Өңірлік инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып инновациялық қызметтің теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
қазіргі уақытта өңірлердің инновациялық белсенділігін қарастыру;
инновациялық процестерді талдау;
Қарағанды облысы деректеріне сүйеніп, индустриалды –инновациялық белсенділікті талдау;
Экономиканы модернизациялаудың индустриалды-инновациялық жолдарын қарастыру

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать файл)

     Селективті  шаралар басым секторлар мен  жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.

     Мемлекет  өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын  республикалық және  өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын  қалыптастыру негізінде жүйелі түрде  құрады.

     Экономиканың  объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық  шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы  әртараптандыруды және  технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

     қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

      бизнес-ахуалды  жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

      жаппай  технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

     адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

               Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

     2000 жылдың басында негізі салынған  индустриялық-инновациялық даму  бағыты Қазақстан экономикасының  негізгі тәуекелдерінің стратегиялық  дұрыс екенін көрсетті: экономиканы  әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалды.

     Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық  институционалдық негіздері:

     экономиканың  орнықтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор;

     серпінді  бағыттарды іске асыруға мемлекеттің  әлеуетін шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ;

     әртараптандыру  процесін қамтамасыз ететін даму институттары;

     мемлекет  пен бизнестің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру үшін келіссөз алаңдары құрылды.

     Инвестициялық саясат шеңберінде инвестицияларды  ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайтын заңнамалық база жетілдірілді.

     Бұл шаралар мұнай-газ өндіру секторының өсуімен байланысты экономиканың белсенді өсуі кезеңінде экономиканың мұнайға  қатысты емес секторының да барабар  өсуін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестің одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Белгілі бір нәтижелерге қарамастан, әртараптандыру  және инновациялық даму саясаты дамушы нарығы бар елдердің объективті ресурстық  экономикаларына тән бірқатар жүйелі әсерлердің бар болуына байланысты толық түрде іске асырылған жоқ:

     ресурстарды (инвестициялық, еңбек) шикізат секторларына қайта бөлу әсерін жаңғыртуға ықпал  ете отырып, экономиканың «голланд ауруы» белгілерінің көрінуі;

     бұл кезеңде нарықтық тетік экономиканың жекелеген секторларының «қызып кетуін» болдырмайтын белгі беруге мүмкіндігі болмады және мемлекетке экономиканың «дұрыс» құрылымын құруға көмектесе алмады;

     әртараптандыру  саясаты оны ілгерілету үшін қажетті  шекті көлемнің болмауына кезікті.

     Әртараптандыруға бөлінген мемлекеттік инвестициялардың көлемі жеткіліксіз  әрі шашыраңқы болды, ол қандай да бір маңызды құрылымдық ілгерілеушілікке әкелмеді.

     Нәтижесінде экономика құрылымы шикізаттық бағытын  сақтап, ал жұмыспен қамтылу құрылымы еңбек әлеуетін пайдалану тиімділігінің төмендігін сипаттайды. 2008 жылы ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін халық саны 31,5%-ды, осы сектордың ЖІӨ құрылымындағы өнімнің үлес салмағы небәрі 5,8%-ды құрады. 2000 – 2008 жылдар кезеңінде ЖІӨ-де өңдеуші өнеркәсіп үлесі 16,5%-дан 11,8%-ға дейін қысқарды, ал кен өндіру үлесі 13%-дан 18,7%-ға өсті.

     Экономиканың  бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы  – өнімділік бойынша, соңғы жылдардың  оң серпініне қарамастан Қазақстан  дамуы жағынан орта деңгейлі елдерден де артта қалды: 2008 жылдың деректері бойынша сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша Қазақстандағы еңбек өнімділігі бір адамға 22,6 мың долларды құрайды, ал бұл көрсеткіш Ресейде – 33,4, Жапонияда – 68,2, АҚШ-та – 98,1.

     Шикізат экспортынан тез пайда алуға  бағдарланған ірі қазақстандық бизнес өсуінің қарқынды сипаты әлемдік конъюнктураның өзгеруі кезінде  барынша жоғары қайта бөлулерге және ішкі нарыққа ауысуға мүмкіндік бермеді.

     Мемлекет  бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажетті қолдау таппады, өйткені  жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсенді ойыншысы болып  көрінетіндей және Қазақстан үшін жаңа инновациялық бизнесті құру, әлемдік нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшін стратегиялық әріптес ретінде әлемнің жетекші компанияларын тарта алмайды.

     Дағдарысқа  дейінгі кезеңде Қазақстанның нарықтық экономикасы эволюциялық түрде құрылды. Өткен циклдік даму экспорттық шикізат секторы өсуінің серпінімен және сыртқы қаржылық нарықтарда арзан инвестициялық ресурстардың қолжетімділігімен көрінді.

     Қазақстанда орта және шағын бизнестің ұлттық ерекшелігі инвестициялардың тез қайтарымына кепілдік беретін бос тауашаны алу мүмкіндігімен анықталды (сатылмайтын ішкі экономика секторлары: жылжымайтын мүлік, сауда, жергілікті құрылыс индустриясы, сауда-делдалдық сектор мен қызметтер саласы).

     Тиісінше, бизнес басымдықтары, қосылған құны жоғарғы өңдеу өндірістерін дамыту жөніндегі мемлекет басымдықтарына сәйкес келген жоқ. Бұл үрдістер даму институттарының, сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық жобаларының тиісті портфелінде көрінді. Бұл ұлттық бизнестің қалыптасуының объективті эволюциялық үрдісін көрсетеді. «Көбікті» үрлеген дағдарыс жаңа нарықтарды және инновациялық өнімдерді іздетеді. Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының оңтайлы жолына жеделдете индустрияландыру жатады.

     Әлемдік тәжірибе индустрияландыруға қатысты әртүрлі әдістердің бар екенін көрсетіп отыр: «қуып жетуші даму», «дәстүрлі мамандандыру», «индустрияландырудан кейінгі даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетін болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикізаттық өндірістерді жоғары бөліністерге ауыстырумен шикізат секторына сүйене отырып «дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы болып табылады.

     Дәстүрлі  мамандандыру секторлары мен қалған экономика арасындағы тұрақты байланыстар  сервистік қызмет арқылы дамуға мүмкіндік беретін бірқатар қосымша салаларды құрайды. Бұл сонымен қатар, шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының жанында шағын және орта бизнес кластерлерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.

     Бүгінгі таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестік күшейгенде, ішкі және әлеуетті сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетімді нарығы бар Кеден одағының әлеуетін барынша іске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бірегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерінде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндістан) тиімді жаһандық серіктестік ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкіндігін жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының белсенді болуының қолжетімді нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің, тоқыма өнеркәсібінің және туризмнің шикізаттық емес экспорттың белсенді қолдауын қамтамасыз ету. Индустрияландыру саясатының табысты іске асырылуының негізгі шартына өндіріс факторлары өнімділігінің өсуі және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жатады.

 

    ҚОРЫТЫНДЫ 
 

    Инновациялық  қызмет дамуының қазіргі кезеңінің  ерекшелігі - орасан зор фирмаларда зерттеу мен өндірісті біріңғай процесске біріктіруші ғылыми-зерттеу  кешендерінің құрылуы болып табылады. Бұл «ғылым - өндіріс» циклының барлық кезеңдерінің тығыз байланысын болжайды. Біртұтас ғылым-өндіріс-өткізу жүйелерін құру заңға сыйымды, ғылыми-техникалық прогресспен және фирманың нарықтық бағытының қажеттіліктерімен шартталған.

    80-ші  жылдары ірі фирмалардың инновациялық  саясаттарында ғылыми-техникалық және өндіріс-өткізу қызметтерінің бағытталуын өзгерту тенденциясы анық көрініс тапты. Ол, ең алдымен, шығарылатын өнімнің ассортиментінде оны өткізу инжинирингтік, лизингтік, кеңес берушілік және т.б. ілеспелі  техникалық қызметтерді кеңейтуге алып келетін жаңа ғылымды қажет ететін өнімдердің үлес салмағын жоғарылатуға ұмтылумен сипатталады. Басқа қырынан алғанда, дәстүрлі өнімдерді өндіру шығындарын төмендетуге ұмтылыс байқалуда.

    Әсіресе, бұл тенденциялар жоғары техникалық күрделі өнімдерді (радиоэлектронды техника, әсіресе ЭЕМ мен микропроцессорлар, байланыс құралдары, авиакосмостық техника, энергетикалық жабдық, автоматтандыру құралдары және т.б.) дайындау мен өндіруге өз күштерін жұмылдыратын амнрикандық машинажасау трансұлттық корпорацияларының (ТҰК) инновациялық менеджментінде анық көрінеді. Осындай өнімдерді шығаруды монополиялау арқылы олар капиталдың жедел амортизациясын қамтамасыз ету мен машина мен жабдықтар нарығының белгілі-бір секторларында көшбасшылықты сақтауды мақсат етуде. Бір мезгілде олар бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында машинажасаудың дәстүрлі салаларында өндіріс шығындарын айтарлықтай төмендетуге ұмтылуда.

    АҚШ та инновациялық қызметті венчурлық  ұйымдастыру 70-ші жылдар ортасынан  басталды. Қазіргі уақытта «венчурлық бумның» екінші толқыны байқалып жатыр. General Electric компаниясында, мысалы, шаруагерліктің әртүрлі стратегиялық зоналарында қызмет ететін 30 венчурлық кәсіпорын бар, олардың жалпы қоры 100 млн. Долл. құрайды.

    Xerox фирмасы 1989 жылы қоры 30 млн.долл. Xerox Technology Ventures атты венчурлық бөлім құрды. Одан өзінің тәуелсіз инновациялық-технологиялық жобаларын қолдау алу үшін инженер топтары немесе басқа функционалдық қызметкерлер көмек сұрай алады.

    Егер  жоба өмір сүруге қабілетті болса  онда венчурлық қордан оны жүзеге асыру үшін қаражаттар бөлінеді. Көптеген фирмалар өзінің базасында шексіз бостандық беріп, жас фирмаларды құруды ынталандырады. Онда аналық компания жаңа фирма акцияларының негізгі иесі болады, осылайша оның қолында толық қаржылық бақылау болады және инновациялық жетістіктерді өз қызметіне енгізудің эксклюзивті құқығына ие болады. 1992 жылға қарай танымал америкалық АТТ корпорациясында осы берілген жүйе бойынша жұмыс істейтін 50 шақты фирма-новатор құрылды.

    Осылайша, инновациялық қызметтің тиімділігін жоғарылату мақсатында американдық компаниялардың қайта ұйымдасуының келесі қадамдарын атап өтуге болады:

    басқарудың  әкімшілік деңгейлерін қысқарту жәнебасқарушылық диапазонды кеңейту;

    басқарудың  көптеген құрылымдардың пайда болуы, негізгімен бірге уақытша қосалқы құрылымдар және бағыттаушы бөлімшелер құрылуы;

    жұмыс уақытын қысқарту, жеке және ұжымдық  жауапкершілікті жоғарылату, сырттан  кеңесшілерді шақыру, функцияларды нақты  тарату нәтижесінде бюрократизацияның  болмауы сияқты матрицалық құрылымдардың артықшылықтарын қолдану;

    жоғары  жетекшілік деңгейінде басқарудың жоғары тізбегіне кеңес беру бойынша  тұрақты комитеттер құру;

    ҒЗТКЖ, маркетинг, өткізу және өндіріс бөлімдерінің инновацияларды зерттеу және енгізу бойынша көп функционалды ғылыми-өндірістік комплекстерге бірігуі;

    жаңа  өнімді нарықтық тестілеуден өткізуді жүргізу үшін тұтынушылық орталықтардың  мақсаттық топтары шегінде ұйымдастыру;

    жобалық бөлімшелер жетекшісін олардың қызмет координациясы мен жоба бойынша  приоритетті мақсаттарды анықтау  фнкциясымен үлестіру;

    соңғы нәтижеге жетуді және фирмада инновациялық мәдениетті құруға бағытталған ынталандырудың ерекше жүйесін орнату.

    Осының  барлығы инновациялық процеске қарсыласуды  төмендетуге, жобаларды жүзеге асыру  мерзімдерін қысқартуға, жұмысты  орындау барысындағы дефектілер санын азайтуға, жаңа өнімнің сапасын жоғарлатуға, жаңа маркетингтік өлшемдерін енгізу тиімділігін жоғарылатуға, шығармашылық инициатива өсімін ынталандыруға мүмкіндік береді.

 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

     
  1. Таубаев А.А., Инновациялық менеджмент. Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарЭУ баспасы, 2009.
  2. «2003-2015» жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму» Стратегиясы 2003 жыл, 17 мамыр.
  3. ҚР Президентті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Дағдарыстан жаңару және дамуға» 2009 жыл, 6 наурыз
  4. ҚР Президентті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 2011 жыл, 28 қаңтар.
  5. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.2010 жыл.
  6. ҚР «Инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдау жөніндегі» Заңы (2006 ж.). /«Юрист» Анықтама жүйесі
  7. ҚР Президентінің Жарғысы «Қазақстанды 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясы жөнінде» (2003 ж.). /«Юрист» Анықтама жүйесі
  8. Қазақстан Республикасында 2005-2015 жж. ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама  /«Юрист» Анықтама жүйесі
  9. Қазақстан Республикасында 2007-2012 жж. ғылымды дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама. – / http://www.edu.gov.kz
  10. Научно-техническая деятельность в Республике Казахстан за 2005 г. // Статист. бюлл., 2006.
  11. Абдыгаппарова С.Б. Инновационный менеджмент: Учебное пособие. – Алматы, 2003.
  12. Роль государства в развитии инновационной деятельности в Казахстане: Аналит. Обзор. - Алматы:КазгосИНТИ, 2005 стр.56
  13. Ильдеменов С.В., Ильдеменов А.С., Воробьев В.П. Инновационный менеджмент - М.: Инфра-М, 2002 - 208 с.
  14. Каренов Р.С. Инновационный менеджмент. – Алматы: Ғылым, 1997. – 184 с.
  15. Гольдштейн Г.Я. Инновационный менеджмент: Учебное пособие. Таганрог: Изд-во ТРТУ, 1998. 132с.
  16. Муканов Д. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизмы реализации. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 274 с.
  17. Ковалев Г.Д. Основы инновационного менеджмента: Учебник для вузов / Под ред. проф. В.А.Швандера – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 208 с.
  18. Трифилова А.А. Управление инновационным развитием предприятия. – М.: Финансы и статистика, 2003. – 176 с.
  19. Фраймович В.Б. Совершенствование экономического управления деятельностью научно-технических организаций. – СПб.: Издательский дом «Бизнес-Пресса», 2003. – 192 с.
  20. Твисс Б. Управление научно-техническими нововведениями. – /Сокр. пер. с англ. М.: Экономика, 1989. – 280 с.
  21. Стрелец И.А. Новая экономика и информационные технологии. – М.: Изд-во «Экзамен», 2003. – 256 с.
  22. Высокотехнологичные предприятия в эпоху глобализации. – / И.В. Иванов, В.В. Баранов, Г.И. Лысак, О.В. Кирсанов. – М.: Альпина-Паблишер, 2003. – 416 с.
  23. Таубаев А.А. Формирование и развитие наукоемкого сектора в Казахстане. – /Монография. –Караганды: ЖШС «Санат-Полиграфия», 2007. – 216 с.
  24. Проект развития инноваций и конкурентоспособности. Краткий обзор о состоянии научно-технической деятельности в Республике Казахстан. /МИТ РК, МОН РК, МБРР. –19 с.
  25. О состоянии и перспективах развития науки и технологий в Республике Казахстан. –/ Отчет Национального центра научно-технической информации Республики Казахстан и Национальной Академии наук США о проведенной государственной научно-технической экспертизе отечественного научно-технического потенциала и приоритетных направлений развития науки (аудит науки), Алматы. – НЦ НТИ РК, 2006. – 169 с.
  26. Отчет о реализации в 2006 году группой АО «Фонд устойчивого развития «Қазына» Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы. – Астана, 2007. – 73 с.
  27. Роль науки в социально-экономическом прогрессе Казахстана и задачи Союза ученых. – Алматы: РОО «Союз ученых», 2006. – 62 с.
  28. Эффективность научных исследований (методология оценки и проблемы повышения) / Под ред. С.Б. Баишева. – Алма-Ата: Наука, 1978. – 301 с.
  29. Бандурин А. В. Деятельность корпораций, Москва, 1999.
  30. Лу Юнсян. Эра наукоемкой экономики // Вестник РАН.- 2000.– Т.70.–№4.- С. 338-343.
  31. Анчишкин А.И. Наука, техника, экономика. М.: Экономика, 1986.
  32. Большаков И.М. К вопросу управления инновационной деятельностью //Российский экономический журнал. – 1994. - №3.
  33. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы: Fылым, 2000. – 536 с.
  34. Днишев Ф.М. Научно-техническое развитие в условиях становления национальных производительных сил: стратегия и механизм. – Алматы: Гылым, 1996. – 197 с.
  35. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы, ИЭ МОН РК, - 2005. – С. 75.
  36. Абдыгаппарова С.Б. Инновационный потенциал Казахстана: механизмы активизации. /Монография/. – Алматы: Экономика, 2001. – 158 с.
  37. Сальжанова З.А. Инновационно-технологическое развитие промышленности Казахстана (теоретические и методологические аспекты), Караганда, 2002, 276с.
  38. Барлыбаева Н. Национальная инновационная система США. – //Промышленность Казахстана. – 2006. – №10. – С. 36-40.
  39. Иванова Н. Национальная инновационная система. – М., 2002.
  40. Гохберг Л. Национальная инновационная  система России в условиях «новой экономики». – // Вопросы экономики. – 2002. – №8.
  41. Феликс Янсен. Эпоха инноваций: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М, 2002. – 308 с.
  42. Сулейменов Е.З., Галанц Э.А., Васильева Н.В. Динамика научно-технического потенциала Республики Казахстан за 2001-2005гг. –/Аналитический обзор. – Алматы: НЦ НТИ РК, 2006. – 38 с.
  43. Таубаев А.А., Габдуллина Б.Т., Омарбекова К.К. Анализ основных тенденций развития регионального научного потенциала (на материалах Карагандинской области). – /Аналитический обзор. Караганда: ЦНТИ, 2005 - 42 с.
  44. Абдымомунов А., Сулейменов Е., Раманкулов Е. Новая повестка дня казахстанской науки. Современное понимание науки. – // Наука Казахстана. – 2005. – №19 (113). – С. 6-7.
  45. Грудницкий П. Опыт с инновационной экономикой. – // Эксперт Казахстана. – 2007. – №5 (107).
  46. Комков Н.И., Бондарева Н.Н. Проблемы коммерциализации научных исследований и направления их решения. – //Проблемы прогнозирования. – №1. – 2007. – С. 4-26.
  47. Багриновский К.А., Бендиков М.А., Хрусталев Е.Ю. Современные методы управления технологическим развитием, Москва, 2001, 272с.
  48. Бектурганов Н.С., Пивоваров А.Н. Технологическая конкурентоспособность Казахстана: от иллюзий к «бизнесу, ориентированному на безграничное благо для каждого». – Алматы: Fылым, 2005. – 272 с.
  49. ҚР «Ғылым жөніндегі» Заңы (2011 ж.). / «Юрист» Анықтама жүйесі
  50. [www.kazakhemb.org]

Информация о работе Өңірлік инновациялық саясат