Автор работы: M*********@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:03, реферат
Паскаль тілін 1970 жылы швецария ғалымы Николас Вирт ойлап тапқан және оны VII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блэз Паскальдің құрметіне PASCAL деп атаған болатын. Қазіргі кезде Паскаль программалау тілінің көптеген версиялары бар және олар бір-бірімен сәйкес келе бермейді.
Блэз Паскаль 1623 жылы францияның Клермон-Ферран қаласында өмірге келген. Оның қабілете жас кезінде көбінесе математика саласынан көп көріне бастаған. Ол 1662 жылы дүниеден қайтқан соң бүкіл әлемде ұлы маематик ретінде қалды. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажетті болды.
1) Жүктеу түрлері. ТР ортасында жұмыс жасаудың негізгі жолдары. Программа мәтінін редакторлеу, өңдеу процессі.
Программаны редакторлеу, өңдеу командаларын Pascal-дің командалық менюі көмегімен орындап үйрену. Программаны құрастыру. Оның бөлімдері. Бөлімдерін сипаттау. Программаның әрбір бөлімінің атқаратын қызметі.
Begin тақырыбына арналған есептер.
Меншіктеу, енгізу, шығару командаларын пайдаланып қарапайым программаларды құрастыру. Read, Readln, Write, Writeln командалары.
Тармақталу командалары. Құрама операторлар.
Құрама шарттар. Мәтіндік шарттар. Таңдау командасы.
Шарттың алдында қойылатын циклдарды ұйымдастыру. While do циклдағы құрама операторлар. Шарттың соңында қойылатын Until, Repeat циклдарын ұйымдастыру.
Циклдағы құрама операторлар For, to, do операторлары.
Бір өлшемді массивтер. Матрицалар.
Функциялар және Процедуралар.
Қатарлар.
Графика.
Графиктік режимде текст шығару процедуралары.
Есептер шығрау.
SETVIEWPORT
процедурасының көмегімен орнатылған
терезе тек қана экранның SETBKCOLOR процедурасымен
орнатылған түсімен шығады. Сондықтан
ол терезе көзге көрінбейді. Терезе көзге
көріну үшін өлшемдері орнатылатын тереземен
бірдей іші экранның түсінен бөлек түспен
боялған тік төртбұрыш шығарып алынады.
Орнатылған
терезе параметрлерінің мәндерін текстік
режимге шығып GETVIEWSETTING
процедурасынының көмегімен алуға болады,
мысалы:
VAR X:Viewporttype;
.......................
Getviewsettings(X);
With XDo Begin Writeln('X1=;X1); Writeln('X2=',X2);
Whteln('Y1=',Y2);
Writeln('Y2=',Y2); Writeln(‘C=',Clip) End;
Графикалық режимнен шығу үшін параметрсіз GLOSEGRAPH процедурасы қолданылады. Бұл процедураның орындалу нәтижесінде компьютердің жадынан орнатылған графиктік режим драйверлері тазаланып, экранның графиктік режим орнатылар алдындағы жұмыс режимі қайта орнайды, мысалы:
.......................
Кей
жағдайларда текстік режимнен графиктік
режимге, одан қайтадан текстік режимге
бірнеше рет өтетін бағдарламалар құру
керек болады. Ол үшін экранда орнатылған
графиктік және текстік режимдерді қалыпқа
келтіретін SETGRAPHMODE және параметрсіз
RESTORECRTMODE процедуралары қолданылады.
Графиктік фигуралар салу процедуралары
Графиктік фигуралардың түсін орнату үшін SETCОLOR процедурасы қолданылады, процедураның жазылуы:
SETCOLOR(C);
мұндағы: С - палитрадағы түс коды 0-ден 15-ге дейін өзгереді. Бұл процедураның орындалу нәтижесінде графиктік фигуралар С номерлі түске боялып шығады.
Бұл процедурамен орнатылған түс кодының мәнін анықтау үшін GETCOLOR процедурасы қолданылады.
Палитрадағы
ең үлкен түстің коды GETMAXCOLOR процедурасымен
анықталады. Палитра түстерінің барлық
мәндерін GETDEFAULTPALETTE
процедурасы арқылы анықтауға болады.
Бір мезгілде палитрадағы түс кодтарын
өзгерту керек болса, онда SETPALLETE
процедурасын қолдану арқылы бірнеше
тү.стердің, SETALLPALLETE процедурасымен
палитрадағы барлық түстердің орналасуын
өзгертіп жаңа палитра алуға болады, мысалы
келесі беттегі бағдарламалардың орындалу
нәтижесінде экранда Delay функциясымен
берілген үзіліс біткенше сары түске боялған
тік төртбұрыш көрініп тұрады, кейін тік
төртбұрыш көк түске боялады:
Түзу
салу үшін LINE процедурасы қолданылады.
Сондай-ақ түзу салу үшін LINETO және
LINEREL процедуралары да қолданылады.
Түзу салу процедураларының жазылуы:
1)LINE(X1, Y1,X2, Y2);
Бұл
процедураның орындалу нәтижесінде
экранға төбелерінің координаттары
Х1,Ү1,Х2,Ү2 болатын түзу салып шығарады.
2)LINETO(X,Y,);
Бұл
процедураның орындалу нәтижесінде
экранға курсор тұрған жерден бастап
координаттары Х,Ү болатын нүктеге дейін
түзу салып шығарады.
3)LINEREL(X1,Y1);
Бұл
процедураның орындалу нәтижесінде
экранға курсор тұрған жерден бастап
координаттары курсор тұрған жердің сәйкес
координаттарына Х1-мен Ү1-ді қосқандағы
шамаға тең болатын нүктеге дейін түзу
салып шығарады.
Түзулерді әртүрлі стильдерде шығару үшін SETLINESTYLE процедурасы қолданылады, жазылуы:
SETLINESTYLE(L, P, T);
мұндағы: L - түзустильдері:
L=0 - түзу үздіксіз,
L=1 - нүктелерден құралады,
L-2 - нүктелер мен сызықшадан тұрады,
L=3 - штрихтерден құралады,
L=4 - түзу стилін пайдаланушының өзі анықгайды.
Р - түзу үлгісі,
егер түзу стильдері стандартты болса
Р=0, түзу стилін пайдаланушының өзі берсе
Р=4 деп қабылданады. Т - түзудің қалыңдығы,
егер түзу қалыңдығы қалыпты болса, онда
Т=7, ал түзу калындығы жуан болса Т=3 деп
қабылданады.
SETWRITEMODE(M) процедурасының көмегімен экранда бір-бірімен қиылысатын түзулердің байланысы орнатылады. Егер М параметрі 0-ге тең болса, онда түзулердің қиылысқан жерлері экранға кәдімгі режимде шығып көрініп тұрады. Егер М параметрі 1-ге тең болса, түзулердің қиылысқан жерлері көрінбей тұрады.
Экранда салынған түзу стилі параметрлерінің мәндерін GETLINESETTINGS процедурасының көмегімен текстік режимде шығарып алуға болады, процедураның қолданылу мысалы:
VAR X:Linesettingstype;
.......................
GETLINESETTIGS(X);
With X Do Begin
Writeln( 'Style =', Linestyle);
Writeln(‘Ulgi=', Pattern);
Writeln('Kalyndyk=',
End; Readln;
Closegraph
END.
Тік төртбұрыш шығару үшін RECTANGLE процедурасы қолданылады, жазылуы:
RECTANGLE(X1, Y1,X2, Ү2);
мұндағы: Х1,Ү1,Х2,Ү2
- тік төртбұрыштың бұрыштарының координаттары.
Бұл
процедураның орындалу нәтижесінде
экранға сол жақ жоғарғы бұрышының
координаттары Х1,Ү1 болатын, ал оң жақ
төменгі бұрышы Х2.Ү2 болатын тік төртбұрыш
шығады. Бұл процедураның көмегімен салынған
тік төртбұрыштың ішінің түсі экранның
фонының түсімен бірдей шығады. Мысалы
төмендегі бағдарламада биіктіктері кездейсоқ
сандар шығаратын функция көмегімен өзгеріп
тұратын әртүрлі 12 тік төртбұрыш шығады,
егер екінші параметр орнына жыл айларында
түскен жауын-шашын мөлшерлерінен тұратын
массив болса, онда экранда жыл бойына
түскен жауын-шашын диаграммасын алуға
болады:
Экранда әртүрлі тік төртбұрыштар шығару.
а) кездейсоқ тік төртбұрыштар шығару:
PROGRAM Gr6;
USES Graph;
VAR k,d1,d2: Integer;
BEGIN d1:=Detect;
Initgraph(d1,d2, '');
Setbkcolor(1);
Setcolor(5);
For K:=1 To 600 Do Begin
K:=K+49;
Flectangle(K-20,Random(
End; Readln;
Closegraph END.
ә) жауын-шашын диаграммасын шығару:
PROGRAM Gr61;
USES Graph;
CONSTA:Array[ 1..12]Of
lnteger=(205,178,315,
VARk,i,d1,d2:lnteger;
BEGIN d1:=Detect; Initgraph(d1,d2, '');
Setbkcolor(1);Setcolor(
K:=1; Forl:=1 To 12 Do Begin
K:=K+49;
Rectangle(K-20,450-A[l],K+30,
End; Readln;
Closegraph
END.
Экранда боялған тік төртбұрыш салу үшін BAR процедурасы қолданылады, жазылуы:
BAR(X1,Y1,X2,Y2);
Бұл процедураның орындалу нәтижесінде экранға сол жақ жоғарғы бұрышының координаттары Х1, Ү1 болатын, ал оң жақ төменгі бұрышы Х2,Ү2 болатын, алдында орнатылған фигураны бояумен толтыру стиліндегі параметрлермен боялған тік төртбұрыш шығады. Егер процедураның алдында толтыру стильдері орнатылмаса, онда тік төртбұрыш экранға ақ түспен шығады.
Фигуралардың ішін бояумен толтыру стилі SETFILLSTYLE поцедурасымен орнатылады, жазылуы:
SETFILLSTYLEL(N, C);
мұндағы: С - түс коды;
N - толтыру типі(өрнегі):
N=0 - фонның түсімен толық толтырылады,
N=1 - көрсетілген Стүсімен толықтолтырылады,
N=2 - сызықшалармен толтырылады( ),
N=3 - көлбеу
сызықтармен толтырылады(//////
N=4 - жуан көлбеу
сызықтармен толтырылады(//////
N=5 - жуан кері
көлбеу сызықтарментолтырылады(
N=6 - кері көлбеу
сызықтармен толтырылады(\\\\\\
N=7 - + символдарымен толтырылады(++++++++++),
N=8 - х символдарымен толтырылады(хххххххххх),
N=9 - тік бұрышты торлармен толтырылады,
N=10 - аралары алшақ орналасқан нүктелермен толтырылады,
N=11 - аралары
жиі орналасқан нүктелермен
N = 12 болған жағдайда суреттің өрнектерін пайдаланушының өзі SETFILLPATTERN процедурасының көмегімен орнатады, жазылуы:
SETFILLPATTERN(X,C);
мұндағы: С - түс коды,
X – Fillpatter ntype-типті сурет өрнектерін орнататын шама, 8x8 элементтерден тұратын матрица түрінде беріледі. Х-ке 8 байт орны беріледі, әр бит матрицадағы пикселдерді "жандырып" немесе "өшіріп" тұрады. Х шамасы 8 байттан тұратын массив ретінде беріледі:
TYPE Fillpatterntype=Array[1 ..8] Of Byte;
VARX:Fillpatterntype;
Пайдаланушылар
орнатқан толтыру стильдері
GETFILLPATTERN(I);
мұндағы: I - элементтері
орнатылған стиль параметрлерінен тұратын
Fillpatterntype-типті массив. Массив элементтерін
графиктік режимнен шығып, экранға цикл
арқылы шығаруға болады.
Үш
өлшемді боялған тік төртбұрыш(
BAR3D(X1, Y1,X2, Y2, D, T);
мұндағы:Х1, Ү1 – тік төртбұрыштың солжақ жоғарғы бұрышының координаттары, Х2, Ү2 - тік төртбұрыштың оң жақ, төменгі бұрышының координаттары,
D - үш өлшемді контур тереңдігін көрсететін шама, ішке қарай кіріп тұратын нүктелер санын білдіреді.
Т - бульдік шама, егер Т:=True болса, онда шығатын параллелепипедтің төбесі көрініп тұрады, егер T:=False болса, онда көрінбейді.
D - үш өлшемді контур тереңдігін көрсететін шама, ішке қарай кіріп тұратын нүктелер санын білдіреді.
Т
- бульдік шама, егер Т:= True болса, онда
шығатын параллелепипедтің төбесі
көрініп тұрады, егер T:=False болса, онда
көрінбейді.
Rectangle процедурасымен салынған тік төрбүрыштардың немесе кез-келген басқа да шектеулі фигуралардың ішін FLOODFILL процедурасымен бояуға болады, процедураның жазылуы:
FLOODFILL(X,Y,C);
мұндағы: Х,Ү-
шектелген фигураның ішінде жататын
кез-келген нүктенің координаттары, егер
нүкте фигураның сыртында жатса, онда
фигураның сырты боялады, егер фигура
шектелмеген болса, онда бояу сыртқа шығып
экранның барлық ашық жері боялады. С -
түс коды.
Көпбұрыштар салу үшін DRAWPOLY процедурасы, ал іші боялған көпбұрыш салу үшін FILLPOLY процедурасы қолданылады. Бұл процедуралар параметрлерінің мәндері бірдей шамалар болады, олардың жазылуы:
DRAWPOLY(N,P);
FILLPOLY(N,P);
мұндағы:
N - көпбұрыштың қабырғаларының қиылысу санын білдіретін бүтін шама,
Р - көпбүрыштың
бұрыштарының координаттарын білдіретін
Pointtype - типті шама (элеметтерін көп бұрыштың
координаттары болып табылатын бүтін
сандардан тұратын массив ретінде қарастырса
да болады).
Шеңбер салу үшін CIRCLE процедурасы қолданылады, жазылуы:
CIRCLE(X,Y,R);
мұндағы: X, Ү
- шеңбер центрінің координаттары, R –
шеңбердің радиусы.
Доға салу үшін ARC процедурасы қолданылады, жазылуы:
ARC(X,Y,A,B,R);
мұндағы: Х,Ү- шеңбер центрінің координаттары,
A - доғаның бастапқы бұрышы,
В - доғаның соңғы бұрышы,
R – шеңбердің
радиусы.
Соңғы салынған доғаның параметрлерін білу үшін GETARCCOORDS процедурасы қолданылады, жазылуы:
GETARCCOORDS(A);