«Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 10:47, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3


1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.
1.1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы................................................................................................................5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.................................9
1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі өндірістік қорлардың табиғи және моральдық тозуы..................................................................................................13

2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау......................................................................22
2.2 «Ақтаугазсервис» АҚ-ның негізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау......................................................................................31

3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары.
3.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – да негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың резервтер жүйесі...................................................................................................37
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату....................................................................................................39
3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның 2010-2011 жылдарға арналған даму жоспары.................................................................................................................42

Қорытынды.........................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........

Содержимое работы - 1 файл

курсовая работа.doc

— 553.00 Кб (Скачать файл)

              Негізгі  қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар – бастапқы (номиналды) құн КБ, қайта қалпына келтіру құны КҚ және де қалдық құндар Кқал.

              Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.

              Кәсіпорын тұтынатын барлық негізгі қорлар, бастапқы құн бойынша  оның балансына енеді. Бұл бағалаудың экономикалық мағынасы негізгі өндірістік қорларды пайдалану кезінде нақты шығындар арқылы көрінеді. Осы әдістің бір  кемшілігі – бірдей (біртектес) негізгі қорлар әртүрлі уақытта өндірілген, қолданылған және сатып алынған. Бұл ғылыми –техникалық прогреспен байланысты.

              Қайта қалпына келтіру құны – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

              Қалдық құн – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны./12/

             

1.2. Негізгі  өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

 

              Техникалық деңгейде негізінен алғанда, негізгі өндірістік қордың құрылымындағы өнім шығару жоғарылайды, өзіндік құнның төмендеуі мен  кәсіпорын салымдарының өсуі, мұның барлығы негізгі өндірістік қорларды қолдану дәрежесіне байланысты болып келеді. Бұл барлық көрсеткіштердің қолданылуы үш топқа біріктіріледі:

1.      негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіші, оларды уақыт бойынша қолдану деңгейін көрсетеді;

2.      интенсивті қолдану өндірістің қуаттылығы бойынша қолдану деңгейін көрсетеді;

3.      ал интегральды қолдану аталған екі фактордың бірігіп әсер етуін білдіреді.

              Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың смена бойынша жұмысының коэффициенті, құралдарды жүктеу коэффициенті, құралдардың смена мерзімімен жұмыс жасау уақытының коэффициенті жатады.

              Құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті (Kэкст ) құралдардың жұмыс жасау уақыты санының жоспар бойынша жұмыс уақыты санына қатынасымен анықталады:

                                Kэкст = tқ н / tқ ж                                                                          (1.1.)

Мұндағы,   tқ н - құралдардың нақты жұмыс жасау уақыты, сағат;

                    t қ ж - құралдардың норма бойынша жұмыс жасау уақыты,сағат.

              Құралдарды экстенсивті қолдану кезектік жұмыстың коэффициентімен сипатталады. Мұнда сменалық коэффициент орташа есеппен жылына қанша смена құралдың бірлігінің жұмыс жасайтынын көрсетеді./14/

              Кәсіпорындар құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициентін жоғарлатуға талпынулары керек. Бұл талпыныстар қолма-қол қордағы өнімді шығарудың өсуіне әкеледі.

              Құралдардың сменамен жұмыс жасауын жоғарлатуға арналған негізгі бағыттар:

      жұмысшы орнының мамандануын жоғарлату деңгейі өндірісте құралдардың сериялап шығарылуын және жіберуді қамтамасыз етеді;

      жұмысты көтеру;

      ұйымдағы жұмыс орнымен байланысты жетіспеушіліктерді азайту арқылы станок бұйымдарымен, құрал-жабықтармен қамтамасыз ету;

      жөндеу жұмыстарымен айналысатын ең жақсы ұйым өзінің жұмысында қазіргі таңға лайық жөндеу әдістерін қолдануы;

      көмекші және қосалқы жұмысшылардың еңбектегі механизациясы мен автоматизациясы. Бұл жағдай жұмысшы күшін босату арқылы оларды ауыр, әрі қосалқы жұмыстан босатып, оларды негізгі екінші немесе үшінші кезектеріндегі  жұмысқа ауыстырады.

              Құралдарды жүктеу коэффициенті - құралдарды уақыт бойынша қолдануды білдіреді. Ол негізгі өндірістегі бүкіл машина паркінде орнатылады. Онда осы құралда өндірілген барлық бұйым түрі уақыт қорындағы жұмыстың еңбек сыйымдылығына қатынасы арқылы есептелінеді.Осылай құралдарды жүктеу коэффициенті  сменалық коэффициентке қарағанда, жасалған бұйымдардың еңбек сыйымдылығын ескереді. Ал іс-жүзінде әдетте, жүктеу коэффициентін  смена коэффициентіне тең деп санағанмен, ол екі есе аз (екі сменамен жұмыс жасау режимінде) немесе  үш есе аз (үш сменамен жұмыс жасау режимінде )  күйінде есептеледі.

              Құралдардың сменамен жұмыс жасау кезінде негізгі көрсеткіш қолданылатын құралдардың сменамен жұмыс жасау режиміндегі коэффициент саналады. Ол белгілі бір уақытта құралдардың сменамен жұмыс жасауын, кәсіпорындағы (цехтағы) сменаның ұзақтығына бөлу арқылы анықталады. Егер, кәсіпорындағы сменаның ұзақтылығы 8 сағатты құраса, ал Кжүктеу = 1,44 болса, онда бұл көрсеткіш Асм.р = 1,44/8 = 0,18 ге тең болады.

              Алайда құралдарды қолдану процесінің де басқа жақтары бар.Оның смена ішіндегі немесе күнделікті атқаратын жұмыстарынан басқа да құралдардың нақты жүктеу мерзіміндегі қаншалықты тиімді қолдануын ескеру қажет. Құралдар толық жүктелмеуі әсерінен, ол жұмыс істей отырып сапасыз өнім шағаруы, тіпті ештеңе де өндірмеуі мүмкін. Барлық осындай жағдайларда құралдардың экстенсивті қолдану көрсеткіші есептеледі де формальді түрде біз жоғары нетижелерді аламыз. Бірақ та келтірілген мысалдардан көрініп тұрғандай, олар негізгі қорларды тиімді қолдану туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.

              Алынған нәтижелер екінші топ көрсеткіштері – негізгі қорларды интесивті  түрде  қолданудың деңгейі арқылы толықтырылуы болуы мүмкін. Бұлардың  арасындағы маңыздысы құралдарды интенсивті түрде қолдану коэффициенті./16/  

              Құралдарды интенсивті түрде қолдану коэффициенті негізгі технологиялық құралдардың өндіргіштігінің, яғни оның өндіргіштік нормаға қатынасы арқылы, тағы басқа техниканың прогресивті өндіргіштімен есептеледі. Ол үшін мына формула қолданылады:

              Кинтен = Вф / Вн                                                   (1.2.)

Мұндағы,  Вф  – уақыт бірлігінде құралдар өндірген нақты өнім;

              Вн – уақыт бірлігінде құралдар өндіруге тиіс техникалық негіздегі

                  өнім ( құралдардың құжаттық негізінде анықталады).

              Үшінші топ көрсеткіштеріне негізгі қорларды қолдану кезіндегі: құралдардың интегралдық коэффициенті, өндіріс қуаттылығының коэффициенті, өнімнің қор қайтарымдылығы және  қор сыйымдылығы көрсеткіштері жатады.

              Құралдарды интегралдық түрде қолдану коэффициенті құралдарды интенсивті  және экстенсивті қолдану коэффициенттері арқылы анықталады. Мысалға, Кэкст. =0,71, Кинтен. = 0,8 болса, құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті мынаған тең болады:

                        Кинтегр = 0,71 х 0,8 = 0,57                                              (1. 3.)

              Осылай бұл көрсеткіш мәні алдыңғы көрсеткіштер мәніне қарағанда төмен, ол сонымен қатар экстенсивті жіне интенсивті құралдарды қолданулардың жеткіліксіз жақтарын да ескереді.

              Негізгі қорларды қолданудың жоғарғы нәтижесі болып өндірістің көлемін жоғарылату табылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде  кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын  анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша  бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады Сондықтан негізгі қорлардың тиімділігін білдіретін көрсеткіш, өндірілген өнімді шығару барысындағы негізгі қорлармен өзара бірігуіне  байланысты өлшемде құрылу керек. Бұл негізгі қордағы құны 1 теңге шамасындағы өнімді өндіру көрсеткіші – қор қайтарылымы.

              Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептелінеді. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады./18/

              Қор қайтарылымын Фқай есептеу үшін:

                              Фқай  = Т/ Ф                                                               (1.4.)

       формуласы қолданылады.

 

Мұндағы : Т - тауар немесе жалпы ішкі өнім көлемі, тенге;

                Ф – кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық    

                 құны, тенге.

              Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық  құны былай анықталады:

                Ф =  Ф1 + Фкіру х n1 / 12  немесе  Фшығу х n2  / 12               (1.5.)

Мұндағы,  Ф1 - кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың  жыл басындағы  

                   құны, тенге;

                  Фкіру , Фшығу – жыл ішіндегі негізгі өндірістік қорлардың кірген

                  немесе шығарылған құны, тенге;

                 n1 , n2 – іске кіріскеннен (шығарылғаннан) бергі толық ай мөлшері.

                                                                                

 

 

Сызба 1.3 Қор қайтарылымының өсу факторлары

       Қор қайтарылымын  ұлғайту – бұл халық  шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы құрал-жабдықтардың жедел түрде ауысуы, қор қайтарылымын едәуір жоғарлатты. Бұл еңбек жағдайындағы және қоршаған ортаны қорғаудағы бағыттарды жақсарту капитал салымдарын жоғарлатумен байланысты. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы. Қор қайтарылымын жоғарлату факторлары 1.2. суретте көрсетілген.

              Өнімнің қор сыйымдылығы – қор қайтарылымына кері көрсеткіш. Ол негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Егер  қор қайтарылымы өрлеуге бағытталса, онда   қор сыйымдылығы – төмендеуге бағытталады.

              Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агригаттың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі-бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі). /19/

              Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агригаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі-бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.

 

1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуы

 

Негізгі өндірістік қорларды жоспарлау мен есепке алу натуралды (дана, тонна, шаршы шақырым және т.б) және ақшалай түрде (теңге) жүреді.

Натуралды түрде негізгі өндірістік қорларды бағалау - машиналар саны, олардың өндіргіштігі, қуаттылығы, өндіріс аумағының өлшемімен және т.б сандық көлемдер арқылы ескеріледі. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде  кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын  анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі.

Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша  бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады.

              Негізгі  қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар – бастапқы (номиналды) құн КБ, қайта қалпына келтіру құны КҚ және де қалдық құндар Кқал.

              Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.

              Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:

●  Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;

● Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;

●  Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;

●  Салықтар және жинақтар;

Информация о работе «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары