Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 07:37, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Сол ұғымдар арсында "Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымы қазіргі таңда кең қолданысқа түскенін аңғаруға болады. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде.

Содержание работы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттырудың ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........................................................................................................5

1.1Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы……………………………………………………………………...5
1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері………………9
2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ...........14

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.....................14
2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау ..........22
3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ..............25
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапа және баға саясатын жетілдіру…….........................................................................................................25
3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру – бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі...............................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................38

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі Ләззат Нархоз 2011-0.doc

— 425.50 Кб (Скачать файл)

      Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік – технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.

      Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.

      Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.

      Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.

      Олар бір қасиетті бір тауарға әртүрлі әсер етеді. Тұтынушы сатып алуды іске асырғанда өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды сатып алуға ұмтылады.

      Әрбір сатып алушының сатып алуы кешенді фактор негізінде жүзеге асады. Тұтынушы таңдауы, талғамы біркелкі болуы мүмкін емес. Оған байланысты әрбір тұтынушы өнімнің бәсекелестік қабілетін өз деңгейінде бағалайды. Сондықтан абсолютті бәсекеге қабілетті идеясы жоқ.

      Бірақта жиынтық сұраныс белгілі бір тұтынушылар топтамасында тауардың сапасы мен бағасы шеңберінде қалыптасады. Тұтынушылар психологиялық, мінез – құлық аспектісін талдай отырып бірнеше адамның бір өнім туралы әртүрлі ой қалыптасатыны сөзсіз.

      Қолайлы сегмент ретінде 20% тұтынушы иеленетін өнімді сатуды іске асырған жөн.

      Соған байланысты өнім бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі сегменттерде әртүрлі болады. Тұтынушылар өз сегменті бойынша өнімнің жетістіктері мен кемшілігін өздігінше бағалайды. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін тұтынушылар сегментациясын дұрыс жүргізу керек.

      Нарық конъюктурасының тұрақтылық принципі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – белгілі бір кезеңге және нақты нарық сегментіне байланысты түсінік. Өнімнің сапалық және құндық өзгерісі кезінде бәсекеге қабілеттілік үлкен тербеліспен өзгеруі мүмкін.

      Бәсекеге қабілеттілікті бағалау кезінде негізгі параметрлердің ішкі сәйкессіздігін болдырмау үшін тауардың пайдалығын психологиялық аспектілер негізінде зерттеу керек. Мысалға өндірушінің өндіру мүмкіндігі мен тұтынушының сатып алу қабілеттілігі және т.б. нарықтық конъюктурасының өзгеріссіз болуын анықтайтын негізгі фактор сипатында тұтынушының табысы мен шығындар құрылымы болуы мүмкін.

      Бірақта аталған жағдай ішкі және сыртқы ортаны аз өзгерістерде экономикалық моделдерді қалыптастыру үшін ақпараттарды жинақтайды.

     Нарық субъектісінің рационалды мінез – құлық артықшылық принципі. Нарықтық қатынастардағы әр субъектінің мінез – құлқына негізделген. Тұтынушы мен өндіруші алдын ала анықталған мақсатта рационалды өзара байланысты болады. Олардың байланысын әлеуметтік қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырумен түсіндіріледі. Аталған модель көп мөлшерде өндірушімен жүзеге асады. Кез келген кәсіпкер өнімнің өзіндік құннан жоғары сатуға тырысады. Соған байланысты кәсіпорын бәсекелестік ортада өз бәсекелестерін жеңуге жол ашады. Кез келген өндіріуші қолда бар ресурстар мен жоғары пайда түсіруге тырысады. Ортадағы кез келген іс – шаралар өнімнің сапасын жоғарлату немесе төмендету қосымша пайда алуға бағытталған.

      Өнімді тұтынушылар рационалды принципке сүйенеді. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға тұтынушылар өздерінің шығындар үлесінің көбеюімен жүзеге асады. Бұл фактор тұтынушының өнеркәсіптік тауарды иеленумен бейнеленеді. Кез келген тұтынушы өзінің ақшасына сапалы өнімді сатып алуға тырысады. Рационалды сұраныс басқа факторларға тәуелді. Рационалды емес сұраныс жағдайында тауарды үш негізгі түрге бөледі:

    1. тауардың пайдалығына сыртқы әсер
    2. спекулятивті сұраныс
    3. ирроционалды сұраныс

      Рационалды сұраныс көбінесе тауардың пайдалығының сыртқы әсерінен болады. Яғни аталған тауарды көп басқа тұтынушылар көп қолданады немесе оның бағасы басқа тауарларға қарағанда жоғары. Ол тауарды басқа тұтынушылар тобының мүшелері сатып алады.

      Спекулятивті сұраныс өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында емес өзінің байлығын көбейту мақсатында жүзеге асырылады. Онда екі жағдай кездеседі:

    • өнім тұтынуды және тұрақтылық принципіне сәйкес келмейді.
  • тұтынушы спекулятивті сұраныс кезінде кәсіпкер ретінде, яғни өнімнің қолайлы бағалық көрсеткішіне бағытталады.

      Ирроционалды сұраныс табиғаты тұтынушы мінез – құлқының негізгі факторлар арасындағы шиеленістен пайда болады. Онда тұтынушы аталған өніммен қанағаттанбайды.

      Соған байланысты нарық рационалды мінез – құлқы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін моделдеу процесінде пайдалық және т.б. психологиялық, социологиялық заңдары негізінде қалыптасады. [5] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ  БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН  ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау 

      “Raimbek agro” ЖШС 2005 жылы, қызметі тоқтатылған “Жетісу” аяқ – киім фабрикасының орнына құрылған. Басқару қызметін атқарушы: Олифренко В.А. Өндірілетін өнім ассортименті:

  1. майлылығы 2,5%, 3,2%, 6% “Айналайын”
  2. 0,2л, 1л, 10% кілегей;
  3. 0,2л, 7,5% концентратталған сүт;
  4. 2,5%, 8% йогурт өнімі;

      Зауытта Шведтік “Tetra Pak” фирмасы мен Италияндық   “Benco Pak” фирмасының йогурт өнімін өндіруге арналған құрал – жабдықтар орнатылған.

      Қазіргі таңда кәсіпорын өнімі Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында бөлшек және көтерме саудаларында кездеседі. Атап айтсақ:

      Оңтүстік аймақ: Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Балқаш;

      Орталық аймақ: Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Астана;

     Шығыс аймақ: Өскемен, Семей, Павлодар;

      Солтүстік аймақ: Көкшетау, Қостанай, Петропавл;

      Батыс аймақ: Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау;

      Ішкі нарықта сатудан басқа, кәсіпорын өнімін Қырғыстан мен Өзбекстанға экспорттайды.

      Сүт шикізат пен қосымша материалдардың келіп түсуіне қатаң бақылау жүргізіледі. Шикі сүтті жабдықтаушыларға жеке тұлғалар және шаруашылықтар жатады. Зауытқа шикі сүтті шамамен 25 жабдықтаушы жеткізеді. Пастирольді лента сияқты қосымша материалдар Австриядан әкелінеді. Тетроқағаз  “Tetra Pak”  тапсырысымен Ресейден алынады. Йогурт өніміне арналған жеміс – жидек толықтырғыштар Украйнадан жеткізіледі, ал йогуртқа арналған фольга Австрия өндірісі. Сүтке, йогуртқа арналған сүт майлылығы Германия өндірісі болса, құрғақ майсыздандырылған сүт АҚШ өндірісі болып табылады.

      Жеміс – жидек толықтырғыштар

Арналуы:                      аралас йогуртқа

Құрғақ  заттар:              60    +/-2,0

pH мәні:                        3,5   +/-2,0

Мөлшері, кг:                2403

Жемістердің құрамы:  35% (таңқурай, бүлдірген, құлпынай), 37% (құлпынай), 35% (өрік), 28% (шие), 40% (шабдалы), 35% (таңқурай).

Қант:                             46 – 54%

Тәттілеуіш:                  жоқ

Стабилизатор:             модификацияланған крахмал

Қышқылды  реттеуіш: трисодиумцитрат Е331

Хош иістендіргіштер: табиғи және табиғиға ұқсас заттар

Консерванттар:            жоқ

Бояғыштар:                  жеміс және өсімдік экстракты

Қосымша

ингридиенттер:            жоқ

Ашытқы:                      жоқ

Зең:                               жоқ

      Біртума жабық сыйымдылықта +4 - +8 С температурасында 6 ай сақталады. 

1 –  кесте. Йогурттың тағамдық және энергетикалық құндылығы. 

Өнім Негізгі тағамдық заттардың массалық бөлігі, өнімнің 100гр, гр Энергетикалық құндылығы, 100гр өнімдегі ккал
  Құрғақ  заттар Белоктар Майлылығы Көміртегі Күлдер
Жеміс -жидек йогурты

     майлылығы 2,5%  

майлылығы 8,0%

     
 

18,0 

  

17,0

                  

 
 
 
2,7 
 

2,8

 

                        

 
 
 
2,5 
 

8,0          

 
 
 
11,0 
 

11,0 

 
 
 
0,6 
 

0,6

 
 
 
71 
 

86                      

 
 

 2 – кесте. Йогурттағы минералды заттар. 

Өнім Минералды заттардың массалық бөлігі, өнімнің 100г, мг
  натрий калий кальций магний фосфор темір
Жеміс - жидек йогурты

 

майлылығы 2,5% 

майлылығы 8,0%

 
 
 
50 

48 

 
 
 
152 

146

 
 
 
124 

120 

 
 
 
15 

15

 
 
 
95 

95

 
 
 
0,1 

0,1 

 
 
 
 

3 –  кесте. Бактериясыздандырылған сүт пен кілегейдің тағамдық және энергетикалық құндылығы. 

Өнім Негізгі тағамдық заттардың массалық бөліг, өнімнің 100гр, гр Энергетикалық құндылығы, ккал
Су Белок Көміртегі Органикалық қышқылдар  Күл
Лактоза Сахароза
Бактериясыздандырылған  сүт  

майлылығы 3,2%

 майлылығы  2,5%

 

майлылығы 1% 

Бактериясыздандырылғын  кілегей 

майлылығы 10%

 
 
 
 
 
 
88,5 
 

89,1 
 

90,0 
 
 
 
 
 
 

84,2

 
 
 
 
 
 
2,80 
 

2,82 
 

2,84 
 
 
 
 
 
 

3,0

 
 
 
 
 
 
4,70 
 

4,73 
 

4,78 
 
 
 
 
 
 

4,0

 
 
 
 
 
 
- 
 

- 
 

- 
 
 
 
 
 
 

- 
 
 

 
 
 
 
 
 
0,14 
 

0,14 
 

0,14 
 
 
 
 
 
 

0,17 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
0,7 
 

0,7 
 

0,7 
 
 
 
 
 
 

0,6

 
 
 
 
 
 
58 
 

52 
 

44 
 
 
 
 
 
 

102

Информация о работе Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру