Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 04:20, реферат

Краткое описание

1. Франктер мемлекеті мен құқығы
2. ІХ-ХҮІІ ғ.ғ. Франция мемлекеті мен құқығы
3. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Германия мемлекеті мен құқығы
4. Ү-ХҮІІ ғ.ғ. Англия мемлекеті мен құқығы
5. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей мемлекеті мен құқығы

Содержимое работы - 1 файл

Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

   Франциядағы дворяндар мен руханият жер меншігінде артықшылыққа ие болды. Ревизиялар еркін  шаруа мешігін иелерін тауып  алса, оларды помещик билігіне өтеуге зорлады.

   Помещиктің  шаруаны сотсыз жазалау құқғы  болды. Шаруаларды басқару үшін дворяндар  сословиелік иерархия негізінде  құрылған одақ- сюзеренитет-вассалитет құрды.

   Француз феодалдық табының жоғарғы қабатын  корольдің вассалдары-гепцогтар  мен графтар құрады. Франция бөлшектерге бөлінген кезде олар өз жерлерінде тәуелсіз қожайындарға айналды. Екінші саты вассалдары –“барондар”. Олар өз жерлерін генрцог пен графтарға бермей тұр еді. Одан төмен-ұсақ дворяндар, рыцарлар болды.

   Вассалитет  негізінен жер бөлінісі жатты. Вассал сеньор пайдасына жыл сайын 40 адамнан әскери қызмет атқаруға, сеньордың соты мен кеңесіне қатысуға, ерекше жағдайларда ақшалай көмек кеөрсетуге (мысалы, тұтқынға түссе сатып алу) тиісті болды.

   Вассалитет  былай бекітілді: вассал өз қолын сеньордың қолынак кайып, өзін оның “адамы” деп жариялады. Сеньор “бейбіт сүйіспен” жауап берді. Сосын инвеститура-ленді беру болды. Ол перчатка беру арқылы жасалды.

   Вассалдық қатынас олар бір-біріне қарсы әрекеттер  жүргізген кезде үзілді.

   Тәуелді шаруалар екіге бөлінді: 1) сервтер 2) вилландар. Сервтердің жағдайы өте қиын еді. Одан алынатын алым қожайынының көңіл-күйіне байланысты өсірді. Оны жермен де, жерсіз де сатуға болды. Әр кезде бірдеңе сатқысы келсе қожайыннан рұқсат сұрады. Әкесінің онын басқанда серв ерекше шарта төленді. Үйленгісі келсе де солай. Қожайыны шаруаны қамауға, жазалауға қақы болды.

   Филип-Август (XIIғ. соңы- XIIIғ. басы) патшалық кезі маңызды  болды. Ол Англияны жеңіп, доменге Нормандия, Ман, Анжу, және Пуатудың бір бөлігі қосылды. Домен 5 есе көбейді.

   XIIIғ.  Ортасында Людовик IX (Қасиетті) үш  маңызды реформа өткізді. Ол  корольдар вассалының толық билігін  әлсіретуге бағытталды. Реформалар- 1) соттық 2) әскери 3) монеталық.

   Сот реформасы жоғарғы сот палатасын-“Парламентті” құрды. Оның қызметкерлері-заңгерлер (легистер). Олар қарапайым апдамдардан еді. Сот өндірісінің жаңа тәртібі енгізілді. Сот ордалийлеріне тыйым салынды. Келіспеген жараптың судьяны жекпе- жекке шақыруы тыйылды.

   Әскери  реформа “Корольдің 40 күнін” ронатты. Дауласқан сеньорлар 40 күннен кейін король сотын талап ете алды. Мерзім өткенше шайқасуға тыйым салынды.

   Монеталық реформа бойынша бүкіл елде бірыңғай ақша бірлігі енгізілді.

   Франциядағы сословиелік- өкілдік монархия. XIII-XIVғ. Экономикалық сипат өзгерді. Ауылдар орнына қалалар өсіп шықты. Сауда дамыды. Крест жорығынан кейін (XI-XIIғ.) феодалдық алымдар шыдамсыздық туғызды.

   XIIIғ.  Цензиваға көшу басталды. Цензива-шаруашылық  феодалдық жер иелену нысаны.

   Өкілдік мекемелер пайда болған- генералдық штаттар. Оған Филип IV сұлудың рим папасымен қақтығысы себеп болды.

   Францияның  Англиямен 100 жылдық соғысында жеңілуі  гененрал штаттар құқығын кеңейтуге  жағдайжасады. Қалалар әсіресе Париж  мұны пайдаланып қалуға асықты.

   1357 ж. Париждықтар көтерілісі Карлдың  Ұлы шаурыздықорнданансті қабылдауға мәжбүр етті.Бұдан кейін генерал штаттар жылына 2 рет жиналды. Король өнімін күтпеді. Король кеңесшілерін тағайындады. Өз еркімен салықтар тағайындап не алып тастады.

   Сервтің міндеті жерлік және жеке болып 2-ге бөлінді. Жерлік барщина және талья болып бөлінді. Сонымен қатар натуралды (бидай, мал) салықтар болды. Жеке міндеттерге тек қожайын базарында сауда жасау, ақысына қожайынның диірменінде жұмыс істеу, пайда болып жетті.

   Вилландар жерлік рента-чинин төледі. Сосын  шампар- егісінен алым болды және Талья болды. Оның барлығы салыстырмалы анықталған еді. Виллан барщинасы 1 жылда 10 күннен асқан жоқ. Көптеген жеке міндеттерден бос болды.

   Францияның  мемлекеттік құрылысы. X-XIғ. Француз корольдығының нақты бөлігі Париж және Орлсан басқаруындағы аудандардан аспады. Ал Нормандия, Анту, бургундия және тағы да басқа өз сеньорларымен- герцог, граф, маркиздармен басқарылды.

   Корольдер ұзақ уақыт бойы сайланатын болды. Балалары әкесінің тірі незінде және киюге  асықты. Карл Мартелл реформасынан кейін жері азайып, король ең кедей вассалға айналды. Қазна бос болды. Дворяндар мен руханият салық төлемеді. Сот айыппұлдары сот жүргізетін сеньорларға түсті.

   Король  ақшасыздықтан әскері, ал оның ықпалы әлсіз болды. Оның көмекшіліері жоғарғы  сановниктер-коннетабль (әскердің басшысы) немесе канцлер (кеңсе басшысы) болды. Сарай маңында кейбір соттар, кеңесшілер, дипломаттар болды. Оларды кіші дворяндар мен қалалықтардан таңмдап алды- олар сәл болса да бағыныштырақ еді.

   Өзінің  аймақтық басщылары-превоны-корольдер қарапацым адамдардан таңдады. Олар еңбегіне белгілі бір аймақты алджы. Салық жинауға тиісті болды. Жасақшылар жинады. Горнизондарды басқарды. Король иеліктерінің шаруалары соттады.

   Прево үстінде бальялар болды. Ол дворяндар еді. Бұрынғы королингьер графіне қарағанда олар жұмысын мұрагерлікке қалдыра алмады. Корольоны кез келген кезде ауыстыра алды.

   Осының  арқасында өз доменінде корольдер  сенімді әкімшілікке ие болды. Ол Францияны “жинау” уақытында  елеулі роль атқарды.

   Феодалдық қатынастардың Германияда дамуы. Герман феодалдық қоғамының негізгі таптары. 843 ж. Ұлы Карл немерелері үлкен империядағы билікті бөлісі алмай, империяны бөлуді жөн санады. Вердендегі шартқа сәйкес Ұлы Карл империясы қазіргі Франция, Германия, Италияға сәйкес келетін үш бөлікке бөлінді. Ежелгі ертефеодалдық мемлекеттер соңын IX ғасыр деп көрсетуге болады. Бұдан кейін феодалдық қатынастар гүлдене бастады. Феодалдар мен шаруалар арасындағы теңсіздік “құдаймен бекітілген” формальды теңсіздік ретінде бекітілді. Дворяндардың құқықтары шаруалардың міндеттері өсе түсті.

   Рим ықпалына аз түскен Германия (әсіресе  шығыс бөлігі) басқа европалық  елдерге қарағанда рулық қатынас  сарқыншақтарын сақтап қалды. Феодализм  бұл жерде XI ғ.дан соң ғана жеңді.

   Германияның негізгі таптарының қалыптасуына король Генрих Птицеловтың (919-936 ж.ж.) әскери реформасы әсер етті. Салт атты ретінде әскерге келе алатын әрбір адам артықшылықты сословиеге жатқызылды, қалғандары податтықтар болды.

   Артықшылықты  сословие үстінде зайырлы және шіркеу княздары тұрды. Олар өздерінің кең ауқымды үлестерінде тым ерте орталық биліктен тәуелсізденіп кетті, билеушілерге айналды.

   Княздардың  вассалына графтар айналды. Олардан еркін мырзалар жерлерді ұстады. Дворяндардың төмінгі бөлігін серілер (рыцарь) құрады.

   Германияның шаруалары үш негізгі топқа бөлінді: крепоснойлар, чиншевиктер, еріктілер. Соңғылары өте аз болды.

   Герман  мемлекетінің мемлекеттік  құрылысы. Х ғ. ортасында герман королі Оттан І италияның солтүстігі мен орталығын басып алады. Осыдан кейін ол өзін “рим” императоры деп жариялады. XII ғ.оның құрған империясы “Герман ұлтының қасиетті Римдік империясы” деп аталды. Бұл империя 1806 ж. дейін өмір сүрді.

   Басқыншылық саясаттың арқасында алғашқы  германдық императорлардың билігі уақыт сайын елеулі болып отырды. Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ.

   Германияда  феодалдану үрдісі біраз уақытқа  кешікті. Елдің бөлшектенуін тоқтату  мүмкін болмады. Уақыт өте келе ең күшті княздардың аздаған топтары  қалыптасты. Олар тақ сайлаушылары, яғни курфюрстар деп аталды. Орталық билікте ең маңызды лауазымдар мұрагерлік ленмен жасалды. Сановниктер таңдауда император толық ерікті бола алмады.

   Кюрфюрсттардың  шығу тектері әртүрлі. Олардың кейбіреулері королингтер дәуірінің шенеуіктері  болса, басқалары өзара қақтығыстар  кезеңінде байып, алдыңғы қатарға  қосылғандардан еді. Мысалы, Баварияның герцогы бұрынғы маркграф болса, ал саксонияның герцогі корольдің өзімен туыстасып алған әккі сарай қызметшісі болды.

   Графтар герцог тәжіне ұмтылды, ал қолдары жеткен соң “тәж кию”салтанатын жасап, өз сарайларын салып, тиындарын және заңдарын шығара бастады.

   Германияның феодалдық бытыраңқылығы 1356 жылы “Алтын булламен” бекітілді. Герман императорын  сайлау курфюрстардың ісіне айналды. Олар өз иеліктерінде дербестікке ие болды. Сонымен қатар ”империяның  князьдары” бір-бірімен соғыса алды. Империяның маңызды істерін шешу курфюрстар алқасының өкілдігінде болды.

   Осы уақыттан бастап империя бірыңғай мемлекет ретінде жойылды. Оның бөлшектеуінің  байланыстарды императордың билігі сияқты құрдымға айналды. К.Маркс “Алтын булланы” “Неміс көпбилікшілдігінің негізгі заңы” деп бекер атамаған еді.

   Германияның феолдалдық бытыраңқылығы “Алтын булламен”  санкцияланғаннан кейін сословиялық  өкілдіктің ықпалды органдарының құрылуына  кедергі келтірді.

   Шынында, кейбір уақытта рейхстаг деп аталатын империя съездеріне қала өкілдерін шақыратын еді. Бірақ олармен аз есептесті. Князьдар мен императорлар ақша талап етті, ал қалалықтар оны беруге тиіс болды.

   Рейхстагтағы  үш курияның екеуі, бас штаттардағыдай, дворяндар мен дін өкілдері қолында  болды. Айырмашылығы тек бірінші курияны курфюрстар құраса, ал екіншісін - қалған империялық зиялылары құрады. Олар барлық мәселені шешетін еді.

   Германия  ыдыраған князьдықтарда жергілікті жиналыс мәжілістері - ландтагтар өтетін. Мұнда да үш курия қағидасы ұстанылды.

   Германияда  облыстық мүдде империялықтан жоғары тұрды. Тіптен қалалар біріктіру  саясатының тиімділігіін көтере отырып, Германия үшін емес, өздерінің ерекше артықшылықтары үшін күресетін.

   Германиядағы  қалалар және қалалық  республикалар. Германияда өзін-өзі басқару мен еріктілікке қатысты үлкен жетістіктерге императордың өз қоластындағы, яғни империялық қалалар қол жеткізді.

   XVI-XVIII ғ.ғ. олардың қатарында Гамбург,  Нюрнберг, Бремен және т.б. болды.  Олардың әрқайсысы өзіндік сотқа  ие болды, өз заңдарын шығарып, әскер жинады.

   Олармен қатар артылықшылықтарға “поптық  жолдарда”, яғни жағалауында шіркеулік  князьдықтар орналасқандықтан осылай аталған Рейн өзенінің үлкен де бай  қалалары қол жеткізді. Олардың ішінен әуелде жергілікті архиепископтардың  билігінде болған Майнц пен Кельн қаларын атап көрсетуге болады.

   Германиядағы  абсолюттік монархия. XV-XVI ғ.ғ. Батыс Еуропа елдерінде абсолютті монархиялар пайда бола бастады. Феодализмнің тарихының соңғы кезеңі басталды. Абсолютизмнің алғышарттары буржуазиялық қатынастардың тууымен пайда болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде тамыр жая бастады.

   Германияның “Алтын булламен” бекітілген саяси  бытыраңқылығы біраз ғасыр сақталды. Абсолютизм жалпымемлекеттік емес, облыстық, князьдық абсолютизм ретінде дамыды. Бұл заңды тенденция екі жаңа фактормен күшейтілді: 1525 жылғы Шаруалар соғысымен және 1618-1648 жылғы отыз жылдық соғыспен.

   1525-жылғы  шаруалар соғысы ортағасырлардың  ең ірі антифеодалдық қозғалысы  болды. Оның себептері тауарлық-ақшалай  қатынастардың дамуымен, помещиктердің  ақшаға деген көрсеқызарлығымен  туған езгінінің күшейуінде жатыр  еді. Барщина, чинша поборлар, иесі ауысқанда жиналатын алымдар, күзет ақшалары және т.б. бұрынғы шарттарға қарамастан қалай болса солай өсіріле берді. Сот әділдігі жүзеге асырылмады, соттың өзі парақор болды, ал егер сері шаруадан басқа жолмен ақша ала алмаса, ол оны түрмеге қамап құн төлеуге мәжбүрледі.

   Бұған шіркеу пайдасына алынатын десятинаны, князь пайдасына алынатын салықтарды қосу керек. “Жеке” сипаттағы міндеттер көп уақыт алды (қожайынға сабан жинау, бүлдірген теру, ағаш шабу және т.б.).

   Қожайынның  меншік құқығы, Энгельстің айтуынша, шаруаның өзіне, әйеліне және балаларына тарады. Кез келген уақытта шаруаны абақтыға тастайтын, ал оны онда қинау тосып тұратын. Қожайын қаласа оның басын шабуға құқығы болды.

   Көтеріліске шыққандардың 12 баптық бағдарламасы елеусіз  болды. Онда мынадай талаптар қойылды: қауымдастық жерлерін қайтару, сот әділдігін орнату, шаруашылық тәуелділікті жою, шектен шыққан және жеке бағынуларды шектеу (алып тастау емес).

   Соғыс бұл бағдарламаға мәнді түзетулер  енгізді. Тәжірибе жинаған шаруалардың  революцияшыл бөлігі қанаушылармен келісімге келу үмітін үзді. Помещиктердің қамалдары өрттен жойылып, ал олардың иелері шаруа қылышының соққысынан өліп жатты.

Информация о работе Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы