Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:34, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Сырбай Мәуленов поэзиясының тілі, әсіресе ақын тіліндегі теңеулерді тілдік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз болып отыр. Сырбай Мәуленов шығармаларының тілдік табиғатын қазақ халқының таным-түсінігімен және қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Адал ойдың ақ,
Менің күлкім шын күлкі қадірлейтін.
Ақын түрлі күлкінің ішінен адам жанын жадырататын, жаныңа жылы шуағын төгетін – шын күлкіні қалайды. Шын күлкі – көңілі таза, ниеті түзу адамның күлкісі. Ақын танымында – шын күлкі бақытқа баланған, тіпті шын күлкіде уақыттың да күлкісі тұрғандай. Теңеулік образ ретінде алынған – адал ой, ашық сәуле сөздері шын күлкінің мағынасын терең түсінуге қызмет етіп тұр. Шын күлу – теңеу затының семасы – жасанды іс-әрекет жасамай, шын ниетпен күлу дегенді білдіреді.
Адам мінезіне қатысты ой-тұжырымдар да теңеулік құрылыммен өте әсерлі етіп берілген. Кейбір жолдарды – құлап қалған мас адамға теңеу арқылы ақын жолдарды емес, адам мінезіне қатысты ой толғайды.
Кейбір жолдар шықпай қалған тасадан,
Секілді бір құлап қалған мас адам.
Жолдар, жолдар мінездері адамның,
Сол жолдарды адамдар ғой
/(Өмір жолы), 106/.
Қорыта келгенде, С. Мәуленов өлеңдеріндегі сентенция-теңеулер ақынның дүниетанымын, парасат-пайымын көрсетіп, барынша әсерлі болып, адам ойына, санасына әсер етуімен, белгілі бір ойдың түйінін жасауымен құнды болып, өлеңнің бейнелілігін арттыра түскен.
Бірінші бөлімнің “Сенсорлық-перцептивтік модус арқылы танылған теңеулер” деп аталатын бесінші бөлімшесінде сенсорлық және перцептивтік қабылдаудан туған теңеулердің танымдық қызметі айқындалды.
Ақын өлеңдеріндегі теңеулердің бір тобы сенсорлық және перцептивтік қабылдап тану арқылы жасалынған және оларды алты топқа жіктеп көрсеттік.
Әсіресе С. Мәуленов өлеңдерінде көру арқылы қабылданған ақпараттардың теңеу қалыптастырудағы белсенділігі жиі кездеседі. Көру теңеулеріндегі түр-түстің коннотаттық қызметі ұғымды объективтендіруге ықпалын тигізген. Көру теңеулерінде қара түс молшылық, байлық ұғымында қолданылған. Қызыл түсті қолдану арқылы ақын өзі жүріп өткен майдан көрінісінен хабар берсе, бірде қызыл түс белгі ретінде қолданылып, сұлулықты, әсемдікті әспеттеуге де жұмсалған. Ақын өлеңдерінде саны жағынан өте көп кездесетін теңеулердің келесі семантикалық тобына сезім-күй теңеулерін жатқыздық. Сезім-күй теңеулерінде дүниенің тілдік бейнесі түр-түстерден де көрінеді. Әсіресе ақын түр-түстердің ішінен қызыл, ақ, қара түстерді белсенді қолданған. Енді бірде ақын қызыл түске ерекше мән береді. Ақын танымындағы қызыл сөзінің ұғымы мынадай:
Алматының күзін көр,
Жазынан сұлу күзі бар.
Қарақат, өрік, жүзімдер,
Алмадай қызыл жүзі бар.
/“Алматының жазын көр”, 265/.
Ақын
Алматының табиғатына сүйсінеді, оны
жазынан да сұлу күзі қызықтырады. Күз
– жыл мезгілінің ең бір сұлу
кезеңі. Ақын танымындағы күз
Сонымен,
С. Мәуленов өлеңдерінде сенсорлық-перцептивтік
қабылдаудан туған теңеулер белгілі бір
стильдік мақсатта жұмсалып, дүниедегі
заттар мен құбылыстарды көркемдік тұрғыдан
танып-білуге қызмет еткен.
Бірінші бөлімнің “С. Мәуленов өлеңдеріндегі тұрақты теңеулердің қолданыс ерекшелігі” деп аталатын алтыншы бөлімшесінде ақын өлеңдеріндегі тұрақты теңеулер мен авторлық өзгеріске түскен тұрақты теңеулер қолданысы танымдық тұрғыдан қарастырылды.
Тұрақты теңеулер – фразеологизмдердің айрықша бір түрі болып есептеледі. М. Серғалиев фразеологизмдерді жинақылықтың бір үлгісі ретінде таниды [8, 67]. Тұрақты теңеуде теңеудің басты қасиеті салыстыру, ұқсату мәні толығымен сақталады. Тұрақты теңеулерде астарлы ой, концептілік тірек ұғым, таным үлгілері басым болып келеді. Тұрақты теңеулер фразеологиялық компаративтер деп аталады.
Тілімізде
қалыптасқан фразеологизмдердің көпшілігін
қазақ тілінің төл туындысы деуге
болады. Себебі тұрақты теңеулер – халықтың
ассоциативті-образды ойлау нәтижесінде
қалыптасқан тілдік бірліктері. Сондықтан
тұрақты теңеулерді ұлттық-мәдени коннотация
мазмұнын білдіретін тілдік таңбалар
деуімізге болады. С. Мәуленов өлеңдеріндегі
фразеологиялық компаративтер халықтың
ұлттық болмысын, психологиясын, философиялық
ойының мазмұндылығын дәйектеуімен құнды
болып келген. Мысалы:
Шекарада сел қозғалса селт етпей,
Айтқанын ит орындайтын екі етпей.
Есік пенен төрдей еді кеудесі,
Балтырлары болатын-ды
Есік пен төрдей – халықтық өлшемге байланысты туған тұрақты теңеу. Н. Уәли өлшемге қатысты есік пен төрдей тұрақты теңеуі жайлы: “Есік, төр лексемалары прототиптік лексикалық парадигмадан шығып, объективті дүние фрагментін коннотациялық мағынамен белгілеу үшін өлшем, мөлшерді білдіретін парадигмалық қатарға кіреді”[9, 52] – деген ой қорытады.
Ақын тұрақты теңеулерді қолданып қана қоймай, олардың тұлғалық-құрылымдық түрін өзгертіп, жаңа тың тіркестер жасап, фразеологиялық қорды байытуда өз үлесін қосып отырғанын да байқауға болады.
Көк жүзі тылсым тұңғиық,
Қап-қара теңіз түріндей.
Өтсе ғой нөсер бір құйып,
Тесілген күбі түбіндей.
/“Бұлттар жерге құлайды”, 30/.
Жалпыхалықтық тілде қолданылатын түбі түскен шелектей тұрақты теңеуін – тесілген күбі түбіндей деп тұрақты теңеу құрамындағы шелек сөзін тіліміздегі ұлттық мәні бар күбі сөзімен өзгертіп берген. Тұрақты тіркес тұрақты теңеуге айналғанда айтылмақ ой мен құбылыстың қасиеті барынша нақтыланады, ойымызға жалпыхалықтық қолданыстағы тұрақты тіркес пен соның негізінде пайда болған тұрақты теңеу қатар белгілі болады. Мысалы:
Қайда кетті жылытпай,
Сәулелердің жүздері.
Қайда-қайда шыбықтай
Құшақтайтын қыз белі.
/“Хош айтысты жиырма бес”, 395/.
Өлеңде сұлу қызды суреттеуде қолданылатын – шыбықтай қыз белі деген тұрақты теңеуден жалпыхалықтық тілдегі – қыпша бел деген мағынасы да белгілі болып тұр. Қазақта қыпша бел, бұраң бел – әдемі белдің эталоны.
Тұрақты теңеулердің окказионалды өзгеріске түсуі ақын өлеңдерінде үш түрлі тәсіл арқылы жүзеге асқан: 1) тұрақты теңеулердің құрамындағы сөздерді өзге сөздермен ауыстырып қолдану: 2) тұрақты теңеу құрамына мағынасына жуық келетін сөздерді қосу: 3) тұрақты тіркес құрамына образ болатын сөз қосу арқылы тұрақты теңеуге айналдыру.
Диссертациялық жұмыстың “С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің семантика-стилистикалық сипаты мен танымдық көрінісі” деп аталатын екінші бөлімі алты бөлімшеден тұрады.
Екінші бөлімнің “Метафоралық және эпитеттік теңеулер қолданысы” деп аталатын бірінші бөлімшесінде коннотациялық реңкімен ерекшеленетін метафоралық теңеулер және ұлттық бояуы барынша қанық эпитеттік теңеулердің қолданыс ерекшелігі талданды.
Метафора – бейнелі ойлаудың жемісі, дүниені жан-жақты түрде көркем тану құралы. Метафора астарлы, жасырын ұғымға негізделеді, яғни әр метафораның бойында жасырын код болады, сол жасырын кодтың кілтін ашып, түсініп-білу адамнан асқан шеберлік пен үлкен ой күшін қажет етеді.
Метафора мен теңеу де салыстыруға, ұқсатуға негізделіп жасалады және екеуінің де танымдық мәні зор. Метафора – қысқарған теңеу, яғни онда теңеуге тән қасиет – белгі көрсетілмейді. Т. Қоңыров теңеулерді метафоралық теңеуге айналдыратын басты белгі – онда теңеу белгісінің көрсетілуі және оның тек қана ауыспалы мағынада қолданылуы деп тұжырымдайды[2, 120].
Ақынның ассоциативті ойлау мүмкіндігі шексіз, соған лайық ақын қолданған метафоралық теңеулер де сан алуан болып келген.
Жас жігіттей
Бойы сұңғақ,
Келе жатқан иілмей,
О, менің қарағайларым,
Жатыр ойым тулап,
Өзімнің жырлы, шулы үйімдей.
“...метафоралы мағына – жеке
ой қорытындысының түйіні
Метафоралық теңеулер де ұлттың дүниетанымы мен дәстүрінен хабар беруде ерекше қызмет атқарады. Себебі белгілі бір ұлт тілінің жасалуына сол халықтың танымы мен түсінігіндегі ақпараттар әсер етеді, яғни кез келген нәрсені таңбалаушы тілдік бірлік жайындағы ұғымы әр ұлтта әр қилы. “Тіл – жанды дүние десек, оған қан беретін, нәр беретін осындай танымдық ой-сананың тереңінен шығатын метафоралар”[10, 91]. Ал С. Мәуленовтің жеке қолтаңбасынан туған метафоралық теңеулердің барлығы да ерекше коннотациялық реңкімен ерекшеленген. Жолдың жас балаға ұқсатылып, балақ түріп жүгіруінің өзі ақын қолданысында ғана кездесетін тың метафоралық теңеу.
Кейбір жолдар алды-артына қарамай,
Балақ түріп жүгірген жас баладай.
Кейбір жолдың жиегінде бұдыр жоқ,
Кейбір жолды бүркейді жас қарағай.
Ақын
өлеңдеріндегі метафоралық
–
адамның жан дүниесі мен іс-
–
табиғаттағы алуан түрлі
С. Мәуленов өлеңдерінде метафоралық теңеумен бірге эпитеттік теңеулер де барынша мол қолданылған. Эпитеттік теңеулерде анықтаушы сөз ретінде үнемі теңеу образы қызметін атқарып тұрған сөз қатысады. Ақын теңеулік құрылымдағы теңеу заты мен белгіге әртүрлі мән үстеп, бейнелеп қолдану арқылы өмір құбылыстары мен табиғат құбылыстарын, кейіпкер бейнелерін эпитеттік теңеулер арқылы әсерлі етіп бейнелейді. Ақын өлеңдеріндегі эпитеттік теңеулерде анықтауыш сөз ретінде қолданылған теңеу образына көбіне ұлттық бояуы барынша қанық сөздер алынған.
Шөккен нардай бітімі,
Ар жағынан адырдың.
Көрінеді түтіні
Аз ұйқылы ауылдың.
/(Тарбағатай түтіні), 222/.
Кешкі ауылдың бейнелі көрінісі ұлттық нақышпен өрнектелген эпитеттік теңеудің арқасында жүзеге асқан.
Белгілі бір оқиға мен құбылыстың эпитеттік теңеулер құрылымына салынып, бейнеленуі ақын өлеңдерінде жиі кездеседі.
Түн
Қабағын ашпаған,
Бұлттарды аспан тастаған
Биікке өрлеп сөрелеп.
Мөлдір жұлдыздардай
Жауады жаңбыр себелеп.
/“Түн”, 112/.
Ой мен қиялдау шеберлігінің арқасында ақын жаңбырлы түнді суреттеуде өз танымын мөлдір жұлдыздардай себелеп жауған жаңбыр деп ойсурет құрылымына салады. Ақын қолданған әсем эпитеттік теңеудің арқасында түнгі жаңбырдың тағы да ерекше қасиеті, яғни мөлдір жұлдыздардай себелеуі көрініс тапқан.
Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны