Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:44, курсовая работа
Қазіргі таңда сервистік кәсіпорындардың дамуы менеджердің оптималды шешімінің қабылдауына және оны жүзеге асыруына байланысты екеніне ешкім күмән келтірмейді. Түрлі жағдайдаларда менеджердің шешімін қалай оңтайландыру керек, стратегиялық, тактикалық, оперативтік мәселелерді шешу үшін иерархиялық құрылымның қандай деңгейінде шешім қабылдау керек, басқару үрдісіндегі шешімнің оңтайлы болуын не қамтамасыз етеді, және қандай шешімді оңтайлы деп санау қажет және басқа да мәселелерді сервистік кәсіпорынның менеджері шешуі тиіс.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………...
1 БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………...................................................................................
1.1 Басқару шешімінің мәні……………………………………………...........
1.2 Басқару шешімдерінің классификациясы…………………………..........
2 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ..…………….................................................................................
2.1 Шешімді құру және мәселені айқындау…………………………............
2.2 Шешімдерді шығару және қабылдау………………………………..........
2.3 Шешім қабылдаудағы альтернативалар…………………………….........
3 СЕРВИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ШЕШІМДЕРДІ ТАҢДАУ ПРОЦЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.............
3.1 Мәселелерді шешуді тиімді басқару үлгілері............................................
3.2 Басқару шешімдерінің қызмет нəтижесіне əсерін бағалау......................
ҚОРЫТЫНДЫ.…………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………..................
Бағдарламаны нəтижелі ұйымдық шешімдер қабылдауға маңызды көмекші құрал деп есептеуге болуы. Шешімнің қандай болу керектілігін анықтап, басшылық қате жіберу ықтималдығын азайтады. Сондай-ақ уақыт үнемделеді, себебі сəйкес жағдай туындаған кезде, бағынушылар жаңа дұрыс процедура жасап жатпайды. Сондықтан, басшылық жиі шешімдерді белгілі бір ретпен қайталанып отыратын жағдайға қарай бағдарлайды.
Басшының шешім қабылдау процедурасы шын мəнінде керек жəне дұрыс екендігіне сенімі болуы керек. Егер бағдарланған процедура керек емес жəне дұрыс болмаса, соған сүйеніп қабылданған шешім нəтижелі болмайтыны анық. Ал менеджер болса өз жұмыскерлері жəне қабылдаған шешімі ықпалын тигізген ұйымнан тыс адамдар арасында беделін жоғалтады. Сонымен қатар, осы əдіс-тəсілді қолданушыларға бағдарланған шешім қабылдау тəсілінің негізі жөнінде айтқаны жөн. Шешім қабылдау процедурасына байланысты «неге» деп басталатын сұраққа жауап бере алмаушының бұл процедураны қабылдауы тиіс адамдар арасында түсінбеушілік туғызады. Нəтижелі ақпарат алмасу нəтижелі шешім қабылдауды көтереді.
Бағдарланбаған шешім белгілі бір жағдайда жаңа, құралымдалған жəне белгісіз факторлармен негізделген жағдайларда талап етіледі. Нақты бір қажетті іс-əрекеттердің тізбегін алдын ала құру мүмкін болмағандықтан, менеджер шешім қабылдау процедурасын жасап шығаруы керек. Бағдарланбағандардың қатарына шешімдердің мынандай түріне жатқызуға болуы: ұйымның мақсат-міндеті қандай болуы керек өнімді қалай жақсарту керек, басқару бөлімшелерінің құрылымын қалай жетілдіру керек; бағынушылардың мотивациясын қалай күшейтуге болады. Осындай жағдайлардың барлығында (бағдарланбаған шешімдермен жиі болатын) мəселенің түпкі себебі түрлі факторларға байланысты болуы. Сондай-ақ басқарушы таңдаудың түрлі варианттарын қарасырады.
Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептері аталған факторларының біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады.
Тəжірибеде көптеген басшылық шешімдер бағдарланған жəне бағдарланбаған бола бермейді. Шешімдердің барлығы дерлік соңғы варианттардың арасында болуы. Сонымен қатар, ұйымдық шешімдер қабылдау процесін зерттеу барысында оның тұтастай басқару процесімен бірге қарастырып, екеуін жеке дара бөлуге болмайтындығын білу керек.
Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буындағы қызметкерлер жағдайды мұқият таңдап, неғұрлым тиімді әрі заңды шешімдерді таңдап алады, сондай – ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда
атап көрсетілгендей, нақты басқару
шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері
жағынын бір – бірінен
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл – шешімнің маңызды бөлігі.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынандай мәселелер жатады:
Менеджменттің барлық функциялары басқарушыдан шешім қабылдауды талап етеді. Шешім қабылдаудың маңызды элементі мен негізі деп ымыраға келудің жолын табуды айтуға болады. Барлық жағдайларда басқарушы шешім қабылдау барысында əрбір шешімнің кері салдары болғандықтан күрделі күйде тұрады. Басқарудағы мəселені зерттеудің маманы Р. Катцтың көрсетуі бойынша əрбір шешім əр тұрғыдай қарағанда оңтайлыдан да жаман барынша құндылықтарды жəне критерийлерді теңестіруі қажет. Кəсіпорынды тұтастай қамтитын əрбір шешім немесе таңдау оның кейбір бөлімдеріне кері салдарын тигізеді.
Міне сондықтан, ұйымды жүйелік бағыт тұрғысынан қарастырып, басқару шешімнің ұйымның барлық бөлімдеріне оңтайлы болатын салдарын ескеруіміз қажет. Мысалы, кейбір ұйымдар «Хьюлетт-Паккард» жəне «Дельта Эрлайнз» фирмалары шығарып жіберу тəжірибесінен У. Оучидің «Z теориясына» сəйкес бас тартты. Мұндай шешімдер еңбекақыға кететін қосымша шығындарды тудырады. Бұл ұйымдар ұзақ мерзімге жұмысшыларды шығару арқылы олардың адамгершілігі мен жауаптылығын үзіп, көп нəрсені жоғалтатынына сенімді.
Нəтижелі жұмыс атқаратын
Нəтижелі жұмыс істейтін менеджер мен күнделікті өмірде де жолы болғыш адамдар дейміз – бұл өз еріктерін шешімнің мүмкін кемшіліктері шектеуге жол бермейтін тұлғалар. Бұл сəтсіз шешім қабылдаудан гөрі, əдетте сондай қанағатсыз немесе нашар тəсіл дейтін «флюгерлік əдісті қолданатын, шешім қабылдаудан түсінетін адамдар. Сондай-ақ таңдаудан саналы түрде бас тарту жақсы шешім болып табылады. Мысалы қосымша ақпарат жақын арада түсу керек болып, ал уақыт қиын фактор болып табылмаса, дереу шешім қабылдаудың қажеті жоқ шығар. Шешім процесін қарастырғанда екі жағдайды ескеру қажет.
Біріншісі, əдетте, шешім қабылдау салыстырмалы түрде оңай. Адам не істемесе де, іс-əрекет бағытының таңдауына келіп салды. Алайда қиындық жақсы шешім қабылдаудан тұрады. Екінші жағдайда шешім қабылдау психологиялық процесс екендігі көрсетіледі. Бəріміздің тəжірибеміз көрсеткендей адамның мінез-құлқы əрқашан қисынды бола бермейтіндігі белгілі. Адамдар кейде қисынға сүйене, кейде сезімге сүйенеді. Сондықтан, басшының шешім қабылдау үшін пайдаланатын тəсілдері шапшаңнан терең ойластырылған шешімге дейін баратындығы тақ емес. Мұнда басшының əлеуметтік қағидалар, жиналған тəжірибелер жəне адами құндылықтар бағыты психологиялық факторлардың ықпалында болатындығын түсіндіруіміз қажет.
Шешім қабылдау процесі терең ойға негізделген интуитивті немесе рационалды сипатқа ие. Интуитивті шешім – бұл дұрыстығын сезінуге негізделіп жасалған таңдау. Бұл жерде шешім қабылдаушы тұлға «қарсы» мен «қарсы еместі» саналы түрде салыстырмайды. Əр альтернатива бойынша жағдайды түсінуді қажет етпейді. Адам жай ғана таңдау жасайды. Дарындылық немесе алтыншы сезім деп осы интуитивті шешімді айтамыз. Басқару жөніндегі маман Б. Шодербектің айтуы бойынша, «мəселе жанындағы ақпарат санының көбейген жағдайда орта деңгейлі басқарушының шешім қабылдауына кəдімгідей көмегін бүгін деді, ол жағдайдағы биліктің өкімі баяғысынша интуитивті пікірге сүйенуіне тура келеді. Сонымен қатар, ƏЕМ (ЭВМ) басшылыққа берілген нəрсеге көңіл аударуға мүмкін бергенімен, интуитивті шешімге үлкен мəн беруді де талап етеді. Жоғарғы деңгейдегі басқарушылардың да интуициялық тəуелділігін профессор Минцбер өз зерттеулерінде көрсетті.
Пікірге негізделген шешімдер. Мұндай шешімдер қисыны анық емес болғаннан кейде интуитивті болып көрінеді. Пікірге негізделген шешім – бұл білімдер жинағы мен тəжірибеге негізделген таңдау. Адам болып жатқан жағдайда таңдаудың альтернативті варианттарының қорытындысын болжау үшін бұрын болған ұқсас жағдайлар жөніндегі білімін қолдамады.
Пікірлер ұйымдастыру
Пікірді жағдайлармен салыстыруға болмайды, өйткені ол шындығында жаңа өйткені логикалық талдауды негіздей алатын менеджердің тəжірибесі жетпейді. Бұған мекемеге жаңа кез келген жағдайды жатқызу, мысалы қазіргі кезде істеліп жатқаннан өзгешелеу шығарылатын өнісінің ассортиментін беру жүйесін байқап көруге болады. Қиын жағдайда пікірдің жаман болуы да мүмкін, өйткені адам санасы ескеретін факторлар өте көп жəне де ол бəрін бірдей қамтып, салғастыруға шамасы жетпейді.
Пікір əрқашанда тəжірибеге негізделеді. Тəжірибеге шамадан тыс бағдар жасау бұрынғы іс-əрекеттері бойынша таныс менеджерлер бағытындағы шешімді ығыстырады. Мұндай ығыстырудан басшы таңдаудың таныс варианттарына қарағанда өте тиімді бола алатын жаңа альтернативаны қолдан жіберіп алуы мүмкін. Ең маңыздысы, басшы өзінің пікірі мен жинақтаған, тəжірибесіне тек сеніп, жаңа салаға ену мүмкіндігін қолданудан ойланбац жəне саналы түрде қашқақтауы мүмкін. Егер осы ойды түйіндесек, істің жаңа саласынан қорқу апаты аяқталуы мүмкін. Семантика бойынша маман С. Чейз: біздің арамыздағы көбі – тікелей ойлаудың құлы. Біз өте жиі «Біз əрқашан осыны дəл осылай істейтінбіз» дейтін сөздер естиміз.
Жаңа жəне қиынға бейімделу ешқашан да оңай жұмыс болмайды. Нашар шешім қабылдаудан жолы болмау қауіпі де болуы мүмкін. Бірақ, көп жағдайда басшы шешімді тиімді пайдаланып, дұрыс таңдау мүмкіндігін артыруға жағдайы бар.
Тиімді шешім. Пікірге негізделген жəне тиімді шешімдердің арасындағы басты айырмашылық – тиімді шешім бұрынғы тəжірибеңе байланысты емес. Тиімді шешім объективті аналитикалық процестің көмегіне негізделеді.
2 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Шешімді құру және мәселені айқындау
Менеджерлер зиян әрекеттерді байқап, оның алдын алып және оны азайтудың жолдарын қарастыра отырып жетістіктерге жетуді көздейді. Менеджерлер ең жақсы проблема шешімін таңдайды және оны тез орындауды көздейді. Осы факторларға сүйене отырып, біз проблеманың қомақты зиян әрекетінің немесе пайда түсіретінін анықтаймыз. Осыған байланысты проблемаға зиянды немесе пайдалы әрекет ететін проблеманы шешу жолына кірісеміз.
Шешім –стратегия немесе әрекетті таңдау.
Шешім құру стратегия немесе әрекетті таңдаудың нәтижесі, ол проблеманың дұрыс шешілуін қамтамасыз етеді. Жалпы стратегия немесе әрекетті таңдаудың менеджер қарастыратын бірнеше түрі бар. Проблемакны шешудің бір әдісі – балама шешімдерді салыстыру.
Проблема шешімінің элементтері:
Шешімнің нәтижелі болуы үшін менеджер проблеманың барлық элементтерін білуі керек.
Концептуалды жүйе элементтері
Стандарттар
Ақпарат
Жүйе күйі проблеманың элементтерін анықтайды. Менеджер, стандартты күйі және ақпарат жүйесінің жалпы моделінің концептуалды жүйесіндегі элементтердің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан концептуалды жүйедегі проблеманы шешудің жолы болып табылады.
Менеджер әр уақытта балама шешімді табуға даяр болуы керек. Бұл АЖ көмегімен проблеманы шешу процесінің бірінші сатысы.
Менеджерлер өз іс-тәжірибесіне және ақпарат жүйесінің компьютерлік емес бөліміне сүйенеді. Сонымен қатар баламалар ақпараттық жүйенің әрқайсысын бағалағанда анықталады. Бұл бағалау барлық ішкі немесе сыртқы шектеулерді қарастырады. Ішкілер шектеулі ресурстар формасын қабылдап, ал сыртқы – үкімет тарапынан немесе бәсекелес фирмалар сияқты әр түрлі сыртқы факторлардан болатын қысым формасын алады. Осы элементтердің барлығы арқылы менеджер проблеманы шешеді.
Проблемалар және симптомдар.
Проблема және симптом арасындағы айырмашылықты білу өте маңызды.
Симптомдар – проблемадан туындаған шарттар. Менеджерлер алдымен симптомды, кейіннен проблеманы қарастырады. Симптомдар өзінің әрекетін ашпағандықтан, менеджерлерді кері байланысқа назар аудартады. Бұл айсбергтің шыңы сияқты, менеджерлер проблеманың себебін анықтау үшін симптомға тереңірек үңіледі.
2.2 Шешімдерді шығару және қабылдау
Басқаруда, сондай-ақ дамдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді. Шешім қабылдау процесінің интуйтивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.
Интуитивтік шешім –
бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге
негізделген таңдау. Мұндайда шешім
қабылдайтын адамдар әрбір