Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 10:47, курсовая работа
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.
1.1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы................................................................................................................5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.................................9
1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі өндірістік қорлардың табиғи және моральдық тозуы..................................................................................................13
2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау......................................................................22
2.2 «Ақтаугазсервис» АҚ-ның негізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау......................................................................................31
3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары.
3.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – да негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың резервтер жүйесі...................................................................................................37
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату....................................................................................................39
3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның 2010-2011 жылдарға арналған даму жоспары.................................................................................................................42
Қорытынды.........................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........
Сурет 2.2 Өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштерінің диаграммасы
2009 жылы өнім көлемі 300767 мың тенгені құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылға қарағанда 148150 мың тенгеге өсіп отыр. Ал, 2010 жылы 453220 мың тенгеге өсті. Өнім көлемінің жылдан жылға өсіп отыруының себебі, әр түрлі аймақтарға газ желілерінің тартылуына, газ тасымал көлемінің ұлғаюына байланысты.
Есептік жылда өнім көлемі 152453 мың тенгеге өсті, оның ішінде:
1) Негізгі қорлар көлемінің өсуі есебінен:
ΔQ(Ф) = ФО05 (Ф06 – Ф05)
ΔQ(Ф) = 3,438 · 20291 = 69760,458 тг.
2) Негізгі қорларды тиімді қолдану есебінен:
ΔQ(Ф) = (ФО06 – ФО05) · Ф06
ΔQ(Ф) = 0,767 · 107766 = 82656,522 тг.
Осы екі фактордың бірігу әсерінен өндіріс өнімі 152453 мың тг. өседі. Осы жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай өндіріс өнімінің өсімі сонымен қатар негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың есебінен болып отыр. Өнім шығару көлеміне осы 2 фактордың әсер ету арақатынасы өндіріс рентабельділігінің өсуіне шарт болады.
Өнімнің қор сыйымдылығын алдыңғы жылға қарағанда 41%-ке төмендегені негізгі қорлардың салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің бар екенін көрсетеді, ол келесіндей анықталады:
Эөнқ = ӨНҚ06 - ӨНҚ05 х І жалпы өнд.
Эөнқ = 87475 – 73855 · 1,97 = 26831,4 мың тг.
Эөнқ = 107766 – 87475 · 1,507 = 30578,537 мың тг.
Мұндағы, ӨНҚ 1 – негізгі қорлардың орташа жылдық құнының
базистік және жыл есептемесіне сәйкестігі;
І жалпы өнд. – жалпы өндіріс өнім көлемінің индексі.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды терең талдау мақсатымен қор қайтарым көрсеткіші барлық негізгі қорлар бойынша анықталады.
Сәйкесінше қор қайтарым формуласындағы жалпы ортажылдық құнын негізгі қорлардың активті бөлігінің орташа құнымен алмастырамыз.
ФОа06 = 152617/23991 = 6,4 тенге
ФОа07 = 300767/33972 = 8,9 тенге
ФОа08 = 453220/41355= 11,0 тенге
Осы есептеулерден негізгі қорлардың активті бөлігінің қор қайтарым көрсеткішінен өсуі байқалады.
Бұл 2010 жылы кәсіпорын өнім өндірісі процесінде машиналар және құрал-жабдықтарды аса тиімді пайдаланғаны айқындалады.
3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары
3.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері
Резервтер деп пайдаланбаған, өндірістік күштердің өнімділігін көтеретін нақты мүмкіндіктер саналады. Резервтерді зерттеу олардың сандық бағасын белгіленген уақыт кезеңіне, өндірістің түріне, оның қызметінің орнына және мақсатына байланысты, сонымен қатар лимиттенген ресурстардың бар болуына қолданылатын өзінің мақсаты бар. Резервтерді толық немесе жартылай қолдану өндіріске нақты шаралардың әсерін анықтайтын шараларды жүзеге асыратын жолдармен қол жеткізеді. Бұл шаралардың топталуы мүмкін болатын негізгі бағыттар өндірістің тиімділігін арттыратын факторлар болып есептелінеді.
Өндіріс процесінде негізгі өндірістік негізгі қорлармен жабдықталған жұмысшылар қатысатын болғандықтан негізгі қорларды иентенсивті пайдаланудың резервінің көпшілік бөлігі біржола еңбек өнімділігінің өсуінің резерві де болып табылады. Бірақ жекеше еңбек өнімділігінің жоғарылауы оның өндіргіш күшінің өсуі негізінде қол еңбегінің бірлігіне де өнімнің бірлігіне де негізгі қорлардың шығынының көтеріліп кетуіне байланысты болуынан олардың арасында толықтай түйісуі жоқ. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жоғарылауы дәл осы себептен де, яғни оның өнім бірлігіне шығындарын азайтуы жекеше еңбек өнімділігінің көтерілуіндей өндіріс тиімділігінің жеке көрсеткіштерінің көрінісі ретінде тең қаралады, адекваттығы тек қана олардың арасындағы анықталған қатынасы кезінде қамтамасыз етіледі.
Барлық резервтер олардың құрылу көздеріне байланысты 2 топқа жіктеледі:
● Ғылыми-техникалық прогреспен және шаруашылықты жүргізу артықшылығынан пайда болған әлі де шынайы мүмкіндіктерін пайдаланбаған резервтер.
● Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметін және ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың мүмкіндіктерімен байланысты резервтер.
Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтерудің резервтері есебінде мыналарды ескеру қажет: едәуір резервтердің бар екенін куәландыратын газ машиндерінің негізгі түрлерінің газды ұйымдастыруды жетілдіру облысында, машиндерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса толық күндік және ішкі сменалық уақыт жоғалтулары. «Ақтаугазсервис» АҚ-да негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеру үшін келесі сұрақтарға назар аударамыз.
● Құрал-жабдық жұмысының уақыты және қуаты бойынша нақты есебін ұйымдастыру, бұл негізгі номенклатураға кірмейтін өнімді дайындаудың резервтік қуаттарын жүктеуді реттеу мүмкіндіктерін береді.
● Оптимальды эксплуатация мерзімін анықтау мақсатында әрбір құрал-жабдық бірлігінің жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және эксплуатацияға кететін шығындар есебі, бұдан кейін құрал-жабдықтарды әрі қарай пайдалану экономикалық пайдалы емес.
Бұл техниканы пайдалану және оған кәсіпорын жұмысшыларының дұрыс шаруашылық қатынасының даму сұрақтарында қолданылатын адам факторы активизациясының негізгі бағыттары болып табылады. Учаскенің, цехтің нормативті өндірістік қуаттылығы кернеулі жоспарлы ғимараттарды анықтаудың негізгі болып табылады.
Амортизациялық нормаларды анықтаудың қалыптасқан, бар тәртібі кәсіпорындарға өндірістік қорларын толығымен жаңартуға мүмкіндік бермейді, себебі негізгі қорлар көп жағдайда жұмыс жасау мерзімі аяқталудан бұрын олар моральды тозады. Негізгі қорлардың қайтарымы да олардың қызметінің бірінші жартысында жоғары болады. Сондықтан да негізгі қорлардың тозу есебінің әр түрлі тәсілдерін қолданатын халықаралық практикаға назар аударғанымыз жөн. Және де онда кәсіпорын қалаған тәсілін есептік саясатта бекітіп алуына құқылы.
Сонымен қатар есептік жыл ішінде бұл тәсілдер өзгеріп тұруы мүмкін. Амортизацияның нормативтерін және есептеу тәсілдерін, негізгі қорларды қайта бағалау және индекстеуді жақсарту ұсынылады, амортизациялық аударымдарды мақсатты қолдануға бақылау және экономикалық ынталандыру шараларын енгізу.
Берілген жағдайда жеделдетілген амортизация тәсілін қолдану ұсынылады. Оны артықшылығы мынада:
● Кәсіпорынды моральдық тозумен байланысты жоғалтулардан сақтандырады және мүлтіксіз (жаңа) техниканы енгізуге жағдай жасайды.
● Негізгі қорлардың жаңартуын тездетеді және оларды инфляциядан қорғайды, өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтереді және т.б.
Жеделдетілген амортизацияда әртүрлі есептеу әдістері қолданылады, солардың ішінде: амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін әдісі (жылдар жиынтық әдісі). Бұларды жеделдетілген амортизация әдістері деп атайды, себебі тозу есебін жеделдетеді, оларды қолданғанда негізгі қорлар объектілерін пайдалану мерзімінің басында амортизациялық аударымдардың көлемі, талданатын кәсіпорында қолданылатын амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісін пайдаланғаннан гөрі көп болады. Бірақ бұл арттыру пайдалану уақыты біткеннен кейін аз аударымдармен компенсацияланады. Пайдалану мерзімі бойы барлық есептелген амортизация көлемі объектің амортизацияланатын құнымен бірдей және тең болады.
Амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін немесе регрессивті әдіс кеңінен таралым алды. Ол негізгі капиталдың баланстық қалдық құнынан нақты белгіленген проценттер негізінде амортизациялық аударымдарды анықтайды. Осы арқылы амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісінде қолданылатын максималды мөлшері амортизация мөлшерінен екі рет артады; кемитін баланс әдісі, ол пайдаланудың бірінші жылындағы амортизация нормаларын екі есе өсіруді болжайды, екінші жылы қалдық құннан 20% аударым және т.б.; «сандар жиынтығы» немесе «жылдар жиынтығы» немесе «кумулятивті» әдіс, бұл әдісте амортизация нормасы негізгі капиталдың жұмыс жасау мезгілінің бітуіне қалған жылдан санын (сағатын) бөлу жолымен есептелінеді. Мысалға құрал-жабдықтың жұмыс мезгілі 10 жыл, ол мынаған тең:
10+9+8+7+6+5+4+3+2+1 = 55
бірінші жылы амортизация нормасы:
10/55·100=18,2%;
екінші жылы:
9/55·100=16,4%
үшінші жылы:
8/55·100=14,5%
Регрессия принципі осы әдістердің негізінде жатқан бірінші жылы амортизацияны жоғары мөлшерде есептеуге мүмкіндік береді, ал аяғында оны төмендетеді. Ол 2/3 қорлар құнын жұмыс мезгілінің жартысында амортизациялауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындарға амортизацияны есептеу әдісін таңдауға дербестік беру ұтымды амортизациялық саясаттың құрамында жәрдем жасайды, ол еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізетін көнерген құрал-жабдықтарды сақтауды тоқтатады, екіншіден кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға ақшалай ресурстардың тез жиналуына ықпал жасайды.
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық потенциалдық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процесстерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с./38/
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:
● шығарылатын өнім сипаты;
● шығарылатын өнім көлемі;
● механизация және автоматизация деңгейі;
● мамандандыру және кооперирование деңгейі;
● кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.
Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы прогрессивті жұмыс машиндерінің үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттар мен құрылыстар үлесі байланысты.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концентрацияның, маманданудың, кооперациялану және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:
- құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;
- станок және машиналардың прогрессивті түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, универсалды агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық программамен басқарылатын станоктар;
- ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;
- газ жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның газ жоспарларын жоғары сапалы орындау;
- аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.
Газ қысымы артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды көтеру немесе жоғары әлеуметтік эффектіге жету. Капитал салымдарының тиімділігі - өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың комплексінен байланысты болады: