Практикалык жумыс

Автор работы: M*********@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:03, реферат

Краткое описание

Паскаль тілін 1970 жылы швецария ғалымы Николас Вирт ойлап тапқан және оны VII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блэз Паскальдің құрметіне PASCAL деп атаған болатын. Қазіргі кезде Паскаль программалау тілінің көптеген версиялары бар және олар бір-бірімен сәйкес келе бермейді.
Блэз Паскаль 1623 жылы францияның Клермон-Ферран қаласында өмірге келген. Оның қабілете жас кезінде көбінесе математика саласынан көп көріне бастаған. Ол 1662 жылы дүниеден қайтқан соң бүкіл әлемде ұлы маематик ретінде қалды. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажетті болды.

Содержание работы

1) Жүктеу түрлері. ТР ортасында жұмыс жасаудың негізгі жолдары. Программа мәтінін редакторлеу, өңдеу процессі.
Программаны редакторлеу, өңдеу командаларын Pascal-дің командалық менюі көмегімен орындап үйрену. Программаны құрастыру. Оның бөлімдері. Бөлімдерін сипаттау. Программаның әрбір бөлімінің атқаратын қызметі.

Begin тақырыбына арналған есептер.

Меншіктеу, енгізу, шығару командаларын пайдаланып қарапайым программаларды құрастыру. Read, Readln, Write, Writeln командалары.

Тармақталу командалары. Құрама операторлар.

Құрама шарттар. Мәтіндік шарттар. Таңдау командасы.

Шарттың алдында қойылатын циклдарды ұйымдастыру. While do циклдағы құрама операторлар. Шарттың соңында қойылатын Until, Repeat циклдарын ұйымдастыру.

Циклдағы құрама операторлар For, to, do операторлары.

Бір өлшемді массивтер. Матрицалар.

Функциялар және Процедуралар.

Қатарлар.

Графика.

Графиктік режимде текст шығару процедуралары.

Есептер шығрау.

Содержимое работы - 1 файл

Практикалық жұмыс 1.doc

— 522.00 Кб (Скачать файл)
>
Типтер Мәндер  интервалы Форматы
INTEGER -32 768-ден  32 767-ге дейін        бүтін сандар
SHORT 
 
 

       INT

-128-ден  127-ге дейін        бүтін сандар
LONG INT -2 147 483 648 – ден

2 147 483 647 – ге дейін

       бүтін сандар
BYTE 0 – ден 255 – ке  дейін        таңбасыз  бүтін сандар
WORD 0 – ден 65 535 – ке дейін        таңбасыз  бүтін сандар
BOOLEAN True – ақиқат, False - жалған        логикалық шама
REAL 2.9*1 0 -39 - нен 1.7*1038 - не дейін        нақты сандар
SINGLE 1.5*10-45-нен 3.4*1038-не дейін        нақты сандар
DOUBLE 5*10-324-нен 1.7*10308-не дейін        нақты сандар
EXTENDED 3.4*1 0-4932-нен 1.1*104932-не дейін        нақты сандар
COMP (-263+1 )-ден  (263-1 )-ге дейін        нақты сандар
CHAR ASSCII-символдар жиынтығы        символдық шамалар
STRING Символдық қатарлар        жолдық  қатарлар
PCHAR ASSCII-қатарлар         
POINTER Типтерге  сілтеме         
 
 

       Стандартты  функциялар мен қызметші сөздер 

 Жазылуы        Атқаратын қызметі        
 ABS(X)    Абсолюттік  шама
 SQR(X)    Квадрат
 SQRT(X    Түбір
 SIN(X)    Синус
 COS(X)    Косинус
 EXP(X)    Экспонента
 LN(X)    Натурал логарифм
 LN(X)/LN(10)    Ондық логарифм
 EXP(LN(10)*X)    10-ның X дәрежесі
 EXP(LN(X)*Y)    Х-тің Ү  дәрежесі(Хү)
 ARCTAN(X)    Арктангенс
 FRAC(X)    Х-тің бөлшек бөлігі
 INT(X)    Х-тің бүтін  бөлігі
 CHR(X)    Символды  анықтау
 X DIV Y    Х-тің Ү-ке қатынасының бүтін бөлігі
 X  MOD Y    Х-тің Ү-ке қатынасының бүтін қалдығы
 ODD(X)    Х – тің  тақ, жұп екендігін анықтау
 ORD(X)    Х – тің  реттік нөмірі
 TRUNC(X)    Х – тің  бүтін бөлігін шығару
 PI    3,14 саны
 ROUND(X)    Х-ті бүтін  санға дейін дөңгелектеп шығару
 RANDOM(X)    Кездейсоқ сан шығару
 PRED(X)    Х-тің алдыңғы  мәні
 SUCC(X)    Х-тің келесі мәні
 INC(X)    Х-тіңүлкеюі
 DEC(X)    Х-тің кемуі
 EOF(F)    Файлдың соңын  анықтау
 TRUE    егер F файлы файлдың соңы күйінде болса
 FALSE    егер файлдың  соңы болмаса
 EOLN(F)    Қатардың  соңын анықтау
 AND    FALSE - егер ENTER клавишы басылмаса
 EOLN    TRUE - егер ENTER клавишы басылса
 OR    Немесе
 NOT    Емес
 NIL    Бос сілтеме
 PROGRAM    Тақырыпты жазу
 CONST    Тұрақтыларды  сипаттау
 LABEL    Таңба қою
 TYPE    Типтерді  сипаттау
 VAR    Айнымалыларды сипаттау
 BEGIN...  END операторлық жақша (блоктың басы, соңы)
 READ    Айнымалылар мәндерін енгізу
 WRITE    Нәтижелерді көрсету
 IF... THEN…  ELSE    Шартты  тексеру операторы
 CASE... OF    Таңдау  операторы
 GOTO    Шартсыз көшу операторы
 FOR …  TO... DO    Арифметикалық цикл
 REPEAT…UNTIL    Шартты соңынан тексеру циклі
 WHILE ... DO    Шартты  алдын – ала тексеру циклі
 ARRAY    Массивті  сипаттау
 PROCEDURE    Процедура
 FUNCTION    Функция
 RECORD    Жазу
 SET    Жиын
 UNIT    Модуль
 USES 
 
   Пайдаланушылар  модулі

Бағдарлама  құрылымы 

       Turbo Pascal тіліндегі бағдарламалар бірнеше бір-бірімен байланысқан бөлімдерден тұрады. Бөлімдер қатарлардан тұрады. Бір қатарға бірнеше оператор жазуға болады. Бағдарламалаушы қатарларларды өзіне ыңғайлы етіп тереді. Мысалы, біреулері қатарларды экранның сол жағынан бастап бірден тере бастайды, ал екіншілері - экранның сол жағынан бірнеше позиция қалдырып тереді. Егер бағдарламалық текст онша үлкен болмаса, онда бір қатарға бір оператордан және бағдарлама бөлімдерінің арасына бос қатар тастап терген жөн, сонда бағдарламаның қателері де тез жөнделеді және бағдарламаны басқалар тез түсініп оқиды. Бағдарламалық текст келесі бөлімдерден тұруы мүмкін: 

       1. Бағдарлама тақырыбы (Program ) ;

       2. Пайдаланушылар модульдерін көрсету  бөлімі (Uses ) ;

       3. Таңбалар(белгілер)бөлімі(Label ) ;

       4. Тұрақтылар бөлімі(Const) ;

       5. Типтер бөлімі(Type) ;

       6. Айнымалылар бөлімі(Var) ;

       7. Процедуралар мен функциялар  бөлімi (Prosedure, Function);

       8. Операторлар бөлімі(Begin, End);

       9. Түсініктемелер. 

       Бағдарламаға  операторлар бөлімінен басқа  бөлімдер қажеттілігіне қарай енгізіледі. Мысалы бағдарламада ешқандай айнымалылар мен тұрақтылар болмаса, онда тек қана операторлар бөлімін жазса жеткілікті. Мысалы: 

       BEGIN

       Writeln (' Өрнектің мәні=');

       Writeln(15-COS(15));

       END. 

       Бағдарлама  тақырыбы PROGRAM қызметші сөзінен, идентификаторлармен белгіленетін бағдарлама атынан тұрады. Бағдарлама тақырыбынан кейін үтірлі нүкте қойылады ( ; ).

       Бағдарлама  тақырыбын көрсетпесе де болады, бірақ бір мезгілде бірнеше бағдарлама жазған кезде, басқа бағдарламалардан ажырату үшін бағдарламаға ат қойып, Бағдарлама тақырыбын көрсетіп кеткен дұрыс болады. Мысалы: 

       PROGRAM Graph _1; 

       .......................................

       PROGRAM Graph _2;

       ....................................... 

       Егер  бағдарламада басқа модульдердің (СRТ, GRAPH т.б.) функциялары қолданылса, онда бағдарлама тақырыбынан кейін сол модульді көрсету керек. Мысалы:

       PROGRAM Graph_3;

       USES Crt, Graph, Printer;

       Таңбалар  бөлімі LABEL қызметші сөзінен басталады, одан кейін бағдарламада қолданылатын таңбалардың тізімі үтір арқылы жазылады, тізімнің соңында нүктелі үтір қойылады. Таңба белгісі ретінде бүтін сандар немесе идентификаторлар пайдаланылады. Таңба бағдарламада оператордың алдында жазылып, одан қос нүкте арқылы бөлінеді. Мысалы: 

       LABEL 12,5,10,15,20, 30,40,50;

       LABEL setl, set2, set3, set4, set5;

       .........................................................

       1:Y:=10+5*X;Goto50;

       setl: Y:=20*X; Goto 50;

       .................................................

       50: END. 

       Тұрақтылар  бөлімінде тұрақтыларға сандық не символдық мәндер беріліп сипатталады. Бұл бөлім CONST қызметші сөзінен басталып, әрбір идентификатор тұрақты сандық немесе символдық мән қабылдайды да, олар бағдарламаның орындалу барысында мәндерін өзгертпейді. Егер бағдарламада бірнеше тұрақты шама болса, олар бір - бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.  

       Мысалы:

       CONST A='GOD';    PI=3.14;     D=250; 

       Типтер  бөлімі TYPE қызметші сөзінен басталып, әрі қарай идентификаторлардың типі анықталады. Мысалы:

       TYPE  Mas = Array[ 1..5]Of  Real;

           //mas - 5 нафы саннан тұратын массив

     а=1..12;

      //а - 1-ден  12-ге дейінгі бүтін сандар жиыны 

     b=(‘a’ … ‘ z’ );

           //  b -латын алфавитінің әріптерінен тұратын жиын 

       Бағдарламада  кездесетін барлық айнымалылар бөлімінде сипатталуы шарт. Айнымалылар бөлімі VAR қызметші сөзіне басталып, онан кейін бағдарламада кездесетін айнымалылар мен олардың типтері қос нүкте арқылы жазылады. Егер бағдарламада типтері бірдей бірнеше айнымалы қолданылса, онда оларды VAR бөлімінде үтір арқылы бір тізімге біріктіріп жазып сипаттайды. Мысалы:

       VAR   a, b, c: Longint; // a, b, c - бүтінсандар

                   с: Сһаг; //с - символдық шама

                  m, n: Array[1..7] Of Integer;   // m, n - элементтері бүтін сан болатын массивке компьютердің жадынан 7 орын бөлінеді.  

       Процедуралар (PROSEDURE) мен функциялар (FUNCTION) бөліміне көмекші бағдарлама жазылады. Көмекші бағдарлама деп өзінің аты бойынша шақырып алуға болатын бағдарламаның дербес бөлігін айтады. Барлық процедуралар мен функциялар негізгі бағдарламаның операторлар бөлімі алдында көрсетілуі тиіс. Мысалы: 

       PROCEDURE  SUM(M:Integer; VAR S:Integer); 

       Begin S:=0; For K:=l To M Do S:=S+K; End;

       FUNCTION SUM(M: Integer):  Integer;

       Begin S:=0;

       For K:=1 To M Do S:=S+K;

       SUM:=S; End;

       оларды  бірнеше қатарға жазса да болады.

       Бағдарламаның негізгі бөлігі болып табылатын  операторлар бөліміне бағдарламаны орындау үшін қолданылатын сөйлемдер (операторлар) жазылады. Олар BEGIN(басы) және ЕND (соңы) қызметші сөздері аралығында жазылады, кейде оларды арифметикалық жай жақшалармен салыстырып, операторлық жақшалар деп те айтады. Арифметикалық өрнекте жақша қанша рет ашылса, сонша рет жабылады. Сол сияқты бағдарламалық тексте қанша рет ВЕСІN ашық (операторлық жақша) сөзі кездессе, сонша рет END(жaбық операторлық жақша) қызметші сөзі болуы керек. Бұлардың арасында операторлар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады. END қызметші сөзінің алдындағы оператордан кейін нүктелі үтір қоймаса да болады.

       Операторлар бағдарламалық тексте қандай ретпен жазылса, бағдарлама орындалғанда да сондай ретпен орындалады. Операторлар туралы басқа да мәліметтерді келесі тараулардан білуге болады. Операторларды атқаратын қызметтеріне қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 

       
  1. Меншіктеу операторы;
  2. Енгізу - шығару операторлары;
  3. Басқару операторлары;
  4. Процедура мен функцияны анықтау операторлары.
 

       Бағдарламаның мақсаты, идентификаторлардың мәні, кейбір қиын бөліктерінің жазылуы мен қызметі басқаларға түсінікті болуы үшін түсініктемелер қолданылады. Оларды бағдарламаның кез-келген жеріне фигуралық {__} немесе жұлдызшалы жай жақшаларға (*__*) алып жазуға болады. Бұл жақшаларды шектеулер деп те атайды. Шектеулердің ішіне жазылған түсініктемелерді компилятор оқымайды, сондықтан олар бағдарламаның  орындалуына ешқандай әсерін тигізбейді. Шектеулермен кейде бағдарламаның уақытша керек емес бөліктерін қоршап қойса да болады (кейін керек болған жағдайда пернетақтадан қайта термеу үшін).

Информация о работе Практикалык жумыс