Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 07:37, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Сол ұғымдар арсында "Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымы қазіргі таңда кең қолданысқа түскенін аңғаруға болады. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде.

Содержание работы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........................................................................................................5

1.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы……………………………………………………………………...5
1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері………………9
2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ...........14

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.....................14
2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ..........22
3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ..............25
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі...............................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі Ләззат Нархоз 2011-0.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

      Өнімнің бәсекеге қабіліттілігін  көтеруде жылдан – жылға таңдау мен жаңа өндіріс нарықтарына бейімделу мәселелері өсіп келе жатыр. Осыған байланысты кез – келген кәсіпорында осы облыс бойынша талдамалық ізденістер жасалу қажет. Жаңа өндіріс нарықтары өнімнің бәсекеге қабіліттілігін және өндіріс рентабельділігін өзгертіп жіберуі мүмкін.

      Өнімнің бәсекеге қабіліттілігін  жетілдіру үшін, оны жаңа нарыққы  шығару қажет. Бірақ ол үшін  алдымен жаңа нарықтың жөндеу  және қызмет көрсетуде білікті  жұмысшылармен қамтамасыз ету  деңгейін анықтау қажет. Себебі  кейін тұтынушылар өндірілетін өнімнің сенімділігін пе арттыруын талап етуі мүмкін.  

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қорыта келсек, өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы деп айтсақ болады. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.

    Кез келген өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.

         Жоғарыда айтылғандарды ескере  отырып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.

         Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі  оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен өнім өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын өнімдер міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.

         Тауардың бәсекеге төзімділігін  бағалағанда оның сату немесе сатып алу бағасы қарастырылады. Осыған қатысты мына жайттар ескерілгені жөн: нарықты және ақырғы тұтынушылардың сұранысын зерттеудің сапасы, тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырылып отыру, жарнама және тауардың өмірлік цикілін есепке алуға байланысты жүргізілетін жұмыстың тиімділік дәрежесі, баға стратегиясын таңдап алудың дұрыстығы, тауар өткізу мекемелері мен тауардың қозғалу бағаттарын белгілеу кезінде тауардың бәсекелік артықшылығы мен кемшіліктерін (маркетингтік құрастырушыларды) анықтау.

       Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кез келген кәсіпорының алға қойған мақсаттарының бірі екендігі сөзсіз. Курстық жұмысымда талдау жасаған “Raimbek agro” ЖШС Қазақстан нарығында сүт өнімдерін өндіретін танымал, алдыңғы қатарлы кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар оның өнімдері сапасы жағынан жоғары, нарықта үлкен сұранысқа ие, тұтынушы көңілінен шығатын, бәсекеге қабілетті өнім болып табылады. Алайда, отандық кәсіпорындардың өндірген өнімдері шетел нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Отандық кәсіпорындар жаңа стандарттарға сай келетін, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын өнімдерді шығару үшін, әлі көп істер мен мақсаттарды жүзеге асыру қажет.

      Қазіргі таңда мемлекет тарапынан  кәсіпорындардың сапалы өнім өндіруіне көп көңіл бөліп, жеңілдіктер жасап, қаржы жағынан қолдау көрсетуде. Соның біріне Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсы дәлел болады. Озық көрсеткіштерге жеткен өндірісшілерді, қызмет көрсетушілерді марапаттау тәжірибесі әлемнің 40 жуық елінде бар екен. Сонымен қатар Қазақстанның 2007-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп отыр. Инновацияның дамуы сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге әсер ететін, бірден – бір факторы болып табылады,

      Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды  дамыған 50 елдің қатарына қосу  міндетін қойып отыр. Егер болашақта алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді уақытында іске асырсақ, біздің де бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіріп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасынан көрінетінімізге сөзсіз сенемін. 

      . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. “Сапалы өнімге берілген лайықты баға” С. Шайынғазы.// Егемен Қазақстан 2010 жыл 10 қараша.

2. “Конкуренция и конкурентноспособность” Лифиц И.М.// Минск: ООО "Новое знание", 2005г. стр 111 – 118.

3. “Бәсекелік экономика” О. Сәбден

4. “Маркетинг негіздері”  Есімжанова С.Р.// Алматы: “Экономика” баспасы 2007жыл, 222 – 226 беттер.

5. “Оценка конкурентноспособности  продукции” Нурмагамбетов К// Мысль 2006 г. № 5 стр. 108-111.

6. “Елулікке сапалы өніммен” Қ. Қайранбаев // Жетісу 2011жыл 24 ақпан.

7. “”                                             Әмірбекұлы Е.//

8.  “Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы // Астана, Ақорда, 2010жылғы 9 қазандағы № 194 жарлығы.

9. “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру” Өмірзақов С.Ы. // Қаржы – қаражат 2011жыл, №2, 44 бет.

10. “Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру” Әмірбекұлы Е // ҚазЭУ хабаршысы 2007жыл, №8, 42 – 48 бетер.

11. Вестник КазНУ экономики "Основные принципы конурентноапособности" - №6 (26) – 2007 г.

12.Белоуов В.Л. "Анализ конкурентноспобобности фирмы" Маркетинг в России и зарубежом – 2005, стр. 64-68.

13. ҚР Президентінің халыққа жолдауы. 4.04.04// Егемен Қазақстан 5 сәуір

2009 ж.

14

15. Лобанов М. "Конкурентноспособность и качества продукции" – Маркетинг №2 – 2006 г. стр.54. 
 

  

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру