Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:34, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Сырбай Мәуленов поэзиясының тілі, әсіресе ақын тіліндегі теңеулерді тілдік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз болып отыр. Сырбай Мәуленов шығармаларының тілдік табиғатын қазақ халқының таным-түсінігімен және қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Содержимое работы - 1 файл

С. МауленовWord.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

      Екінші бөлімнің “Синонимдік және антонимдік теңеулер” деп аталатын бесінші бөлімшесінде тұрақты сипатымен ерекшеленген синонимдік теңеулердің ерекшелігі көрсетіліп, антонимдік теңеулердің өзіндік сипаты қарастырылды.

   Өзара мәндес сөздердің мағынасындағы  нәзік айырмашылықтарын ажыратып, синоним  сыңарларын айтылмақ ойға байланысты дәлме-дәл келетінін қолдана білудің  маңызы зор. Жалпы синонимге қатысты айтылған қасиеттердің бәрі синонимдік теңеуге де тән. Ақын өлеңдерінде тұрақты синонимдік теңеулер жиі ұшырасады және олар бір теңеулік құрылымда кездеспейді, олар ақын өлеңдерінің өн бойында кездесіп, бір ұғымның синонимдік теңеулері ретінде қолданылған.

        Өзіңді дәмеліге санап қойып,

        Алдыңа  Алатаудай талап қойып.

        Салды  олар өлең ата суретін,

        Жазғын  деп ұлы Абайға қарап қойып. 

                                /(Сия сауыттың паспорты), 444/.

   Үлкен, биік сөздерінің синонимін беруде ақын “кеңістік” ұғымының бірі қазақтың тауы – Алатау сөзін теңеу образы ретінде қолданған. Тұрақты синонимдік теңеулерде теңеу белгісі көрсетілмеген, бірақ теңеу образынан белгінің – биік екенін аңғаруға болады және теңеулік құрылымда теңеу образы мен белгі де бір-бірімен синоним болып келген, яғни синонимдік теңеудің арқасында теңеу образы – Алатау мен теңеу белгісі – биік сөздері жақын мәндес сөзге айналып тұрғанын байқауымызға болады.

   Айтайын деген ойын әсерлі де сенімді жеткізу  үшін мағынасы қарама-қарсы ұғымдарды, антоним сөздерді де шеберлікпен пайдалану әр ақынның шығармашылығында жиі кездесетін құбылыс. Жалпы кез келген нәрсені соған қарама-қарсы ұғыммен салыстыру нәтижесінде ғана сол нәрсенің қыры мен сыры толық ашыла түседі. Осы аталған қасиеттеріне байланысты болса керек, антонимдер теңеу құрамында да жиі қолданылады. Мысалы:

    Туған жер  саған аманат.

    Жан сырын  осы жаттап ал.

    Болмасын  түндей жаманат. 

    Күтеміз күндей хат хабар.

                                 /(Қайнекей), 467/.

   “Ақын-жазушылар тіліндегі антоним сөздердің жиі қолданысы олардың философиялық, танымдық көзқарас концепциясына да тірек болады”[11, 142]. Ақын қолданысында күн-түн антонимдік теңеу қызметін ғана атқарып тұрған жоқ, соғыс жағдайы суреттеліп отырған өлеңде түн – жамандық хабаршысы, ал күн – жақсылық, жақсы хабар мағынасында деп түсінуімізге болады. Кейде ақын өлеңдеріндегі жиі қолданылатын күн-түн антонимдік теңеуінің адам мінезінің әр қырын ашып көрсетуге қызмет еткенін байқауымызға болады.

       Көресің кей адамды

        Түн секілді қараңғы.

         Жүреді ылғи туғызып

          Басыңа ақыр заманды.

     

        Көресің  кей адамды –

          Жұлдызға жол салады,

        Күн секілді жанарлы,

        Таң қалдырып ғаламды.

                                  /“Көресің кей адамды”, 277/.

   Ақын  қолданған антонимдік теңеулер бағалау тәсілінің бірі ретінде де қолданылған. Бұл ойымызды  С. Қасымованың “Құбылыстың, ұғымның, заттың кейіп-кескіндерін, қасиет-белгілерін қарама-қарсы қою – тілдік тәжірибеде адам дүниетанымындағы тану мен бағалау тәсілдерінің бірі ретінде үлкен орын алады”[12,13]деген тұжырымы дәлелдей түседі. Ақын танымында жаман адам түндей, жақсы адам күндей антонимдік теңеуімен беріліп, адам мінезі барынша бейнелі түрде ашылған.

   Ақын  өлеңдерінде кейде мағыналарында  қайшы мәні жоқ сөздер де бір-бірімен салыстырылып, мәнмәтіндік антонимдік теңеуге айналған. Мысалы, ақын асқар және тас, қыз және мұз, көл және жел сөздеріне астарлы мән беріп, екі ұғымды  қарама-қарсы мағынада жұмсап қолданған.

   Қорыта  айтсақ, С. Мәуленов өлеңдерінде синонимдік және антонимдік теңеулер белгілі бір ақиқат дүниені бейнелеп танытуда және ақиқат болмысты барынша нақты көрсетуге қызмет еткен.

   Екінші бөлімнің “Теңеулердің концепт құрушылық сипаты” деп аталатын алтыншы бөлімшесінде теңеулердің концепт құрушылық  сипаты анықталып, “өмір”, “өлім”, “соғыс”, “қайғы”, “кәрілік”, “жастық”, “өсімдік” т.б. концептілерге талдау жасалынды.

   Когнитивтік лингвистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – концепт. Концепт бойынан жеке тұлғаның ғаламды қабылдауы, өзінше түсінуі, көзқарасы, эмоциясы сияқты белгілері көрініп тұрады. С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулер белгілі бір концептіні берумен құнды болып келген. Әсіресе метафизикалық концептілер ақын өлеңдерінде молынан кездеседі. Көркем шығармалардағы “концепт” – негізгі тірек мағыналар болып есептеліп, суреткердің өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Егер кез-келген қаламгердің шығармашылығы оның дүниетанымына тікелей қатысты екенін ескерсек, адамзатқа ортақ мәселелер әр сипатта суреттеліп қалыптасады. С. Мәуленов өлеңдеріндегі “өмір”, “өлім”, “уақыт”, “сұлулық”, “махаббат”, “арамдық” т.б. концептері дүние бейнесін суреттеуде өте жиі қолданылып, ақынның өзіндік көзқарасын қалыптастырған. Соның бірі – адамзатқа ортақ, өмірлік мәні бар концептілердің бірі – “өмір” концептісі.  “Өмір” концептісі ақын өлеңдерінде негізгі тірек-бірлік болып саналады. Адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе  – өмір болса, сол өмірді танып-білуде ұлттық сипат басым болып келген.

        Досым  түгіл дұшпанымды қарғамай,

        Ащыны  да, тұщыны да таңдамай,

        Келем ілбіп, келем жүріп әлі мен

        Көп жасайтын сынық  ескі арбадай.

                                                 /“Әкем өлді...”, 74/.

   Ақын  танымында “өмір” концептісі адам өмірінің күнделікті күйбең тіршілігі келем ілбіп, келем жүріп әлі мен көп жасайтын сынық ескі арбадай деп   қозғалыс күйімен бейнеленген. Өмірдің құндылығын, мәнін анықтаушы – өмірмен диалектілік бірлікті құрайтын өлім. “Өлім” концептісін білдіруде теңеудің образы ретінде көбіне – гүл, жапырақ сөздері жиі қолданылған.

            Қайран достар қалды мәңгі,

       Жер қойнында солып гүлдей.

       Беттерінен  қашып қаны,

        Сұрғылт тартқан суық түндей.

                        /“Өзгерді ауа райы”, 78/.

   Ал  қаны суық түндей теңеулік құрылымда “өлім” концептісін білдіруде денедегі қанның тоқтауын және суық қара жерге енуімен бейнелеген.                                 “Соғыс” концептісін беруде қара түс атауы жиі қолданылған.

        Қап-қара бомба түскенде

           Қап-қара күн боп күндізім,

        Қап-қара түн ішкендей

           Көре алмай қойдым күн жүзін.

                                        /“Қап-қара бомба”, 114/.  

   Соғыс танымын білдіруде қолданылып тұрған қап-қара түн ішу ақын қолданысында ғана кездесетін  тың теңеу.

          Бір өзіне тұтасқан асыл көрік,

            Кербез сұлу сөйлейтін қасын  керіп,

            Қара шәлі жамылып қара түндей,

            Жатты шейіт жарының асын беріп.  

            Қара құстар төбеде қақты қанат,

            Отырды ол ойланып отқа қарап.

            Оның-дағы жүрегін  со қазандай

            Қызыл тілі қайғыдай  жатты жалап.

                                    /“Бір сурет есімде жан ауыртқан”, 348/.

   Ал  “қайғы” концептісінің тілдік бейнесі  – ананың қара түндей қара шәлі жамылуы, жүрегін қайғының қызыл тілі жалауы, қардай шашын жайып жіберіп, жаңбырдай жасын төгуі деген теңеулік құрылыммен берілген. Қазаға байланысты қолданылатын қара жамылу тіркесі – қара түндей қара шәлі жамылу деп күрделенген. “Қайғы” концептісін беруде ақын қара  шәлі, қара түн, қайғының қызыл тілі, қардай ақ шашы деп белгілі түстерді қолданған.          

   “Кәрілік” және “жастық” концептілері де ақын танымында түрлі ассоциацияға түскен. Мысалы, ақын танымында “кәрілік” концептісінің тілдік бейнесі өзін жазы өткен жайлауға теңеуімен берілген.

            Біз бүгін боран бойын тітіреткен,

         Жазы өткен жайлаудаймыз  құты кеткен.

         Үңіліп ор құмдардан ор кеспейміз,

         Қумаймыз қояндарды қутың еткен.

                                       /“Қонғанда Қошалаққа ел көшіп келіп”, 156/.

   Ақын  қолданысында жазы өткен жайлаудаймыз құты кеткен теңеуі арқылы қызығы мол жастық шақтың өтуін, көңілінің құлазуын меңзеп тұр. Имплицитті сөз мағынасы теңеулік құрылымда жасырынған.

   Ақын  “жастық” концептісін табиғат құбылысымен салыстыру арқылы нағыз бейнелі суретті көз алдымызға елестетеді. Бұлқынып аққан бұлақ пен жас жігітті салыстыру үшін – пар сын есімі қолданылған. Тілімізде пар сөзі де теңеу жасауда қолданылады.

            Көріп күшін бұлақтың

            Жас жігітке пар  дерсің.

            Көріп түсін бұлақтың

            Бурыл шашты шал дерсің.

                   /“Көріп күшін бұлақтың”, 40/.                          

   Ақын  өлеңдерінде өсімдік атаулары да “өсімдік” концептісін құруға негіз болған. Мысалы:

          Жел мен жусан, уілдеген бөбексің,

           Бұл далаға иіссудай керексің.

           Көкірегіңді қарсы айырып ашатын

           Беу, даланың жусанына не жетсін!

                            /(Жусан), 111/.

      Қазақ танымындағы жусанның концепт ретіндегі мағынасы “туған жер”, “жусан исі аңқыған дала”. Кең дала төсінде туып өскен халқымыздың бұл шөп туралы ақпараты мол. Ақын танымында жусан өсімдік қана емес, жусан – дала иіссуы.

   Сонымен, С. Мәуленов өлеңдеріндегі  теңеулер концептілік жүйе құрып, дүние құндылықтарын көркем тұрғыдан тануға қызмет еткен, ақынның біліми деңгейі, дүниетанымы, сонымен бірге ұлттың болмысы мен ділі концепт-теңеулер арқылы ашыла түскен.  

ҚОРЫТЫНДЫ 

   С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің қолданысын талдай отырып, оның ұлттық, танымдық мәніне үңілу, ұлттың бар болмысынан хабар берудегі қызметіне тоқталу – теңеулердің тек қана тілдегі көріктеуіш құрал қызметімен шектелмейтінін аңғартады. Теңеу – ең алдымен таным құралы. Сонымен бірге теңеу – адамның бейнелі ойының жемісі, белгілі бір ойды жеткізу құралы. Көркем шығарманы әсем теңеулерсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Әрбір суреткер өз шығармасында теңеуді қолданады, әр ақынның теңеуі оның эстетикалық әлемінен хабар береді. С. Мәуленов өлеңдерінде теңеу жасаушы амал-тәсілдердің мол болып келуі – ақын дүниетанымының кеңдігін аңғартады.

   С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулер ұлттық сана мен халықтық таным негізінде қалыптасып, ұлттың дүниетанымын, болмысын білдірумен құнды болып келген. Қазақ мәдени өмірінен ақпарат беретін этномаркерлі теңеулер ұлттық тілдің белгісін, таңбасын көрсетіп, ұлт – мәдениет – тіл сабақтастығы негізінде дамыған. Прецеденттік есім негізінде жасалған теңеулер жаңа ақпаратты терең түсінуге себепкер болатын прагматикалық қызмет атқарған. Терең мазмұнды, ой тұжырымды болып келген теңеу-сентенция С. Мәуленов өлеңдерінде белгілі бір стильдік мақсатта жүйелі қолданылған. Cенсорлық-перцептивтік модус арқылы танылған теңеулер дүниедегі заттар мен құбылыстардың әртүрлі белгілерін көркемдік тұрғыдан тануға қызмет еткен. Ақын қолданған фразеологиялық компаративтер ұлттың бар болмысы мен тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымынан хабар беруімен құнды болып келген. Ақын халықтың бай қазынасын өз өлеңдерінде пайдаланып қана қоймай, оны дамытып, авторлық өңдеуден өткізіп те қолданған.

   Зерттеу барысында С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің семантика-стилистикалық сипатының сан алуан екендігі айқындалды. Ақын қолданған метафоралық теңеулердің барлығын ақынның жеке авторлық қолданыстағы метафоралық теңеулері деуге болады және олардың барлығы да ерекше коннотациялық реңкімен ерекшеленген. Эпитеттік теңеулер көркем анықтағыш, ал метонимиялық және синекдохалық теңеулер ойды ықшамды, образды, барынша бейнелі етіп суреттеуде ерекше қызмет атқарған. Өз тамырын тереңнен алатын көріктеуіш амал-тәсіл гипербола және литота ақын шеберлігінің арқасында теңеулік құрылымға еніп, зат пен құбылысты суреттеуде айрықша мәнге ие болған. Литоталық теңеулердің құбылыс-әрекет болмысынан және реалды шындық табиғатынан туындағаны байқалды. Ал градациялық теңеулердің басқа теңеулерге қарағанда эмоционалды-экспрессивті мағынасы ерекше деуге болады. Ақын өлеңдеріндегі синонимдік теңеулер тұрақты сипатымен ерекшеленген. Ақын санасында тілдік бірліктерді қарама-қарсы қою арқылы мәнмәтін құрамында антонимдік теңеулер жасаған. Ақын қолданған синонимдік және антонимдік теңеулерде де ұлттың болмысы мен дүниетанымын қамтитын сөздер барынша мол қолданылған. Ал ақын қолданған концептілер ұлттық мазмұны терең, мағыналық өрісі кең болып лингвофилософиялық категория дәрежесіне көтерілген. 

Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны