Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:59, автореферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.

Содержимое работы - 1 файл

автореферат.doc

— 256.50 Кб (Скачать файл)

    Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында студенттерді біртіндеп  өзіндік жұмысты орындаудың саналы түрде және кәсіптік бағдармен орындайтындай  дәрежеге жеткізу мақсаты қойылды. Сондықтан да біріншіден өзіндік жұмыстың тақырыбын берумен қатар, оны жағдаяттандыру, яғни проблемалық ситуация тудыру; екіншіден пән аралық кіріктіру; үшіншіден, жекебасқа бағыттау; төртіншіден, оған зеттеушілік бағыт беру; бесіншіден, студенттің орындау формасы мен түрлерін және әдісін өзі таңдауына мүмкіндік тудыру жақтары ескеріліп отырды. Мұндай қатыс студенттердің логикалық ойлауын дамытып, өз ісіне жауапкершілігін арттырумен қатар, мәселені кәсіптік тұрғыдан, студент  ретінде қарастыра отырып шешуге жұмылдырды.

    Өзіндік жұмыстарды әр студенттің мүмкіндігіне қарай орындата отырып, оқу үрдісінде жаңа ізденістерге мүмкіндік алып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасаймыз. Сонымен қатар оқытушы студентке ақпарат беруші ғана емес, оны шығармашылық жұмысқа бағыттаушы, ізденуге жол көрсетуші және олардың дамуын қадағалап, кеткен кемшіліктерін өздеріне түзеттіріп отыруға мүмкіндік жасаушы ретінде қарым-қатысқа түседі.

    Қалыптастыру  экспериментін қорытындылау:

  1. Тест арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын анықтау;
  2. Студенттердің құзырлылық деңгейін  әңгімелесу кезінде байқау;
  3. Студенттердің жауаптары мен жазбаша жұмыстарының нәтижесін математикалық жолмен қорыту.

    Тәжірибелік-эксперимент  жұмысының кезеңдерінде жүргізілген  сауалнамалар мен бақылау кесінділері  нәтижесінде педагогика және кәсіби педагогикалық пәндерден білім беру үдерісінде өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру компоненттерінің даму  деңгейінің көрсеткіштерін кесте 1-ден, қорытынды динамикасын сурет 2 -ден көруге болады.

  Кесте 1 – Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері

Компоненттер Деңгейлер Экспериментке

дейін. %

Эксперименттен  кейін. %
БТ ЭТ БТ ЭТ
Мотивациялық-құндылылық Жоғары

Орта 

Төмен

  9,2

45,7

45,1

10,6

41,4

48,0

11,4

46,0

42,6

19,3

47,6

33,1

Мазмұндық Жоғары

Орта 

Төмен

10,2

52,1

37,7

12,8

52,2

35,0

12,4

57,5

30,1

24,7

66,8

  8,5

Нәтижелік-бағалау Жоғары

Орта 

Төмен

  8,8

38,0

53,2

  9,8

38,4

51,8

11,4

39,5

49,1

14,4

48,3

37,3

     Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі сараптаулар нәтижесі педагогикалық мамандық студенттерінің өзіндік жұмыстар арқылы кәсіби бағыттылығының қалыптасу деңгейі  бақылау топтары мен эксперимент топтарында  әрқалай жоғарылағанын көрсетеді.  

  

    Мазмұндық компонентте эксперименттік топтарда жоғары деңгейдің өсуі  11,9% көрсетсе, бақылау топтарында бұл көрсеткіш  2,2 %;  эксперименттік топтардағы  орта деңгейді құрайтын студенттер саны   14,6% -ке өссе, бақылау тобындағы бұл көрсеткіш 5,4%; эксперименттік топтарда студенттердің төменгі деңгейі 27%-ке азайса,  бақылау тобында 8% -ке азайды.

    Өзіндік жұмысты орындау барысында студенттердің  іс-әрекеті бірнеше психологиялық  үрдістен өтеді. Ең алдымен жұмысты  орындау барысында оның мазмұнын түсіну, қабылдау, ой елегінен өткізу арқылы студент өздігінен шешім қабылдау үшін еркіндік алу нәтижесінде өзіне деген сенімге ие болады. Сенім оның  келешекте әрекет ету барысындағы белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Ақыл –ойдың жүйелілігі мен дамуы жекебастың өмір тәжірибесінен және  әртүрлі білім саласынан алған ұғымдарының көлеміне байланысты екендігі белгілі болды. Олай болса, өзіндік жұмыс орындау кезіндегі түрлі ақыл-ой әрекетінің күрделенуі арқылы қабылдағанда ойда сақтау, қайта жаңғырту, керекті жерінде пайдалану біліктіліктері артатындығы байқалды.

      Зерттеу нәтижесінде эксперимент тобындағы студенттердің дайындық деңгейлерінің бақылау тобына қарағанда күрт жоғарылап, төмен деңгейді көрсеткіштерінің күрт төмендеуі олардың зерттеу проблемасының психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы меңгергендігінің нәтижесі деп айтуға болады.

    Сонымен, педагогикалық эксперимент нәтижелері біздің бастапқы болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді. 

ҚОРЫТЫНДЫ

    Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

        1. Ұсынылып отырған диссертациялық  зерттеу өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру арқылы бүгінгі күннің талабына сай болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісі теориялық тұрғыда негізделді. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мүмкіндіктері мен  қазіргі жағдайы анықталды.

    2.Студенттердің кәсіби бағыттылығын өзіндік жұмыстар арқылы қалыптас- тырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Нәтижесінде мотива- циялық-құндылылық,  мазмұндық,  нәтижелік-бағалау компоненттердің өзара байланыстылығын тұтастай ескере отырып, осы құрылымның өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді.

    3.Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың тиімділігі педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыздан- дырылды.

    4.Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптас- тырудың әдістемесі ұсынылды.

    5. Жоғары оқу орындарының кредиттік жүйеге көшу жағдайында өзіндік жұмысты ұйымдастыруды кәсіптік бағыт беру мәселесінің мазмұны жетілдіріліп  тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді.

    6. Зерттеу барысында жасалынған  ғылыми-әдістемелік еңбектерді жоғары  оқу орындарында және педагогикалық  мамандықтардың  студенттеріне педагогика, педагогикалық  пәндерінен мемлекеттік  аралық бақылауға өз бетімен  және оқытушы бақылауымен дайындалуда, педагогика саласы мамандарының болашақ кәсіби біліктілігін арттыру ісінде, қашықтықтан оқытуда пайдалану тиімді.

   Диссертациялық  зерттеу жұмыстарының нәтижесінде  мынадай ұсыныстар жасаймыз: 

  • Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың арнайы жүйелі-әдістемелік кешенін жетілдіру;
  • Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда оқу–тәрбие процесінде өзіндік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру;
  • Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі бойынша озат тәжірибені кеңінен насихаттау үшін оқытушылар мен студент жастарға семинарлар, тренингтер өткізіп, әдістемелік кеңестер ұйымдастырып, ашық сабақтар өткізу.

        Зерттеліп  отырған проблема күрделі болғандықтан  оның барлық салаларын терең  қамтып шығу мүмкін емес. Бірақ бұл проблеманың айқындалған жағдайлары болашақта өзіндік жұмыстар арқылы басқа мамандықта оқитын студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мәселесін зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз.

    Диссертацияның  мазмұны мынадай  басылымдарда жарияланады:

      1 Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі  және бастауыш білім берудің  психологиялық-педагогикалық негіздері.  Халықаралық конференция. -Алматы, 2003. Б. 150-153.

      2 Болашақ мамандардың кәсіби  бағыттылығын қалыптастыруда студенттердің  өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тоериялық мәселелері. Әдестемелік құрал. –Алматы: Riso, 2005 - 72 б.

      3 Сабақ процесіндегі оқытушы  шеберлігінің маңызы //Халықаралық  ғылыми–практикалық конференция.- Алматы, 2007. Б. 417-421. 

     4 Студенттердің өзіндік жұмыстары арқылы кәсіби бағытың қалыптастыру ерекшеліктері. // Халықаралық ғылыми – практикалық конференция.- Алматы, 2007. Б. 433-437.

     5 Студентермен жүргізілетін сабақ-  кәсіби біліктіліктің бастамасы. //Халықаралық ғылыми – практикалық  конференция.- Алматы, 2007. Б. 223-226.

    6 Организация самостоятельных работ студентов. //Материалы научной - практической конференции, Ташкент, 2008 С. 82-85.

    7 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыс түрлері //Қазақстан жоғары мектебі, № 3. 2008.- Б. 25-28.

    8 Студенттердің кәсіби бағытын қалыптастыру // Ұлт тағылымы , № 3. 2008.-Б.20-22.

    9 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастурудың ерекшелектері //Ізденіс , № 3. 2008.-Б. 240-242.

   10 Студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыруда белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық маңызы. //Халықаралық ғылыми–практикалық  конференция .-Алматы, 2009. Б. 97-99.

   11 Кәсіби бағытылықты қалыптастыруда  өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың  әдістері. //Наука и новые технологии. №9.2009, Бишкек. С. 137-139.

   12 Студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың мазмұны //Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы , № 3/28. 2009. -Б.149-153.

    13 Сабақ процесінде өзіндік жүмысты  ұйымдастырудың қазіргі жағдайы  мен мүмкіндіктері  //Халықаралық  ғылыми – практикалық  конференция .-Алматы , 2009. Б. 170-172.

     14 Жоғары оқу орындарында өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың әдіс  тәсілдері. //Алматы  ұлттық университетінің  Хабаршысы , № 2/2010. Б.149-153.

     15 Студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері //Халықаралық ғылыми–практикалық  конференция .-Алматы , 2009. Б. 130-133.

     16 Студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру //Халықаралық ғылыми  – практикалық  конференция.-Алматы , 2009. Б. 146-150.

     17 Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың маңызы, мүмкіндігі мен қазіргі жағдайы. Әдестемелік құрал.- Алматы: Арда, 2010.-125 б.

     18 Жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың түрлері. //Ізденіс , № 2/1. 2010.-Б. 230-233.(Б.Қ.Мухамеджановпен авторлық бірлестікте)

    19   Студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру жолдары. //Ізденіс  , № 2/2. 2010.-Б. 210-212.(Б.Қ.Мухамеджановпен  авторлық бірлестікте) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

РЕЗЮМЕ

ИСМАИЛОВА РОЗА БАЙЖУМАНОВНА 

Формирование  профессиональной направленности студентов через самостоятельную работу 

    13.00.01- Общая педагогика,  история педагогики  и образования, этнопедагогика 

    Актуальность  исследования. Социально-политические, экономические и культурологические изменения, происходящие в общественной жизни Республики Казахстан, остро ставят проблему формирования личности, способной активно включаться в современные преобразовательные процессы, реализовать свой творческий потенциал, готовой постоянно расширять свои возможности через систематическое самообразование и самосовершен- ствование.

    Одной из приоритетных задач системы образования  является формирование профессиональной направленности будущих специалистов.

    Актуальность  темы обусловлена эффективностью организации  самостоятельной работы в профессиональной направленности студентов.

    Цель  исследования: научно-теоретическое обоснование формирования профессиональной направленности студентов через самостоятельную работу и  разработка методики эскпериментально-практическое доказательство ее эффективности.

        Объект  исследования: учебный процесс в высших учебных заведениях.

    Предмет исследования: формирование профессиональной направленности студентов через самостоятельную работу.

    Задачи  исследования:

Информация о работе Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру