Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:34, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Сырбай Мәуленов поэзиясының тілі, әсіресе ақын тіліндегі теңеулерді тілдік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз болып отыр. Сырбай Мәуленов шығармаларының тілдік табиғатын қазақ халқының таным-түсінігімен және қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Содержимое работы - 1 файл

С. МауленовWord.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

   Сонымен, С. Мәуленов өлеңдерінде теңеулік құрылымдағы зат пен белгіні әр қырынан айқындап, танытар эпитеттік теңеу арқылы ойды көркем әрі бейнелі етіп оқырмандарына  жеткізген. Әсіресе ақын өлеңдеріндегі эпитеттік теңеулер мәнмәтіндегі эстетикалық мағыналық қырларымен ерекшеленген.

   Екінші  бөлімнің “Метонимиялық және синекдохалық теңеулер қолданысы” деп аталатын екінші бөлімшесінде метонимиялық теңеудің экспрессивті-бағалауыштық, ал синекдохалық теңеулердің ойды жинақы әрі дәл таңбалаушы қасиеті сараланды.

   Сөз мағынасын кеңейтіп, оған жаңа поэтикалық мән-мағына үстеуде метонимия ерекше қызмет атқарады. Ғалым Н. Уәли “Метонимияда бірнеше сөзбен берілетін сипаттама сөйлемдер бір сөзбен ғана беріледі”[9, 230] – деп, оның  үнемділік жағына баса назар аударады.

   Метонимия астарлы ойға, ұғымға негізделеді. Осы  астарлы ой мен ұғымды түсіну кез  келген адамнан шеберлікті қажет  етеді. Метонимиялық теңеуде метонимия  өзіне тән барлық қасиеттерді  сақтап, теңеудің бейнелілігін барынша арттыра түседі. Метонимиялық теңеулерді қолдануда ақын өзінің аялық біліміндегі ақпараттарға сүйеніп, ойсурет құрылымына салуы жиі кездеседі.

         Жүземін Донға барып,

         Қол созам жұлдызына.

         Қазақтың сұлулары

         Ұқсайды Сыр қызына.

                              /“Жақында жайылып жүр”, 19/.

   Метонимияға негіз болып – қазақтың сұлулары алынған, ақын қазақтың сұлуларын Сыр  қызына ұқсатады. Дон даласында жүріп, қазақтың сұлу қыздарын аңсайды, әсіресе  өзі туып өскен Сыр қыздары  ақынға ерекше ыстық, ерекше сұлу. Ақын алмасудың бұл түрін шебер  қолдана отырып, екі жүзді адамдардың қоғамдағы іс-әрекетін суреттеп, ащы да болса өмірде кездесетін бар шындықты өткір айтады.

            Іздемей-ақ алыстан,

            Сылқымдар да табылды.

            Сар масадай жабысқан,

            Жылпыңдар да табылды.

                                 /Тау гүлдері, 32/.

   Жылпыңдар метонимиясын қолдануда ақын адам бойындағы кездесетін келеңсіз мінезін негіз етіп алған. Ақын қолданған метонимиялық теңеулер экспрессивті-бағалауыштық сипатқа ие болған. С. Мәуленовтің айтар сөзін дәл тауып, айтып қолданудағы поэтикалық метонимиялардың салмағы басым көрінеді. Ақын бір-бірімен  өзара байланысы бар балама ұғымдарды қолдана отырып, метонимияланып отырған сөздің ерекше қасиетін көрсетеді.

       Қабат-қабат  сөз қамалы алдырмай, 

       Қасарысып тұрды қатал тағдырдай

            Қара бұлттар омырауымды орап  ап

            Көз жастарым жауды жазғы жаңбырдай.  

            Келеді әлі сөз қамалы алдармай; 

                                 /(Алуан ойлар), 28/.                                                                                                                   

   Автор танымындағы сөз қамалы метонимиясы – өлең сөзінің орнына жұмсалған ауыстыру. Сөз қамалының қатал тағдырдай қасарысуынан ақынның көңіл-күйін де аңғарғандай боламыз.

   С. Мәуленов өлеңдерінде саны жағынан метонимиялық теңеулерден кейін мол кездесетіні – синекдохалық теңеулер.

   Синекдоха – сөз  мағынасын ауыстырып  қолдануда жиі кездесетін тәсілдің бірі. Синекдохадағы негізгі белгілер синекдохалық теңеулерде толығымен  сақталады. Мұнда да айтылатын ой, құбылыс нақтылана түседі. Көбінесе көптік ұғым синекдохалық теңеу жасауға негіз болған. Синекдохалық теңеудің заты қызметін көптік мағынадағы жұрт және ел сөздері атқарған. Бұлар теңеулік құрылымда көп ретте синонимдік жұп ретінде қалыптасқан.

   Ақын  өлеңдерінде кейде бөлшек немесе аздық ұғым да теңеу құрылымына  еніп, синекдохалық теңеу жасауға негіз болған. Ақын қолданған синекдохалық теңеулер ойды әсерлі, көркем әрі бейнелі жеткізу үшін мәнерлегіш құрал ретінде жұмсалған.

         Жолығысу сағаттары

         Қалайынша өтті тез.

         Қара түнде шамдай жанған

         Қарсы алдымда отты көз.

                              /“Сенің үйің тау қасында”, 58/.

   Өлең  жолдарындағы отты көз синекдохасы адамның орнына жұмсалып, синекдохалық теңеу заты қызметін атқарған. Отты көз –  жігіт сүйген ғашығының көзі. Теңеу заты синекдохалық мағынаға, ал теңеу белгісі метафоралық мағынаға ие болып, көркем де бейнелі сурет жасап тұрғанын байқауымызға болады.

   Ақын  өлеңінде метонимияларды ықшамдылық, ойды нақты әрі дәл жеткізу үшін қолданған және ақын  метонимиялары адамның ішкі әлемімен, қоғамның барлық құбылыстарымен байланыста суреттеліп, ақын көзқарасымен ұштасып жатқанын байқауға болады. Ал синекдохалық теңеулердің арқасында теңеу заты мен образы жаңа бір қырынан көрініп, бейнелілігі арта түскенін көреміз және мұнда ой жинақы, дәл таңбалануымен ерекшеленген.

   Екінші бөлімнің “Гиперболалық және литоталық теңеулер қолданысы” деп аталатын үшінші бөлімшесінде гиперболалық және литоталық теңеулердің қолданысы тілдік талдауға түсті.

   Қазақ поэзиясы әрқашанда эстетикалық  өрісі бар образдарды пайдалануды  ажарлау амалдарының бірі етіп келген. Әсіресе қазақ көркем сөзінде  ертеден келе жатқан экспрессоид  болып жұмсалатын гипербола мен  литотаның ойды бейнелі түрде  суреттеудегі қызметі ерекше екенін атауымызға болады. Гипербола мен литота теңеулік құрылымдар құрамына енгенде оның мағынасы толық сақталып, барынша бейнелілік қасиеті күшейе түседі. Бұл амал-тәсілдер суреткердің тілі мен стиліне бояу қосып, сөздегі суретті барынша түрлендіреді. Жалпы гиперболалық және литоталық мағынаның жүзеге асуы тек теңеулік құрылымның арқасында ғана толық жүзеге асатын тәрізді.

           Аспанға сырлы жебедей

         Шаншылып қалған көк таулар.

         Толқынға батқан кемедей

         Бұлттарға батпай тоқтаңдар!

                                 /(Бестау бауырында), 152/.

   Таудың  сырлы жебедей  шаншылуы ойсурет құрылымында танылып тұрған гиперболалық теңеу. Асырып айтуды ақын өте орынды қолданады. Көбіне өзінің алдына қойған негізгі мақсатына байланысты кейбір зат пен құбылысты дәріптеу, мақтау мақсатында және әдемі сурет жасау үшін қолданған. Ақынның аялық біліміндегі тау айрықша қасиетімен ерекшеленген. Ақын танымындағы биік тау ұғымы біз көріп немесе естіп жүрген заңғар тау, зәулім тау емес, ол – аспанға сырлы жебедей шаншылған тау. Бұл ақын қолданысында ғана кездесетін тың гиперболалық теңеу. Мұндай теңеулер ақынның ассоциативтік ойлау жүйесінің шексіздігін, тілдік санасындағы дүниелік білімнің молдығын, “ғаламдық тілдік бейнесінің” кеңдігін аңғартады.   

   Ақын  өлеңдерінде гиперболалық теңеу адам бойындағы келеңсіз қылықтардың бетін ашып, жағымсыз әсер тудырып, жағымсыз экспрессия жасауға қызмет еткен. Мысалы:

        Ешкімді ертпей, ол өзі жалғыз барып,

        Қайтты  дәудің апандай аузын жауып.

        “Азсынған  соң бастығым амал қанша,

        Қостым, – деді, – көп ақша қарызданып”.

                                            /(Тоқырау заманының тоқылдағы), 87/.

   Апандай ауыз – тойымсыз, ашкөз, дүниеқор адамның аузы. Гиперболалық теңеулердегі белгі іс-әрекетті өте дәл суреттеп, оқиғаның түйінін жасап тұр.

   Гиперболық  теңеуге қарама-қарсы құбылыстың бірі – литоталық теңеу.      С. Мәуленов өлеңдерінде зат пен құбылыстың  бір белгісінің кішірейтілуінен жасалған литоталық теңеулер де  мол кездеседі. 

        Үйіріп соғыс қаңбақтай,

       Бармады мені қайда алып?

        Туған жер құс боп бармақтай

        Алдымда жүрді айналып. 

                                       /(Қарлығаш), 365/.

   Алыста  жүрген жауынгерге туған жердің бармақтай ғана құс болуы туған жерге деген шексіз махаббат сезімін білдіріп тұрған литоталық теңеуде елін, жерін сағынуы өте нанымды суреттелген. Ақын осы екі әдісті қатар қолдану арқылы суреттелміш құбылыстың даму динамикасын өте шебер көрсетеді.

        Жүз  жыл бұрын Алматы қала атанбай,

            Ауыл болды аясы алақандай.

            Қабат-қабат үйлермен көтерілді

    Алматының еңсесі Алатаудай.

              /“Жүз жыл бұрын Алматы қала  атанбай”, 68/.

   Алматының аясы алақандай – теңеулік құрылымда барынша кішірейту ұғымы бар, ал Алматының еңсесі Алатаудай – барынша ұлғайтылған оқиға суреттелген.  

   Сонымен, С. Мәуленов өлеңдерінде гипербола және литота теңеулік құрылымдар құрамына ене отырып, суреттелміш зат пен құбылыстың бейнелілік қасиетін барынша күшейтіп, оқырманға тосын әсер туғызып, ақынның тілі мен стиліне бояу қосып, оқиғаны барынша түрлендіріп, ажарландыруға қызмет еткенін байқауымызға болады.

      Екінші бөлімнің “Градациялық теңеулер қолданысы” деп аталатын төртінші бөлімшесінде С. Мәуленов өлеңдеріндегі градациялық  теңеулердің қолданыс ерекшелігі көрсетілді.

   Ақын-жазушылар өз шығармаларында суреттеп отырған оқиғаны шығарма идеясына байланысты бірде асыра суреттесе, бірде құлдырата суреттеп отыратыны белгілі. Мысалы:

        Нұрлы екен сұлулықтың арманындай,

          Жырлы екен сонау Біржан салдарындай,

           Кең екен даласындай қазақ жаны,

           Өр екен өздерінің  тауларындай. 

                     /(Алғашқы әскер), 260/.

   Қазақ халқының бар болмысы осы бір  шумақ өлеңнің ішіне сыйғандай. Қазақ халқы – әр ғашық арман етер сұлулықтай нұрлы, Біржан салдай – жырлы, жаны – өзінің даласындай кең, тауындай өр.

   Сонымен бірге “Градация – мәтіннің интонациялық және мағыналық күш беру жағынан мәтінге ерекше рең беретін құбылыс”[11, 259]. Бұл жағдай теңеу затына бірнеше образ ортақ болған кезде байқалады және теңеулік құрылымдағы әр мүшеге ерекше интонациялық күш түседі, көбіне соңғы теңеулік құрылым алдыңғы бар ойдың түйіні болып келетінін байқауға болады. Ақын өлеңдеріндегі градациялық теңеулердің бейнелілік қасиеті өзге теңеулерге қарағанда әлдеқайда жоғары.

        Жаратамын қашаннан

       Жас ормандай сөздерді.

        Мәңгілікке жасалған,

        Тас қорғандай сөздерді. 

        Жүректей күшті сөздерді,

        Тілектей ыстық сөздерді.

        Сәуледей нұрлы сөздерді,

        Көздердей сырлы  сөздерді

                                    /“Жаратамын қашаннан”, 72/.

   деген өлең жолдарында бір ғана теңеу заты болып тұрған – сөзге алты теңеу образы алынған. Ақын танымындағы сөз – ең жақсы, адам жанын жадырататын, адамға күш-қуат беретін сөз. Ақын өлеңдерінде табиғаттың әсем көріністері де градациялық теңеумен өте әсерлі етіп берілген. Ақкөлді суреттеуде оны аршын төсті сұлуға, толқынын тоқпақ жалды бұрымға салыстырып, көз алдымызға сұлу бейнелі сурет әкеледі. Бірнеше теңеуді қатар қолдана отырып, ақын соңғы теңеулік құрылыммен оқиға түйінін жасап отырады.

        Толқиды Ақкөл аршын төсті сұлудай,

        Тоқпақ жалды толқындары бұрымдай.

        Түбі қайыр, жағалауы жалпақ  құм,

        Маған  Ақкөл көрінеді Қырымдай.

                                                       /“Ақкөл”, 149/.

   Сонымен, градациялық теңеулер ақын өлеңдеріндегі заттың, нәрсенің қасиетін немесе айтылмақ ойды барынша үдете бейнелеу арқылы дүниеге келген. Олар төрт түрлі мақсатта жұмсалған: 1) ер адамның портретін, мінезін көрсету мақсатында; 2) қыз, әйел-ананың мінезі мен әсем бейнесін әспеттеу мақсатында; 3) адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды көрсету мақсатында; 4) деректі-дерексіз ұғымдардың бейнелі образын жасау мақсатында.

Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны