Практикалык жумыс

Автор работы: M*********@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:03, реферат

Краткое описание

Паскаль тілін 1970 жылы швецария ғалымы Николас Вирт ойлап тапқан және оны VII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блэз Паскальдің құрметіне PASCAL деп атаған болатын. Қазіргі кезде Паскаль программалау тілінің көптеген версиялары бар және олар бір-бірімен сәйкес келе бермейді.
Блэз Паскаль 1623 жылы францияның Клермон-Ферран қаласында өмірге келген. Оның қабілете жас кезінде көбінесе математика саласынан көп көріне бастаған. Ол 1662 жылы дүниеден қайтқан соң бүкіл әлемде ұлы маематик ретінде қалды. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажетті болды.

Содержание работы

1) Жүктеу түрлері. ТР ортасында жұмыс жасаудың негізгі жолдары. Программа мәтінін редакторлеу, өңдеу процессі.
Программаны редакторлеу, өңдеу командаларын Pascal-дің командалық менюі көмегімен орындап үйрену. Программаны құрастыру. Оның бөлімдері. Бөлімдерін сипаттау. Программаның әрбір бөлімінің атқаратын қызметі.

Begin тақырыбына арналған есептер.

Меншіктеу, енгізу, шығару командаларын пайдаланып қарапайым программаларды құрастыру. Read, Readln, Write, Writeln командалары.

Тармақталу командалары. Құрама операторлар.

Құрама шарттар. Мәтіндік шарттар. Таңдау командасы.

Шарттың алдында қойылатын циклдарды ұйымдастыру. While do циклдағы құрама операторлар. Шарттың соңында қойылатын Until, Repeat циклдарын ұйымдастыру.

Циклдағы құрама операторлар For, to, do операторлары.

Бір өлшемді массивтер. Матрицалар.

Функциялар және Процедуралар.

Қатарлар.

Графика.

Графиктік режимде текст шығару процедуралары.

Есептер шығрау.

Содержимое работы - 1 файл

Практикалық жұмыс 1.doc

— 522.00 Кб (Скачать файл)

Практикалық жұмыс. 

Мазмұны: 
 

1) Жүктеу түрлері. ТР ортасында жұмыс жасаудың негізгі жолдары. Программа мәтінін редакторлеу, өңдеу процессі. 

  1. Программаны редакторлеу, өңдеу командаларын Pascal-дің командалық  менюі көмегімен орындап үйрену. Программаны құрастыру. Оның бөлімдері. Бөлімдерін сипаттау. Программаның әрбір бөлімінің атқаратын қызметі.
 
  1. Begin тақырыбына арналған есептер.
 
  1. Меншіктеу, енгізу, шығару командаларын пайдаланып қарапайым   программаларды құрастыру. Read, Readln, Write, Writeln командалары.
 
  1. Тармақталу  командалары. Құрама операторлар.  
 
  1. Құрама шарттар. Мәтіндік шарттар. Таңдау командасы.
 
  1. Шарттың алдында  қойылатын циклдарды ұйымдастыру. While do циклдағы құрама операторлар.  Шарттың соңында қойылатын Until, Repeat циклдарын ұйымдастыру.
 
  1. Циклдағы құрама операторлар For, to, do операторлары.
 
  1. Бір өлшемді  массивтер. Матрицалар.
 
  1. Функциялар  және Процедуралар.
 
  1. Қатарлар.
 
  1. Графика.
 
  1. Графиктік режимде  текст шығару процедуралары.
 
  1. Есептер шығрау.
 
 
 
 
 
 

6.06.2011жыл 

№1. Паскаль тілін 1970 жылы швецария ғалымы Николас Вирт ойлап тапқан және оны VII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы  Блэз Паскальдің құрметіне PASCAL деп атаған болатын.  Қазіргі кезде Паскаль программалау тілінің көптеген версиялары бар және олар бір-бірімен сәйкес келе бермейді.

       Блэз Паскаль 1623 жылы францияның  Клермон-Ферран қаласында өмірге  келген. Оның қабілете жас кезінде көбінесе математика саласынан көп көріне бастаған. Ол 1662 жылы дүниеден қайтқан соң бүкіл әлемде ұлы маематик ретінде қалды. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажетті болды.

Есептеуіш машина ғалымдарға белгілі болғанымен, әлемге әйгілі емес еді.Бұл есептеуіш машинасына 1652 жылы алғаш рет швеция королевасы Мария Кристина өзіне осындай машинаға тапсырыс берген болатын.  Осындай көрсеткіштердің арқасында Паскаль тілі дүние жүзіне кең тараған программалау тіліне айналды. Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жызу үшін және жүйелі программалау тілі ретінде кеңінен қолданылды, сонымен қатар көптеген мини және макро компьютерлерді  қамтпмасыз ету осы тілде жазылған.  

       Тіл алфавиті 

       Компьютер белгілі бір есептерді шешу үшін адам тарапынан сол есепті қандай жолмен және қалай шығару керектігі туралы тапсырма алуы қажет. Бұл тапсырмалар бір жағынан компьютерге түсінікті болып жазылуы керек болса, екінші жағынан тапсырма беруші кісіге де ыңғайлы болғаны жөн. Осындай компьютерлік тілде жазылған тапсырмалар мен командалар жинағы бағдарлама деп аталады. Ал бағдарламалық текстерді жазу үшін пайдаланылатын символдардың жиынтығы компьютерлік тіл алфавитін құрайды.

       Кез келген бағдарламалық  тіл символдардан, сөздерден, сөз тізбектері және сөйлемдерден (операторлардан) тұрады. Сөздер символдардан құралады, ал операторлар сөз тіркестерінен тұрады. Қазіргі кезде бағдарлама жазу үшін көптеген бағдарламалау тілдері қолданылады. Солардың бірі -Turbo Pascal тілі құрылымының қарапайымдылығы мен игеруге жеңілдігінің арқасында бағдарламалаушылардың  арасында кеңінен қолданылады. Turbo Pascal тілінің алфавиті келесі символдардан тұрады:

       1. Латын алфавитінің 26 әріптерінен;  олармен қызметші сөздер және идентификаторлар жазылады. Қызметші сөздер деп Turbo Pascal - дың өзіне ғана тән, өзгертуге болмайтын, әрқайсысының өзінің атқаратын белгілі қызметі бар сөздерді айтады. Бағдарламада айнымалылар мен тұрақтылардың аттарын анықтайтын, әрі бағдарламалаушының өзі белгілейтін қызметші сөздер кездеседі. Ондай сөздерді идентификаторлар деп атайды. Идентификаторды бір әріппен белгілеуге болады (мысалы: X, Ү, Z), бірақ кейбір бағдарламаларда латын алфавиті әріптері (26 әріп) айнымалылардың аттарын белгілеуге жетпейді немесе олар бағдарламалық текстің оқылуын ауырлатып жібереді. Мұндай жағдайларда идентификаторларды бірнеше әріптер, сандар және сызықшалар арқылы белгілеу ыңғайлы болып табылады(мысалы: Summa, X1, Ү12, Z23, Min1, Audan_1,  Audan_2,  Audan_3,  т.с.с.)

       Сонымен идентификаторлар деп бағдарламада кездесетін барлық тұрақтыларды, айнымалыларды, функциялар мен процедураларды белгілеу үшін қолданылатын әріптер мен сандардан және сызықшалардан тұратын қызметші сөздерді айтады. Идентификаторларға бұлардан басқа символдарды пайдалануға болмайды. Идентификаторлар міндетті түрде әріптен басталуы керек және оларға тілдегі басқа қызметші сөздердің атын қоюға болмайды, олардың ұзындығы әртүрлі болады, бірақ алғашқы 63 символ ғана басты болып табылады. Идентификаторлар мен қызметші сөздерді бас әріппен де, кішкентай әріптермен де жаза беруге болады. Мысалы: Begin, begin, BEGIN - сөздері бір ұғымды білдіреді. READ, WRITE, ARRAY, TYPE, WHILE, REPEAT - қызметші сөздер,  X, Y, Z, MASSIV, SUMMA, AUDAN1, AUDAN2 -идентификаторлар.

       Read(X,Y,Z);

       Summa:=X+Y+Z;

       Write(' үш санның қосындысы =', Summa);

       2. Сандарды белгілейтін араб цифрларынан: 0, 1,2, 3, 4, 5,  6, 7, 8, 9. Сандар бүтін және нақты болып екі түрде беріледі. Нақты сандардың бүтін бөлігі мен бөлшегін нүкте арқылы бөліп жазады: — 9.7, 6.25, .41, -8.178. Ал өте үлкен немесе өте кіші шамалар экспоненциал сандар түрінде жазылады:

        1.74Е+3(1.74*103)

         5.74Е-4(5.74*10-4)

       3. Ұлттық алфавит әріптерінен; ұлттық әріптер түсініктеме мен комментарийлар жазу үшін немесе символдық айнымалыларда қолданылады.

       Ұлттық  алфавит әріптері пернетақтаның  жоғарғы жағындағы цифрлар орнына орналасқан, олар арнаулы драйверлер қосылғанда ғана жұмыс істейді және бағдарлама жазылғанда, егер текст оператордың ішінде болса, онда - апострофқа, түсініктеме болса - фигуралық немесе жүлдызшалы жай жақшаларға алынып жазылады.

       Мысалы:

       Writelh ('үшбұрыштың ауданы=')

       {Операторлар  бөлімі} (*Циклденесі*) 

4. Арнаулы символдардан: :+-',.</>  =   ();[]*#// т.б. 

TURBO PASCAL тілінің негізгі операторлары 

№2. Операторлар деп бағдарламаның негізгі бөлігін құрайтын, компьютерге белгілі бір әрекетті орындату үшін қолданылатын бағдарламалық тілдің сөйлемін айтады. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтірлі арқылы жазылады. Turbo Pascal - дың операторлары құрамына байланысты жай және күрделі (структуралық) болып екіге бөлінеді. Жай операторлар тек бір ғана оператордан тұрады. Оларға меншіктеу, енгізу, шығару,  шартсыз көшу,  процедураларды шақыру операторлары жатады.

       Мысалы: 

       D: =Sqr(b)-4*a*c; - меншіктеу операторы,

       Read(x);    - X айнымалысын енгізу,

       Write('Колледж'); - Колледж жазуын шығару,

       Goto 12;     - 12 белгісі бар қатарға көшу,

       Summa; - Summa процедурасын шақыру. 

       Структуралық (күрделі) операторлар белгілі бір  ережемен топтастырылған бірнеше операторлардан тұрады. Структуралық операторларға шартты, қайталану операторлары жатады. Мысалы:

       lfX<-50 Then Y:=X-50 Else Ү:=2*Х+10; - шартты операторлар,

       For К:= 1 To 5 Do S:=S+ 7; - For циклдік операторы,

       While K<5 Do

       Begin S:=S+1; K:=K+1 End;   - While циклдік операторы,

       Repeat

       S:=S+1;K:=K+1;

       Until 5>K; - Repeat циклдік операторы. 

       Сондай-ақ Turbo Pascal тілінде бағдарламалауда құрамы жағынан структуралық операторға жататын құрама операторлар және жай операторларға жататын бос операторлар жиі қолданылады. Операторлық жақшалардың ішінде бірнеше операторлардың біріктіріліп жазылуын құрама оператор дейміз. Бағдарламада құрама операторлар бір оператор тәрізді оқылып, орындалады. Құрама операторлардың жазылу түрі:

       Begin 1-оператор; 2-оператор; 3-оператор; 4-оператор; 5-оператор; 7-оператор;...; n-оператор  End;

       Қүрама  оператордың кез келген операторының өзі де құрама болуы мүмкін. Мысалы:

       Begin 1-оператор; 2-оператор; Begin 3.1.-оператор; 3.2. -оператор; З.З.-оператор End; 4-оператор; Begin 5.1.-оператор; 5.2.-оператор End; 6-оператор; 7- оператор; ...; n-оператор    End;

       Бос оператор деп бағдарламаны орындау барысында ешқандай қызмет атқармайтын операторды айтамыз. Бағдарламалық текстің бос оператор тұрған жерінде, ереже бойынша бір оператор тұру керектігі көрсетіледі. Бос оператор немесе ешбір мәнді өзгертпейтін өрнектен тұрады. Мысалы: 

       
  1. X:=1;;Y:=SQR(X);
  2. Х:=1; Х:=Х; Y:=SQR(X);
  3. X:=1; BEGIN END; Y:=SQR(X);

                  

       Айнымалылар және тұрақтылар 

       Айнымалылар деп бағдарламаның орындалу барысында  әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды  айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әрбір уақытта белгілі бір мәнге ие бола алады. Айнымалылар қарапайым және индексті болады. Барлық айнымалылар алдын ала VAR(variable -айнымалы) бөлімінде өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Айнымалыларды белгілеу және сипаттау мысалдары: 

       VAR  X, X1: Integer;

           A:Array[1..2]Of Real;

           B:Array[ 1.. 5,1..7] Of Integer;

           C:Char;   D:String;

           MIN1, MAX, SUM:Real;

       BEGIN

       A[1]:=17.2; B[2,3]:=91;

       MAX:=A[1J; SUM:=0;

       ....................................

       END. 

       Тұрақтылар  деп бағдарламаның орындалу барысында  мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтылар идентификатормен белгіленеді және олардың мәндері алдын ала CONST(constant - константа) бөлімінде беріледі. Тұрақтылардың жазылу мысалдары: 

       CONST A=5; В=8; РІ=3.14;

       Х=' Қазақстан ';   Y=’Республикасы’;

       MyName=’Айжан’; 

       Бұдан басқа Turbo Pascal – да алдын ала CONST бөлімінде сипаттамай-ақ қолдана беретін арнаулы тұрақтылар бар, олар:

       TRUE  // типі логикалық – Вооlеаn (ағылшын математигі Д.Бульдің құрметіне аталған), мәні - "ақиқат";

       FALSE // типі логикалық – Boolean, мәні -  " жалған";

       MAXINT // типі – Integer ,  мәні – 32767 . 

         .

       Бағдарламада  бір идентификатормен бірнеше айнымалыларды белгілеуге болмайды (бір – бірінен   бір символға болса да өзгеше болуы шарт).

       Сонымен қатар, бағдарламаны басқа бағдарламалаушылардың жеңіл оқып, түсінуі үшін, идентификаторларды түсінікті етіп белгілеген жөн. Мысалға, қосындыны жай әріппен емес, SUMMA деп белгілеп алса, бағдарламаның оқылуы түсінікті болады: 

       PROGRAM Sum;

       VAR  A,B:Integer;

           C,Summa:Real;

      BEGIN

       Readln(A,B,C);

       Summa:=A+B+C;

       Writeln('үш санның қосындысы - ' , Summa:4:2);

       Readln

       END.

       Айнымалылар мен тұрақтыларды сипаттайтын типтер форматына қарай бүтін, нақты, символдық, жолдық қатар, логикалық болып бөлінеді, олардың мәндерінің интервалы әртүрлі болады.

       Егер  бірнеше айнымалының типтері бірдей болса, оларды бір тізімге үтір арқылы жазып, соңынан типін көрсетсе болады. Келесі бетте Turbo Pascal – да  қолданылатын стандартты типтер түрлері берілген.

       Бұдан бөлек бағдарламалаушының өзі де санақты және шектеулі деп аталатын стандартты емес типтерді қолдана алады (мысалы: X('A'..'z'); METALL(Na, К, Li); т.б.).  

Информация о работе Практикалык жумыс