Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 07:37, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Сол ұғымдар арсында "Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымы қазіргі таңда кең қолданысқа түскенін аңғаруға болады. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде.

Содержание работы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........................................................................................................5

1.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы……………………………………………………………………...5
1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері………………9
2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ...........14

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.....................14
2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ..........22
3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ..............25
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі...............................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі Ләззат Нархоз 2011-0.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

      Қазіргі таңда еліміздегі көптеген  өндірістік және қызмет көрсетуші  кәсіпорындар, соның ішінде тамақ өнеркәсібі саласының кәсіпорындары да өздерінің шаруашылық қызметтерін осы маркетинг жүйесімен байланыстыра отырып, нарық талаптарына икемделуде. Дұрыс ұйымдастырылған маркетингтік жүйе өзінің нәтижесін еселеп қайтаратынын уақыттың өзі дәлелдеуде.

      Кәсіпорындағы маркетингтің негізгі  орны бағалық емес бәсекеде, өндірушінің  бәсекелестерінен өнімдерін тиімді  өткізу көрсеткіштері арқылы  ерекшеленуге ықпал етуімен байланысты  болуы тиіс.

      Әлемдік нарықта қалыптасқан  өнімді ұсыну мен оның сұранысына  қатысты маркетингтік қағидалар  қоғамның дамуына, тұтынушылрдың  талғамдарына, ұсыныстың артуына  байланысты жаңа бағытта көрініс  таба бастады. Бұл өзгерістер, өз кезегінде, “маркетинг философиясының” туындауына ықпал етті. Негізгі үш қағидадан тұратын бұл бағыттың негізгі нысаны – тұтыну нарығының қажеттілігін ескеру:

      1.Тұтынушының қажетін ескеру. Бұл  қағида бойынша                               кәсіпорынның негізгі мақсаты  нарықтағы өзгерістерді, тұтынушылардың талғамдарына сай сұраныстың талабын назарға ала отырып, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын іздестіруге негізделуі тиіс. Өндірісте өнімнің көлемін арттыру мүмкіндіктерінен бұрын, өнімнің жаңа түрлерін ұсынуға болатын нарық қуысын зерттеу – осы қағиданың басты шарты.

       2. Өзгермелі сұранысқа тез икемделу. Қазіргі тұтыну нарығы қажеттіліктердің  неғұрлым қысқа мерзімде қанағаттандырылуымен  ерекшеленеді. Дер кезінде тұтынушының  сұранысына жауап қайтара білген  өндіруші өзінің бәсекелестік мүмкіндіктерін арттырары сөссіз.

       3. Өндірістің тиімділігін арттыруда  маркетингтің кешенділік сипатын  ұстану. Маркетингті біртұтас жүйе  ретінде қарастыратын бұл қағида  келесі бағыттыр арқылы жүзеге  асады:

      - ғылыми – техникалық жетістіктерге сай өнімнің тартымдылық қасиеттерін және оны өндіру әдістерін жетілдіру, жаңа сипаттағы өнімнің ассортиментін кеңейту;

      - сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігін қалыптастыру мақсатында тиімді баға саясатын жүргізу;

      -  өнімді өткізу әдістері мен тәсілдерін жақсарту;

      -  өнімді өткізу бағыттарының ара салмағын сақтау;

      - өнімді өткізуді ынталандыру мақсатында тұтынушымен өзара тиімді байланыс жүйесін жетілдіру және әсерлі – жарнамалық құралдарды тиімді пайдалану.

      Сонымен, аталған бағыт кәсіпорынның тарапынан басқаруға келетін, нақты нарыққа тиісті жауап қайтара алатын өзара тығыз байланысты жүйені құрайды.

      Ұсынылатын маркетингтік бөлімді  атқаратын қызметтеріне байланысты  үш бағытқа бөліп қарастыруға  болады. Бұл бағыттардың кәсіпорынның стратегиялық даму мақсаттарына сай болуын және оларды жүзеге асырудағы тиісті ықпалын басты назарда ұстанған жөн (2 – сурет). Маркетингтік бөлім бастығына қарасты бұл қызмет жүйесінің бірінші бағыты маркетингтік зерттеулер мен кәсіпорының дамуын болжау жұмыстарымен байланысты болуы тиіс. 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      3 – сурет. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары мен маркетингтік жүйенің өзара байланысы. 

             Кәсіпорынның нарықтағы даму мақсаттары мен міндеттеріне, алынған ақпараттық мәліметтерінің жеткіліктілігіне, болжамдық бағалаудың негізділігіне байланысты болжаудың тиімді әдісі анықталады.

      Болжау әдістерінің қолданысқа  көп енген түрі – кешенді  болжау өзінің көлемділігі мен бірнеше фактордың ықпалын ескеру арқылы ерекшеленеді. Жалпы алғанда, маркетингтік жүйенің нәтижелі, әрі шынайы ақпарат беруі, көп жағдайда, осы болжау әдістерінің дұрыс таңдалуына байланысты.

      Маркетингтік бөлімнің бұл бағытының  негізгі міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • өнім нарығын (сыйымдылығын, ішкі өндірісі мен экспорт және импорт тасымалын, сұранысы мен тұтыну ерекшеліктерін) кешенді және жүйелі түрде зерттеу;
  • нарықтағы өнімнің ұсынысын зерттеу (бәсекелестердің өткізу бағаларын және баға белгілеу ерекшеліктерін, олардың өнімдерінің тұтынушылық (сапалық, тартымдылық) артықшылықтарын талдау, кәсіпорынның баға саясатын ұйымдастыру);
  • кәсіпорындағы өнім ассортименттерін талдау (өмірлік кезеңдерін, әрбір түрінің өткізілу көлемін, өткізудің арту немесе төмендеу себептерін) және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
  • кәсіпорын өнімінің өткізілуін (сұраныс көлемін, оны арттыру мүмкіншіліктерін, әрбір өнім бойынша өткізу стратегиясын) осыған байланысты жалпы өндірістің дамуын болжау.

      Кәсіпорындағы маркетингтік бөлім қызметінің екінші бағыты тұтынушылар талғамын зерттеу және нарыққа жаңа өнімдер шығару мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарына негізделуі тиіс.

      Еліміздегі өндірістік кәсіпорындар  әлемдік өзгерістерден тысқары  қалмуы керек. Өзінің өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүдделі кез – келген кәсіпорын жаңа заман қажеттіліктерін, шетелдік ұқсас өнім шығарушы кәсіпорындардың тауарлық стратегияларын, өнім өткізу әдістерін және оны қолдану мүмкіндіктерін, тұтынушылардың талғамын анықтау жолдарын басты назарда ұстағаны абзал.

      Тұтынушылардың твлғамдарына сай  өнім шығару және әлемдік нарықта  үлкен сұранысқа ие бола бастаған  өнімнің жаңа түрлерін ішкі  нарыққа ұсыну мүмкіндіктерін  бағалау маркетингтік жүйенің  маңыздылығын арттырады. Зерттеу нәтижелері кәсіпорынның нарықтағы «икемділігін» қалыптастыруға, сұранысы жоғары өнімдердің өндірісін арттырып, өмірлік кезеңі құлдырау шегіндегі өнмдерді шектеуге , оның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту арқылы жаңа сипатта ұсынуға негіз болады.

      Ұсынылатын жаңа өнімнің тартымды келбеті мен сату мәдениеті тұтынушыға жағымды әсер ететіндей саясат қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің негізгі сипаттарын көрсете білу маркетингтік жүйелі саясаттың маңызды буынына жатады.

      Аталған бағыттағы маркетингтік қызметтің негізгі міндеттері мыналар болуы тиіс:

      Тұтынушылар талғамының өзгерісінің және оның себептерін зерттеу;

  1. Тұрғындардың ерекшеліктерін, ұстанымдарын ескере отырып, нарықта сұранысқа ие болатын жаңа өнімдерді анықтау (өндірістегі тиісті мамандардың кеңесіне сүйене отырып) және мұндай өнімдерге тұтынушылардың көзқарасын білу;
  2. Кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару қажеттілігін негіздеу (оның тиімділігін, мүмкін болатын өкізу көлемін және тұтынушылар);
  3. Жаңа өнімді өткізу бағыттарын, оның тұтынушылық қасиеттерінің ерекшеліктерін тұтынушыға жеткізу әдістерін белгілеу;

      Маркетингтік жүйені қалыптастыруда  бұл бөлім жұмысының үшінші  бағыты өнімнің сұранысын қалыптастыру  жолдарын табу және жарнама  қызметтерімен айналысуы тиіс.

      Өнімнің сұранысын қалыптастыру  және кәсіпорынның жарнама қызметін  үйлестіру бағыты бойынша жұмыс  істейтін маркетингтік бөлімнің  негізгі міндеттері төмендегідей  болуы тиіс:

  1. өнімнің сұранысын қалыптастыру бойынша қолдануы тиімді әдістерді анықтау;
  2. өткізуді ынталандыру шараларын ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттарын ұсыну;
  3. жарнама құралдары арқылы тұтынушыға өнімнің тұтынушылық ерекшеліктерін жеткізу және оның нәтижелігін қамтамасыз ету;
  4. өнімнің сұранысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа нарық “қуыстарын” зерттеу;
  5. кәсіпорынның мүмкіндігін ескере отырып, өндірушінің танымалдылығы мен сауда белгісінің беделін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқару;

      Соңғы кездері кәсіпорындағы  маркетингтік жүйенің тиіділігін  өнімнің өмірлік кезеңіне сай, атқаратын жұмыстарына қарап анықтау жолдары қолданылуда.  

                       Бірінші бағыт                              Екінші бағыт                             Үшінші бағыт 

 
Нарыққа

шығу 
 
 

Өсу 
 
 
 

Жетілу 
 
 
 
 

Төмендеу

1

Өнімнің нарыққа ену

Мүмкіндіктерін  зерттеу

2

Тұтынушының өнімге

қатысты көзқарасын

анықтау

3 

Кең көлемді  жарнама

4

Бәсекелестердің ықпалы

мен сатуды ұлғайту

мүмкіндіктерін  болжау

5

Өнімнің беделін арттырған қасиеттерін  анықтау

6

Белсенді  жарнама

9

Өнімнің табыстылығын

арттыру жодарын зерттеу 

8

Нарықтағы ұқсас өнімдердің жетістіктерін  ұдайы бақылау

9

Өткізуді  ынталандырудың жаңа бағыттарын ұсыну

10

Өткізу  көлемінің төмендеу себептерін зерттеу  және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар  жасау

11

Өнімнің жетілген жаңа түрлерін шығару саясатын қалыптастыру

12

Өткізудің барлық тиімді әдістерін қолдану

 

      4 – сурет. Өнімнің өмірлік кезеңдерінде маркетингтік жүйенің атқаратын қызметі. 

      Маркетингтік бөлім қызметінің  негізгі бағыттарын өнімнің өмірлік  кезеңдеріне байланысты үйлестіру кәсіпорынға нарықтағы өзгерістерді дер кезінде ескере отырып, өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру қадамдарын анықтауға жағдай жасайды.

      Жалпы алғанда, нарықтық экономикаға  тән кәсіпорын маркетингін ұйымдастыру  – қазіргі уақыт талабы. Әлемдік үдерістердің көшінен қалып қоймау үшін де, өндірістің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін де, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін де нарықпен жүйелі қатынастың тиімді құралы – маркетингті барынша кеңірек қолдану әрбір кәсіпорындағы шешілуі тиіс міндеттерінің бірі болғаны жөн.

      Маркетингтік шаралардың көп  қаржыны талап ететінін ескере  отырып, оның қайтарымы да елеулі  табыстарға жеткізетінін назарға  алу керек. Сондықтан – да  Кәсіпорынға маркетингтік жүйе  құрылымы мен оны ұсынылған нақты бағыттары негізінде жұмыс жасау бәсекелі нарықта қарқынды да, нәтижелі болуына септігін тигізеді.

                “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге   мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. “Raimbek agro” ЖШС жарнамалық стратегиясын және танымалдылығын арттыру.

       -  Тұтынушылардың көңілін аудару мақсатында келесі каналдар тиімді болып табылады:

  • пресса (көптеп оқылатын газеттер, журналдар, бюллетендер және басқа да бұқаралық ақпараттық құралдар);
  • аудиовизуалдық құралдар (радио, кино, жәрмеңкелер мен көрмелерде арнайы видеоорнатулар, слайдтық фильмдер);
  • жарнама плакаттары ( халық көп жерлерге, жолдардың бойына әртүрлі бейнелік және мәтіндік жолдаулар);
  • транспорттағы жарнамалар;

      Өнімнің сапасын жақсарту стратегиясын  жүргізуде, сапа көрсеткіштерінің уақытқа байланысты өзгергіштігін ескеру қажет. Сапаны жақсарту стратегиясының элементі болып ИСО 9000 халықаралық стандарттар негізінде құрылатын, сапаны басқару жүйесі болып табылады.

       Өнімнің  сапасын жақсарту  стратегиясының өткізудегі кері байланыс элементі, олардың сертификатталуы болып табылады. Сертификатталған тауарларды жарнамалауға, жаңа отандық сынақтыу және сертификаттау орталықтарын ашу қажет.

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру