Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2012 в 06:43, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып инновациялық қызметтің теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
қазіргі уақытта өңірлердің инновациялық белсенділігін қарастыру;
инновациялық процестерді талдау;
Қарағанды облысы деректеріне сүйеніп, индустриалды –инновациялық белсенділікті талдау;
Экономиканы модернизациялаудың индустриалды-инновациялық жолдарын қарастыру
«30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген шаралар кешенінің нәтижесінде 2015 жылға дейін республика экономикасында индустриалды-инновациялық дамуға, диверсификация жағына шикізаттық бағыттылықтан қалдықтар болуы мүмкін.
Бүгінде республикада, индустриалды саясатты жүзеге асыру мен қалыптастыру кезінде өзін-өзі қамтамасыз ететіндей болуға әлі жеткіліксіз, себебі, адам капиталымен, экономикалық ресурстардың шектеулігі, сонымен қатар, жаңа өндірісті, зауыттары мен фабрикаларды жаңғырту мен жобаландыру, озушы технологияларды құру бойынша инженерлік-техникалық және ғылыми әлеуеттің жоқтығы.
Қазақстан үшін индустриалды саясат екі бірлікті мәселені шешуі керек: бір жағынан, өндірісті техникалық қайта қаруландыру, жаңа технологияларды игеру мен экномикалық өсуді ынталандыру жолымен өнеркәсіпті модернизациялауының жедел мәселесі тұрса, екінші жағынан, басымды бағыттары бойынша еліміздің озып шығушы технологиялық дамуын қамтамасыз ететін экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын анықтау мәселесі тұр.
Қазақстанның оптималды жолы – экономиканың ерекшеліктерін ескеретін, экономиканың жоғары технологиялық және шикізаттық дамуын араластыру. Бұл республикалық-инновациялық стратегия деп аталады, ол өндіруші салаларда ұзақ технологиялық тізбектер, жоғары жасамалардың дамуына бағытталған.
Өнеркәсіптік
саясаттың ұйымдастырылған
Өнеркәсіп қызметінің тиімділігі – тек тауар ретінде өнімге салынған салымдармен ғана емес, сонымен қатар, өнеркәсіптік инновацияның және экономиканың шынайы секторларына әсерін тигізетін қызметтің тиімділігі мен өзгеріс жағдайларымен де анықталады.
Таралып кеткен көзқарастар бойынша отандық кәсіпорындар әлсіз делінеді, бірақта шетел бәсекелестерімен салыстырғанда зор басымдылыққа ие болып келеді. Еліміздегі өнеркәсіптік кәсіпорындағы жалақы деңгейі төмен болғанмен, жұмыс күшінің біліктілігі өте жоғары. Бірақ, Қарағанды облысында болған оқиғалар бұл басымдылықтың жылдар өте келе өз бағасын жоғалтатынына көрсетті. Сонымен қатар, отандық шикізат пен құрылғылар әлемдегіден төмен ішкі нарықтардың бағасы бойынша кәсіпорындармен сатып алынады. Импорттық шикізат пен құрылғының үлесі салыстырмалы түрде аса жоғары емес.
Салық салу деңгейі де дамыған ел көрсеткіштерінен жоғары емес. Бүгінде микро деңгейдегі шаруашылық механизмі өзіндік дамуды қамтамасыз етпейді, салықтық саясатпен әкімшілік реттеу тиімділіктің жоғарылауын ынталандырмайды. Әлемдік деңгейден өсуші техниканың артта қалуы соңғы шешуші сәтті күлге айналдырады, бұл осыдан әрі осылай жалғаса берсе, оны қайтадан жөнге келтіру өте қиын және терең болады.
Соған қарамастан, қазіргі таңдағы реттеу мен протекционизмнен бас тартса, онда ол қазақстандық өндірістің сақталынған бөлігін ликвидациялауға әкеледі. Тәжірибеде тиімділікті жоғарылату кәсіпорындарында қабылданған шешімнің, тұлға пікірлеріне қарама-қайшы болып келеді.
Принципалды жоспардағы ұзақ мерзімді мәселе ретіндегі себеп-салдар Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына енуді болжамдайтын келешекті түрде беріледі.
Мемлекеттік индустриалды саясаттың маңызды бағыты – болып шынайы экономика мәселелеріне даму институттары бет бұруы табылуы керек. Мұндағы мәнді рөлді индустриалды және экономикалық зоналарды, сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру жөніндегі жұмыстар атқаруы тиіс.
Өнеркәсіппен энергетиканы біріккен жүйенің екі өзара байланысқан және өзін-өзі толықтырушысекторы ретінде қарастырған жөн, себебі бұлар бір-бірінсіз алшақта ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ете алмайды.
Жанармай-энергетикалық кешені мен энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру келесідей негізде болжамдалынады:
Постиндустриалды қоғамда өнеркәсіптің қызмет етуі, оның мүмкіншіліктерінің кеңеюі жаңа технологиялар және ғылыммен тығыз біріккен жолымен жүзеге асырылады. Бұл толықтай өнеркәсіптік-технологиялық кешеннің қалыптасуымен қол жеткізіледі. Бұл кезде ұлттық экономиканы диверсификациялау ісіндегі ғылымның Ұлттық акедемиясы ғылымның академиялық секторы, отандық ғылымның нәтижелерін шынайы пайдалану механизмдерінің қызығушылығы ұсынылады. Финляндия мемлекеті «азиялық жолбарысқа» ғылыми технологиялық әлеуеті болмай-ақ, жеке ғылым академиясы болмай-ақ, әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктерін сәтті пайдалану арқылы жоғары технологиялық өндірістің дамуының басқа елдермен қатар, жоғары баспалдағына көтерілгені барлығымызға белгілі.
Осыдан-ақ көрініп тұрғандай, индустриалды саясатты жүзеге асыру шынайы басқарушылық, ұйымдастырушылық, экономикалық және қаржылық негіздер мен нормативтік-құқықтық жағдайды құруды талап етеді. Осыдан жаңа индустриалды саясат мобилизацияланған сипатқа ие болуы керек, бірінші кезекте, барлық ішкі мүмкіншіліктері мен резервтерін тартуға жүгінуі керек.
Жоғары дамыған елдерде ұлттық шаруашылықты төрт деңгейлік салалық бөлінуі қалыптасқан:
«Жұмсақ»
технологиялардың ерекшелігі адам капиталына
базаланатын және интелектуалды
ресурстарды талап етуімен
Бірінші сектор – өзіндік дамудың жеткілікті дәрежесін қамтамасыз ететін салалар. Берілген секторға мұнай, газ, металлургиялық және жанармай салаллары жатады.
Екінші сектор – бәсекеге қабілетті өнімді шығаратын, өзіндік дамуды қамтамасыз ете алатын салалар. Бұл сала дамуға арналған меншік қүралдарының болмауы, бәсекелік ғылыми-бөлімшенің бар болуымен сипатталады. Сондықтан оларға әлімдік және ішкі нарыққа шығу үшін мемлекеттік бағытталған қолдауы қажет. Бұл қолдау инвестициялар, субсидиялар, өнімдерді сатып алу, несиелер ұсыну түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Осы сынды салаларға энергетика, қорғаныс кешенінің жетекші өндірістері, құрылыс жатады.
Үшінші сектор – бәсекеге қабілетсіз, олар үшін ішкі нарықта өз үлестерін сақтап қалуы маңызды болып табылатын салалар, яғни олар: машина құрылысы, көлік және байланыс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Олар импорттық қорғаушы тарифтерді ішкі және сыртқы сұранысты ынталандыру мемлекеттік шараларды қажет етеді.
Бұл кезде, сонымен қатар, ел қауіпсіздігі мен оның стратегиялық қызығушылықтарын ескере кеткен жөн.
Өнеркәсіптің техникалық деңгейін жоғарылату ісіндегі үлкен мәселе – ол отандық ұлттық шаруашылық кешен өнеркәсіпшілерге экономиканың жағдайы үшін жетерліктей жауапкершілік жүктелетін толық бірлік ретінде қарастырылмайды. Өткен жылдары әр сала дағдарыстан өз күшімен шығуға мәжбүр болды, мемлекет бұл процесті өз ағынымен жіберді, бұл жалпы шаруашылық жағдайында теріс көріністе болды.
Қазіргі таңда отандық өндірісті жандандыру мақсатында өнеркәсіпте мемлекеттік реттеуді пайдалану үшін тарихи мүмкіндік бар. Бірақта, бұл үшін ауылшаруашылығында және отандық өнеркәсіпте жеке тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін, ел экономикасы дамуының жаңа сценарийін әзірлеу мен жүзеге асыру қажет. Мұндай сценарий берілген кезеңде республиканың спецификалық жағдайынан туындап отыр, мұнда Батыспен тікелей бәсекеге түсу мүмкін емес. Еліміздің табиғи-климаттық жағдай соншалықты қиын, ал оның ұзақтығы да соншалықты, осындай факторлардың бағасынан кейін қазақстандық тауарлар әлемдік нарықта жетерліктей бәсекеге қабілетті бола алмайды.
Қазіргі таңда мемлекетте бар барлық мүмкіндікті көпсалалы өңдеуші өнеркәсіптің қайта қалпына келтіруіне, сұранысқа ие өнімдер, өндірістік қуаттылықтарды іске қосуға бағытталған маңызды. Бірақта, қазіргі уақытта ішкі тұтынушыларды қамтамасыз етуге жанармай шикізаттық кешеніне қайта бағытталуға тырысуда, бұл кезде жанармайға, электр энергиясына, шикізатқа, сонымен қатар, теміржол тасымалдауларына деген тариф пен баға төмендейді.
Мемлекеттің индустриалды саясатының маңызды құралдары болып даму бюджеті мен лизингтік сауда табылуы керек. Қосылған құн тізбегінің құрамына талдау жасаудың қазіргі заманғы ыңғайы көрсетіп отырғандай, болашаққа аса үлкен пайданы материалдық емес компоненттермен байланысқан инновациялық цикл кезеңдері әкеледі, ол компоненттер: НИОКР, интелектуалды меншік, сапалы басқару және т.б
Ғылыми-техникалық және инновациялық ая субъектілері өз қызметтерін өз бетінше қаржыландырып, әрі қарай жүзеге асыра береді. Инновациялық өнімнің тапсырыс берушілері және де басқадай тұтынушылардың өзара қарым-қатынасының негізгі құқықтық формасы тауарлар мен қызметтерді құруға, пайдалануға, беруге келісім-шарт жасау қызметін атқарады, сонымен қатар лицензиялық және басқадай келісімдер айтуға болады [10, 252 бет]
Берілген
қызмет сферасындағы экономикалық қатынастар
нарық механизм жағдайында іске асыруға
болады. Ал, басқа жағынан, тауарлар
мен қызметтер нарығында
Ғылым
мен техника сферасындағы субъектілерге
мемлекеттік органдардың
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында түпкі мақсат ретінде экономиканың бәсекелестігін арттыру негізінде экономикалық өсудің қалыпты және жоғарғы қарқынына жету деп белгілейді.
Әлемдік тәжірибеге байланысты кейбір шикізат ресурстары мол дамушы елдер қалыпты экономикалық дамуға жете алмай дүниежүзілік тауар рыногының конъюктура өзгерістеріне тәуелді болып қалады. Бұл елдерде ертелі-кеш табиғи байлықтары сарқылып, экономиканың қалыпты дамуында белгілі қайшылықтар туындайды. Керісінше табиғи қазба байлықтары кем болғанымен кейбір елдер әрдайым экономиканың жаңа, ғылыми-техникалық прогрес талаптарына сәйкес салаларын дамытуға ұмтылып, керемет жағдайларға жетіп жатқандарын көруге болады. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ өнеркәсіп өндірісінің 75-100% өсімшесіне инновацияларды қолдану арқасында жетуге болады екен. Бүгінгі таңда әлемдік экономика шеңберінде ғылыми сыйымды өнім өндірісін бар болғаны 50-55 макротехнологиялары қамтамасыз етіп отыр. Жеті дамыған елдер осы макротехнологиялардың 46-сын иемденіп жоғарғы технология рыногының 80% қолдарынан ұстап, соның нәтижесінде әр жылы осы өнімді экспорттау арқылы АҚШ - 700, Германия - 530, Жапония -400 млрд. АҚШ доллар көлемінде пайда көріп отыр. Осыған байланысты еліміздің болашағын ішкі түрлі мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ғылыми сыйымдылығы мол өндіріс салаларын дамытумен байланыстыру керек. Стратегиялық даму мүддеге сәйкес Қазақстан Республикасы шикізат секторының даму деңгейінің тәуелділігінен алыстап, жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерді экспортқа бағыттау жүйесіне ауысуы қажет [14].
Әлемдік экономиканың ғаламдану сатысында еліміздің экономикасында өзінің шешімін күтіп тұрған бірнеше мәселелерді атап көрсетуге болады. Оларға экономиканың шикізатқа бағыттануы; әлемдік экономика жүйесінде, еліміздің ішіндегі салааралық және аймақ аралық интеграцияның әлсіздігі; ішкі нарықтағы тауарлар мен қызметке деген тұтынушылар сұранымының кемдігі; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық деңгейде артта қалуы; ғылым мен өндірістің тиімді өзара байланыстарының үзілуі; ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға қажетті көлемде қаржының бөлінбеуі тағы с.с. жатады. Аталған мәселелерді шешу жолдарының негізі ретінде Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдары индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру нәтижесінде ұлттық инновациялық жүйе құру болып табылады. Бұл жүйенің негізгі элементтеріне ғылыми-техникалық саласы, кәсіпорындардың инновациялық қызметі және инновациялық инфрақұрылым жатады әр элементтің атқаратын рөлі өте маңызды [15].