Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 04:20, реферат
1. Франктер мемлекеті мен құқығы
2. ІХ-ХҮІІ ғ.ғ. Франция мемлекеті мен құқығы
3. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Германия мемлекеті мен құқығы
4. Ү-ХҮІІ ғ.ғ. Англия мемлекеті мен құқығы
5. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей мемлекеті мен құқығы
Тақырып
4. Орта ғасырлардағы
Батыс Еуропа мен
Ресей мемлекеттері
пен құқығы
Дәріс жоспары:
1. Франктер мемлекеті мен құқығы
2. ІХ-ХҮІІ ғ.ғ. Франция мемлекеті мен құқығы
3. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Германия мемлекеті мен құқығы
4. Ү-ХҮІІ ғ.ғ. Англия мемлекеті мен құқығы
5.
ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей
мемлекеті мен
құқығы
Ежелгі Франктер мемлекеті мен құқығы. Ежелгі еуропаның батысында Рейнмен және шығысында Лабамен (Эльбамен) шектелген жерінде көптеген герман тайпалары өмір сүрген - тевтондар, вандалдар, сакстар, аллемандар және т.б. Юлий Цезардың айтуынша олар жерге жеке меншікті білмеген; оларды көсемдер мен ақсақалдар басқарған; әрбір жыл сайын жер тайпалармен рулар және отбасылар арасында әділ бөлініп отырған.
Цезардан соң 150 жылдан кейін римдік тарихшы Тацит германдықтардың отырықшы, жер шаруашылықты меңгерген ел ретінде, олардың қолөнер мен нарықтары болғандығын көрсетті.
Бірақ қоғамдық теңдік артықшылықтардың болғандығын жоққа шығармайды. Дәулеттілік дәмін татқан германдық ақсүйектер-көсемдер мен ақсақалдар- рудың белгілі бір кезеңде әкелік отырған сыйлықтарын мал және дәнді дақылдармен төленетін міндетті алымдарға айналдырды. Римдіктер оларды ақша қабылдауға үйретті.
Ру мен тайпаның ұсақ істерін ақсақалдар өздері шешсе, ал маңызды істер үшін халық жиналысы шақырылады.
Германдықтар өздерінің жиналыстарын айдың “бақытты” күндері- толық айда және жаңа айда - жинап отырған. Оған қару-жарақпен келетін. Әдетте мәселелер ақсақалдармен мәлімдемеленіп отырған. Олар алдын ала кеңесіп, шешімді де ұсынатын еді. Егер ұсыныс ұнаса жиналғандар қару-жарақтарымен дыбыстайтын, ал ұнамаса айғаймен қарсы шығатын. Бұл жерде көсемдер сайланып, сатқындар өлтірілетін, ал қылмыскерлерге айыппұл салынатын. Бұл жерде тонаушылық үшін топтар ұйымдастырылып, жеке шарттар да жасалынатын.
Біздің дәуіріміздегі V ғ. кейбір герман тайпалары көбіне англдар мен сакстар қазіргі Англияның территориясына көше бастады және ол жерден байырғы тұрғындарды - кельттарды ығыстырды. Саликаның (теңіз жағалауының) франктері аталатын басқа тайпалар Галлияға (қазіргі Францияға) басып кірді. Олардың басында құрал-жабдықтанудан хабары жоқ Хлодвиг король тұрды. Vғ. соныңда франктер оның қолдауымен христиандықты қабылдады.
Басып алу кезінде қолға түскен жерлер корольдің және оның “сенімділерінің” олжасына айналып, бірақ бөлігін ерікті франк шаруалары өзара бөлісіп алды.
Ауылдық қауымдастықтар болып орналасқан олар, ұжымдық меншікте орман, жайлау және аңызақтарды сақтады. Әрбір отбасы пайдалануға егін алқабын алды.
Белгілі бір күндерде қауымдастық адамдарды ашық аспан астында жиналып, мәжіліс құрды. Ауыл басшысы жүре сайланған ақсақал болды.
Галлияны басып алу және оның жерін тонау франк қауымының феодалдануын және мемлекеттің пайда болу үрдісін де тездетіп жіберді.
Франк
корольнің ең басты жұмысы болып
басып алынған жерлердің
Соғыс пен жеңіс корольдің билігін ерекше күшейтті. Ол жай әскербасынан монархқа айналды. Ф.Энгельстің айтуынша, мемлекеттің кең ауқымдылығына байланысты бұрынғы рулық қауымның құралдарын қолдана отырып басқару мүмкін емес болатын. Ақсақалдар кеңесі корольдің маңындағылармен ауыстырылды. Халық жиналыстары көрер көре жасаушылық үшін ғана шақырылды, ол өзінің бұрынғы маңызын мүлдем жоғалтқан еді. Халықтық жасақтың орнын әскер басты. Оны қызметтегі жаңа пайда болып келе жатқан ақсүйектер құрады.
Біз бұл жерде аз кездеспейтін, құлиеленушілік үлгідегі дамуды аттап өтіп, бірден феодализмге көшуді көріп отырмыз. Осы жолмен басқа герман тайпалары және барлық славяндар тарихи қалыптасқан болатын.
Ертефеодалдық герман халықтарының заңнама жинақтарын әдетте “варварлық правдалар” деп атайды. Олардың ішінде ең белгілісі Саликалық правда (нақты атауы- “Саликалық заң”-Leх Salica), Рипуарлық және Бургундық правдалар. Олар б.э. V-VII ғ.ғ. құрастырылған болатын. Варварлық правдаларға англосаксондық соттықтар, сонымен қатар басқа да германдық және кельтік заңнама жинақтары жатады, мысалы, ирландық, аллемандық, баварлық және т.б.
Әуелде гректер мен римдіктер варвар деп кез-келген бөтен адамды атайтын. Бірақ Аристотель “варвар” мен “құл” деген сөздерді жақындастырған. “Варвар" сөзін германдықтарға қатысты қолдану римдіктер үшін әдеттегі жағдай еді.
“Правда” деп ұқсастығына байланысты Орыс правдасы деп құрастырушылары атаған заңнама жинағымен тұстас аталмыш кодификацияларды айтады. Ежелгі Русьте “правда” сөзі қазіргі кездегі “құқық” деген сөзбен мағыналас болған.
Өзіміздің
назарымызды Саликалық
Саликалық правданың ішінде бекітілген заңдық әдет-ғұрыптар ең әуелі қарапайым франк отбасының өмірі мен тұрмысын қамтыған. Бұл жерде біз қауымдастықтың жаңа адамдарды қалаусыз, тіппен дұшпандықпен қарсы алатындығын көреміз. Кем дегенде қауымның бір мүшесі назарлық білдірсе, бөтен адам ол жерден кетуі керек болатын. Жыртылмаған аңызақтар, ормандар мен сулар барлығына тиесілі. Бұл - ежелгі дәуір. Жыртылған үлес жерлерді қоршаған ұзын қоршаулар - бұл жаңа құбылыс. “Қоршаған орын” астық жиналғанға дейін қол сұғылмайтын жер. Астық жинаған соң ғана қоршау алынып, малдың жайылуына рұқсат етілді. Жеке және қауымдық бұл жерде уақытша компромисс негізінде тіршілік етеді.
Бірақ қоршалған жер жеке меншікке айналды деп айтуға әлі ерте. Бұған қарсы уәжді келесі сан мағыналы ереже айтады: егер отбасында мұрагер қалмаса, жыртылмалы жер үлесі қауымға қайтарылады (ал ол оны кім қажет етсе, соған береді).
Саликалық құқықтың жерді сату-сатып алу туралы бірде-бір сөз айтпауы кездейсоқ емес (кейін Рипурлық правдада жүз жылдан соң жағдай өзгерген).
Герман ортағасыры қозғалмайтын мүліктің ауысуының күрделі әрі ежелгі нысандарын сақтаған болатын.
Жер - “отқа жанып, құрып кетпейтін” жылжымайтын мүліктің жалғыз түрі болатын. Ғұрыптағы елеусіз қателіктің өзі құқықты жоғалтуға алып келетін. Бұдан шығатын қорытынды - манципацияны өмірге әкелген жерге деген меншіктің ерекше жағдайы тек рим тарихының дербес қасиеті болмаған. Жердің қолдан қолға (мысалы, қауымнан қауымға) өтуі әрине Саликалық правда негізінде де мүмкін болған. Оның шарттары бізге белгісіз.
Оның орнына заңшығарушы шаруаның жеке шаруашылығын қолсуғушылықтан сақтауға ерекше ұмтылды. Заттарды ұрлау үшін тағайындалған соттық айыппұлдардың айқындалу деңгейі сонша, назардан тыс ештеңе қалмағандай болады. Правда, мысалы, “құс ұрлауды” білмейді. Олар қаршыға, әтеш, тауық, кептер, тырна және т.б. ұрлағандық үшін ерекше айыппұлдар тағайындайды. Ал шошқаларды ұрлау туралы сөз болса, олардың жас шамасына қаралады.
Жылжымалы мүлікті мұрагерлікке бергенде ұл мен қыз бірдей үлес алатын. Бірақ жер ұлға ғана көшетін еді. Мұның бәрі әдейі кемсітушілік болған жоқ. Олар бір нәрсені көздеген еді - өз руларында жер меншігін сақтап қалуды. Ру ыдыраған кезде бұл шектеу де Хильперик корольдің ( 561-584 ж.) эдикиктісімен алынып тасталды және өлген адамның ұлдары болмаған жағдайда қыз мұрагер болады, ал егер ол да болмаса - өлген адамның ағасы немесе әпкесі (қарындасы). Сонымен бұрынғыдай “көршілеріне” қалдырмайтын болды.
Саликалық
заң германдықтардың ортақ
Ежелгі герман әдет-ғұрыптары некені әйелді сатып алумен жасауға жол берілетін, ал одан ертеректе алып қашуды да жоққа шығармайтын. Әйелді сатып алу арқылы күйеуі оның үстінен билікке ие болатын.Ол қайтыс болған соң бұл билік қайын атасына көшетін, өйткені сатудан түскен ақша соларға берілетін. Саликалық правда уақытында бұл әдет-ғұрыптар өз күшін жоғалтқан болатын. Сатып алу төлемінің орнын күйеуі әйеліне таңғы сыйлық (пәктігі үшін) ретінде әкелетін ақша мен заттар басты. Олар отбасында қалатын. Әйел күйеуінің үйіне еншісін әкеліп кіруге тиісті болатын.
Әуелде жол берілетін ажырасулар, христиандықты тарауына (794 ж. капитуляримен) байланысты тыйым салынды.
Әртүрлі мәмілелер ішінде қарыз алуға маңызды орын берілген еді. Қарыз үшін құлдық Саликалық правда үшін енді белгісіз. Оның орнына қарыз алушының мүліктік жауапкершілігі қаталдана түскен. Қарызды қайтару мерзімі өткен соң кредитор қарыз алушыға үш рет куәгерлермен келіп отырды, әр келген сайын қарыз сомасы үш солидқа өсетін еді. Қарыз алушының мүлкін тәркілеу графпен жүргізілетін.
Ежелден бері әр халықта қанды кек әдет-ғұрпы болған. Бұл жағдайды түсіндіру қиын, бірақ бір нәрсе күмән тудырмайды: мемлекетке дейінгі қоғамда өмірді, мүлікті және ар-намысты қорғау тайпа мен ру мүшелерімен жүзеге асырылатын (жәбірленуші жақпен).
Кек алудың әртүрлі әдістеріне қарамастан, кек алмаса қайтыс болған адам тыныштық таба алмайды деген көзқарас барлық халықта қалыптасқан. Дәстүрге сәйкес тәрбиелеу кекті басқа сезімдерден жоғары қоюға үйретті. Оның алдында ешқандай кедергі жоқ және ешқандай қауіп оны тоқтата алмайды. Мысалы, Патроклдың өлімі үшін кек ала отырып, Ахиллес Гекторды өлтіреді.Ол тіптен мүрде үшін де құнды алғысы келмейді. Оған оны ит талауына беру де аз көрінеді. “Мен өзім, ашуды тыңдасам, сені бөлшектеп, етіңді шикідей жер едім” - дейді ол. Скандинавтық “Эддеде” әйелі өзінің бауылары үшін оларды өлтірген күйеуінен туған балаларын өлтіріп, мәртебелі той кезінде олардың жүректерімен күйеуін тамақтандырған.
Тек ескі хроникалар ғана емес, тіптен серілік ортағасырлық герман романдарының өзі кектеніп жасалған қатыгездіктердің суреттелуімен толтырылған.
Өзін қорғау құралы ретінде пайда болған қанды кек оны қажет еткен кезеңдер мен жағдайларды бастан өткізді.
Герман правдалары қанды кек өз тіршілігін тоқтатар кезде құрастырылды. Кек халық отырықшылыққа көшіп , қару жетіле түскен ежелгі рулардың ұжымдары тараған кезде қорқыныштырақ бола түсті. Өзінше соттау мен мемлекет ашық қайшылыққа түсе бастады. Бірақ правдалар кекті шектесе де, әлі тыйым сала қоймады.
X
ғасырдағы Лондон Соттығы
Әрине, бірыңғай ереже болған жоқ. Саксондық әдет-ғұрыптар жауапкерлер шеңберін кісі өлтірушімен және оның ұлдарымен шектеді; бургундық әдет-ғұрыптар ұлдарды да алып тастады - тек кісі өлтіруші ғана өліммен жауап беруі керек. Кек алушылардың да шеңбері тарыла бастады. Олардың қатарына тек ең жақын туыстары-әке, бала, аға (іні) кірді. Ең соныңда, қанды кекті уақыт жағынан шектеу басталды.
Исландтық әдет-ғұрыптар жақында болатын халық жиналысына дейін кек алуға рұқсат берілетін, бұдан кейін арыз сотқа әкелінетін. Керісінше, ағылшын заңдары (Эдмунд заңдары) кекті 12 айға кейін қалдыратын. Бұл сезімдердің басылуына және кісі өлтірушінің ақша жинауына мүмкіндік беретін еді.
Адам өзінің тапқанын ғана пайдаланған кезде қанды кектің алмастырғышы болған жоқ. Өмір мен қайғының орнына тек өмір мен қайғы төленді.
Жазалау жүйесіндегі жаңа кезен байлықтың ру ішінде, содан кейінотбасында жинақталуынан ашылды . Қанды кек орнына айыппұл келді.
Кек орнына айыппұлдың келуі оңай болған жоқ. Мұндай тектегі алғашқы әрекеттер ашық жеккөрінішпен қарсы алынды. Туысқаны, әсіресе әкесі немесе ағайыны үшін ақша алу жуылмас масқара болып саналды.
Информация о работе Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы