Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 04:20, реферат
1. Франктер мемлекеті мен құқығы
2. ІХ-ХҮІІ ғ.ғ. Франция мемлекеті мен құқығы
3. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Германия мемлекеті мен құқығы
4. Ү-ХҮІІ ғ.ғ. Англия мемлекеті мен құқығы
5. ІХ-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей мемлекеті мен құқығы
Соғыстың ең маңызды бөлігінің бірі Томас Мюнцер көсемдік еткен Мюльхаузендегі революция болды. Көтерілісшілер патрициандық кеңесті жойды. Билік қала кедейлерінің қолына көшті. Мүліктердің ортақтығы және барлық адамдардың бірдей еңбек ету міндеттілігі бекітілді Мюнцер бағдарламасы жақсы ниеттегі мақсаттарды көздеді. Бірақ оның орындалуы XVI ғ. үшін де, келесі ғасырлар үшін де мүмкін болмады.
Соғыс
шаруалардың жеңілісімен
Германиядағы протестантизмнің сәттіліктерімен пайда болған отыз жылдық соғыс князьдардың толық жеңісін аяқтады. Соғыстың аяқталуына себеп болған Вестфальдық бейбітшілік “Алтын булланы” растады және императорды князьдықтардың ішкі істеріне араласудан шеттеді.
Бұрын да маңызды болмаған рейхстагтар мен ландтагтар шақырылуды мүлдем қойды.
Франция мен Англиядағы абсолюттік монархия провинциялардың бірігіп, ұлттың қалыптасуына әсер етсе, германдық абсолютизм мұның бірін де істеген жоқ. Әуел бастан ол реакциондық роль атқарып, Германияның буржуазиялық дамуын көпке тежеді.
Герман мемлекеттерінің массасының ішінен (300-ге жуық) Пруссия мен Австрия едәуір маңызға ие болды.
30
жылдық соғыс уақытынан бастап
территория жағынан өскен
Еуропаның
басқа жерлеріне қарағанда, Пруссияда
полиция мен шенеуіктердің
Заңның араласпайтын жері болмады: тауарларды дайындау тәсілін анықтады, жұмыс үлкен сауда уақытын бекітті, шамның үй мен гумнада қай жерде тұру керектігін, шаруа тойларында қанша бөтелке шарап ішілуін, жас жұбайға қанша енші берілу керектігін және т.с.с. қарастырды.
Полицейлік әділет қызметі өлім мен абақтыға ешқандай заңды процедурасыз мыңдаған адамдарды кесті. Бұл мақсатта соттар жеткіліксіз қызмет еткендіктен, арнаулы алқалар құрылды.
Тыңшылық пен сөз тасу көпшілік сипатқа ие болды. Оның көмегімен біреулер карьера жасаса, бір әлсіздер қорғаныш пен қауіпсіздік іздеді. Барлық маңызды нәрселер қоғамдық өмірден шеттетілді не өзінен өзі жойылды Галерлер мен каторгалық түрмелер игі жақсыларды жұтып қойды.
Касталық рухпен қуаттанған, халыққа деген қатынасында бақылаусыз қалған шенеуіктер мен офицерлер бұл режимнің негізгі тірегі болды.
Кант жазғандай, барлық жақтардан ойланбаңдар, сеніңдер (дін қызметкері), талқыламаңдар, төлеңдер (қаржы кеңесшісі) талқыламаңдар маневр жасаңдар (офицер) деген сөздер естіліп жатты. “Оқымыстылық емес, таяқ” ұранға айналды.
Неміс корольдары, герцог және графтары, өзге де тақ үстінде билеуші ролін атқарушылар, бір неміс тарихшысының суреттеуінше “қылмыскер жас-желеңдер галереясы”, “Герман империясының қасиетті тезегінің үйіндісінің” әшекейі болды. Олардың бірі өзінен кейін 74 некесіз бала қалдырса, енлі бірі көңілдесіне ұнағандықтан пеш тазалаушыларды атып құлатқан.
Кейбір уақыттарда түгі қалмай іріген жүйені негізінен декларативті реформалармен түзеп отырды. Бұл зиялы абсолютизм деп аталды.
Бұл терминмен әдетте әлсіз және баяу дамыған капиталистік қатынастары бар абсолюттік монархиялардың саясаты мен нысанын атайды (Пруссия, Австрия, Ресей, Скандинавия елдері).
Зиялы абсолютизмнің саясатының мәні мынада еді: билеуші феодал таптары революциялық өзгерістерді реформалармен және келісімге келу жолдарымен жоймақшы болды, өйткені бұл феодалдық қоғамдық қатынастар мен феодалдық мемлекет негіздерін қозғамайтын еді. Реформалар феолализмнің ыдырауымен, буржуазиялық қатынастардың кіруімен, жер үшін шаруалардың күресімен және шаруашылдыққа қарсылықпен туған қарама-қайшылықтарды жоюы керек еді.
Осы
текті кез келген реформалар сияқты,
зиялы абсолютизмнің
Зиялы абсолютизм өзінің шырқау шегіне Австрияда жетті. Австрия ол кезде Германияның ең үлкен мемлекеті болатын. Австрия королінде Германия императоры деген титулы болды. Австрияның құрамына зорлықпен қосылған славян жерлері (Чехия, Славакия, Харватия, Словения, Польшаның бір бөлігі және т.б.)және Венгрия кірді.
Австриялық зиялы абсолютизм өз сипатын королева Мария-Тереза реформаларында және одан да күштірек - оның ұлы Иосиф ІІ (XVIIIғ.) реформаларында тапты. Иосиф II мемлекеттік басқаруды және сотты орталықтандыруға, құқықты (әсіресе қылмыстың) ретке келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Шаруаларды шаруашылық тәуелділіктен босатуды көздеген реформалар шектелген сипатта болды. Шаруаларды босату оларға жер үлесін пайдаланғаны үшін шаруалар бұрынғы феодаолдық алымдарды төлеу керек болды. Кейінгі заңдармен олар біраз шектетілді, ал барщина мүлдем алынып тасталды.
Дворяндардың және шіркеудің қарсылық білдіруіне байланысты Иосиф II өзінің кейбір реформаларын тоқтатуға тиіс болды. Бұл әсіресе мемлекеттік басқаруға қатысты болды. Шаруалар жағдайына байланысты реформа да соның тағдырын құшты: Иосиф II кезінде помещиктер оларды сатып кетсе, ол өлген соң шаруалармен мүлде санасуды қойды.
Германиядағы феодалдық құқық.Қайнар көздері.Әрбір феодалдық мемлекеттің өз құқығы болды. Тіптен мемлекеттің әрбір облысы өзінің ерекше құқықтық кешеніне ие болды.
XVI-XVIII
ғ.ғ.ғы неміс кодификация
“Каролина” “санасыздығы” айқын ескі әдет-ғұрыптарды жойылды деп есептеді: кеме батқан кезде оны барлық мүлкімен басып алу, түсіп қалған жүкті өздігінен иелену, құн алу үшін тұтқындау және т.б. Бұл ережелер кезінде дворяндар мүддесі үшін заңдастырылған болатын.
Дамып келе жатқан тауарлық қатынастар мүддесінде пайда болған бұл қаулылар пайда әкелер еді. Бірақ олар шаруаларға қарсы бағытталған террорлық сипаттағы шаралардың көптігінен жойылып кетті.
Алғашқы капиталистық жинау заңдарына бағына отырып, мыңдаған шаруалар үйреншікті өмір сүру салтынан қол үзуге тиісті болған кезде “Каролина” қаніпезер қаңғыбастарды “түрмеге түскен кезден бастап, қылышпен өлім жазасына беруге тиіс, олар басқа нәрсе жасамаса да” деген қаулы жасады.
Қорқыту үшін “Каролина” өлім жазасының өртеу, төрт тағандау, дөңгелекке асу, асу, батыру, тірілей көму, жазалау орнына сүйретіп әкелу, өлім алдында ыстық қысқашпен қинау сияқты түрлерін сақтады.
Кодекстің негізгі мазмұнын құрайтын процессуалдық қаулылары қинау арқылы жауап алуды таниды. Қинаудың ұзақтығы мен қатаңдығы “ жақсы ниеттегі және саналы судьяның қарауында” делінді.
Айыпкерге
ол не үшін айып тағылып жатқандығы
айтылмайтын. Осы арқылы оған қорғанысты
ойластырмауға мүмкіндік
“Каролина” таза германдық құқықтың ескерткіш ретінде таныла алмайды. Мұнда Германияда рецепцияланған рим құқығына сілтемелер туралы айтпағанда, өзге қайнар көздерден алғандары да көп. Сондықтан оны “италияндық қылмыстық құқықтың неміс оқулығы” деп аталуы негізсіз емес.
Барлық
неміс феодалдық
Еуропа
құқығының тарихында рим
Өз
вассалдарынан тәуелділіктен
Германияда рим құқығы ұлттық құқықпен бәсекелесе отырып, заң күшіне ие болды. Рим құқығын рецепциялау аз жамандық әкелген жоқ. Әдет- құрыптық және римдік құқықтың екіжақтылығы сот әділетсіздігіне кеңінен жол ашты.
Германияның көпестері Италияға іс-сапармен барған кездерінде сот қауларының куәгерлері болды, кей кездері өздері де талапкер не жауапкер болып отырды. Отандарына қайтқан кезде олар жаңа құқықтық тәжірбиелерін туған жерлеріне енгізгісі келді.
Бір қаланың екінші қаладан құқықты көшіруі әдеттегі нәрсе болды. Германияда бұл жағынан Кельн, Линдебург, Любек және басқа ірі сауда орталықтарының статуттары үлгі ретінде қолданылды.
Кельн құқығы отыз қаламен, гамбургтық - Прибалтикада, магдербургтық - Силезия, Галиция және Польшада (және ол арқылы Украинада) игерілді.
Германияда XVI ғ. прокуратура пайда болды, сонымен қатар оларға қылмыстарды тергеу өкілеттігі берілді. Германияда империялық сот пайда болса да, оның қызметтері өте шектеулі болды. Рим құқығының докторлары беделдері танылған адамдарға айналды. Оларды император, императорлық ақсүйектер, қалалар ылғи қолдап отырды. 1425 жылы империялық соттың кеңесшілерінің жартысынан кем емесі рим құқығының докторларынан тұру керек деп қаулы шығарылды. Князьдық әділеттің Германияда тарауы феодалдық куриялардың барлық істер бойынша сотын және өздігінен соттауды шектеді.
Ережеден ауытқуды кейбіреулер, негізінен Германияның батыс облыстары құрады. Мұнда өздігімен соттау асыра сілтеуші антишаруалық сипатқа ие болды. Бұл фемдар соты деп аталатын еді. Оның құрамына жергілікті билікпен таңдалған серілер мен байырғы шаруалар кірді. Судьялар мен алқашылдардың аты-жөндері құпия сақталды. Соттау үрдісі үңгірлерде, жер астында жүргізіліп, құпиялылықпен байланысты болды. Фемдардың құзыреті шексіз болды. Олар өз құрбандарын қай жерге тығылса да тауып алып отырды, барлық жерде қудалады. Сотқа шақыру қағазы шарбақтың есігіне қыстырылатын және оны кімнің әкелгендігін ешкім білмейтін алдын ала тергеу не сот тергеуі болмайтын. Айыпкерге айыптаушылардың атын хабарламайтын еді. Ол кінәсінің дәлелін білмейтін. Судьялар бетперде киіп мәжіліс құратын. Үкім алдын ала шешілген болатын. Жазалаудың жалғыз түрі асу болды. Үкім орындалуы бірден жүзеге асырылды. Айыпкер бірінші кездескен ағашқа, құпия түрде асылды. Тек жанында шаншылған пышаққа қарап жазалауды фемдар жүргізгендігін білуге болатын. Фемдар сотына тән нәрсе - олар үкімді бір ғана “сенімді адамның” көрсетуімен шығара алатын. Тіптен ол адам қылмыс пен сезікті туралы сырттан естіген ғана болса да. Фемдер сотының шефендары, яғни алқашылдары, бір уақытта билік агенттері, сөз тасушылары да болды. Мемлекет фемдер сотына кедергі келтірмеді, қайта оны қолдап, оның таралуына жағдай жасады. Олар тек XVI-XVII ғ.ғ. ғана жоғала бастады.
Варварлық правдалар кезеңінде тараптар үкіммен келіспеуге құқылы болатын. Жекпе-жек кімнің дұрыс айтқандығын шешетін. XIIIғ. бастап жекпе-жек апелляция құралы ретінде сахнадан түсе бастады. Германияда қалыпты апелляцияның пайда болуына рим құқығының рецепциясы жағдай жасады. Бұл жерде басқа сотқа, әдеттегі жоғарысына арыздану әдеті пайда болды. Сонымен қатар жоғарғы соттарға барлық қиын мәселелерді кеңес алу үшін бару орын алды. Әуелде соттар Любекке немесе Майнадағы Франкфуртке өздері көлікпен баратын. Ол жерлерде сондай соттар құрылған еді. Ал кейінірек өздерінің курьерлерін жібере бастады. Консультациялар міндетті маңызға ие болды.
Информация о работе Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мен Ресей мемлекеттері пен құқығы