Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:34, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Сырбай Мәуленов поэзиясының тілі, әсіресе ақын тіліндегі теңеулерді тілдік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз болып отыр. Сырбай Мәуленов шығармаларының тілдік табиғатын қазақ халқының таным-түсінігімен және қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.
ӘОЖ 811.512.122:[82.091:82-1]
БЕКБОСЫНОВА
АСИЯ ХАСАНҚЫЗЫ
С.
Мәуленов өлеңдеріндегі
теңеу
10.02.02
– қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін
дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің қазақ тіл
Ғылыми жетекші: | ҚР ҰҒА академигі,
филология
ғылымдарының
докторы, профессор
М.С. Серғалиев |
Ресми оппоненттері: | филология ғылымдарының
докторы,
профессор А.Қ. Тұрышев филология ғылымдарының кандидаты,
доцент С.М. Сапина |
Жетекші ұйым: | А. Байтұрсынұлы
атындағы
Тіл білімі институты |
Қорғау 2010 жылы « » қыркүйекте сағат 14.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 10.02.01 – орыс тілі, 10.02.02 – қазақ тілі, 10.02.06 – түркі тілдері, 10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру үшін диссертация қорғайтын Д 14.29.02 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді.
Мекенжайы:
010008, Астана қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов
көшесі, 5, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-лабораториялық
ғимараты, 823-дәрісхана.
Диссертациямен
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің ғылыми кітапханасында
танысуға болады.
Автореферат
2010 жылы «27»
тамызда таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының докторы
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Сырбай Мәуленов поэзиясының тілі, әсіресе ақын тіліндегі теңеулерді тілдік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз болып отыр. Сырбай Мәуленов шығармаларының тілдік табиғатын қазақ халқының таным-түсінігімен және қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытып өркендетуге жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары негізінде ашыла түседі. Әсіресе жеке ақын-жазушылар тіліндегі көріктеуіш-бейнелеуіш құралдарды когнитивтік, лингвистикалық және мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы тұрғысынан зерттеу арқылы тілдің жан-жақты қызметі анықталады. Көркемдік танымның аса қуатты құралдарының бірі – көркем әдебиетті теңеулерсіз көз алдымызға елестету еш мүмкін емес. Суреткер тіліндегі теңеулер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді. Теңеу – таным көзі. Салыстыру, ұқсату, теңеу арқылы таным үдерісі арта түседі. Теңеу – адамның бейнелі ойлауының, әлемді бейнелей тануының және қоршаған дүниені көркем қабылдауының нәтижесінде қалыптасады.
Тіліміздегі теңеулерге өзіндік менталдық сипаттар мен тілдік ерекшеліктеріне барлау жасай отырып, ұлттық болмыс пен таным көрсеткіші ретінде тану әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. С. Мәуленов тіліндегі теңеулердің әмбебаптық қызметіне тоқталу, өлең тіліндегі теңеулердің қолданылу ерекшелігі туралы пайымдап, теңеулерге арнайы этнокогнитивті тұрғыдан зерттеу жұмысының жүргізілуі тақырыптың тың әрі соны екендігін көрсетеді.
Зерттеудің
мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – Сырбай Мәуленов өлеңдеріндегі
теңеулерді тілдік, функционалды стильдік,
ұлттық таным және ішінара когнитивті
тұрғыдан талдау болды. Осы мақсатты орындау
барысында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделді:
-
теңеу жасалымындағы ұлттық
- қазақ мәдени өмірінен ақпарат беретін этномаркерлі теңеулер қолданысына талдау жасау;
-
прецедентті атау арқылы
- теңеу-сентенциялардың С. Мәуленов өлеңдерінде стильдік қолтаңбасын, мәнерін танытатындай белгілерінің бірі екенін дәлелдеу;
- перцептивті-сенсорлық модус негізінде жасалған теңеулердің ерекшелігін айқындау;
- ақын өлеңдеріндегі тұрақты теңеулер мен авторлық қолданысқа ие болған тұрақты теңеулердің қолданыс ерекшелігін дәйектеу;
-
метафоралық, эпитеттік,
- гиперболалық, литоталық, градациялық теңеулер қолданысының өзіндік ерекшелігін анықтау;
-
синонимдік және антонимдік
-
теңеулердің концепт құрушылық
және танымдық ерекшелігін
Зерттеу нысаны. Сырбай Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің тілдік-танымдық сипаты.
Зерттеудің дереккөздері ретінде Сырбай Мәуленовтің әр жылдары жарық көрген жыр-жинақтары: “Тартыс таңбасы” (1965 ж.), “Қызыл арша” (1969 ж.), “От пен су” (1975 ж.), “Сен екеуміз” (1977 ж.), “Тау гүлдері” (1979 ж.), “Жалын” (1979 ж.), “Жаңбырсыз күз” (1980 ж.), “Шуақ” (1981 ж.), “Күзгі бұлттар”(1987 ж.), “Алтын тасқын” (1981 ж.), “Ақшамның қызыл қанаты” (1994 ж.), 3 томдық өлеңдер жинағы (1982, 1983, 1984 жж.) пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің қазақ тіл білімінде алғаш рет тілдік-танымдық тұрғыдан талдануы мен жүйеленуі – ізденісіміздің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей нәтижелерге жетуге негіз болды:
- С. Мәуленов шығармашылығы алғаш рет тілдік және антропоцентристік тұрғыдан талдауға түсіп, дүниетанымдық зерттеулердің нәтижесінде ақын өлеңдеріндегі теңеулердің бейнелілік және көркемдік қасиетімен қоса ұлттық тілдің танымдық қасиеті айқындалды;
-
этномаркерлік және
-
тұрақты теңеулердің
- ұлттық бояуы барынша айқын метафоралық, эпитеттік және метонимиялық, синекдохалық теңеулердің бейнелі-бағалауыштық, эмоциялық мән туғызу қасиеттері дәйектелді;
- концептілік теңеулердің дүниенің ассоциативтік бейнесін көрсетудегі ерекшелігі қарастырылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері, соны бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды. Жұмыстың ғылыми негіздері ретінде В. Гумбольдт, Д.С. Лихачев, В.А. Маслова, Ю.С. Степанов және т.б. ғалымдардың еңбектерімен бірге А. Байтұрсынұлы, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Т. Қоңыров, М. Серғалиев, Н. Уәли, Г. Смағұлова, С.К. Сатенова, И. Айбарша, Г. Мұратова және т.б. зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу
әдістері мен тәсілдері.
Ғылыми зерттеу барысында лингвистикалық
сипаттама әдісі, стилистикалық-семантикалық
талдау әдістерімен қатар, салыстыру,
баяндау әдісі, теориялық тұжырымдарға
сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан талдау,
концептілік талдау мен когнитивтік талдау
әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар қазақ тіл біліміндегі лексикология, фразеология, лингвомәдениеттану, этнолингвистика салаларының теориялық курстарын толықтыруға үлесін қосады. Талдау жасалған тілдік деректерді көркем шығармаға стилистикалық-лингвистикалық талдау жүргізу барысында, С. Мәуленов шығармашылығына арналған курстар мен семинарлар жүргізуде пайдалануға болады. Зерттеудің практикалық құндылығы жоғары оқу орындарында “Көркем мәтінді лингвистикалық талдау”, “Мәтін лингвистикасы”, “Қазақ тілінің стилистикасы”, “Когнитивтік лингвистика”, “Тіл мәдениеті” пәндерінен дәріс беруде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы: Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен мазмұны бойынша “Ахмет Байтұрсынов және ұлттық таным мәселелері” аймақтық ғылыми-практикалық (Қостанай, 2007), “ІІІ Торайғыров оқулары” атты халықаралық ғылыми-теориялық (Павлодар, 2009), “Алтынсарин оқулары – 2009” 2-ші халықаралық ғылыми-теориялық (Қостанай, 2009) және “Алдамжар оқулары” халықаралық ғылыми-теориялық (Қостанай, 2009) конференцияларында баяндалып жарияланды. Сонымен қатар зерттеудің ғылыми нәтижелері мен қорытындылары ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміндегі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының “Тілтаным” (Алматы, 2008. № 1 (29)), “Қазақ тілі мен әдебиеті” (Алматы, 2009, № 5), ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. (Алматы, 2009. № 6 (178)), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. (Павлодар, 2010. № 1 ) ғылыми журналдарында мақалалар түрінде жарияланды.
Диссертацияның қолжазбасы З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің гуманитарлық пәндер және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедралары мәжілістерінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған ғылыми, көркем әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалып, зерттеу нысаны, дереккөздері, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың талқылануы мен жариялануы баяндалады.
Диссертацияның бірінші бөлімі “С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің тілдік және танымдық сипаты” деп аталып, оның мазмұны алты бөлімшеде сипатталады.
Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінің “Теңеу жасалымындағы ұлттық сана мен халықтық таным” деп аталатын бірінші бөлімшесінде теңеу жасауға негіз болған ұлттық сана мен халықтық таным негіздеріне түсінік берілді.
Адамзаттың өзін қоршаған шындықты, әлемдегі заттар мен құбылыстардың қыр-сырын танып білуге деген құштарлығы шексіз. Қоршаған ортаны танып білу адамның когнициялық қабілеті арқылы жүзеге асады. “Таным – өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан-дүниесі – түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі, (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады”[1, 638]. Әр адам айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды өз жасына, өмірден түйген тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-әрекетіне байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан ұғымдарды пайдаланып қабылдайды. Адамның танып-білгені адам санасында қорытылып, тілде көрініс табады. Адамның танымдық әрекеті мен тілдің қатынасын зерттеуде когнитивтік тіл білімінің маңызы ерекше. Бүгінгі таңда бұл бағытта когнитивтік лингвистика ғылымы өз нәтижесін көрсетіп отыр. Когнитивтік лингвистиканың алғашқы идеялары В. Гумбольдт, Б. Уорф, Э. Сепир еңбектерінен бастау алып, қазақ тіл білімінде Ж.А. Манкеева, Н. Уәли, Қ. Жаманбаева, Б. Ақбердиева, М. Күштаева, С. Жапақов, Г. Снасапова, Э. Оразалиева т.б ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны