Өңірлік инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып инновациялық қызметтің теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
қазіргі уақытта өңірлердің инновациялық белсенділігін қарастыру;
инновациялық процестерді талдау;
Қарағанды облысы деректеріне сүйеніп, индустриалды –инновациялық белсенділікті талдау;
Экономиканы модернизациялаудың индустриалды-инновациялық жолдарын қарастыру

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать файл)

     2006 жылдың қазанында Технопарктің Құрылысшылар даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан жаңа офистік ғимаратының түсаукесері болды. «Технопарк UnіScіenTесһ » ЖПІС жалпы көлемі — 2650 шаршы метр. Қаражал,Теміртау, Жезқазған қалаларында жалпы жарғылық қоры 820 млн. теңге болатын 3 инвестициялық-инновациялық қор құрылды.

     Ал, 2010 жылы облыстық бюджеттен бөлінетін 1,0 млн. теңгеге, 2011 жылы 1,5 млн.теңгеге «қарағандылық сапа» көрмесін ұйымдастыру және өткізу қарастырылуда. «Қарағандылық сапа» байқауының дипломанты немесе лауреаты болған кәсіпорындар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау лауреаттары республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысады. Аймақтық байқаулар жергілікті өндірушілерді ынталандырады және Қарағанды облысында шығарылатын өнімдердің өсу деңгейін көрсетеді.

     Аймақтағы инновациялық қызметті жандандыру бойынша  конференциялар, дөңгелек үстелдер мен  семинарлар өткізу үшін, инновациялық жобаларды жүзеге асырудың бастапқы және ағымдағы сатысын басқаруға, Қарағанды облысының қала және аудан әкімдіктерімен технопарктің ынтымақтаса жұмыс істеуіне 2011 жылы жергілікті бюджеттен 4,0 млн. теңге көлемінде қаражат қажет.

Тікелей инвестициялар  тарту мақсатында Қарағанды облысының  инвестициялық мүмкіндіктері, оның өнеркәсіптік, инновациялық, саудалық дамуы, қаржыландыруды керек ететін инвестициялық жобалар ( пилоттық кластер), трансұлттық корпорацияларға қарсы ұсыныстар, Теміртау қ. Индустриалдық парктің дамуы туралы ақпараттан тұратын ақпараттық пакет құру және оны үнемі жаңартып отыру қажет. Ақпараттық пакетті әзірлеу және шығару үшін облыстық бюджеттен 1,0 млн. теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет [5,8 бет] 
 

    2.2 Индустриалды-инновациялық саясаттың инновациялық белсенділікке әсері 
     

    Нақты іске асатын сектордағы келешектегі экономикалық өсімінің көзқарасы бойынша Қазақстандағы кішкене кәсіпорындардың инновациялық қызметтің қарқындылығының (интенсивтілігінің) жоғарылау проблемасы қазіргі уақытта аса басымдылық сипатты болып табылады және келешекте жан-жанқты талқылауды талап отыр. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне байланысты Қазақстан экономикасының экономикалық даму стратегиясындағы бағыттың радикалды түрде жаңаруы қазіргі жағдайда оның инновациялық белсенділіктің өсуі ерекше мағынаны білдіреді. Стратегиялы маңызды болып, оның құрылымының прогресшілдігін қамтамасыз етіп отыратын экономиканың маңызды салаларындағы жаңа технологияларды игеру бойынша шараларды жеделдетіп жүзеге асырумен қамтамасыз ету болып табылады.

    2010 жылдың қорытындысы бойынша республиканың 10096 кәсіпорындарында инновациялық қызметті статистикалық бақылау жүргізілді. Есепті кезең ішінде шаруашылық субъектілер технологиялық инновацияларға ие болды. Барлығы, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,0% құрады. 

     

Сурет 1. ҚР-ң инновация шеңберіндегі белсенділік деңгейі 

    Қазақстандық  өнеркәсіптік кәсіпорындар батыс компанияларға  қарағанда өнірістің жетілдіру (модерлендіру) жоспары бойынша артта қалып  отыр. Тек 4% қазақстандық кәсіпорындар инновациялық қызметпен (өндірістік процессті немесе жаңа өнімді әзірлеу және енгізу) шұғылданады. Сонымен қатар, инновациялық іс-шаралардың басым көпшілігі шетел компаниялармен жүзеге асырылады.

    Кәсіпорындарда  инновациялық белсенділіктің деңгейі 2010 жылы түсті. Бұл кәсіпорындардың себебін «жаңа енгізілімдерде тым ерте инновацияның болу салдарынан қажеттіліктердің жоқ болуы» (көбінесе белсенді емес кәсіпорындар үшін), «сіздердің кәсіпорындарының шегінде капиталдың жетіспеушілігі» және «нарықтық сұраныстың жоқ болуы» деп атаған.

    Аса инновационды белсенді кәсіпорындар Алматы қаласында, Қарағанды, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жинақталған (Сурет 2).

    Өткізілген  зерттеулердің деректері бойынша  аяқталған технологиялық инновациялары  бар кәсіпорындардың көбісі Алматы қаласында (37,9%), Қарағанды облысында (16,7%), Шығыс-Қазақстан облысында (6,8%), Ақтөбе облысында (5,5%) жұмыс істейді.

    Аяқталған инновациялары бар кәсіпорындардың  инновациялық қызметінің негізгі түрлері: жаңа технологияларды, жабдықтарды, материалдарды  енгізу – 51,2%, ғылыми-зерттеушілік қызмет – 12,6%, жобалық-конструкторлық қызмет – 3,1%, ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысу – 2,0%. 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Сурет 2. Облыс бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 
 

    Талдамалы кезең ішінде технологиялық инновацияларға кеткен негізгі және ағымдағы шығындар 61050,9 млн. теңгені (2010 жылы – 113460,1 млн. теңге) құрады. Соған байланысты, технологиялық инновациялармен байланысқан машиналар мен жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар – 78,2%, жаңа өнімдерді, өндірістік процесстерді өңдеу және зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар – 12%, жаңа технологияларды сатып алуға кеткен шығындар – 2,1% құрады. Инновациялық қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындардың 80%-ы процесстік инновация болып табылады. ЖІӨ-ге қатынасы бойынша инновациялық өнімнің үлесі 0,51%-ды құраса, ал өңдеулер мен зерттеулерге кеткен шығындар – ЖІӨ-нен 0,21%-ды құрайды (Сурет 3).

2011 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 5,9%-ға төмендеді және 46 826,6 млн. теңгені құрады, өзінің күшімен 33 265,2 млн. теңгені құрады, даму институттарының программаларымен 238,5 млн. теңгені құрады. 

Сурет 3. ҚР-дағы өңдеулер мен зертеулерге кеткен ішкі шығындар 

     Тапсырыс  берушілердің есебінен ғылыми-техникалық жұмыстарға кеткен шығындарды ҒЗЖ-дің 82,8% көлемінде қаржыландырылды, өзінің қаражаттары есебінен – 17% көлемінде, қарызға алынған қаражаттар есебінен – 0,2% көлемінде қаржыландырылды. Жаңа технологиялар мен техника-медицина объектілерін және ветеренарияны (87 бірл.), химия және металлургияны (74 бірл.), адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруын (71 бірл.)  тағайындаудың аса қолданбалы облыстары. Басшы-облыстары: ШҚО (медицина, химия, механика), Павлодар (электрика, химия, механика), Алматы (медицина).

     Халықаралық нарықтық фокуспен сауданың тек бір  ана орталығын орнату үшін себеп  болуы мүмкін технологиялардың өте  аз бөлігі әлемге қатынасы бойынша  жаңалық дәрежесіне ие болды (Сурет 3). [37]

    Инновациялық  әлеуеттің қорытындысы негізінде  облыстар бойынша ҒЗИ мөлшері мен кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктің арасындағы байланыстың (корреляцияның) жоқтығын көрсетеді, яғни облыстағы ҒЗИ мөлшерінің көп бөлігінің бар болуы берілген облыстағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділіктің жоғарылауына әсер етпейді. Бұған себеп – ол ҒЗИ және кәсіпорындар арасындағы бірлескен жобалардың жоқтығы, яғни ғылым мен өндірістің арасындағы байланыстың жоқтығы.

    Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің тиімділігін талдау мына қағидаларға сүйенеді:

  • жүйелік тәсіл;
  • динамикалық тәсіл;
  • саннан сапаға өту өту қағидасы;
  • сападан жаңа санға өту қағидасы;
  • талдау жәнен синтездеу тұтастығы;
  • баламалы нұсқалардың салыстырмалығы;
  • оперативтілігі;
  • санының анық болуы және т.б.

    Кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің тиімділігін талдаудың негізгі кезеңдеріне келесілер жатады:

  • проблеманы анықтау, мақсатын белгілеу және талдау міндеттері;
  • талдауды жүргізу үшін шығармашылық топты құру;
  • инновациялық жұмысты орындау әдістерін таңдау;
  • қажетті ақпараттар, құжаттарды жинау және өңдеу;
  • аталған міндеттер мен көрсеткіштер жүйесіне талдау жүргізу;
  • талдау нәтижелері бойынша шаралар кешенін дайындау [18. 6, 85-87].

    Облыстың  ұйымдары мен кәсіпорындары басшыларының көзқарастарын зерттеу мақсатында 2005 жылдан бастап статистика органдарымен инновациялық белсенділікке, яғни инновациялық қызметтің даму тенденциялары мен динамикасына конъюнктуралық зерттеулер жиі жүргізіледі. Коньюнктуралық зерттеулердің құрамына 74 өнеркәсіптік кәсіпорын, 49 құрылыстық және 25 ғылыми ұйымдар енеді.

    Зерттеулердің нәтижесіне сәйкесті 2006 жылдың ІІ жарты жылдықта инновациялық қызметті облыстың 11% өнеркәсіптік, 2% құрылыстық және 33% ғылыми ұйымдары жүзеге асырды.

    Конъюнктуралық  зерттеулердің көрсеткіштер динамикасының  талдаулары кәсіпорындар мен ұйымдардың инновациялық белсенділіктің даму қарқыны жеткіліксіз екенін көрсетті.

    2005-2007 жылдар аралығында инновациялық қызметті жүзеге асырған ұйымдардың неғұрлым жоғары үлестік салмағы 2004 жылдың ІІ жарты жылдығында байқалды, 2005 жылдың ІІ жарты жылдығындағы зерттеудің нәтижесі мынаны көрсетті: өнеркәсіптік кәсіпорындар - 27%, құрылыстық - 12% және ғылыми ұйымдар - 59%.

    Инновацияларды  жүргізу мақсаттары.

    2010 жылдың I жарты жылдығындағы инновацияларды жүргізу максаттарының ішінде зерттелген кәсіпорын басшылары төмендегіні көрсетті:

  • дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуы (респонденттердің 8%);
  • сұраныстың өсуі, өнім өтімділігінің және айналымының өсуі (8%);
  • ұйым, кәсіпорын беделінің өсуін (8%);
  • қоғам мен ұжымға қатысты әлеуметтік жауапкершілік (7%);
  • пайданың өсуін (5%).

    Сонымен бірге респондерттердің 3%-ы тіршілік етуді қамтамасыз етуге көрсетті.

    Инновациялық  қызметтің негізгі бағыттары.

    Инновациялық  қызметтің негізгі бағыттары  ішінде зерттелген кәсіпорын басшылары мынаны ескерді:

  • бар өнім, қызмет түрлерін кеңейту (10%);
  • бар технологияны жетілдіру (7%);
  • жаңа өнім, қызмет түрлерін құру (7%);
  • жаңа технологияны құру (7%);
  • жаңа рыноктар мен жаңа сегменттер игеру (3%);
  • әлеуметтік инновациялар (әлеуметтік жауапкершілік, кәсіпорын беделінің артуы және т.б.) (1%);
  • өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістерін жетілдіру (5%).

    Инновациялық  қызметтің түрлері

    2010 жылдың өткен жарты жылдығында респонденттерінің 7%-ы (2009 жылдың ІI жарты жылдығында - 18%) инновациялық қызмет түрлері ішінде жаңалықтар енгізуді (технологиялар, жабдықтар, материалдар, т.б.), 4%- ы ғылыми зерттеу қызметі, 1%-ы конструкторлық-жобалау қызметін көрсетті. Атап өтетіні, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындар басшылары инновациялық қызметтің үш түрін де атады (сәйкесінше 9%, 4%, 2%), электр энергияларын, газды және суды тарату өндірісі кәсіпорындары жаңалықтар енгізу (6%-ы) және ғылыми зерттеу қызметін (6%-ы) атады.

    Инновациялық  қызметті қаржыландыру негізгі көзі 2010 жылдың I жарты жылдығында, 2009 жылдың II жарты жылдығындай, кәсіпорындардың меншік қаражаты болып отыр, ол туралы зерттелген кәсіпорындардың 14% басшылары және өзге көздерден қаражаттар пайдаланғанын 3%-ы, оның 1%- ииновациялық қор құралдарын пайдаланғанын хабарлады.

    Өнімді  жаңарту.

    Бұрын шығарылған негізгі өнімді жетілдіру респонденттердің 10%-ы көрсетті, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының 13%-ы және электр энергияларын, газды және суды тарату өндірісі кәсіпорындарының 6%. Сонымен қатар кәсіпорын басшыларының 8%-ы бұрын кәсіпорында шығарылмаған негізгі жаңа өнім игеруді, 1%-ы салада бұрын шығарылмаған өнімді игеруді, 4%-ы бұрын Қазақстанда шығарылмаған өнімді игеруді көрсетті.

    Инновациялық  қызметке кететін шығындар.

    2010 жылдың I жарты жылдығында зерттелген кәсіпорындардың 10%-ында инновациялық қызметке кеткен шығындар табыстың 5%-ынан аспады, 3% кәсіпорында шығындар - 5-10%-ды, ал 1%-ында - 10-15%-ды, ал 3%-ында - 15-20%-ды және 3%-ында 25%-дан жоғарыны (машина және құрылғылар өндірісінде кәсіпорында) құрады.

    Инновациядан  күтілетін нәтижелер.

    2010 жылдың өткен жарты жылдығында инновациялық қызметтен басшылар төмендегіні күтеді:

  • ішкі рынокта сату көлемінің өсуі (бұл жөнінде сұралғандардың 11%-ы хабарлады);
  • табыстың артуы және инновациялық өнімге тұрақты тапсырыс санының өсуі (8%-дан);
  • өзіндік құнның төмендеуі (7%);
  • тиімділіктің өсуі (4%-дан);
  • сыртқы рынокта өнімнің сату көлемі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі, жұмыскерлердің еңбек жағдайының жақсаруы (8%-дан);
  • еңбек өнімділігінің артуы (3%).

    Инновациялық  қызметті шектейтін факторлар

Информация о работе Өңірлік инновациялық саясат