Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:59, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби бағыттылығы жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Өзіндік
жұмысты іріктеу кезінде
Зерттеу тақырыбымыздың болжамын экспериментке қоймас бұрын өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіптік бағыттылығын қалыптастыру- дың компоненттерін, өлшемдерін және көрсеткіштерін айқындауға тура келді.
Ізденіс барысында өзіндік жұмыстар арқылы кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың төмендегідей компоненттерін негізге алдық: мотивация- лық-құндылылық, мазмұндық, нәтижелік-бағалау.
Мотивациялық-құндылылық - түрлі формада ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар негізінде студенттерде кәсібіне деген қызығушылықтың тууы;
Мазмұндық - кредиттік жүйемен оқытудың жаңа мазмұнына сәйкес өзіндік жұмысты саналы орындау кезінде әдіс-тәсілдерді сараптап қолдана алатын, өз ісінің қорытындысын жасау мүмкіндігі бар, өзіне -өзі баға бере алатын бағытты маман тұлғасын қалыптастыру;
Нәтижелік-бағалау - орындалған өзіндік жұмыстар нәтижесіне сын көзбен қарайтын, бағалау өлшемдерін жақсы меңгерген, өзінің және өзгенің ісін бағалай алатын тұлға қалыптастыру.
Бұл
компоненттер негізінде өзіндік
жұмыстар арқылы студенттерге кәсіптік
бағыт берудің өлшемдері
Өзіндік жұмыстың құндылығын түсініп, оны орындауда белсенділік көрсету өлшемінің көрсеткіштері: өзіндік жұмыстардың түрлеріне, өзінің кәсібіне қызығушылық; өзіндік жұмысты орындау барысында студенттердің эмоционалдық сезімінің көрінісі; түрлі өзіндік жұмыстарда өзінің кәсіби бағыттылығын көрсетуге ниеттенуі.
Өзіндік жұмыстардың кәсіби мазмұнын түсіну өлшемінің көрсеткіштері: өзіндік жұмыстардың түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері туралы білімі; өзіндік жұмыстарды орындауда қажетті қасиеттер (жауапкершілік, ізденімпаздық) туралы түсінігі; конспект, баяндама, іскерлік ойындар, шығарма, реферат жазудағы шығармашылық.
Өзіндік жұмыстардың нәтижесі мен тиімділігін көре білуі өлшемінің көрсеткіштері: өзіндік жұмыстарды орындауда әр түрлі тәсілдер қолдана білу біліктілігі; өзіндік жұмыстарды орындау арқылы жүргізілетін кәсіби практикалық іс-әрекет; педагогикалық шеберлікті бағалау біліктілігі.
Осы компоненттер мен өлшемдердің негізінде өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың деңгейі анықталды: жоғары, орта, төмен.
Жоғары деңгей. Кәсіби бағыттылық туралы ұғымы бар. Кәсіби бағыттылыққа қатысты өзіндік жұмыстардың мазмұнын анықтай біледі. Өзіндік жұмыстарды орындаудың түрлерін меңгерген. Өзіндік жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгерген. Алған теориялық білімдерін өзіндік жұмыс орындау кезінде іс жүзінде қолдана біледі. Кәсіби бағыттылыққа байланысты біліктіліктері бар. Өз жұмысын өзі талдап қорытып кемшілігін табады. Өзіне өзі баға бере біледі. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді түсініп, оны қорытындылап, өз ісінде қолдана біледі. Күнделікті ақпараттардан кәсібіне байланысты материалдарды іріктей біледі. Өзіндік жұмысты шығармашылықпен орындайды.
Орта деңгей. Кәсіби бағыттылықты түсінеді, бірақ ол үшін не керектігін талдай алмайды. Өзіндік жұмыстар түрін білгенмен, оның кәсіби бағыттылыққа қатысты тұстарын толық ажырата алмайды. Өзіндік жұмыстарды орындау кезінде тиімді әдістерді саралай алмай, қиналады. Өзіндік жұмыс кезінде алған білімдерін өз ісінде еркін қолдану дағдысының жетіспеуі және қолданғанда қателер жібереді. Өз ісінің кемшілігін табуда,өзіне өзі баға беруде қиналады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибеден тиімділерін талдау, таңдауда және оны өз ісіне қолдануда қателер жібереді. Күнделікті ақпаратты пайдалануды білгенмен, оны өз кәсібінің саласына қарай талдау жағының төмендігі. Өзіндік жұмысты орындауда шығармашылық деңгейге жете алмайды.
Төменгі деңгей. Кәсіби бағыттылық туралы түсінігі төмен. Кәсіби бағыттылыққа қатысты өзіндік жұмыстар түрін саралай алмайды. Оны орындауда қиналып, көбіне кітаптан көшіруге, не оқытушының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады. Өзіндік жұмыс нәтижесін өз ісіне еркін қолдана алмайды, ол үшін үнемі оқытушының көмегі керек. Өз ісінің кемшілігін тауып, өзіне өзі баға беруінің төмендігі. Алдыңға қатарлы іс-тәжірибелерді қорытып пайдалана алмайды. Күнделікті ақпарат көздерін пайдалану дәрежесі төмен. Өзіндік жұмысты тек оқытушының нұсқауы арқылы ғана орындайды.
Студенттердің
өзіндік жұмыстары кезінде
Зерттеу проблемасын теориялық талдау мен педагогикалық тәжірибені зерттеудің нәтижесінде өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіби бағыт берудің мазмұндық құрылымдық моделіне сәйкес болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру технологиясы мен қағидаларына сүйене отырып, төмендегідей педагогикалық шарттардың, яғни күтілетін нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы талаптардың, жүйелі және кешенді түрде орындалуы қажет екендігі анықталды: 1)Оқу үдерісінің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі; 2) Әдістемелік тұрғыдан студенттің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін аудиториядағы және одан тыс өзіндік жұмыс түрлерінің дұрыс ұйымдастырылуы; 3)Студенттің оқытушымен қарым-қатынас үдерісінде студенттің белсенділігін, өздігімен білім алуға ұмтылысын, ынтасын, қызығушылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; 4)Студенттің пәнге қызығу мотивациясы; 5)Оқу үдерісін шығармашылық деңгейге көтеру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 6)Студенттің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу үдерісін, аудиториядағы және одан тыс өзіндік жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру шараларын бақылау.
Оқу
үдерісіне мониторинг жасау кеткен
кемшіліктерді дер кезінде
Зерттеудің ұсынылған болжамын ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары негізінде тексеру мақсатымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінде және Қорқыт ата атындағы мемлекеттік Қызылорда университетінде 2004-2009 жылдары алдын-ала теориялық зерттеулерге негізделіп дайындалған тәжірибелік-эксперимент жұмысы тұрғысында іске асырылды.
Анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдерден тұратын тәжірибелік-эксперимент жұмыстары эксперимент бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Эксперимент өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға байланысты біз жасаған өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіби бағыт берудің мазмұндық құрылымдық моделді тәжірибелік-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын
Сурет 1 Өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі
қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттарының болашақ мұғалімдердің білімінің сапасына, кәсіби дайындығына әсері эксперимент барысында тексерілді.
Анықтау эксперименті кезеңінде жұмысымызға байланысты бірнеше мақсат қойылды: Ең алдымен өзіндік жұмыстардың кәсіптік бағыттылығын анықтау мақсатын шешуге байланысты мәселелер қарастырылды:
2.
Мектепке дейінгі ұйымдардың
тәрбиешісі мамандарын
3.Оқытушылардан
сауалнама алу арқылы өзіндік
жұмыстардың бағыты мен
Ең
алдымен байқалған мәселе, кредиттік
жүйенің алғашқы кезеңінде
Ал
біздің анықтау эксперименті кезіндегі
сауалнамаларымызға берген жауаптар бұл
тұрғыдан бізді қанағаттандыра алмады.
Өзіндік жұмысты қалай
Анықтау экспериментінің нәтижесінде эксперименттік топтар мен бақылау топтарының кәсіптік бағыттылығының арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанын байқадық. Бұл жағдай біздің жұмысымызды жалғастыру кезінде алға қойған мақсат пен ғылыми болжамымызды дәлелдеу үшін түрлі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыра отырып, қалыптастыру экспериментіне көшуге жол ашты.
Қалыптастыру экспериментінің алдына қойған мақсаты күрделене түсті:
Кәсіптік бағдар беретін өзіндік жұмыстарды іріктеу студенттерге білім беретін педагогика тарихы мен педагогикалық шеберлік пәндерінің бағдарламалық мазмұнын саралай отырып қарау негізінде жүзеге асты.
Пәнаралық байланысты күшейте отырып, студенттердің өзіндік жұмысының нәтижесінде олардың танымдық іздемпаздығын жетілдіру тұстарына да көңіл аударылды. Кредиттік жүйеге көшуге байланысты білім беруді студенттердің өзіндік жұмысына негіздеу ең басты талаптың бірі ретінде қаралғандықтан, алдымен әрбір лекцияны, семинарлық сабақтарды өтпес бұрын тақырыптар бойынша ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстар түрі сараланып, белгіленіп және оған жұмсалатын уақыт мерзімі айқындалып отыру жағына көңіл бөлінді. Мәселен, «Мектепке дейінгі педагогика тарихына» 2 кредит берілгендіктен, оның 30 сағаты аудиториялық сабақ болса, 30 сағаты студенттердің өздігіне атқаратын жұмысына, ал 30 сағаты оқытушының студентпен бірге атқаратын жұмысына бөлінетіні белгілі. Осы сағат санына бөлу енді мазмұн жағынан сабақтастыра отырып, өзіндік жұмысты орындаудың жолдарын белгілеуге арналады.
Студенттердің
өзіндік жұмыстары кезінде
Информация о работе Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру