Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 04:20, реферат
1. Франктер мемлекеті мен құқығы
2. ІХ-ХҮІІ ғ.ғ. Франция мемлекеті мен құқығы
3. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Германия мемлекеті мен құқығы
4. Ү-ХҮІІ ғ.ғ. Англия мемлекеті мен құқығы
5. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей мемлекеті мен құқығы
Айыппұл туралы келісім жақтарды татуластырудың әртүрлі нысандарымен жасырылды. Оның орталық бөлімі үшін міндетті “покарлар”, яғни абыройды түсіретін үлгілер болды. Славяндық Далмацияда, мысалы, кісі өлтіруші қылышын мойнына асынып, өзі өлтіргенінің қабіріне дейін еңбектеп баруға тиісті болды. Ұқсас салт Польша мен Чехияда орын алды. Германдық покара үлкен әсер қалдырды. Қайтыс болғанның қабірі ашық қалдырылды. Оның қолы кесіліп, отбасында сақталды. Кінәлі үш рет кешірім сұрады. Тек осыдан кейін ғана оған қолдарды берді. Ол қолдарды қабірге тастап, мүрдені көмуге міндетті болды.
Әуелгі кездерде айыппұл мөлшері тараптар келісімімен анықталды. Көптеген халықтар бұл тәртіптен басқасын білмеді. Герман правдалары тек бекітілген айыппұл соммаларын білген. Бұл оларда көрсетілген барлық құқықбұзушылықтар түріне қатысты болды.
Кісі өлтіру үшін айыппұлды олар вергельд- “адам құны” деп атайды. Орыс правдасы мұндай айыппұлды “вира”, литва статуты –“ головщина”, поляк заңдары- “глова” және тағы да басқа атаған. Рим “капуты” сондай “бас үшін баға” дегенді білдірді. Алғашқы қауымдық құрылымда ол малмен төленді. Саликалық правда айыппұлды римдік тиындармен “декариялар” мен “солидтермен” бекітілді.
Еркін франкті өлтіру 200 солид құнымен өтелді. Бұл ақшаға 100 бұқадан кем емес ірі қара алуға болатын.
Басқа герман құқықығының жинақтары сияқты Саликалық правда еркін ер адамның, еркін әйел мен еркін ұлдың өлтірілуіне бірыңғай емес құн тағайындайды. Соңғы екі жағдайда вергельд 3 есе өсті. Мұнда бала туғаннан кейінгі әйел сөз болып отыр. Бала туа алмайтын әйел үшін 200 солид төленді.
Саксондық және Рипуарлық правдалар осы қағиданы ұстанған. Алғашқысы әлі тумаған, бірақ тууы мүмкін қыз үшін екі есе вергельд, ал тууды тоқтатқан әйел үшін бірлік вергельд тағайындаған.
Бавар правдасы осы ережеге моральдық өлшемді қолдануға тырысты. әйел, “қолына қару ұстап қорғана алмайды”, “егер батылдықпен ер кісідей арпалысса –оның композициясы екі есе болмайды” ( құнын өтеу, айыппұл).
Бұл
түсініктеме Бавар правдасын
құрастырушыларға жынысына байланысты
айыппұлды дифференциациялау
Бавар правдасы көрсететін белгілі бір моральдық критерийлермен бірге, соғыс пен кек кесірінен азайып бара жатқан ер адамдардың орнын толтыруға деген ұмтылыс өзінің белгілі бір қызметін атқарған болуы тиіс.
Вестеготтарда ер адамның өлтірілуіне ең жоғарғы айыппұл 20-дан 50-жасқа дейінгі, әйелдердің 15-тен 40-қа дейінгісіне тағайындалды.
Тұлғаның қоғамдық құндылығына байланысты әртүрлі вергельд қарастыратын әдет-ғұрып қоғамдық жағдайына байланысты әрі қарай дифференциациялау мүмкіндігін туғызды. Ал бұлар бір нәрсе емес. Аталмыш мүмкіндік мемлекетпен кеңінен қолданылды.
Ең әуелгі корольдар өзі мен өз қызметшілерінің - әкімшілігінің, дружиниктарының, барлық “сенімділерін” қорғалуын қамтамасыз ете бастады. Осы мүддені жүзеге асыра отырып, Саликалық правда олардың өлтірілуі үшін үш есе вергельд тағайындады.
Еркін франктан төмен тұрған кез-келген адам - римдік немесе жартылай ерікті - бұдан аз вергельдпен қорғалды. Құлды өлтіру оның нарықтық құнын өтеуге ғана әкелді.
Жаралау кезінде айрықша ұсақ-түйекке дейін қарастыру орын алады. Кейбір правдаларда айыппұл дюйммен өлшенетін жараның ұзындығына, көлеміне байланысты болды. Ортақ қағида болып ауыр жара үшін төлеу керектігі табылады. Оң қолдың бас бармағы басқасына қарағанда қымбаттырақ, ал ортаңғы саусақ арзаны болды. Егер құлақ жұлынса - бірлік баға, ал есту қабілетін жоғалтса екі есе көп баға төленеді (Рипуар правдасы), егер көз шығарылса,- дейді Аллеман правдасы - 40солид, ал залал келсе-20 және т.б.
Егер
жаралау адамның мүгедек
Заңгерлердің назарын правда баптары ішінде жазаны кінә нысанына (қасақаналық, абайсыздық), ауырлататын және жеңілдететін мән-жағдайларға байланысты қоюға тырысу қадамдары қызықтырады. Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтың маңызды аумағы болып табылатын бұл жайтта ежелгі заңшығармашылық алғашқы қадамдарды ғана жасауда еді.
Англо-саксондық кодекстердің бірінде қасақана және абайсызда кісі өлтірудің айырмашылығы тек сұрақты қоюда ғана болды. Екі жағдайда да жаза бір, өйткені мынадай заң бар: “Кім көрмей- білмей қылмыс етсе, көріп-біліп төлейді”. Кім біреуді атпақшы болып басқаны өлтірсе, толық вергельд төлейді немесе өзі өлтіріледі.
Фриз герман тайпасының заңдары да осыны бұйырады: кім байқаусызда жіберген жебеден өлтірсе, өлтірген сияқты төлейді. Тюрингтерде де осылай болған.
Мәселе туындап отырды, бірақ оның шешімі ұзақ уақыт бойы табылған жоқ. Композициялар жүйесі зиян орнын толтыруды көздеді, ал зиян қылмыстың субъективтік жағынан тәуелсіз болды.
Саксондық правда да ештеңе қоспайды. Онда былай делінеді: қылыш жай түсіп кетіп, жарияласа, кәдімгідей төлінеді. Бірақ, бұрын айтылғандай Саликалық және Рипуарлық правдалар бір ерекшелікті таниды: кім қасақаналықсыз өлтірсе, ол кек алуға жатпайды.
Судьялар дәстүрді ұстанғысы келсе де, өмір жаңа мәселелерді тудырып отырды. Біреу біреуді тонау мақсатынла артынан қуамын деп өзі тайып, жығылып өлді. Екінші біреу өзін өлтірмекші болғанның қылышын тартып алып, оны өлтірді және т.с.с.
Герман құқығы оларға алғашқы қауымдық қарапайымдылықпен жауап берді: вергельдті тағайындауға кінәлінің ниеті емес, соңғы нәтиже негіз болады.
Судьялар,
әрине, бұл жерде тікелей
Ал сыртқы жағдайларды (объективтік жақ) қамтитын қылмыс аумағында герман правдалары мазмұнға бай болған. Тонау ұрлыққа қарағанда ауыр жазаланды, топпен зорлау- қатаңырақ және т.с.с. енді заңшығарушыға қылмыс қандай құралдармен жасалғаны бәрібір емес (мысалы, құлыпты бұзып ұрлық жасау жай ұрлыққа қарағанда ауырлау жазаланады).
Ежелгі уақытта соттық айыппұл (компоцизия) жәбірленушінің отбасы мен руының пайдасына алынатын.
Соттық функциялардың мемлекет қолына көшуіне байланысты, әдетте, айыппұлдың үштен бірі оған төлене бастады.
Айыппұл төлеу әуелде ру жұмысы болатын. VI ғ. соңынан бастап қылмыскер өзі төлеуге міндетті болды. Бұл шараның салдары қарапайым халыққа аянышты есер етті. Мырзалар мен байлар құтылған жерде, шаруа басымен жауап берді.
Композиция жүйесінің салдары орыс тілінде сақталған. “Искупить вину” дейді олар. “Вина” сөзінің өзі міндет, қарыз дегенді білдірсе керек. Осыдан “повинность” бұдан “повинен платить” сөзі шықса керек. Германдық “шульд” - әрі кінә, әрі қарыз - сөзі де соны білдіреді.
Рулық қауым кезінде жоғарғы соттық қызмет халық жиналысына тиісті болуы және кінәлә тәкелей оның алдында жауап беретін еді.
Саликалық правда кезеңінде көп нәрсе өзгерді. Нақты соттық билік халықпен сайланатын жеті рахинбургтар қолына өтті.
Король билігінің күшеюімен бірге сот жиналыстарының бұрынғы төрағасы – тунгин - графпен ауыстырылды. Ұлы Карл кезіңде рахинбургтерді де сайлау тоқтатылды. Олардың орнына өкіметпен тағайындалатын скабиюлар келетін. Халық бостандығының соңғы тірегі жойылды.
Германдықтардың ежелгі ғұрыптары, басқа халықтардікі сияқты, сот ісі жәбірленуші тарапынан түскен арызбен қозғалуын талап етті. Жәбірленуші айыптауды және дәлелдемелерді келтіруге міндетті еді. Бұл үрдіс айыптау деген атқа ие болды.
Бұл ережеден ауытқу ортақ мүддені қозғайтын қылмыстар үшін ғана жасалды (сатқындық, соғыс алаңынан қашу және т.с.с). Бұл қылмыс кінәлілері билік инициативасы бойынша айыпталды. Сатқындарды, әдетте, ағашқа асты, қорқақтарды батпаққа батырып, бұтақтармен көмді.
Ешқандай алдын ала тергеу болған жоқ. Судья тараптар келтірген дәлелдемелермен шектелуге тиіс болды. Бұл жерде судья куәгерлер көрсетуінің шынайылығына сүйене алмайтындығын білетін. Не болса да рулас руласына қарсы, ал бір тарап екінші тарап пайдасына көрсету бермейтін.
Мойындатуға мүмкіндік тумағанда - ал оған негізгі күш салынатын - судьялар құдайға сүйенді. Бұған бір жағынан “жерлік” әдістермен судьяның ақиқатқа жетуінің дәрменсіздігі, екінші жағынан құдай шындықты біледі. әрі кінәліні көрсетеді деген ескі сенім себеп болатын. Құдай кінәліні тікелей емес, түсініле білуі қажет жанама әдіспен көрсетеді делінетін.
Осылайша ордалий- “Құдай соты” пайда болды. Ол сәйкес жақты үрдісті сынау (қинау емес) әрекетінен тұратын. Ордалидің кең тараған әдістері сумен, темірмен және отпен сынау еді. Ордалидің ерекше үлгісі соттық жекпе- жек болды.
Сумен
сынаған кезде кінәлінің қол-
Келесі сынау бойынша қайнаған судан жүзікті не басқа затты алып шығу керек болды. Бірақ ордалий түріне темірмен сынау қосылады. Ыстық темірді қолға ұстап біраз қадам жасау керек болатын. Екі жағдайда да күйген қолды маймен сылап, шүберекпен орап, жазылуына мүмкіндік жасайтын. Бірақ күн өткеннен кейін “кездестіруші адамдар” оны қарайтын. Егер күйген жер жақсы жазылса - адам кінәсіз деп саналатын.
Соттық жекпе-жек кең таралды. Ол айыпкер талапкерді қасақана жала жабумен айыптаған кезде қолданылатын.
“Егер адам жекпе-жекке шығатындығын жарияласа,- деп жазды Монтескье - ол қайта алмайтын, керісінше жағдайда сот оны жазалайтын. Осыдан ереже пайда болды, егер адам сөз берсе, намыс оны кері қайтаруға жол бермейтін” Бұл түсіндірудің қаншалықты шынайы екендігін айту қиын.
Феодалдық қарым-қатынастар пайда болуымен қарама-қарсы таптарға тиісті тұлғалар арасында жекпе-жек мүмкін болмай қалды (сирек жағдайларды қоспағанда). Дворяндар өз қаруларымен салт атты соғысса, шаруалар шоқпармен төбелесті. Мысалы, мынадай оқиға орын алған: орман күзетшісі Король Гунтралиға Хунда атты ақсүйек франктың король орманында аң аулауға батылы барғандығын айтты. Хунда орманшыны жала жаптың деп айыптады. Екеуіне жекпе-жек тағайындалды. Ақсүйек ретінде Хунда өзінің орнына “чемпионды” – маман жекпе-жекшілді шығарды. Чемпион жеңіп жатқан кезде орманшы қанжарымен оны өлтіріп тастады. Хунда дәп сол сәтте ұсталып, жазаланды: жекпе-жек оның кінәлілігін “бекітті”.
Ордалийдің ерекше түріне ант беру жатты. Ол алқашылдық (соприсяжничество) нысанында жүзеге асты: айыпкер айыбын антпен жоққа шығарды, бірақ онымен бірге ол өзімен қоса әкелген алқашылдар да оның кінәсіздігіне ант беруі керек еді. Алқашылдар саны іс маңыздылығына байланысты өзгеріп отырды. Саликалық құқық бір жағдайда 6, басқаларында 72 алқашылдарды тағайындады.
Алқашыл куәгер емес (өйткені куәгерлер санын алдын-ала анықтауға болмайды ғой). Оның негізгі мәселесі біреу - ант берумен айыпкердің қылмыс жасай алмайтындығына куәлік ету.
Егер алқашылдардың біреуі артық қимыл жасаса, сөзден шатасса айыпкер кінәлі деп есептелінді.
Рулық қатынастардың ыдырауы және кедейліктің өсуіне байланысты шаруаларға тәуекелмен байланысты алқашылдар көмегіне сүйену қиынға түсті. Ал ақсүйек сеньорға (вассалдар мен дружинамен қоршалған) бұл оңайлана түсті. Христиандық бұрынғы сынауларға жаңаларын қосты: Інжілде ант беру, айқышпен сынау, киелі заттармен сынау.
Айыпкер мен айыптаушы шіркеу ішінде қолдарын иық деңгейінде көтеріп тұратын. Кім бірінші түсірсе, сол кінәлі деп есептелетін.
Киелі заттарда ант беру қарапайым әрі жеңіл болғандықтан арсыз адамдардың құралына айналды. Олар оны оңай пайдаланып, біреудің мүлкін алып кететін, жазасыз қалдырылатын. Осыған байланысты судьялар дәлелдеудің ежелгі әдістерін артық санайтын.
Орта ғасырлардағы Франция мемлекеті мен құқығы. 843 ж. Ұлы Карлдың немерелері империяны билеуді бөлісе алмай, ақыры жерді бөлісіп алды. Ол Франция, Германия, Италияға бөлінді.
Информация о работе Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы