Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 04:20, реферат
1. Франктер мемлекеті мен құқығы
2. ІХ-ХҮІІ ғ.ғ. Франция мемлекеті мен құқығы
3. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Германия мемлекеті мен құқығы
4. Ү-ХҮІІ ғ.ғ. Англия мемлекеті мен құқығы
5. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей мемлекеті мен құқығы
Жерге меншік құқығы билеуші таптың артықшылығы болды. Германияда помещиктер күшпен де, сот арқылы да бұрын шаруалардың мұрагерлік ұстанымдарын арендалық қатынастармен ауысуына қол жеткізді. Жалға алу қатынастары қысқа мерзімді болды. Бұл жерде рим құқығы докторларының көмегі де аз болмаған еді. Бұл әрбір бағаның өзгеруінде помещикке пайдалы болды. Ол әр кезде алымның мөлшерін көтеріп отырды. Шаруаларды босатудың қысқа мерзімді кезеңінен кейін Германияның көп бөлігінде “екінші қайта бұғалау” басталды. Ол Бойынша чиншевиктер орын ауыстыру құқығынан айырылды.
Отбасы құқығы ортағасырда католикалық шіркеудің күшті ықпалымен дамыды. Алғашқы христиандық отбасына қалыпты құбылыс ретінде қараса, кейін 451 ж. монахтарға, ал 1107 жылы дін қызметкерлеріне үйленуге тыйым салынды. Бұл ереже көптеген қиындықтармен кірді. Әйелдер құқығы өте аз болды. Оның алып келген еншісі ортақ меншікке айналды. Әйелдің пайдасына сыйлық беруге тыйым салынбаса да, шектеулі болды. Жақын туысқандар арасында некеге тыйым салынды. Бірақ шаруалар өз жерлерін тастап шығуға қақылы болмағандықтан, қанның араласуы болып тұрды, бірақ бұған шіркеу көз тұмды. Ажырасуға және некеден тыс қатынастарға қатаң тыйым салынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық заңның жүйелі болуы, тек заңда көрсетілген іс-әрекеттің қылмыс деп танылуы заңды құбылыс сияқты. Ал ортағасырлық әділет бұл жағдайда басқа көзқараста болды. Кутюмдар мен заңдар белгілі іс-әрекеттер үшін жазаны бекітсе де, судьялар бұл нұсқаулармен байланысты болмады. Әсіресе саяси және діни қылмыстарда. Жазалау туралы да осыны айтуға болады. Қылмыс жазалануға тиіс болған кезде судья қорқыныш туғызатын жазаларды ойлап табуда шеберлік көрсетті. Жаза ұзағырақ және неғұрлым қинайтын болса болғаны. Корольға, сеньорға, цехқа, ильдиға қарсы кез келген “сатқындық” көрінісі қылмыс деп танылды. Бірақ “адалдық”деген не екендігін нақты анықталмағандықтан, әділетсіздікке жол беру оңайға соқты. Бұдан әсіресе қалалар көресіні көрді, әсіресе,өз еркіндіктері үшін күрескен кездерінде.
Инквизицияның таралуы және діни қылмыстарды құдалау феодалдық репрессияның адам нанғысыз кеңеюіне алып келді. Еретиктер сылтауымен жүйеге деген қауіпті кез-келген тұлға жойылып отырды. Германияда судья Карпцов өзінің айтуына 20 мың адамды жазалауға жіберген. Ойлап қараңыз, бір ғана судья! Қылмыстық жаза қолданудың жастық шегі бекітілмеген. Халық көтерілістерін басуда судьялар жазаның түр-түрін ойлар тауып отырды.
Ортағасырлық жазаның теориясы мен тәжірбиесінің өзіндік жинағы болып “Терезиана” - австриялық 1768 ж. Кодекс табылды, Ол австриялық монархия жерлерінде “Каролинаны” ауыстырған болатын. XVIII ғ. Австрия ғана емес, басқа да герман мемлекеттері “Каролина” ауыстырған өз кодекстерін шығарды. “Терезиана” қинауды заңдастырып қана коймай, қинауды қалай және қандай құралдармен жүргізу керектігі туралы иллюстрациялардан тұрды. Жазаға қатысты кодекстің авторлары сан түрлі қиялдарын жүзеге асырды. Адамның арқа терісінен таспа тілуге рұқсат берілді және т.с.с. және мұның барлығы өлім жазасына толықтырма ретінде болды. “Зиялы” король Иосиф II кезінде “ Терезиана” басқа кодекспен ауыстырылды, жаза елеулі түрде жеңілдетілді (1777ж.).
Германияда бас шабушыларға дворяндық титул беріліп, ақша сыйланатын. Ол “соңғы судья” ретінде саналатын ( Nachnichter). Орыс криминалисті Таганцев айтқандай, XIXғ. қоғамның бас шабушыларға деген қатынасы өзгерді. Олармен ешкім істес болғысы келмеді. Оларды көбіне рецедевистер ішінен таңдайтын. Сол үшін оларды жазадан босататын еді. Бірақ көп жағдайларда кісі өлтірушілер мен тонаушылар бас шабушы болғаннан көрі жазаланғанды жөн көретіндігі белгілі.
Феодалдық сот жазаларының ішінде галер туралы айтуға болады. Галер - бұл ескекті кемелер. Әрбір галерде 300-ге дейін ескекші болды. Әрбір 5-6 адам бір орындыққа байланып, бір ескекті есетін. Осы жерде олар тамақтанатын және ұйықтайтын. Галерге айдау XV-XVI ғ.ғ. бастап қолданыла бастады. Әдетте, ол өмір бақиға созылды. Эшафотта әлде галерде ме, қай өлімнің жақсырақ екендігін айыру қиын болатын. Германияда ең жақсы көретін жаза түрі сап арқылы қуу болды. Ол “алым төлеуші сословияге” қатысты тұлғаларға қолданылды.
ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей мемлекеті мен құқығы Кез-келген халықтың даму үрдісін табиғи климаттық, географиялық жағдайларынан айырып қарауға болмайды. Орыс тарихшысы В.О.Клочевский өзінің отандық тарихын Шығыс Европалық жазықты суреттеуден, сипаттаудан бастайды.1 Славяндардың шығу тегі туралы тиянақты пікір жоқ. Үнді Европалық халықтан бөлініп шығып, Висла мен Днепр өзендерінің аралығында орналасуы. Ұлы қоныс аудару басталғанда славяндардың жартысы солтүстік-батысқа қарай жылжып Одер мен Балтық теңізінің жағалауына орналасып, герман тайпаларының бәсекелесіне айналады. Бұларға поляктар, чехтар, словактар жатты. Қалған славяндар оңтүстік-батысқа, яғни Рим империясы мен Византия империясының жері, Балқан түбегінің солтүстік жерлеріне орын тепті. Оларға болгарлар, сербтер, хорваттар, черногорлар, македондықтар жатты. Шығыс славяндарға орыстар, украиндар, белорустар жатты.
Славяндарда жер шаруашылығы, қолөнер, мал шаруашылығы, сауда дамығандығын айтады. Рим, одан соң Византия, грек колония қалаларымен Қара теңіз жағалауындағы Херсонес, Ольвия, Пантикалей сықылды қалалар жергілікті мәдениетттің қалыптасуына, өмір сүру жағдайларының өзгеруіне әкеліп соқты.
Мемлекеттің қалыптасуына, халықтың бірігуіне тағы әсерін тигізген халықтың эпост, фольклор, тұрмыстық жағдайлар болды. Ата-баба әруағына сыйыну, ру-тайпалық әлеуметтік бірігуінің тәсілі болды.
Адам өміріндегі негізгі кезеңдерге: туу, үйлену, өлім сияқты ритуалдарға ерекше көңіл бөлді. Ру-тайпалық бірлестіктерге біріге бастаған халықтарда ақсақалдың басқаруы: ол күшті, мықты, ру, тайпа, одақты басқарушы болды. Христиандыққа дейінгі Русьте жазу болмаған. Жазу-сызу байлығы христиандыққа өткеннен кейін ғана жақсы дамыды. Ең қасиетті кітаптардың бірі «Бағзы бір замандар хикаясы», оның авторы жылнамашы Нестор болды.
Жылнамашылар славяндардың шығуын Иафетке, оның ішінде оның 3 ұлының бірі Ноймен байланыстырады. Дунай, Днепр, Висла жерлері славяндардың қонысы екендігін айтып өтеді.
Ең негізгі дамуды поляндардан бастайды. «Поляндар өздерінің рулары өмір сүрген. Олар 3 ағайынды болған: біріншісі Кий, екіншісі Щек, үшіншісі Хорив, ал олардың әпкесі Лыбедь болды. Кий тауда отырды, Боричев қыратында, Щек те тауда өмір сүрді. Ол қазір Щековищей деп аталады. Ал, Хорив үшінші тауда өмір сүрді, оны Хоривищей деп атайды. Үлкен ағаларының атымен қала тұрғызып, оны Киев деп атаған»1.
Орыс тарихында мемлекет құрылымының дамуын шындық және мифологиялық тұрғысынан Киймен байланыстырады.
Көсем болып, поляндардың басын біріктіріп, өзінің лидерлік қасиетін көрсетіп, қала тұрғызып «орыс қалаларының Анасы» деп атап Киев қаласының іргесін қалаған.
Оларда әдет-ғұрып құқығы болған. Енді Ресей жеріндегі пайда болған алғашқы мемлекеттерге тоқтаймыз.
6-8 ғ.ғ. шығыс славяндар жерінде алғашқы мемлекет құрылымының элементтері пайда бола бастайды. Шығыс славяндар арасында 3 қоғамдық құрылыстың күресі басталады:
1. алғашқы қауымдық
2. құл иеленушілік
3. феодаодық
Біріншісі күйреді, екіншісі өзінің формациясын нығайта алмады, ал үшіншісі өзінің көзқарасын орнықтырып, ерте феодалдық қоғам ретінде орнықты. Оны мына жазылған сөздерден байқауға болады: «көптеген орыс тарихшыларының ұйғарымы бойынша Ежелгі Русь мемлекеті әу бастан ерте феодалдық мемлеке болды».
Мемлекеттің пайда болуына әсер еткен қалалар болды. Осыдан келіп «қала- мемлекеттер» атауы шықты. Қала- мемлекеттердің трасформациясы маңайындағы жерлерді қоса алып жатты. Олар аймақ деген атау алды. Осыдан Русьте әкімшілік бөлініс пайда болып, оны князьдік орталық басқаратын болды. Алғашқы қала мемлекеттер гректердің полистері сияқты болып, билік функциялары мен институттарын орнықтырды. Басқару аппараты 3 негізгі элементті қамтыды:
Діни лидерКөп сақталған қала мемлекеттер Новгород пен Псков болды.
Шығыс славяндарда саяси құрылым элементтерінің қалыптасуы. Ежелгі Киев Русі. Мемлекет құрылымының құрылуына ерекше роль атқарған князьдік билік болды. Князьде негізгі функциялар болды:
Осы князьдік биліктен:
Биліктің негізгі тірегі қарулы адамдар болды. Қарулы адамдарсыз князьдің әрекеті қабілетсіз, қорғаныс қабілеті төмен болды. Сондықтан князь қарулы жасақ ұстауға ешқашанда қаражатын аямай, қасына сенімді адамдарын жинаған.
«Бағзы бір замандар хикаясы» шығармасында орыс жерін Рюриктер басқара бастағаны туралы былай деп жазады: «В лето 637 г. Изгнали варягов в море и не дали им дани, и начали сами собой владеть. И не было среди них правды, и востал народ и между ними усобицы и начали воевать сами собой. Сказали они себе: поищем себя князя, который управлял бы нами и судьи по правду. И сказали руси чудь словене, кривичи все: Земля наша велика и обильна, а народа в ней нет, Приходите княжить и управлять нами».
Рюриктен кейін орыс жерін басқарған Олег 20 жыл өткен соң өзінің жасағымен шығып Аскольд пен Дирді өлтіреді. Солтүстік пен оңтүстік Русьтің қосылуымен аяқталды. Билік Рюриктерге тиесілі болды. Олегтің ерекше қабілетінің арқасында Византия мен Русьтің арасында 911 жылы шартқа отыруы. Кейінен тағы да екі шартқа 944 жылы және 971 жылы болды.
Византияның құқық мәдениеті Руське де з әсерін тигізіп, өзінің құқығы және құқықтық саланың қалыптасуына жағдай жасап, феодалдық қоғамның қалыптасуына әсерін тигізді. Кейбір ежелгі Русь билеушілерінің ел басқарудағы істеріне халықтың наразылығы болып тұрғандағы туралы жазады. Князь Игорьді өлтіруі. Игорь өлгеннен кейін олар оның жесірі Ольгаға құда түсуге жібереді, яғни древлян князіне күйеуге шығу. Негізгі мақсаты: поляндардың байлығына ие болу. Ольга кек қайтарудың жолына түсіп, олрадың астанасы Искоростеньді күйретті. Оның мақсаты ұлы князьдік биліктің күштілігін көрсету болды. Салықты жинаудың жаңа тәртібін енгізді.
Русьті шоқындыру және жаңа социум нұсқасының пайда болуы. Ярослав Мудрыйдың «Русская правдасы». Халқы тығыз орналасқан аймақ Псков пен Новгородта Русьтегі билікке бәсекелестік таныту басталды. Осы кезде княгиня Ольга мен оның ұлы Святославтың баласы Владамир Святославич келеді. Әкесінен ерекшелігі христиан дінін қабылдайды. Владимир христиан дінін мемлекеттік, яғни Киев Русінің дініне айналдырады. Нақты шоқындыру акті Днепрде Киевте өткізілді. Ол 988жылы христиандық православиялық бағытын қабылдайды. Христиандық қабылданғаннан кейін халықты бір қоғамға бірігуге тездетті. Христианизациядан кейін Киев Русінде жаңа типті мемлекеттің құрылуына алып келді. Византиялық форманы қабылдады. Зайырлы және шіркеу билігінің арасында тығыз байланыс орнатылды. Шіркеулік заңдылық пайда болды. Шіркеуге неке туралы, айырылысу, мұраға қалдыру сияқты құқықтар берілді.
Билік жүйесінің құрылымы. Киев Русінің саяси құрылымы, экономикалық қарым-қатынасы біршама өзгерістерге ұшырап отырды. Киев Русі дамуының 1-ші кезеңінде орталықтанған мемлекет болды. Оның басында Киев князі тұрды, оның қол астына қарайтын жерлер кірді. Әке-князьдің тірі кезінде, оның ұлдары ірі қалалардың наместнигі болып отырып, салық төлеп отырды.
Бүкіл территориядағы билік Рюриктер әулетіне берілді. Әулет басқарушылардағы өкілеттік жартылай территорияға, ал қалған институттар арқылы басқарды.
Мұрагерлік таза ер адамдар жағынан билік әулеттегі үлкен әкелу керек болды. Бұл жүйе 11ғ. аяғына дейін сақталды.
Киев князінің қолында заң шығарушы, әскери, жоғары сот, салық жинау құқығы болды. Князьдің жанында, айналасында дружинниктер болды, олар князь сарайларында жұмыс атқарып, сарайда тұрды. Үлкен дружинниктер кеңес құрып, боярлар деп атала бастады. Дружинниктермен князь ақылдасып отырды. Боярлар воевода ретінде көрінді. Боярлар әкімшілік-әскери күшке айналып, феодал сословиесіне кірді.
Князьдік- дружиналық билік өзін-өзі басқару элементінен шектеулі болды.
Феодалдық қарым-қатынастың орнығуы Русьте жалпы европалық типте болды, мемлекеттік формадан ватчиналық түрде болды. Жер иелену Русьте жай болды. Салық асырау институтына айналды. Түскен пайданың жартысын князь дружинниктарға берді.
Әлеуметтік- экономикалық қатынас ежелгі орыс қоғамының құрылымын өзгертті. Құрылымның өзгеріске ұшырауын «Русская правда» деп аталатын заңдар жинағы болды. Оның бірінші бөлімін Ярослав Мудрый (1019-1054) басшылығымен жазылды.
Халықтың басым көпшілігі ерікті адамдар болды. Ауылдық қоғам ру-тайпалық емес территориялық жағынан бөлінді.
Русьті шоқындырғаннан кейін, ұлы князь Владимир, Византия империясынан кем түспейтін, оның күшті екендігін тарихшылар былай деп жазған «Внешнеполитически эти процессы выразились в образовании крупнейшего в Европе Древнерусского государства, идеологически в принятии христианства- идеологии феодального общества»1. Саяси құрылым жөнінен Киев Русі ертефеодалдық монархия болды. Ұлы князь европалық корольдардың титулына тең болды. Ұлы князь өзін жеке билеуші ретінде көріне бастады.
Владимир Святославичтан кейін билікті оның ұлы Ярослав Владиморович алды. Ежелгі Русь державасын нығайтуға мықты ат салысты. Киевтің астана ретінде көркеюіне үлес қосты. Ярослав Мудрый император Юстианға еліктеп (ол 6 ғ. заңдарды жүйелеуші) зайырлы заңдылықтың, яғни «Русская Правда» деп аталатын заңдар жинағын шығарды. Типі жөнінен феодалдық құқық, жалпы мемлекеттік сипат алды. Жеке меншік құқығынан көрінуі, заңды шығарушы өмірге, адамға қажетті барлық жағдайларды қарастыруға тырысқан. Бірақ, онда айқын азаматтық, қылмыстық құқық туралы жоқ. Біраз баптар шарттар негізінде сол қатынас түріне: сатып-алу, қарыз алу т.б.
Информация о работе Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы