986.

 

22. Акинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекого Казахстана Алматы, 1989.

 

23. Әбдірахманов А.  Тапонимика және этимология Алматы, 1975.

 

24. Байпаков К.М.  По следам древних городов Казахстана. Алматы,1990.

 

25. Байпаков  К.М. История древного Казахстана. Алматы, 1994.

 

26. Байпаков  К.М. По великому шелковому пути. Алматы, 1991.

 

27. К.М. Байпаков. Средневековая городская культура южного Казахстана и Семиречья VI-начала  XIII вв.Алматы. 1986.

 

28. Бартольд В.В. Работы по истории средней Азии, очерк истории Семиречья. Соч.т. 2,ч. Москва, 1953.

 

29. ГумилевЛ.Н. Хунны в Китае. Москва, 1974.

 

30. ГумилевЛ.Н.Древние тюрки. Москва, 1967

 

31. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1956.

 

 

32. Волин С Л. Сведения арабских и персидских источников IX-XVI вв. о
долине реки Талас и смежных районов. // Тр. ИИАЭ АН КазССР, 1960.

 

33.. Ал-Иакуби. Тарих. Изд, Хоутсма. Т. II, 344-б.

 

34. История ат-Табари.

.

 

 

35. Ибн ал-Асир. Китаб ал-камил фи-т-тарих. Изд. Торнберга. Т. V, 344-б.

 

36. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч., т. I, М.,1963, 259-б.

 

37. Беленицкий А. М. Бентович И. Б. Большаков 0. Г. Средневековый город Средней Азии. Л., 1973.

 

38. Ат-Табари. Тарих. Изд. де Гуе. Т. III, 707-б.;

 

39. Ал-Йакуби. Тарих. Изд. Хоутсма. Т. II, 528-б.

 

40. Ат-Табари. Тарих,

 

41. Ал-Азраки. Китаб ахбар ал-Макка, ч. I. Лейпциг, 1859.

 

42. Массон В. М. Успехи среднеазиатской археологии в изучении сре-дневекового города. // Средневековые города Средней Азии и Казахстана. Л., 1970.

 

43. Беленицкий А. М. Бентович И. Б. Большаков О. Г. Средневековый город , Средней Азии.

 

44. Волин   С.   Л.   Сведения арабских и персидских источников.

 

45.  Денике Б. П. Искусство Средней Азии. М., 1927.

 

46. Горячева В.Д. О локализации города Баласагуна. // Страницы истории и материальной культуры Киргизстана. Фрунзе, 1975.

 

47. Толстов С. И По древним дельтам Окса и Яксарта. М. 1962.

 

48. Бернштам А. Н. К происхождению мавзолея Бабаджи-Хатун

 

49. Нурмуханбетов Б. Н. Раннемусульманское кладбище близ города Куйрук-тобе. //В глубь веков.

 

50. Байпаков К.М. Городища типа «торткуль». // Археологические памят-
ники Казахстана. Алматы, 1978.

51. Писарчик А.К. Традиционные способы отопления жилищ оседлого населения Средней Азии. // Жилища народов Средней Азии и Казахстана. М, 1982.

 

 

52. Неразик Е.Е. Средневековые сельские постройки Хорезма в связи с
формированием некоторых типов жилищ оседлого населения Средней Азии. //
Жилища народов Средней Азии и Казахстана. М., 1982.

 

53. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия.   Москва 1963

.

54. Бартольд В. В. Очерк истории Семиречья. Соч. Т. П. ч. 1, М..,1963.  39-б

 

55. Бартольд В. В. Туркестен в эпоху   монгольского    нашествия.  

 

56. Бернштам А. Н. Баня древнего Тараза и ее датировка. //Тр. ОВГЭ. — Ленинград, 1940.

 

57. Писарчик А. К. Традиционные способы отопления жилищ оседлого населения Средней Азии. // Жилища народов Средней Азии и Казахстана. М, 1982.

 

58. Пугаченкова Г. А., Ремпель В. И. Самаркандские очажки. // Из истории
великого города. Ташкент, 1972.

 

60. Кожемяко П. Н. Раскопки жилищ горожан Х-ХІІ вв. на Краснореченском
городище. // Древняя и раннесредневековая культура Киргизстана. Фрун-
зе, 1967.

 

61. Буряков Ю.Ф. Генезис и этапы развития городской культуры Ташкентского оазиса. Ташкент, 1982.

 

62. Бубнова М. Средневековое поселение Актобе I у с. Орловка. // Археологические памятники Таласской долины. Фрунзе, 1963.

 

63. Байпаков К. М. Средневековая городская культура Южного Казахста-
на и Семиречья. Алматы, 1986.

 

64.Федоров-Давыдов Г.А. Вайнер И. С. Мухамадиев А.Г. Археологические исследования Царевского городища (Новый Сарай) в 1959-1966 гг. //
Поволжье в средние века. Москва, 1970.

 

65. Бартольд В.В. Тюрки- Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии.  Алматы, 1998.

 



Информация о работе Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)