Сервистік кәсіпорындардың басқару үрдісіндегі шешімдерді таңдау әдістері және ондағы үлгілерді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда сервистік кәсіпорындардың дамуы менеджердің оптималды шешімінің қабылдауына және оны жүзеге асыруына байланысты екеніне ешкім күмән келтірмейді. Түрлі жағдайдаларда менеджердің шешімін қалай оңтайландыру керек, стратегиялық, тактикалық, оперативтік мәселелерді шешу үшін иерархиялық құрылымның қандай деңгейінде шешім қабылдау керек, басқару үрдісіндегі шешімнің оңтайлы болуын не қамтамасыз етеді, және қандай шешімді оңтайлы деп санау қажет және басқа да мәселелерді сервистік кәсіпорынның менеджері шешуі тиіс.

Содержание работы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………...
1 БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………...................................................................................
1.1 Басқару шешімінің мәні……………………………………………...........
1.2 Басқару шешімдерінің классификациясы…………………………..........
2 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ..…………….................................................................................
2.1 Шешімді құру және мәселені айқындау…………………………............
2.2 Шешімдерді шығару және қабылдау………………………………..........
2.3 Шешім қабылдаудағы альтернативалар…………………………….........
3 СЕРВИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ШЕШІМДЕРДІ ТАҢДАУ ПРОЦЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.............
3.1 Мәселелерді шешуді тиімді басқару үлгілері............................................
3.2 Басқару шешімдерінің қызмет нəтижесіне əсерін бағалау......................
ҚОРЫТЫНДЫ.…………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………..................

Содержимое работы - 1 файл

курстык жумыс .doc

— 208.00 Кб (Скачать файл)

Нақты мəселені анықтаудың екінші əдісі  ойыңызға келген алғашқы түсінікті мəселенің белгісі деп есептеу (əдетте ол солай болады). «Неге мұндай белгі ойға келді?» деген сұрақ қою қажет. Осы процесті тұйыққа тірелгенше қайталау қажет. Егер сіз жағдайды дұрыс талдасаңыз, дəл осы жерде сіздің мəселеңіздің түбірі табылады.

Үшінші əдіс – өзіңіздің əріптестеріңіз немесе достарыңыздан көмек сұраңыз. Бірақ көмек сұрамастан бұрын  сіз мəселеңізді шынымен өзіңіз шешуге тырысып көргеніңізге көз  жеткізіңіз. Оның салдары – сіз  ешқашан өз мəселеңізді жеке шеше алмайтын боласыз. Мəселе дұрыс қойылды деп болжалдайық. Енді келесі кезеңге көшуге болады.

2. Альтернативаны табу. Екінші кезең  мəселенің альтернативті шешімін  табу болып табылады. Негізінде  сіз істің түр төркінін түсінсеңіз, ерекше қиындықтар туындылмайды. Нақты мəселені табуға талпыныс жасалғаннан кейін оны шешу де көз алдына елестеуі мүмкін. Басқаша айтқанда альтернативаны іздеу «миға шабуымен» тең болады, бұл жағдайда сіз біреудің көмегімен, не өзіңіз мəселені шешуге тырысыңыз. «Миға шабуылға» – ойлауға ерік беріп, ойыңызға келген əр шешімді қағазға түсіріңіз.

Ақылсыз, мүмкін емес ой болса да қағазға  түсіріңіз. Бұл кезде сынға тыйым  салынады. Жай ғана барлық ойды қағазға  түсіріңіз, орындағаннан гөрі, айтқанға жеңіл басқа бір жағы – барлық логикалық мүмкіндіктерді кесте түрінде көрсету. Кейін танысу үшін əр альтернативаны жазбаша белгілеу өте қажет.

Дəл осы кезеңде автордың көпшілігі  барлық дəлелді жинауды кеңес  етеді. Осы кеңестің жалғыз кемшілігі  – егер тек соның ізімен жүрсеңіз, сіз аз альтернативтік шешім табасыз, себебі сіздің дəлел жинау үшін уақытыңыз өте сирек болады.

Сондықтан сіз уақытыңыз болған кезде көп дəлел жинауға тырысуыңыз қажет.

3. Альтернатива немесе ең жақсы альтернативаны таңдау. Альтернативаның тізімін жасап, соның ішінде мəселені шешетіні бар екенін білесіз. Бірақ, сіз əрқайсысын бағаламай, қай альтернативаларды жəне альтернативаны таңдау керектігін білмейсіз.

Альтернативаны бағалау үшін əр түрлі əдістер бар. Ең көп тарағаны – интуиция яғни дəл қазіргі мезетте  ең жақсы болып саналатын альтернативаны таңдау. Бірақ оның нашар болып шығуы мүмкін. Кейде интуиция басшыларды қателестіреді (ең жақсы альтернативаны таңдаудың сенімді əдісі тіптен болмайды) жетілген интуициясы бар жақсы басшылар негізінде өте жақсы шешімдер ұсынады.

4. Шешімді тəжірибеге енгізу. Сіздің таңдаған альтернативаңыз қандай жақсы болмасын, іспен сынаққа түспей нəтижесі болмайды. Қате жіберіп, бірден іске қоспаңыз. Басында басқалар үшін енгізетін альтернативаның нəтижесін ойлаңыз. Содан кейін сіздің шешіміңіздің дұрыстығын басқаларға дəлелдеуге тырысыңыз немесе олардың үнсіз келісіміне қол жеткізіңіз.

Егер сізге таңдаған альтернатива қанағаттанарлықсыз болып көрінетін  болса, мəселені өзіңіздің бастығыңызбен  талқылап, неге жəне не істегелі жатқаныңызды айтып беріңіз. Жиірек басшы сол мəселе бойынша білімі мен тəжірибесі əлдеқайда көп болады жəне сіз байқамаған альтернативаны ұсынуы мүмкін.

5. Нəтижені тексеру шешімді тəжірибеге  енгізгеннен кейін нəтижесін  тексерген пайдалы. Себептері  келесідей болуы мүмкін.

1. Егер шешім дұрыс болып, соған ұқсас жағдай кездессе сіз не істеу керектігін білетін боласыз.

2. Егер шешім нашар болса,  келесі жағдайда не істемеу  керектігін білетін боласыз. 

3. Егер шешім нашар болып оның  тəжірибеге өндіруін тез тексеруге  кіріссеңіз, кейде жағдайды түзетуге болады.

Тəжірибеде білікті менеджерлер ойламаған жағдайға бірнеше қосымша жоспарлар құруға тырысады, ол сіздің шешімге сенімділік факторын арттыруыңыз үшін қажетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жүйенің белсенді элементі ретінде менеджер кәсіпорынның еңбек үрдісінің тұтастығы мен ұйымшылдығын алдын ала болжайды. Мақсатты және іс-шаралар бағдарламасын анықтай отырып адам шешім қабылдайды. Іс-шаралар бағдарламасы мен мақсатты айқындау басшыға байланысты. Басшы ұйымның мақсатына қалай жету керектігін, оған қандай ресурстарды пайдаланатынын, жұмысты қызметкерлер арасында қалай бөлетінін өзі анықтайды және ұйымдастырады.

Менеджердің шешімі анық, ағымдағы ақпараттарға және болжамдарға, шешім қабылдауға әсер ететін барлық факторлардың анализіне, оның салдарына сүйенуі тиіс.

Курстық жұмысымның мақсаты басқару үрдісіндегі шешім қабылдаудың рөлі, ондағы менеджер қызметінің және жалпы кәсіпорынның тиімділігі болатын.

Бұл курстық жұмыста  басқару шешімдерінің негізгі түрлерін анықтаудың теориялық мәселелері, оларды қабылдау үрдісі мен оңтайландырылуын мәлімдедім.

Шешім қабылдау – бірсәттік акт емес, айқындалған үрдістің және құрылымның созылмалылығының нәтижесі.

Шешім қабылдау басқарушының ең маңызды қызметі болып табылады. Сол себепті кәсіпорын болашағы өзіңе байланысты болғанда емес, оған дейін оқу үрдісінде шешім қабылдап үйренген жөн. Сонымен қатар қазіргі кезде тек қана өзінің жіберген ағаттықтарында, басқа басшылардың және ұйымдардың тәжірибесінде де үйренуге мүмкіндік туып тұр.

Шешім қабылдау барысында  тек қана өзіңнің тағдырың емес, жалпы қоластыңда жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің де тағдыры сенің қолыңда екенін сезінген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений.; М: «Логос», 2005г.
  2. И.Н. Герчикова. Менеджмент. М.: ЮНИТИ, 1995, 478 с.
  3. К. Б. Бердалиев. Менеджмент – Алматы, 2005ж.
  4. Голубков Е. П. Технология принятия управленческих решений/ Е. П. Голубков. – М.: «Дело и сервис», 2005.- 544с.
  5. Кубаев.К,.Е Теория и практика менеджмента- Алматы,2008.-55 стр.
  6. Р. С. Каренов, Т. Б. Қазбеков, Д. М. Темирбаева. Жаңа енгізілімдер менеджменті – Қарағанды, 2006ж.
  7. Т.И. Есполов, Ж.Ж. Сулейменов. Менеджмент – Алматы, 2003ж.
  8. Веснин В.Р. Основы менеджмента – М: Триада ЛТД, 1996г.
  9. Дрофеев В.Д., Дресвянников В.П. – Инновационный менеджмент:     Учеб. Пособие – Пенза. Издательство госуниверситета, 203- 543 стр. 
  10. Розанова, В. А. Психология управления - 2008г
  11. Мескон М.Х„ Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ.-М.:Дело,1992.Ч.IV.
  12. Герчикова И.Н. Процесс принятия и реализации управленческих решений. //Менеджмент в России и за рубежом, 2003.
  13.   Евланов А. Г. Теория и практика принятия решений. — М.: Экономика, 2004. — 175 с.
  14. Ромащенко В.Н. Принятие решений: ситуации и советы.2003.C. 134
  15. Жакенова Б.Қ. Менеджмент негіздері. Оқулық. Алматы: Фолиант, 2007
  16. Мотышина М.С. Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме : учеб. пособие / М. С. Мотышина. - Ростов н/Д : Феникс, 2008. (Учебное пособие)
  17. Зайцева Н.А. Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме : Учеб. пособие / Н. А. Зайцева. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2005
  18. Виноградова М.В. Организация и планирование деятельности предприятий сферы сервиса : учебное пособие / М. В. Виноградова. - 5-е изд., испр. и доп. - М. : Дашков и К, 2009.
  19. Аванесова Г.А. Сервисная деятельность : историческая и современная практика, предпринимательство, менеджмент: учеб. пособие / Г. А. Аванесова. - М. : Аспект-Пресс, 2004.
  20. Пищулов В.М. Менеджмент в социально-культурном сервисе и туризме : учебное пособие / В. М. Пищулов. - М. : Академия, 2010
  21. Ахметов К.Е. Менеджмент негіздері. Оқулық, Алматы, 1993.

 


Информация о работе Сервистік кәсіпорындардың басқару үрдісіндегі шешімдерді таңдау әдістері және ондағы үлгілерді талдау