Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:34, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызға қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі, поэзия әлемінде қайталанбас тұлға – Сырбай Мәуленов поэзиясының тілі, әсіресе ақын тіліндегі теңеулерді тілдік-танымдық тұрғыдан зерттеу негіз болып отыр. Сырбай Мәуленов шығармаларының тілдік табиғатын қазақ халқының таным-түсінігімен және қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағытқа сай таныту – жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Танып білудің ең қарапайым формасы ұқсату, балау, салыстыру, теңеу нәтижесінде жүзеге асады. Профессор Т. Қоңыров “...теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі” [2, 3] – деген ой қорытады. Теңеу ең алдымен адам санасымен, ассоциациялық ойлау нәтижесімен тығыз байланысты. Әр ұлттың тілі мен діліндегі ұлттық ерекшелігі де осы теңеуден көрінеді. Әр ұлттың өз танымына жақын сөздерді қолдануы заңды да. Себебі тіл иесінің ой-өрісі мен концептуалды әлеміне байланысты әр тіл дүние-ғаламның үзіктерін өзінше жеткізіп, бейнелеп суреттейді және ол өз тіліндегі ғалам бейнесіне сай болады. Тіліміздегі теңеулер халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның ойлау және танымдық қабілеті жөнінде бай мәлімет береді.
Әсіресе С. Мәуленов өлеңдерінде төрт түлік мал мен қазақ танымына жақын аң және жан-жануарлар мен құстар әлемі теңеу образын жасауға негіз болған. Қазақ таным-түсінігінде төрт түлік мал мен кейбір аң-құстардың және жануарлардың киелі екені ертеден белгілі. Жалпы құспен қатысты теңеулерде мифтік мазмұн басым болып келеді және олар туралы таным-түсінік тілімізде молынан сақталған. Бұл жөнінде Б. Ақбердиева: “...әлемдік мифологиялық жүйелердің қаймағы бұзылмай сақталып қалған жалғыз көз – қазақтың ұлттық тілі мен мәдениеті. Біздің тіліміздегі кез-келген сөз – символ. Өйткені оның астарында мифтік мазмұн жатыр”[3, 30] – деп ой тұжырымдайды. Мысалы:
Жыр домбыра келтіре алмай бұрауын,
Ыза болып столымнан тұрамын.
Аққуымдай ақындықтан айрылып,
Түні бойы кірпік ілмей шығамын.
/(Жыр жазар алдында), 272/.
Өлең жолындағы жанкештілік және оған өзін арнауы өлеңде аққуымдай ақындықтан айрылып деген жолдармен берілген. Теңеулік құрылымда қазақ этносының мифтік-таным түсінігі жатыр. Мифологиялық таным-түсінік бойынша аққу – ерекше қасиеті бар киелі құс. Сондықтан халқымыз аққуды ежелден киелі санап, ауламаған және атпаған. Аққу жұбымен ғана өмір сүре алады. Ал аққудың сыңарынан айрылуында ырым бойынша жамандықтың белгісі жатыр. Бір сыңарынан айрылуы, оның да жуық арада мерт болатынынан хабар береді. Ал ақынның аққуымдай ақындықтан айрылып деуінде осы халықтық таным-түсінік негізге алынған.
С. Мәуленов өлеңдерінде теңеу образы қызметін атқаруға қазақ танымына жақын құстар – үкі, аққу, лашын, көгершін, бүркіт – зооморфизмдері қолданылған. Теңеу образы қызметін атқарған құс атаулары адам бойындағы әртүрлі қасиеттерді бейнелеп, адам басынан кешкен жағдайларды, көңіл-күйін таныту қызметін атқарған.
Бірінші бөлімнің “Этномаркерлі сипаты бар теңеулер” деп аталатын екінші бөлімшесінде ұлттық тілдің белгісін, таңбасын білдіретін ұлт тіліне ғана тән теңеулерге тілдік-танымдық тұрғыдан талдау жасалынды.
Тілдегі таңбалар – ұлттың сөз қоймасы іспетті, себебі таңбаларда ұлттың өмірінен мәлімет беретін мол ақпарат жатады. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің көркемдік тәсіліне теңеулерді жатқыздық. Себебі теңеулерде ұлт тілінің өзіне ғана тән ерекшелігін көрсететін белгілер барынша ашық әрі айқын көрініп тұрады.
Ақын өлеңдерінен ұлтымызға барынша жақын этномаркерленген теңеулерді молынан кездестіруге болады. Әрине бұл сөздер – мәдени мәнге ие әрі ұлттық мәдениетіміздің бірден-бір көрсеткіші. Ақын қолданған теңеулер ұлттық тілдің белгісін, таңбасын білдірумен құнды болып келген. Ұлтымыздың мәдениеті этномаркерлі теңеулермен репрезентацияланып, ұлт – мәдениет – тіл сабақтастығы негізінде дамыған. “...таңба ұлт мәдениетін тілде маркерлеу қызметін атқарады. Себебі, бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады”[4, 89]. Мысалы:
Жарқыраған басында
Қардан аппақ сәукеле.
Жатады күн қасында
Көкірегін тау кере.
/“Жарқыраған басында”, 242/.
Ақын сәукеледей теңеуін – таудың ең жоғарғы бөлегін безендіруге қолданып тұр. Қазақ халқында сәукеле – этномәдени атауға ие болған зат атауы. Тіліміздегі тұмар да мәдени мәнділікке ие. Мысалы:
Сақтап көңіл төрінде
Сағынышпен күтермін бір
Мүмкін сенің сол хатың бойтұмардай
Жазар менің сыз шалған сырқатымды.
/“Гүлзар баққа таратып сыбағаны”, 327/.
Теңеулік
құрылымдағы теңеу образын
Қырдың шоқ-шоқ
Алқызыл гүлдеріндей
Қызыл басқұр,
Зер шашақ дөдегесі.
Киіз үй
Көрмедей бір
Алдыма жайып салған жер бедерін.
Ақын қазақтың киіз үйін – жер бедерін жайып салған көрмеге теңеу арқылы ұлттық мәдениетіміздің биік деңгейін аңғартып тұр.
Ж. Манкеева мұндай лексемаларды лингвоелтану аспектіде зерттеліну қажеттігін айтады[5, 10]. С. Мәуленов өлеңдерінде ұлт тіліне ғана тән теңеулер мол қолданылып, ұлттың мәдениетін, ерекшелігін танытуға қызмет еткен. Бұл теңеулер арқылы ел мәдениеті, ел тарихы, ұлтымызға тән қасиет ашыла түскен.
Ақын қолданған – сәукеле, бойтұмар, киіз үй т.б сөздер – ұлттық тілімізге ғана тән болып келіп, ұлттың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін көрсетуде айрықша қызмет атқарған деуімізге болады.
Бірінші бөлімнің “Прецеденттік есім негізінде жасалған теңеулер” деп аталатын үшінші бөлімшесінде теңеу жасауға негіз болған прецеденттік есімдердің прагматикалық қызметі зерттеу нысанына алынды.
Теңеулердің ұлттық мәдени сипаты прецедентті атаулардан да көрінеді. Ресей ғалымдарынан прецедентті терминнің негізін салушы Ю.Н. Караулов болса, оны дамытушы Ю.А. Сорокин, Д.Б. Гудков, В.В. Красных, Е.А. Нахимова т.б ғалымдар болды. Абай шығармаларындағы прецедентті есімдер жайлы Г. Мұратова “Прецедентті мәтіннің (есімдердің) рөлі зор: олар автордың идеялық-эстетикалық танымын, білім аясын көрсетеді; шығармалары арқылы жаңа тың поэтикалық образ сомдауға ықпал етеді”[6, 238] – деп тұжырым жасайды. С. Мәуленов өлеңдерінде өмірде болған тұлғалар, яғни прецеденттік есімдер де теңеу жасауға негіз болған және олардың саны өте көп. Теңеулердегі прецедентті есімдерден әртүрлі қоғамдық дәуірлерде болған оқиғалар жайынан хабар алуға болады. Көбіне мәдени-тарихи жағдайлар бір ғана атақты есіммен беріліп, ұлтқа қатысты бар сырды аңғартып, ерекше коннотациялық мәнге ие болған. Ақын теңеулік құрылымда прецедентті есімдерді орынды қолдана отырып, көркем теңеулермен аз сөзге көп мағына сыйғызып шеберлік танытады. Әсіресе ұлы Абай, Мұхтар есімдері теңеулік құрылымда барынша молынан қолданылған. Мысалы:
Алтыбақан, ауыл үсті ән-думан,
Орда тауы, Шыңғыс тауы жаңғырған.
Сол таулардай Абай, Мұхтар – қос алып
Қол ұстасып шығатындай алдыңнан.
/(Ақшоқыға беттегенде), 92/.
Ұлы Абай есімі мен Мұхтар есімдері теңеулік құрылымда жай аталып қана тұрған жоқ. С. Мәуленов осы есімдер арқылы қос ақынға деген өзінің құрметін, мақтаныш сезімін жеткізіп тұр. Абай мен Мұхтар есімдерін биік таулармен салыстыра отырып, қос ақынға деген ерекше ықыласын, сағынышын да сездірткендей. Сонымен бірге Ілияс, Бейімбет, Сәбит, сахна серкесі Серәлі (Серәлі Қожамқұлов) және жалпыадамзатқа барынша танымал Омар Һаям, Әлішер Навои, Бетховен және төл ғашықтық символына айналған образдар теңеулік құрылымда прецеденттік есім қызметін атқарып, ақынның идеялық-эстетикалық танымын білдіруге қызмет еткен. Теңеулік құрылымдағы төл ғашықтық символына айналған есімдер қазақ халқының когнитивтік кеңістігін кеңейтіп, ақынның аялық білімін көрсетіп тұр.
Паш етіп барлық жерге
Көп өттік Алматыға аялдамай,
Бар екен қазақтарда не сұлулар
Баяғы Қозы Көрпеш – Баяндардай.
/(Алғашқы әскер), 259/.
Қазақтарда не сұлулар бар екен Қозы Көрпеш Көрпеш – Баяндардай деуінен ақынның ұлтымыздың ұл-қыздарымен мақтануы байқалады. Прецеденттік есімдер қатарына прецедентті топонимдер де жатады. Теңеулік құрылымдағы бұл атаулар ақынның еліміздің әсем көрінісін мақтан тұтудан туған. Сонымен бірге прецедентті топонимдерде көбіне ұлт тарихына қатысты мәліметтер бейнелі түрде салыстырыла суреттелген. Мысалы, Ұлытау – қазақ халқының алтын бесігі, киелі мекені, “әлемнің орталығы” болса, ол ақын өлеңдерінде де осы қызметте жұмсалынған.
Бұл жерде бүкіл қазақ
Біреуін бірі қайрап жігер беріп,
Жойылып жүзге бөлу, алауыздық,
Жанындай жайған жасыл кілем керіп.
Түйіндей келгенде, ақын өлеңдеріндегі
теңеулерде прецедентті
Бірінші бөлімнің “Ақын өлеңдеріндегі сентенция-теңеулер” деп аталатын төртінші бөлімшесінде ақынның дүниетанымын, парасат-пайымын көрсететін сентенция-теңеулердің қызметі талдауға түсті.
Кез келген суреткер өз ойы мен көзқарасын оқырманға әсерлі әрі бейнелі етіп жеткізу үшін тілдің экспрессивті құралдарын мейлінше уәжді қолдануға тырысады. Көркем шығармадағы теңеулер адамның сезіміне ерекше әсер етіп, түрлі стильдік қызметте қолданылуымен құнды болып келеді. С. Мәуленов қолданған теңеулер ұлттың таным-түсінігін білдірумен бірге терең мазмұнды, ой-тұжырымды болып келген. Афористік қасиеті өте жоғары өлеңдерінде теңеулер ерекше қызмет атқарған. Салиқалы ой айтып, салмақты ой түйген мұндай теңеулер ақын өлеңдерінде өте мол кездеседі. Әлемнің тілдік бейнесін жасауда теңеулердегі сентенция құбылысының танымдық сипаты айрықша деуге болады. Қадыр Мырза Әлі шығармаларындағы сентенция құбылысын зерттеген А. Әділова “Сентенция дегеніміз – белгілі авторы бар, адам, қоғам өмірінің сан алуан қырын қамтитын, терең мазмұнды, көркем, әсерлі, кітаби-жазба әдебиетте ұшырасатын, мәні контексте ашылатын ықшам сөйлем (синтаксистік бірлік)”[7, 12] – деген анықтама береді. Мысалы:
Айтылған сөз қисынсыз,
Қаңғыбастай үй-күйсіз.
Қисынды сөз іздейміз
Күндіз-түні ұйқысыз.
/“Айтылған сөз қисынсыз”, 442/.
Ақын қолданған теңеулік құрылымдағы мұндай құбылыс белгілі бір оқиғаның түйіні мен қорытындысы болып келген. Теңеулік құрылымдағы оқиға түйіні: сөз қадірін білу, сөз қадірін кетірмеу.
Біздіңше, сентенциялық құбылыстың біразы теңеулік құрылым көмегімен жүзеге асатын тәрізді. Себебі айнала қоршаған ортадағы зат пен құбылысты салыстыру, теңеу арқылы ғана оның сапасы мен қасиетін бір-бірінен ажыратып, бағалауға, ой-түйін жасауға болады.
Күлкілерде тұрғандай уақыт күліп,
Күлкілерде жатқандай бақыттылық.
Бірақ, бірақ күлкі бар
Адам ұлын дарға асып,
Іштен үңгіп адамның жанын жейтін,
Күлкілер бар адамды
Информация о работе Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны