Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:59, автореферат

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.

Содержимое работы - 1 файл

автореферат.doc

— 256.50 Кб (Скачать файл)

ӘОЖ 378.6: 378.147.88                                                        Қолжазба құқығында  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ИСМАИЛОВА РОЗА БАЙЖУМАНОВНА 
 
 
 

Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің   кәсіби

бағыттылығын  қалыптастыру 
 
 

13.00.01 –  жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика 

педагогика  ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін  алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ 
 
 
 

                                                                           
 

                                                                          
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010 

   Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінде орындалған.  
 

   Ғылыми  жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,

                                                профессор Қ.А.Аймағамбетова 

                                                                  педагогика ғылымдарының докторы

                                                                  Б.Қ. Мухамеджанов 

   Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                 профессор  Қ.Қ.Шалғынбаева  

                                                                  педагогика ғылымдарының

                                                                  кандидаты, доцент  Е.А.Битабаров     
 
 

                Жетекші ұйым:  Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті      
                 
                 
                 

    Қорғау 2010 жылы «____» _________ сағат _____ Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, университет қалашығы,  Мәдениет орталығының Кіші мәжіліс залы.

    Диссертациямен  Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады (161200, Түркістан қаласы, университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кітапхана). 
 
 

    Автореферат 2010 жылы  «______»____________________ таратылды. 
 
 
 
 
 

    Диссертациялық  кеңестің

    Ғалым хатшысы  міндетін атқарушы                            Ералин Қ.Е.  

   

КІРІСПЕ

          Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек  етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.

    Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында  «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі  мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау.

        Студенттерге  кәсіби бағыттылықты қалыптастыру жолдарының бірі – білім беру үрдісінде олардың өзіндік жұмыстарын күшейту. Сол себептен де кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды негізгі мәселелерінің бірі ретінде қарауға тура келді. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға жағдай туады.

    Өзіндік жұмыс мәселесі бойынша біршама  алыс және таяу шетел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарының нысанасы еткен. Мәселен, Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Л.В.Усова т.б. өзіндік жұмыс түрлері мен мазмұнын жан-жақты зерттеген.

    Жоғары  оқу орындарында студенттердің  өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін Г.Ахметова, Н.Асанов,  А.К.Садыкова, К.Л.Гончарова қарастырды.

    Сонымен қоса, жоғары мектеп дидактикасының тұрғысынан студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың мәнін ашуға А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И.Кобыляцкий, Р.А.Низамов еңбектері арналды.

    Өзіндік жұмысты оқу үдерісінде жүйелі түрде  қолдану қажеттігі және жүйелік әдістің тиімділігі мен аспектілері У.Абдукаримова, В.К.Буряк, Т.Т.Галиев, Е.Я.Голант, К.Дүйсенбаев, Б.П.Есипов, Р.М.Микельсон, Е.С.Саблик, М.Н.Скаткин еңбектерінде негізделді.

    Студенттерің  өзіндік жұмысының ғылыми-теориялық, әдістемелік жақтарын жан-жақты талдап, оның студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктері зор.

    Жоғары  оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың теориялық, ғылыми, дидактикалық, әдістемелік негіздері және олардың  кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелері Ш.А.Абдраман, А.Р.Анасова,  Ы.А.Нәби, Ш.Т.Таубаева, Р.И.Бурганова, Б.Т.Кенжебеков, Қ.М.Кертаева, М.Кұрманов, М.А.Лигай, М.С.Мәлібекова, А.А.Саипов, Г.Ж.Меңлібекова, О.Ү.Мұсабеков, О.С.Сыздықов, К.М.Беркимбаев, Р.С.Омарова,  Г.К.Нұртаева, А.Н.Тесленко және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.

    Жоғары  оқу орындарындағы өзіндік жұмысты  ұйымдастыруда туындайтын қарама-қайшылықтар  және оны ұйымдастыру тиімділігінің  төмендігі жайында О.А.Абдуллина, Н.Г.Бакрадзе, С.И.Архангельский еңбектерінде айтылады.

    Өзіндік жұмыс үнемі оқытушының жол сілтеуімен, басшылық жасауымен ғана орындалып қана қоймай, соңғы кездегі тиімді жаңа технологиялар тұрғысынан алғанда бүгінгі студенттің, ертеңгі маманның жеке тұлғалық және кәсіптік бағыттылығын қалыптастыратындай деңгейге көтерілуі оның түрлерін, ұйымдастырылу жолдарын, қолданылатын әдістерді, олардың беретін нәтижесін педагогикалық тұрғыда теориялық және практикалық тұстарын жан-жақты зерттеуді және зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдануды керек етеді.

    Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп, өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастыру- дың педагогикалық-психологиялық мақсаты да  кешенді түрде өзгеріске ұшырады.

    Алайда, педагогика ғылымы мен практикасында  студенттердің өзіндік жұмысы кеңінен  қамтылғанмен, еліміздегі жоғары мектепте кредиттік оқыту жүйесін ендіруге байланысты білім беру парадигмасы өзгерген жағдайда студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі толық зерттелмегені анықталды. Жоғары мектеп, мемлекет, қоғам тарапынан болашақ мамандардың тұлғасы мен кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға қойылатын талаптар және кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің өзіндік жұмыстарының маңызының артуы оны тиімді ұйымдастыруды қажет етеді. Алайда, кредиттік оқыту жүйесінде өзіндік жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға қатысты нақты ғылыми-әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарының ғылыми тұрғыдан негізделмеуі мен кредиттік оқыту жүйесінде болашақ мамандардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру қажеттігі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалды.

    Осы қарама-қайшылықтардың айқындалуы зерттеудің проблемасын анықтады: ол студенттердің кәсіби бағыттылығын осы кредиттік оқыту жүйесіндегі білім мазмұнына сай жетілдіру үшін студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын іздеу болды. Қарастырып отырған проблеманың көкейкестілігі, оның теория және практика жүзінде жеткілікті зерттелмеуі және зерттеу проблемасын шешу мақсаты тақырыпты «Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

    Зерттеудің  нысаны: жоғары оқу орнындағы кәсіби даярлау үдерісі.

    Зерттеудің  пәні: жоғары оқу орнында студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесі.

    Зерттеудің  мақсаты: Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің   кәсіби бағыттылығын  қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.

    Зерттеудің  болжамы: егер, өзіндік жұмыс арқылы студенттердің   кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру теориялық тұрғыдан айқындалып, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары анықталып және сол шарттарға сәйкес ұйымдастырылса, өзіндік жұмыс түрлері әрбір тақырып мазмұнына сай алынып, оларды ұйымдастыру тиімді әдіс-тәсілдер арқылы тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандары даярланады, өйткені  бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.

    Зерттеудің  міндеттері.

    1.Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.

    2. Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау.

    3.Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.

    4.Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.

    Зерттеудің  жетекші идеясы: Өзіндік жұмыс  арқылы студенттердің   кәсіби бағыттылығын қалыптастыру қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіре түседі.

    Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: әрекет, еңбек әрекеті, жеке тұлға теориялары, кәсіптік еңбек әрекеті туралы философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық тұжырымдар; біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; тұлғаны дамытудағы әрекеттілік қатынастың  психологиялық тұжырымдамасы; кәсіптік білім беру мазмұнын құрудағы қазіргі кездегі тұжырымдамалар; кәсіби білім беру технологиялары саласындағы зерттеулер.

    Зерттеудің  ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

    - өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;

    - өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

    - өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын  қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

  • студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын  қалыптастыру әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

    Зерттеудің  көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан үкіметінің ресми құжаттары, ҚР «Білім туралы» Заңы, білім беру саясатының тұжырымдамасы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы,  ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, ҚР-сы Білім және Ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары, мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогика, психология, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар саласындағы ғылыми еңбектер; кредиттік оқыту жүйесіне қатысты материалдар, озық тәжірибелер, сонымен бірге диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.

    Зерттеудің  әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.

    Қорғауға  ұсынылатын негізгі  қағидалар:

    1. Студенттердің өзіндік жұмысы мүдде-мақсаттардан,  яғни жәй білім игеру, ептіліктер мен дағдылар иелену, сондай-ақ шығармашылық пен ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттерді меңгеруден - болашақ мұғалімдерді іштей және сырттай өзін-өзі ұйымдастыра білуге, қабылданған ақпаратпен белсенді-жасампаздық қатынас жасауға,  өзіндік білім жетілдірудің жеке дара бағытын түзе алу қабілетін дамытуға жетелейді.

    2. Өзіндік жұмыс болашақ мұғалімдердің кәсіби білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені, ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып  білікті, шығармашыл, белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізеді.

Информация о работе Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру