«Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 10:47, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3

1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.
1.1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы................................................................................................................5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.................................9
1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі өндірістік қорлардың табиғи және моральдық тозуы..................................................................................................13

2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау......................................................................22
2.2 «Ақтаугазсервис» АҚ-ның негізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау......................................................................................31

3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары.
3.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – да негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың резервтер жүйесі...................................................................................................37
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату....................................................................................................39
3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның 2010-2011 жылдарға арналған даму жоспары.................................................................................................................42

Қорытынды.........................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........

Содержимое работы - 1 файл

курсовая работа.doc

— 553.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................46

Кіріспе

              Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әрбір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

              Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

              Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

              Өнім өндірісі және қызмет көрсету процесінде келесі экономикалық ресурстардың түрлері пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

              Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал  өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

              Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

              Негізгі қорлар өндіріс сферасында республиканың ұлттық байлығының  басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс қарқының өсуі байланысты.

              Негізгі қорлар деп өндіріс барысында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан артық) пайданылатын өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығаратын өнімге, орындайтын жұмысқа, көрсетілетін қызметке, есептелетін амортизациялық аударым мөлшері ішінде біртіндеп ауысып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.

              Негізгі қорларға көзделген мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар және кітапхана қорлары жатады.

              Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншігінің, амортизациясының, пайдасының, несиелерінің  есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтар салады. Өндіріс тиімді болу үшін, сонымен қатар негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

              Нарықтық экономика жағдайында  өндірістік қорлар –болашақтағы ең басты экономиканың өндіріс қарқындылығы жоғарылауының алғышарты. Негізгі  қорлар құрамына маңызды бір бөлім енеді, ол - қоғамның материалдық ресурстары.

              Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың  біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.

              Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

1.  Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы

1.1.     Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы

              Кәсіпорынның  негізгі  белгісі – оның өз бетінше шаруашылықты  жүргізу немесе белгілі  бір мүлікті жедел басқару. Дәл осы кәсіпорынның  материалдық–техникалық мүмкіндігін бақылауды, экономикалық дербестілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Анықталмаған мүлкінсіз үлкен  немесе шағын  кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер өз  қызметін жүзеге асыры  алмайды. 

              Негізгі қорлар – ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық–заттай құндылықтардың жинтығы. Олар осы кезең бойында өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, сонымен бірге өз құнының бір бөлігін жаңадан өндірілген өнім мен көрсетелген қызметтерге көшіреді.

              Өз кезегінде өндірістік қорлар қайта өндіруді кеңейту процесіне тигізетін үлесінде өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға бөлінеді.

              Негізгі өндірістік қорлар өндірістің материалдық сферасын қалыптастырып, соның ішінде өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, соның нәтижесінде баяу істен шығатын, бірақ олардың құны жаңадан пайда болған өнім құрамына қолданылуы шегіне қарай көшіріп отырады және де олар капиталдық салымдардың  арқасында  толығып  отырады./1/

              Негізгі өндірістік емес қорлар – кәсіпорынның балансы болып есептелінетін тұрғын үйлер, балаларға арналған және спорттық мекемелер және де басқа мәдени-техникалық қызмет көрсететін объектілер табылады. Негізгі өндірістік қорларға қарағанда негізгі өндірістік емес қорлар, өндіріс процесіне қатыспайды, сонымен бірге өзінің құнын басқа өнімге көшірмейді ,немесе ол қалыптаспайды. Ал олардың құны қолдануда жоғалады, қайтарым қоры қалыптаспайды, соған орай ұлттық табыстың ңәтижесінде қайта өндіріледі.

              Осыларға қарамастан негізгі өндірістік емес қорлар өндіріс көлеміне және еңбектің өндіргіштігінің көтерілуіне әсер етпейді, олардың күнделікті жоғарылауы кәсіпорындағы жұмысшылардың өмір сүруіндегі материалдық немесе мәдени деңгейінің жоғарылауы мен жалпы жағдайының жақсаруымен байланысты. Соңында бұлар кәсіпорынның қызметінің нәтижесіне әсер етеді.

              Негізгі өндірістік қорлар – қоғамдық өндірістік материалды-техникалық базасы. Олардың көлемі кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы, еңбектің техникалық қамтылу деңгейімен байланысты. Негізгі қорлардың жинақталуымен және еңбектің техникамен қамсыздануының жоғарылауы еңбек процесін жетілдіреді, оған творчестволық қасиет береді және қоғамның мәдени-техникалық деңгейін жоғарылатады.

              Нарықтық экономика жағдайында  негізгі қорлар –болашақтағы ең басты экономиканың өндіріс қарқындылығы жоғарылауының алғышарты. Негізгі  қорлар құрамына маңызды бір бөлім енеді, ол - қоғамның материалдық ресурстары.

              Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың  біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.

              Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қолданылуының түрлері көрсетілген.Олар топтар бойынша былай бөлінеді:

      кәсіпорынның меншігіндегі жер  учаскелері және табиғи қолданыстағы

объектілер (су, жер қыртысы,т.б табиғи ресурстар);

      ғимараттар (өндірістік-техникалық, қыметтік және т,б);

      құрылыс ғимараттары (өндіріске қызмет көрсететін инженерлік-құрылыс объектілері);

      тасымалдау құралдары (электржелілері, жылу жүйелері);

      машиналар және құрал-жабдықтар;

      лабораториялық құралдар , өлшеуіш және бақылау құралдары;

      есептеу техникалары;

      еңбекақының  орташа құны, яғни 50 ден жоғары құнды құрайтын құралдар мен құрал-жабдықтары;

      көлік құралдары (ішкі және өндірістік емес);

      өндірістік және шаруашылық құралдар;

      ішкі шаруашылық жолдар.;

      жерді  және  арендаға   берілген  ғимараттарды,  құрылыстарды, құралдарды және тағыда  басқа негізгі құралдар  жағдайын    жақсартуға  бағытталған капиталдық салымдар./2/ 

              Жекелеген негізгі қорлар топтарының байланысы ортақ көлемде түрлік (өндірістік) негізгі қор құрылымын құрайды. Қоғамға қай негізгі қорлардың кейбір топтары өз үлесін  қаражаттарға қосатыныны бәрібір емес. Ол машина мен құрал-жабдықтардың меншікті салмағының оптималды жоғарылауына қызығушылық танытады. Бұлар қордың - активті бөлігін құрайды, сонымен қоса кәсіпорынның әрбір бұйымдарын жасауда өндірістік учаскелерді қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.

              Ғимараттар, құрылыс ғимараттары, құралдар негізгі қорлардың активті элементтері негізгі қордың - пассивті бөлігіне қарағанда қамсыздандырады.

              Негізгі өндірістік қорлардың құрал-жабдықтарының құны жоғары болған сайын, тепе-теңдік жағдайда өнім шығару көбейедіде, қор қайтарымының көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің өсуі жағдайымен, өзіндік құнның төмендеуімен, кәсіпорынның ақша салымдарының көбеюімен  қарастырылады.

              Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әртүрлі өндіріс саласындағы кәсіпорындарда бірдей емес. Мысалы, негізгі қордағы ғимараттардың ортақ құны жеңіл және азық-түлік өндірісі саласында (44%), құрылыс ғимараты мен жанармай өндірісінде (17%), электр энергетикасында (32%),машина мен құрал - жабдықтар –машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарда (45% жоғары) салымдарының көбеюімен  қарастырылады.

              Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер етуші маңызды факторлар болып:

      шығарылған өнім сапасы;

      шығарылған өнім көлемі;

      автоматтандыру және механикаландыру деңгейі;

      мамандандыру және кооперацациялану деңгейі;

      кәсіпорынның климаттық және географиялық орналасу жағдайлары табылады.

Сызба 1.1 Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер етуші маңызды факторлар

Алғашқы фактор ғимараттың құны мен оның көлеміне, транспорттық құралдарға әсер етеді. Өнім шығару көлемі (екінші фактор) жоғары болса, онда арнаулы прогресивті жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті салмағыда жоғары болады. Мұндай көрініс мінездемесі үшінші және төртінші факторлардың қор құрылымына да тән. Ғимараттар мен құрылыс ғимараттарының үлесі климаттық жағдайларға да байланысты./3/

              Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту мыналарға байланысты:

      құрал - жабдықтарды модернизациялау мен жаңарту;

      ғимараттар мен құрылыс ғимараттарын тиімді қолдану үшін қосымша құрал-жабдықтарды бос аумақтарда орналастыру;

      құрылыс жобасын дұрыс жасау мен кәсіпорынның құрылыс жоспарының жоғарғы дәрежеде орындау;

      артық және аз қолданылатын құралдар мен оларды орнатуды жою.

Сызба 1.2  Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту

Негізгі  қорларды есепке алу мен жоспарлау  натуралды  және ақшалай  формада жүреді. Негізгі  қорларды  натуралды  формада бағалау кезінде машиналардың саны, олардың  өндіргіштігі, қуаттылығы, өндірістік  аумақтың  көлемі  және де басқа да сандық  көлемдер анықталады. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде  кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын  анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша  бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады./8/

Информация о работе «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары