Өңірлік инновациялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 06:43, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып инновациялық қызметтің теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
қазіргі уақытта өңірлердің инновациялық белсенділігін қарастыру;
инновациялық процестерді талдау;
Қарағанды облысы деректеріне сүйеніп, индустриалды –инновациялық белсенділікті талдау;
Экономиканы модернизациялаудың индустриалды-инновациялық жолдарын қарастыру

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 605.50 Кб (Скачать файл)

    Экспортқа бағытталған өндірістердің ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өнімдерді шығаруын ынталандыру.

    Елдің экспорттық потенциялын (жоғары) қосылған құны жоғары товарлар мен қызметтердің үлесі мен диверсификациялау.

    Сапаның әлемдік стандарттарына көшу.

    Әлемдік ғылыми технологиялық және инновациялық процесстерге қосылу арқылы аймақтық және әлемдік экономикамен бірігуді дамыту.

    Индустриялды  инновацины даму стратегиясында негізгі  көңіл ғылымының және ғылыми иннвациялық  іс-әрекеттіннің және білім беру технологиялық  деңгейін арттыруға бөлінген. Соған сәйкес елдегі ғылыми технологиялық потенцияларды постиндустриялды экономика салаларына жататын биотехника ядролық технологиялар, космостын технологиялар, жапа материалдарды жасау және ақпараттың технологияны дамытуға бағытталған.

    Экономикалық  қатынастардың жалпы жүйесiнде  инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек  өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.

    Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс  табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ  өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл  елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр.

    Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн  отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.

    Қазақстанның  ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық  құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

    Ғылыми  техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.

    Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы  тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың  әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда  бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында  болып отыр.

    Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен дамыту үшiн жағдай жасау керек.

    Қазақстандық  өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.

    Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы  аяқталған ғылыми әзiрлемелер мен  қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен  сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс.

    Зияткерлiк  меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың  маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.

    Инновациялық  дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (өcipу) және сыртқы (трансферт) инновация  көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады.

    Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк  саясаттың негiзгi бағыттары:

    мемлекеттiң  қатысуымен маманданған венчурлiк  қорлар құру және венчурлiк капиталды  ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

    инновациялық  қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк  қолдау нысандары мен әдiстерiн  әзiрлеу;

    инновациялық  қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы  маманданған субъектiлерiн құру енетiн  инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

    инновациялық  сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;

    өнеркәсiптiң  базалық салаларында жаңа технологиялық  құрылым қалыптacтыру;

    технологиялардың  өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар  жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру;

    отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк  тәжiрибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуiн жандандыру;

    халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.

    Ғылыми  әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның  салдарынан өнеркәсіптегi инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң төмендiгi өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн  жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлiнiң жете бағаланбауынан туындап отыр.

    Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда  Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты  ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiн ІЖӨ-нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек.

    Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-iн құрап отыр, бұл  жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру қажет.

    Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың  жеткiлiксiз болуы мен тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан  кетуiне, ғылымның материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.

    Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет.

    Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк  саясаттың басты бағыттары:

    әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi ретiнде ғылымды айқындау;

    жоғары  технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп қажетсiнетiн  әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi құруға бағытталған  зерттеулердi дамыту;

    ғылыми  жетiстiктердi нақты iске асыруға  ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру жүйесiн құру;

    жаңа  жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты  ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар  жасау (ұсыныстарды ынталандыру);

    ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;

    кадр  әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық  дамудың басым бағыттары бойынша  жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау  мен аттестаттау;

    ғылыми  зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын  жоғарылату үшiн ғылыми ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту;

    ғылымның  мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны қолдаудың мемлекеттiк  тетiктерiн жасау;

    талантты  жас ғалымдарды қолдау;

    мамандарды  әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу;

    грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен жетiлдiру;

    қазақстандық  ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық  қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.

    Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

     Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі  – Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.

     Бағдарлама  экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

     Бағдарлама  экономиканы әртараптандырудың  жүргізіліп отырған саясатының қисынды  жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

     2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық  қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.   

     Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат  қоры» акционерлік қоғамы (бұдан  әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия  секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

     Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.

     Мемлекет  озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға  бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

     Индустриядан  кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары  бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.

     Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

     Экономикалық  саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Информация о работе Өңірлік инновациялық саясат